Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Қазақ елі
Тақырыбы: Тәуелсіздік! Не деп оны түсіндік?
Мақсаты: Тәуелсіз елін шексіз сүюге баулу, ынтымағы мен бірлігі жарасқан
елдің ұланы екенін мақтанышпен сезіну, тәуелсіздікті аңсаған ата-баба
аманатына адал болуға,ұлтының салт-дәстүрін, өнері мен мәдениетін, тілін
сүйе білуге баулу.
Көрнекілігі: ҚР туралы слайдтар, көрме, күй ойнап тұрады.
Барысы:
Кіріспе (слайд)
1-Жүргізуші:
Қандай бақыт, қуанышты күн бүгін,
Дәлелдеуде Қазақстан елдігін,
Арман еткен, қыршын кеткен ағалар,
Елің алды егеменді теңдігін.
2-Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар!
1-Жүргізуші: Армысыздар, сөз өнерін құрметтеуші, жыр сүйер, ән сүйер қауым!
2-Жүргізуші: Тәуелсіздіктің 20 жылдығының 20 жұлдызды күніне арналған
«Тәуелсіздік! Не деп оны түсіндік?» атты мерекелік кешімізге қош
келдіңіз.М.Шахановтың «Төрт ана» өлеңі оқылады.
1-Жүргізуші: Қайран қазақ елі...Жас ұрпаққа айта алмаған, жеткізе алмаған,
жан дүниеңді дір еткізетін сырға, мұңға толы кең сары дала, заңғар
таулар,өзен, көлдер,құм-шөлдер, тарихи ескерткіштер, мазарлар,қираған
ежелгі қалалардың орны, ғасырлар бойы ата-бабамыздың қаны тамған топырақ.
2-Жүргізуші: Еліміз өз тәуелсіздігінің 20 жылы ішінде әлем саясаткерлері
«Қазақстан жолы» деп бағалаған өзіндік даму моделін таңдап, экономикасы
өсіп-өркендеген, саяси тұрақтылық пен қоғамдық келісімді берік орнықтырған,
бүкіл әлем мойындаған алдыңғы қатарлы мемлекетке айналды.
Өлең оқылады.
1-Жүргізуші: Елбасымыз ел егемендігінің 20 жылында ұлт мәдениетінің өсіп-
өркендеуіне де өлшеусіз үлес қосты. Өнердің өміршеңдігіне ерекше мән берді.
Тәуелсіздік,тәуелсіздік – жыр-әнім,
Ел іргесі берік болсын –ұраным.
Тәуелсіздік-өзіңді еркін сезіну,
Салт-дәстүрім - қолдан түспес құралым.
Тәуелсіздік!
Не деп оны түсіндік?
2-Жүргізуші: Елімізде 2004 жылдан бері қазақ халқының көне замандардан күні
бүгінге дейінгі тарихын түгендеп, ұлт мәдениеті мен әдебиетінің ұлы
жауһарларын жүйелеуге арналған «Мәдени мұра» бағдарламасы ойдағыдай жүзеге
асырылып келеді.
1-Жүргізуші: Соның нәтижесінде көптеген шет елдердің мұрағаттары мен
мұражайларында сақталған қазақ тарихына қатысты құнды құжаттар мен
жәдігерлер қайтарылып, Қазақстанның шынайы тарихы 5 томдық іргелі еңбек
күйінде басылып шықты.
Өлең оқылады.
2-Жүргізуші: «Мәдени мұра» бағдарламасы шеңберінде қазақ халқының ғасырлар
бойғы жасалған рухани мұрасы жүйеленіп, рет-ретімен жарық көруде. Қазақтың
1000 күйі мен 1000 әні халықпен қайта қауышты.
Күй тыңдалады.
1-Жүргізуші:
Өнер дегеніміз ең алдымен – әдемілік. Өнер әрдайым әсемдіктің, адамдықтың,
жақсылықтың жаршысы болуы тиіс. Өнер өмірмен үндес болуында.
2-Жүргізуші:
Өлең оқылады.
1-Жүргізуші:
Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығы – бұл жарқын жетістіктер мен
жасампаздықтардың тарихы. Бұл Тәуелсіздіктің жемісі.
2-Жүргізуші: «Қазақтың дәстүрлі 1000 күйі» атты домбыра күйлері
антологиясының тұсаукесері өткізді. Аталған антологияны тиісті
министрліктің тапсырысымен «Қазақстан халқының рухани даму қоры» мен «Ел»
продюсерлік орталығы жарыққа шығарған.
