Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Достар бейнеленген суретті боя

Сәлеметсіздер ме, достарым –
балалар мен үлкендер!

Сіздер өзін-өзі тану пәні бойынша альбом беттерін ашып
отырсыздар.
Альбомнан сіздер сурет салу, бояу, аппликация тәрізді қызықты
тапсырмалар кездестіресіз.
Әр тақырып бойынша берілген тапсырмаларды балалар өз бетімен
немесе ересектермен орындауына болады.
Сүйкімді бағыттаушылар сіздерге тапсырмаларды – сурет салу,
суретті бояу, әңгімелеу – орындауда бағыт беріп отырады.
Үлкендерден балаларға тапсырмаларды оқып беруін және белгі
суреттерді ажыратуға көмек беруін сұраймын.
Балалар мен үлкендерге шығармашылықта сәттілік тілеймін.

Махаббат періштесі

Махаббат Періштесінің көмекшілері

| | |
| |Бұл көмекші сені ойлануға, бір нәрсені есіңе|
| |түсіруге, ойдан шығаруға шақырады. |
| | |
| | |
| |Бұл бейне тапсырманың үлкендермен бірге орындалатынын|
| |білдіреді. |
| | |
| | |
| |Сүйкімді қыз үлкендердің көмегімен жазуға |
| |шақырады. |
| | |
| |Бұл мейірімді бала сені әңгімелеуге, үлкендерге |
| |өзін-өзі тану сабақтарында үйренген жаңалықтар жайлы |
| |айтып беруге шақырады. |
| | |
| |Бұл көңілді суретші суреттерді бояуға |
| |шақырады. |
| | |
| |Мына әдемі қыз суреттерді қиып алып, жапсыруға |
| |болатынын көрсетеді. |
| | |
| |Бұл бейне суреттерге мұқият қарау керектігін|
| |білдіреді. |
1-ТАРАУ. МАХАББАТ ПЕН ІЗГІ СЕЗІМДЕР ӘЛЕМІ

1-сабақ

ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ ӘЛІППЕСІ

Суретті боя. Шеңберлердің ішіне өзіңмен бірге Өзін-өзі тану әлеміне
саяхатқа аттанатын адамдардың суретін сал.

2-сабақ

ЖАҚСЫ КӨРУДІ ҮЙРЕНЕМІЗ

Күннің суретін сал. Оның айналасына өзің жақсы көретін
адамдардың фотосуреттерін жапсыр немесе суретін сал.

3-сабақ

МЕЙІРІМДІ ЖҮРЕК

Суретті өзіңе ұнайтындай етіп боя. Суретшінің көмегін пайдалануға
болады.

4-сабақ

МЕЙІРІМДІ СӨЗДЕР

Хатты суреттердің көмегімен толықтырып жаз. Үлкендерден оны оқып
беруін сұра. Хатты қалаған адамыңа салып жібер.

- дос

- ұнайсың

- әдемісің

- қуанамын

- денсаулық

- бақыт

- жақын

Сәлем _____________!

Сен маған өте __________. Сен ___________. Сені көрген кезде, мен
__________. Саған _________ және __________ тілеймін. Сен менің ең
__________ досымсың.
5-сабақ

ОТБАСЫНДАҒЫ ЖАРАСЫМ

Әркімге өз үйін табуға көмектес. Суреттерді бояп, үйге апаратын
жолды көрсет.

Ертегі үйін боя. Оның терезесіне өз отбасыңның суретін сал немесе
фотосуретін жапсыр.

6-сабақ

НАҒЫЗ АДАЛ ДОС

«От бала» ертегісінің суреттерін боя.

Бұл жерде достарға арналған «сыйлықтарды» бейнелейтін суреттер
салынған. Досыңа сыйлағың келетіндерін қиып ал. «Сыйлыққа»
арналған конвертке салып беруіңе болады.

7-сабақ

СЫЙЛАСТЫҚҚА ҮЙРЕНЕМІЗ

Қыздың немесе ұлдың суретiнiң шетiн бастырып шық және оны боя.
Үлкендерден осы бетте жазылған адамның қасиеттерін білдіретін
сөздерді оқып беруiн сұра. Олардың iшiнен өзіңде бар қасиеттерді
таңдап, «Мен» сөзін бастырып шық.

8-сабақ

МЕЙІРІМДІ СИҚЫРШЫЛАР

Махаббат Періштесіне арналған сыйлықтың суретін сал.

9-сабақ

ҒАЖАЙЫП СЫЙЛЫҚТАР

Сиқырлы құтының суретіне мұқият қара. Оны боя.

Суретке қара, оны боя.

Ғажайып салют жұлдызшаларын бояп, қиып ал. Үлгі бойынша жіппен
біріктір.

2-ТАРАУ. БАҚЫТТЫ АДАМ

10-сабақ

БАҚЫТ ҚҰПИЯЛАРЫ

«Бақыт құсын» боя.

11-сабақ

БАҚЫТ ҚҰПИЯЛАРЫ

Бақытты адамды қалай елестетесің, суретін сал.

12-сабақ

СӘЛЕМ БЕРГЕН САУЛЫҚ БЕРЕДI

Екі алақандағы сөздерді бастырып, оларды үлкендердiң көмегiмен
оқы. Суретті боя.

13-сабақ

ОТАБСЫ БАҚЫТЫ

Суретші әжесiнiң туған күніне балалардың қалай сыйлық дайындағаны
жөнiнде сурет салыпты. Бәрі түсінікті болу үшін суреттердi ретiне
қарай сандармен (1,2,3,4,5,6) белгiле.

