Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Түркістан өлеңі
Жетсе егер қорқынышты қара түнім,
Басса дерт, әлім құрып шықпай үнім,
Көңіл ашар, кеудеме жан кіргізер
Өлең- менің Шолпаным, Айым, Күнім.
МАҒЖАН
Мағжан кеші
Нұрсұлтан: «Жетсе егер қорқынышты қара түнім,
Басса дерт, әлім құрып шықпай үнім,
Көңіл ашар, кеудеме жан кіргізер
Өлең- менің Шолпаным, Айым, Күнім.»
Бота: Поэзия әлемінде айрықша із қалдырған, өзіндік үлкен өнер, өрнек
тудырған, терең сырға, ұшқыр қиялға толы өлең дүниесін кейінгіге аманат
етіп қалдырған ақын- Мағжан Жұмабаев. Өзі де, өлеңі де қиын қыстау тауқымет
жолын көп кешкен.
Айнұр: Жалпы ақындық беті Қазаy төңкерісінен көп бұрын қалыптасқан Мағжан
жаңа кезеңде көп нәрселерге байсалды жауап іздейтін, адам тіршілігінің,
өмірінің мәнін ұққысы келетін, таланты жетсе, оның құпия сырын ашуға
ұмтылатын, сара сезімнің ақыны болып көрінеді.
Бота: «...Ға» өлеңі
Айнұр: Оның ақын болып қалыптасуына өмірдегі өзгешеліктер, бетбұрыстар,
жолайырықтар мықтап әсер еткені аңық. Табиғат берген мінез де бұған дәл
келіп тұр. Өлең қайсарлығы жаралыс қайсарлығымен тең.
Рахат: «Мен кіммін...» өлеңі
Айнұр: Ғасыр басынан ақ ел жұртына белгілі болған. Мағжан Жұмабаев айдаудан
көз ашпаған, жарты ғасырдан аса уақыт есімі аталмай кетіп, тек 1988 жылының
желтоқсанында ғана ақырғы рет ақталды.
Бота: Баспадан 1909 жылы шыққан Абай өлеңдері оқып, Абайға арнап: «Атақты
ақын, сөзі алтын хакім Абайға» деген өлең жазды. Абайға деген махаббатының
нәзік қылын шертті. Ақын болуды арман етті.
Назым: «Шың хакім, сөзің асыл...»
Бота: Бірінші дүниежүзілік соғыс қарсаңында Мағжан Жұмабаев көпшілік қауым
мойындаған, қалыптасқан ақын болып танылады. Оның жырлары қазақ даласын
шарлап кетеді.
Дәулет: «Түркістан» өлеңі
Бағлан және Ләззат: «Сүйемін» өлеңі, әні - қыздардікі
Айнұр: 1919 жылы ақын екі бірдей қасіретке душар болады, тағдыр қосқан
қосағы толғақ үстінен қайтыс болса, азамат соғысы уақытысына орай есімін
Граждан қойған перзенті бір жылдан соң ол да үзіледі. Осының бәрі ақын
жүрегіне зіл батпан ауыртпалығын салып, зіл зала ізін қалдырады.
Рагсана: «З-ға...» өлеңі
Бота: Мағжан өз орнын өмірден үнемі іздеумен өткен, бар білген түйгенін
соған сарп еткен суреткер. Оның шығармашылығының бір қырында, яғни таразы
басының бір жағында мұнды толғаныс, өкіну және қайғы қасірет, күйініш
жатса, таразының екінші басында романтикалык өршілдік, махаббат, сүйініш
күйініш, арман, мақсат, үміт жатады.
Дәулет: «Сен сұлу», көрініс: Дәулет және Әсел.
Рагсана және Томирис: «Аяла» әні
Айнұр: Ақын жырларында табиғат пен адамның жан дүниесі бірге өріліп, бірге
астасып жатады. Әлем құбылысы санамен, көңілмен үндесіп, сұлу, сырлы, тіпті
кейде ақыл ойға сыймайтын фантастикалық суреттер көз алдына келеді. Мағжан
тылсым табиғатпен сикырлы поэзия жасайды.
Аина: «Қысқы жолда», Аружан: «Алатау», Әйгерім: «Күз», Бибінұр:
«Жазғытұры», Виктория: «Көкшетау», Аина: «Қайын», Әйгерім: «Жел».
Айнұр: Мағжан Жұмабаев шығармашылығы өзгеше, адам тіршілігі мен оның рухы,
ой сезімі қатар жүреді. Ал біздің сыныптастарымыз Мағжаннның «Толқын»
өленің әнге салып жырлайды.
Раббони және қыздар: «Толқын»(рэп жанры)
Бота: Өкінішке орай, жалынды ақын қуғынға түсіп, өмірінің жылдарын тұтқында
өткізеді.
Сания: «Сағындым»
Айнұр: «Анама»
Томирис және Рагсана: « Анама арналға жыр» әні
Айнұр: Мағжан қазақ халқының ұлттық ұлы ақыны. Өлең- оның өмірі, өлмес
рухы, жаны. Өз дарынының күшін, ұлылығын ол сезген.
Бота: «От» өлеңі
Әсел: «Мен ақынмын» өлеңі
Айнұр: Мағжан сан қырлы ақын. Оның махаббат, сұлулық туралы ойлары, қыздың,
әйелдің сұлу, көркем суреті, мінезі, іс қылығы оқшау дараланады.
«Гүлсім ханым» көрінісі.
Әсел: мен Әли: «Шолпы» өлеңі- көрініс
Томирис және Рагсана:«Сыр сұлу» әні, вальс биі.
Бота: Мағжан жырлауында шын махаббат, азап жолы, қуаныш мен өкініші аралас,
кейде тіпті қатар жүреді.
Мағжанның керемет дастандарының ішінен сюжеті бойынша, сұлулығы бойынша
ерекше көрінетін «Батыр Баян» дастаны.
Рахат:Мұнда айтылған оқиға бір кездегі қазақ пен қалмақ арасындағы
жаугершілік заман жайынан. Абылай ханның екі ел арасындағы бейбітшілік,
достық қарым-қатынас орнағанға дейінгі оқиға. Ашу үстінде қол бастаушы
батыр Баян өзі қамқор болып жүрген кіші бауыры Ноян мен сұлу қалмақ қызын
өлтіріп салады. Жазығы- олардың көңіл қосып, елден қашуы. Бұган дейін Батыр
Баянның өзінің жас қалмақ қызына көңілі қатты ауған еді, бірақ қыз ыңғай
бермеген соң, оны қарындас ретінде ұстаған.
(Раббони на плече приносит девушку-джунгарку. Бросает. Она плачет. Потом
встает, ходит, осматривается, садится, думает, как вызволить себя, она же-
умная, хитрая, гордая. )
Рахат: Қыздың сұлулығын ақын былай сипаттайды:
Сол сұлұ сұлұ екен атқан таңдай,
Бір соған бар сұлулық жиылғандай.
Торғын ет, шапақтай бет, тісі- меруетрт,
Сөздері су сылдырлап құйылғандай.
Бір улап, көз қарасы бір айнытқан,
Жұлдыздай еркелеген сөнбей-жанбай.
Лебізі- жібек лебі, жұмақ желі.
Кәусардай татқан адам қалар қанбай.
Шың ер ғой батыр Баян алып қайтқан
Еліне сол сұлуды естен таңбай.
(Ноян появляется, с первого взгляда влюбляется безумно; девушка тоже...
Ноян уходит. Приходит Баян, приносит девушке покушать, она выбрасывает.
Приходит Ноян.)
Рахат: Жас Ноян қызды көріп от боп кетті,
Көздері қызыл жалын шоқ боп кетті.
Жер мен көк, ай, жұлдызды тұман басып,
Бір қыздан басқа нәрсе жоқ боп кетті.
Қыздың Ноянға айтатын сөздері:
Сания: «Қалауым бар, Ноян батыр,
Адасқан аққу құстай мен бір пақыр.
Арқаның аруы боп жүрсем дағы.
Алыста туған, өскен жерім жатыр.
Өткізген балаусадай бөбек күнім,
Барқыттай белес- белес белім жатыр.
Айбынды арыстандай құмда кезген,
Күніреніп қалың қалмақ елім жатыр.
Барқыт бел, қашқан қалмақ қалсын адыра,
Ата-анам- айым менен күнім жатыр.
Ер Баян біздің елге барған еді,
Көп қойға көкжал ойран салған еді.
Бөбегін шырылдатып ап кеткенде,
Ата-анам жылап-зарлап қалған еді.
Сорлы анам көкірегін көкке сауып,
Қан жылап менен бір ант алған еді.
Ол анты: «Елдің шетін, анаң бетін
Бір көрмей, қозым, ерге барма!»- деді
Анама сөзім- анау, өзім- мынау,
Жас Ноян, жүгінемін ер деп сені»
Олар қашып жөнеледі.
Рахат: Жас Ноян жүйрігінің мойнын бұрды,
Жас Ноян Ер Баянға қарсы жүрді.
Жақындап келіп қалып ағасына,
Түсінен шошыды да тоқтап тұрды...
Дегенше, қалды тартып батыр Баян,
Баянның батырлығы алашқа аян.
Оқ тиіп жүрегінен құлап түсті,
Атынан бүктетіліп бөбек Ноян.
Жын шуы басқандай боп естіледі
«Жан көке, аға!»- деген сөзді Баян.
Садағын сол секундта тартты тағы
Бір ашып, бір жұмбай да көзді Баян.
Үстіне інісінің денесінің
Түсірді тағы ұшырып қызды Баян.
Екі жас аттарынан ұшып түсті,
Түскенде бірін-бірі құшып түсті...
Қомағай қара топырақ бүлкіл қағып,
Асығып екі жастың қанын ішті.
Баян оларды өлтіреді. Баянның сөздері:
Раббони: Күй, жүрек! Көл бол, жасым! Өртен, ішім!
Алдымда айнам жатыр бөбек пішін.
Сорлы ағаң атып жығып өз інісін,
Иіскейді енді зарлап аппақ төсін.
Тартқанда сынбадың-ау, сұм садағым,
Қайтейін, арымадың, арда күшім!
Жоқ, әлде, жоқ, жоқ...Әлде...Өлтірдім бе,
Інімді алты алаштың намысы үшін?!
Бибінұр мен Әйгерім: «Махаббат жалыны» әні.
Нұрсұлтан: «Мен жастарға сенемін» өлеңі.
Томирис: «Ел ұмытпас» өлеңі.
Бота: Құттықтау мәтіні.

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz