Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Наурыз қыз

Алматы облысы
Қаратал ауданы
№97 балабақша

«Жыл басы Наурыз!»

«Айна», «Қоңырау» тобы.

Үштөбе қаласы
2011 жыл

Жыл басы -Наурыз!

Мақсаты: Балаларға ұлыстың ұлы күні туралы мағлұмат беру;
Балаларды елін , Отанын сүюге, ұлттық салт-дәстүрін
дәріптеуге
тәрбиелеу; Имандылық, инабаттылық, ізеттілік
қасиеттерін
қалыптастыру.

Мейрам өтетін жер салт –дәстүрге байланысты жабдықталады.Балалар
ұлттық киімдерімен келеді. Киіз үй керегесінен сахна жасалынады.
Залда әсем әуен ойнап тұрады.
1-тәрбиеші: Жер әлемді жайнатып, әнші құстар сайратып, наурыз тойын
тойлатып, Ұлыстың ұлы күні келді ағайын. Той құтты болсын! Ақ мол болсын!
Армысыздар құрметті қонақтар.
2- тәрбиеші: Ұлыс күні кәрі – жас
Құшақтасып көріскен
Жаңа ағатқан қозыдай
Жамырасып өріскен
Ұлыс күні қар еріп
Сай салалар гүрілдеп
Көк шөбі шығып желкілдеп
Дүние біткен күлімдеп
Ұлыс күні кәрі жас
Құшақтасып көріскен

Ортаға екі бала шығады.
1-бала : Ассалаумағалейкум
Ұлыс оң болсын
Ақ мол болсын!
2-бала: Уағалейкумссалам
Ұлыс оң болсын
Пәле – жала жерге енсін!
Екі бала төс қағыстырып аман – саулық сұрасады.
«Көктем, көктемде»
1-тәрбиеші: Ұлыс күндеріңіз құтты болсын!
Келе жатыр жылымыз,
Мейрамдаймыз мұны біз.
Халқы сүйген мейрамды
Қарсы алайық Наурызды!

(Әжесі мен Наурыз қыз ортаға келеді. Әжесі шашу шашады)
Әже: Наурызым , құт әкелсін елімізге
Береке, ырыс кірсін жерімізге
«Барысты» қуанышпен шығарып сап
Бақыт боп «Қоян » кірсін елімізге
Жаңа жыл елімізді жарылқасын
Қиналып әр отбасы тарықпасын
Ата – әже келгенде қуанғандай
Немерелерім сендерді қуаныштан арытпасын.
Наурыз қыз: Жасай бер жаңа күн!
Туа берсін жаңа күн
Дүр сілкінсін дала бір
Құтты болсын жаңа жыл!!
Құтты болсын Наурыз – той,
Құтты болсын Жаңа жыл!

1 бала: Қош келіпсің Наурыз!
Арман тойы халықтың.
Қуанышы халықтың,
Құтты болсын қадамың!

2 бала: Би биледік бәріміз!
Егін өңін толқытқан,
Елдің көңілін шалқытқан.
Бас иеміз- Наурыз!

3 бала : Сені тойлап қарсы алып,
Бар әлемге жар салып,
Сәлем бердік, біз сізге!

4-бала: Наурыз тойы-береке,
Наурыз тойы-жыр аңыз.
Қызып дулы мереке
Қызық думан құрамыз.

Ұлдар биі: « Адай»
ІІ. Негізгі бөлім:
Құрметті қонақтар, сіздерге арналған бақша бүлдіршіндерінің «Алтын сақа »
ертегісінің желісімен қойылған «Жыл басы- Наурыз» атты ертеңгілігімізді
тамашалауға шақырамыз.
Көрініс.
(Шал қолында қамшысы бар, қой жайып жүреді)
Шал: Шек, шеку , ей кебенек! Мына ешкілер әбден мазамды алды. «Қой бақтым
қоңырау тақтым, ешкі бақтым еңіреп бақтым » деген осы екен ғой. Уһ, әбден
шаршадым, дем алайыншы,- деп малдас құрып отыра кетеді.Сол кезде артынан
Мыстан кемпір келіп шалды қылқындыра бастайды.
Мыстан: Уһ, бәлем қолыма түстің бе?
Шал: Ойбай, ойбай жіберші, қылқынып барамын.
Мыстан: Сен маған не бересің?
Шал: Бір отар қой беремін.
Мыстан: Жоқ маған қой керек емес, балаңды бер әйтпесе жібермеймін.
Шал: Жәрәйді, жалғыз Кенжебек деген ұлым бар еді , соны ал.
Мыстан: Онда келісімін, оны қалай бересің?
Шал: Баламның жақсы көретін алтын сақасы бар , соны саған беріп кетейін,
балам алтын сақасын іздеп келгенде өзің ұстап ал.
- Міне, алтын сақа,- деп қалтасынан алтын сақасын алып береді де өзі кетіп
қалады.
Мыстан алтын сақаның жанында отырады.
( Бала сақасын іздеп шығады)
Бала: Апа, апа анау сақамды алып беріңізші?
Мыстан: Ой, мен отырсам тұра алмаймын, тұрсам отыра алмаймын, өзің ал.
Бала еңкейіп сақаны ала бергенде мыстан оны шап беріп ұстап алады.
Осы кезде қыздар Кенжебекті іздеп шығады.
Қыздар: Кенжебек, Кенжебек, қайдасың? Біз сені іздеп жүрміз.
Осы кезде ортаға Мыстан атын шығып, қыздарды қорқытады. Қыздар қорқып
бірінің артына бірі тығылады.
Мыстан: Сендерге Кенжебек керек болса , менің шартымды орындаңдар.
Қыздар: Орындаймыз, апа орындаймыз.
Мыстан: Онда маған Наурыз туралы тақтақ айтып беріңдер.

(Балалар Наурызға байланысты жаттаған тақпақтарын айтады)

1- бала: Ұлы күні кәрі- жас,
Құшақтасып көріскен.
Жаңа ағытқан қозыдай,
Жамырасып өсірген.
Наурыз той құтты болсын!

2- бала: Шапағатын аямай бұл жақта аспан,
Жадырайды әр адам мұң шақпастан.
Ой ағайын, келіңдер!
Бүгін бізде –
Наурыз көже құрт - қатық,бұршақ қосқан.

3- бала: Наурыз келсе,құт келгені, халайық!
Есік ашып,шашу шашып,
Ел боп қарсы алайық..

4- бала: Бүгін күн мен түн теңелді,
Жер шуаққа көгереді,
Соны тойлап ел енді.
Қуанышқа кенеледі

5-бала: Наурыз той салтымыз,
Көгерсін деп халқымыз
Көшеге тал егеді.
Бағымызда бұлбұлымыз сайрайды.

6-бала: Күреп алтын күрекпен,
Қарды еріткен Наурыз!
Жатыр көктем түлетіп,
Бүрлеп бақша – бауымыз.

7-бала. Ұлы күні ұлыстың
Күн мен түнді теңеген
Тәтті дәмін ырыстың
Таттық Наурыз көжеден.

Мыстан: Жарайсыңдар!
Қыздар: Апа ,енді Кенжебекті жібересіз бе?
Мыстан: Жоқ, маған енді өнерлеріңді көрсетіңдер
Қыздар биі: «Шашбаулым»

Мыстан: Ой, рахмет, көңілім көтеріліп қалды ғой.
Қыздар: Апа Кенжебекті жібересіз бе?
Мыстан: Жоқ әрине осығанда жіберем бе кәне ұлдар жылдам ба. қыздар жылдам
ба соны көргім келіп тұр.
Ойын: «Қыз куу»
Қыздар: Енді, жібересіз бе?

Мыстан: Жоқ, менің енді айтыс тыңдағым келіп отыр. Ақындарың бар ма?
( Айтыс өнерін көрсетеді)
Нұржан мен Аружан айтысы
Нұржан: Нұржан ұлың мен болам.

Әке шешем мақтаған,

Жарыс десе жайнаймын

Намысымды қорғаймын.

Аружан: Өнердің ашып есігін

Шешендік сөзбен көсілдім

Таныстырсам өзімді

Аружанменің есімім

Нұржан: Ал Аружан сұлу қыз

Қандай күшті бұрымың

Қасыңдағы қыздардың

Ішіндегі сұлу қыз

Аружан: Мені мақтап не істейсің

Білем өзім сұлумын

Дайынсың ба мектепке

Соны айтып білдіргің.

Нұржан: Білім, ғылым өнерге

Қанат қағар кезім ғой

Ата – салтын ертеңге

Жеткізетін өзім – ғой

Аружан: Ой жігітім арманшыл

Орындалсың арманың

Жұмыртқаны қақ жарып

Пілге ұқсап жатырсың.

Нұржан: Көріп тұрсың сұлуым

Жігіт деген атым бар

Болашақта халқыма

Президент болу арманым

Аружан: Әнде айта аламын

Биде билей аламын

Өзім бала болсамда

Таудай үлкен талабым.

Бірге: Еркем , еркем еркем- ай

Еркелеген ертең – ай

Бүгін болған мереке

Болсын тағы ертең ай.

Жазира мен Дильназ айтысы

Екеуі бірге:
Оу, халайық халайық
Әсем әнге салайық
Наурыз тойын көңілді
Бірге қарсы алайық

Жазира: Менімен айтысар
Қыз құрбылар қайсың бар
Қолдан келсе әзілдеп
Маған сынды айтыңдар.
Дильназ: Айтысуға өзіңмен
Шығып тұрмын алдыңа
Күн аттарын білмеуші едің
Жаттап оны алдыңба ?
Жазира: Құрбым кімге күлесің
Өзің нені білесің
Оңға дейін қиналып
Санай алмай жүресің
Дильназ: Бәтеңкенің бауында
Байлай алмай жүруші ең
Үйрендіңбе жейдеңді
Теріс қарай киюші ең
Жазира: Олпы – солпы кигенің
Ойыңа не түйгенің
Намысыма құрбы жан
Наурыз күні тимегің
Дильназ: Айтысуға шақырдың
Тимесең сенде тимегің
Наурыз күні достасып
Бірге көже ішейік
Екеуі бірге. Ұлы Наурыз бәріңді
Татулыққа шақырған
Тоқтатпасақ айтысты
Сөз қалған ба ақыннан

Мыстан: Өй, сендерде ақындарда бар екен ғой.
Қыздар: Кенжебекті енді жібересіз бе?
Мыстан: Жібермеймін, (ойланып тұрып) қане ұлдарыңның күшін сынып
көрейінші( белінен арқан шешіп береді)
Ұлттық ойындар . «Арқан тартыс»
Мыстан: Қандай күшті балалар. Бірақ мен Кенжебекті жібере алмаймын, менің
қарным ашты.
(Қыздар жиналып ақылдасады)
Қыздыр: Апа, мынау ұялы телефон , мұнымен барлық жермен сөйлесе
аласың,өлең тыңдайсың, ойын ойнайсың, суретке түсесің.
Мыстан: Қане, әкел бері көрейін.
Мыстан телефонды алып бұрышқа қарай барғанда қыздар Кенжебекті алып
шығып кетеді.
Мыстан: Әй,әй тоқтаңдар..
- Алло, Таусоғар, Желаяқ ұстаңдар аналарды! Мыстан өзі де шығып кетеді.

Тәрбиеші: Балалар мінекей әрқашанда жамандық жасаған адамдар өзі ұсталып
қалады көрдіңдерме барлығымыз бірігіп Кенжебегімізді де шығарып алдық,
барлықтарыңда көп жақсылық жасауға тырысыңдар. Балалар бүгінгі мейрамға
бізге бата беруге арнайы Қызыр атамыз
да келіпті. Келіңіз, ата төрлетіңіз.
Қызыр ата батасын береді.
Азамат боп ержетіңдер,
Ақылды болып ержетіңдер
Азамат болыңдар көрікті,
Ғұмырың болсын берікті
Азамат болыңдар ардақты
Мінездерің болсын салмақты
Өнер болыңдар жан – жақты
Осы айтқанның бәрі қабыл болып
Алла берсін сендерге зор баққты! Аумин.

Тәрбиеші: Наурыз құтты болсын!
Дендеріміз сау, мықты болсын!
Наурыз тойы келе берсін!
Барлық халық бақытты болсын,
Қош ,сау болыңыздар, халайық!
Көріскенші күн жарық болсын!
Ән. «Наурыз»
Барлықтарыңызды Наурыз дастарханына шақырамыз.
Көжеден дәм татыңыздар.

Ұқсас жұмыстар
Алтыбақан ойын-сауық кеші
Наурыз тойым, Наурыз тойым
Наурыз имандылық мерекесі
Наурыз - жыл басы жайлы ақпарат
Наурыздағы тілек туралы
"Қыстап қалатын құстар."
Ата-баба дәстүрі –әдептілік негізі. 5-сынып
Қазақтың салт - дәстүрлеріне тоқталып кету
Нағашы атасы
Қыз өссе елдің көркі деген сөзді
Пәндер