14-сабақ

ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСҚА ҮЙРЕНЕМІЗ

Достарыңмен бірге кемемен саяхатқа аттанғаныңды елестет. Әр кемеге
үлкендердiң көмегiмен достарыңның аттарын жаз.

15-сабақ

БЕЙБІТШІЛІК ЖАСАСЫН!

Кемпірқосақтың суретін сал.

16-сабақ

МЕН ҚУАНАМЫН!

Бақытты балалық шақ қаласын боя.

Суреттерді қиып алып, Бақытты балалық шақ қаласы бейнеленген
параққа тиісті орнына жапсыр.

3-ТАРАУ. МЕЙІРІМДІ ЖҮРЕК

17-сабақ

ЖҮРЕГІМДІ ТЫҢДАЙМЫН...

Мейірімді немесе қатыгез адамды қалай елестетесiң, олардың
суретін сал.

18-сабақ

ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ

Кішкентай қағаз жүректерге қалаған заттарыңның суретін сал. Сол
суретті жақсы көретiн адамдарыңа, достарыңа сыйла.

19-сабақ

ҚАМҚОР БОЛУ

Суретті мұқият қарап, кімнің кімге қамқорлық көрсетіп жатқанын
сызықпен бағыттап көрсет.

20-сабақ

ДОСТЫҚ НЕДЕН БАСТАЛАДЫ?

Достар бейнеленген суретті боя.

21-сабақ

РАҚЫМДЫЛЫҚ ДЕГЕН НЕ?

Суреттерді мұқият қара. Балалардың көмегiн қажет ететіндерді тауып,
оған баратын жолдың суретін сал.

22-сабақ

МЕЙІРІМДІЛІК ЖҮРЕГІМДЕ

Суреттерге қара. Балалардың қандай істері саған ұнайды? Суреттерді
боя.

4-ТАРАУ. ТАБИҒАТ ӘЛЕМІ

23-сабақ

ТАНЫМ ҚУАНЫШЫ

Суретшінің нұсқауы бойынша суретті аяқтап, оны боя.

24-25 сабақтар

ТАБИҒАТ ЖӘНЕ ДЕНСАУЛЫҚ

Көңiлдi мысықтар саған жұмбақ жасырды. Альбомда қандай сөздер
тығылып тұрғанын тап. Сол сөздерді суретке сал.

26-сабақ

«БАЛАҚАЙ»

Үлкендермен бірге «Балақай» кеңестері бейнеленген суреттерді қарап
шық.

27-сабақ

ТАБИҒАТТЫ АЯЛАУДЫ ҮЙРЕНЕМІЗ

Ребусты шешіп, баланың өз қарындасына не айтқанын біл.

Суреттегі бейнелердің қай әріпке басталатынына назар аудар.

| | | | | | | |
| | | | | | | |
| | | | | | | |
| | | | | | | |
| | | | | | | |

Әріптерді сандар жазылған тор көздерге орналастыр.

| | | | | | | |
| | | | | | | |
| | | | | | | |

5-ТАРАУ. АРМЫСЫҢ, ТУҒАН ЕЛ!

28-сабақ

ӘЛЕМ ҚАНДАЙ ТАМАША!

Лабиринт жолдарын боя. Жолдың әр бөлігінің өз түсі бар (сандарға
қара: 1 – сары, 2 – көк, 3 – күлгін, 4 – қызыл, 5 – көгілдір, 6 –
жасыл, 7 – сарғыш). Кездескен жануарлардың қандай дыбыс
шығаратынын сал.Екеу немесе үшеу болып ойнаған қызықты.
Лабиринттен бірде бір рет қателеспеген өтеді.

29-сабақ

СҮЙІКТІ ОТАНЫМ

Үлкендермен бірге Қазақстан туралы сурет тауып, оны альбомға
жапсыр.

30-сабақ

БІЗ – ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРМЫЗ!

Суретке қара. Бұл жерде қандай мамандық иелері бейнеленген?

Есейгенде кім болғың келеді? Суретін сал.

31-сабақ

СҮЙІКТІ БАЛАБАҚШАМЫЗ

Қатырма қағазды пайдаланып, махаббат, ризашылық сөздерін салатын
қапшық дайында.
Қапшықтың ішкі бетіне досыңа айтқың келетін сөздерді жазсаң болады.

32-сабақ

ӨЗІМІЗДІ ТАНИМЫЗ

Альбом бетін сызықтар бойымен квадраттарға бөл. Оларды қатты қағазға
сурет болатындай етіп жабыстыр. Суретті боя.

-----------------------
Үлгі бойынша суретін сал

Үлгі

1 2 3 4 5 6
7

5 4 6 2 1 7
3

Ұқсас жұмыстар
Білімді мыңды жығады. интелектуалды сайыс
Қарпайым мәтіндік редакторы
САБАҚ ЖОСПАРЫ САБАҚ
Компьютерге ақпарат еңгізетін құрылғы
Оқушылармен сәлемдесу Оқушыларды сабақта жұмыс істеуге даярлау
Microsoft Word редакторының негізгі элементтері
Компьютер теледидарын ата
Жалған жазуларды ақиқатқа айналдыр
Қарапайым мәтіндік редактор. редактор интерфейсі
Бастауыш сыныптарға арналған психологиялық сауалнама
Пәндер