1-Жүргізуші:
Күй жинаққа Жетісу, Қаратау, Арқа, Сыр, Шығыс және Батыс Қазақстан,
Маңғыстау өңірлерінде қалыптасқан күйшілік дәстүр үлгілері толығымен
қамтылып, ұлттық дәстүрдің жалғасы іспетті бүгінгі заманғы күйлердің
таңдаулы нұсқалары енгізілген. Сондай-ақ, алыс-жақын шетелдердегі
қазақтардың атажұртқа қайтып оралған күй мұрасы да осы басылым арқылы туған
халқымыздың игілігіне айналмақ.
2-Жүргізуші: Аса құнды мәңгілік мұрамызды әзірлеу барысында ҚХР, Монғолия,
Қырғызстан, Ресейге арнайы экспедиция ұйымдастырылып, музыкалық туындылар
көптеп жинастырылған.
Бұл жобаға домбыра, қобыз, сыбызғыға арналған Қазақстанның барлық күй
мектептерін танытатын әдемі күйлер біріктірілген.
1-Жүргізуші: Әрине, қазақ халқының музыкалық мұрасы, әсіресе, күй мұрасы
1000-нан көп. Әсіресе, осы заманның композиторларын қоссақ…
2-Жүргізуші: Олай болса, біздің мәдени өміріміздегі ең айтулы оқиға үлкен
жобаның басы ғана. «Қазақтың дәстүрлі 1000 күйі» халқымызға мәңгілік сарын
сыйлаған, ғажайып күй бұлақтары Тәттімбет, Құрманғазы, Қазанғап,
Дәлеткерей, Байжігіт, Қожеке, Сүгір, Боғда, Тоқа, Дайрабай, Ықылас
күйлерінен бастау алады.
1-Жүргізуші: Жаңа заман күйшілерінің көшін одан беріде Дина Нұрпейіскеліні,
Қали Жантілеуов, Аққыз Ахметқызы, Әбікен Хасенұлы, Жаппас Қаламбаев,
Төлеген Момбеков, Мағауия Хамзин, Нұрғиса Тілендиев, Уәли Бекенов, Қаршыға
Ахмедияров және т.б. жалғап келді. Яғни, дәстүрлі күй мектептерінің
қалыптасып, дамуы да белгілі өнер иелерінің есімдерімен тығыз байланысты.
Келесі кезекте көрініс.
2-Жүргізуші: Сонымен қатар, өткен жылы қазақ халқының тұңғыш ұлттық
антологиясы – «Қазақтың дәстүрлі 1000 әні» атты бірегей жобаның тұсауы
кесілді.
1-Жүргізуші: «Қазақтың дәстүрлі 1000 әні» жобасы біздің ұлттық музыка
мәдениетіміздің тарихындағы ерекше оқиға деп бағалаймын! Әрине, қазақтың
дәстүрлі әндері мың әнмен шектелмесі анық. Ендеше, жаңа жоба алдағы уақытта
да тың туындылармен толығып, бүгінгі ұрпақты халқымыздың баға жетпес мол
музыкалық мұрасымен сусындата береді деп сенеміз!
2-Жүргізуші:
Көбелектің қанатындай бір нәзік,
Көңіліме етіп Аппақ НҰРды азық.
Сағынғанда бояуымен гүлдердің,
Өз — өзімді жұбатамын жыр жазып,- дегендей кезекті әнге берейік
Ән орындалады
1-Жүргізуші:
Қазақ ән өнерінің қанатын кеңге жайған, таңдайына бұлбұл ұя салған ғажайып
әншілер жөнінде мағлұмат мол. Мәселен, Арқаның әншілік дәстүрі бірінші тұр.
Кешегі күні асқақ әндеріміен қазақ даласын дүр сілкіндірген Біржан салдан
бастап, Ақан сері, Жаяу Мұса, Үкілі Ыбырай, Балуан Шолақ, Әсет, Абай,
Жарылғапберді, Иманжүсіп, Ғазиз, Естай, Мәди сияқты дарабоздар қазақтың
әнін өшпес, өлмес деңгейге көтеріп, ұлт руханиятының тарихына өз есімдерін
алтын әріппен жазып кетті.
2-Жүргізуші: Батыс Қазақстан әншілік мектебінің басында қазақ ән өнерінің
хас өкілі, ұлы композитор Мұхит Мералыұлы тұр. Батыс мектебінің жарқын
өкілі Ғарифолланың шығармашылығының өзі бір төбе.
1-Жүргізуші:
Осы жобаның аясында 400-ден астам жаңа кітаптар басып шығарылып, еліміздің
түкпір-түкпіріндегі кітапханаларға таратылуда. Атап айтқанда, жаңа кітаптар
«Бабалар сөзі», «Әлемдік әдебиет кітапханасы», «Ежелгі заманнан бүгінге
дейінгі қазақ халқының философиялық мұрасы», «Қазақтардың ежелгі әлемі»
сияқты сериялармен басылып шығуда.
2-Жүргізуші: Кейінгі кездері «Бабалар сөзі» сериясымен қолға алынған ауыз
әдебиетінің 100 томдығы жобасы шеңберінде 66 кітап оқырманға жол тартты.
Ертегілерімізден бастап, батырлық жырларға дейінгі ауыз әдебиетінің мол
мұрасын қамтитын бұл бірегей жоба алда да жалғасын табатын болады.
Өлең оқылады.
1-Жүргізуші: Жаңа кітаптардың, Атап айтсақ, қазақ тіліндегі «Қазақтың 100
романы» атты жаңа топтамалар мен орыс тіліндегі «Қазақ әдебиетінің
кітапханасы» атты 100 томдықты шығару қолға алынып отыр.
1-Жүргізуші: Тәуелсіздік жағдайында мемлекеттік тілдің де тынысы ашылды.
Тәуелсіздіктің бірінші күнінен бастап өкімет билігі қазақ тілінің
мәртебесін және беделін көтеру, оның қолданылу аясын кеңейту туралы
үнемі ойлауда.
2-Жүргізуші: Үкімет Мемлекеттік тілді дамытудың қорын құрды. Осы қор
2008 жылғы 5 қыркүйек күні құрылған. Оның идеологиясының негізі болып
табылатын басты қағидат – Қазақстанның ұлттық дәулетін, қазақ мәдениетінің
негізін – қазақ тілін сақтау және қорғауға көмектесу.
Өлең оқылады.
1-Жүргізуші: . Қоғамның тыныштығы және бірлігі алға табысты жүрудің
кепілі болғандықтан, мемлекеттік құрылыс мәселесінде өкімет билігі
Қазақстан халықтарының өзара түсінушілігіне және бірлігіне, достығына
және төзімділігіне назар аударды.
2-Жүргізуші:
Достық пен келісім дәстүрін ұрпаққа аманаттау – біздің міндет.
140-тан астам ұлт өкілдерін бір шаңырақтың астына сыйғызып отырған – Қазақ
елі.
1-Жүргізуші:
Ел бірлігін басты байлыққа балап, саяси тұрақтылықты экономикалық
жетістіктермен ұштастыра білдік. Осылайша Қазақстан шын мәнінде азат елге,
айдынды мемлекетке айналды. Іргемізді бекемдеп, байтақ шекарамызды
халықаралық құжаттармен мызғымастай етіп бекіттік.
Өлең оқылады.
2-Жүргізуші: Тәуелсіздік - біздің ең ұлық мерекеміз
«Тәуелсіздікпен бірге біз елдік дәстүр мен мемлекеттік мәдениетті
жаңғырттық. Осылайша төрткүл дүниені ат тұяғымен дүбірлеткен даңқты
бабалардың мәңгілік ел мұратын қайта жалғадық.
Ән орындалады
1-Жүргізуші: Бүгінгі кешімізді аяқтай отырып,
Тәуелсіз ел!
Қараймын да тамсанам,
Жылдарды осы ата-бабам аңсаған.
Мұнда жатыр бабалардың еңбегі!- демекпіз.
1-Жүргізуші: Назар салып тыңдағандарыңызға,
2-Жүргізуші: Белсенді кешке қатысқандарыңызға
Бірге: рахметімізді айтамыз!
«Сәулет» мектеп-лицейі
«Тәуелсіздік! Не деп оны түсіндік?»
Тәуелсіздіктің 20 жылдығына арналған
«20 жұлдызды күн»
( мерекелік кеш)
Өткізген: З.К.Нургалиева
Тасқала 2011

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz