Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Жаңа сабақ тезистері



Ақжар қазақ орта мектебінің Алғашқы Әскери Даярлық пәнінің
мұғалімі.

Ақжар қазақ орта мектебі

Ағашқы әскери дайындық пәні 11- класс

Сабақтын тақырыбы: Шаруашылық объектілерінің азаматтық қорғанысы.

Өткізген мұғалім:Мұқашев А.Ш.

Ақжар селосы 2010 жыл

Сабақтын мақсаты: Білімділік: Шаруашылық объектілерінің азаматтық
қорғанысы, азаматтық қорғаныстың негізгі міндеттерімен таныстыру.

Дамытушылық: оқушылардың танымдық қабілетін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушылар бойында адалдық, шыдамдылық, қырағылық қасиеттерін
қалыптастыру.

Сабақ түрі: Аралас сабақ

Сабақтын беру әдісі: әңгімелеу, баяндау, пікір алысу.

Сабақтын уақыты: 45 минут

Орыны: алғашқы әскери дайындық кабинеті.

Сабақ көрнекілігі: АӘД оқулығы, Үнтаспа жазбасы, интерактивті тақта,
сызбалар.

Сабақ барысы: Ұйымдастыру сәті.

Сыныптағы взвод командирінің рапортын қабылдау.

2 Жаңа сабақ тезистері:

Азаматтық қорғаныс- жалпы мемлекеттік қорғану шаралар жүйесінің құрамдас
бөлігі. Ол дұшпанның түрлі қаруларының (жаппай жою қаруының, аса қуатты
қарудың т.б. қару түрлерінің), сондай-ақ техногендік және табиғи сипаттың
негізгі факторларының халық пен объектілерге әсерін әлсірету үшін Азаматтық
қорғаныс функциялары. Төтенше жағдайлар агенттіне, заңды тұлға болып
табылатын әскери емес құрылымдарға жүктелген.

Азаматтық қорғаныстың негізгі міндеттері:

1)Дұшпанның бастырмалатқан соққыларының тұтқиылдығы мен қауіпті
факторлардың әсерін болдырмау.

2)Бастырмалатқан соққылардың нәтижелілігін бәсеңдету мен қауіпті
факторлардың әсерін әлсірету.

3)Жою құралдарының әсері мен қауіпті факторлардың зардаптарын анықтау.

4)Дұшпанның бастырмалатқан соққыларының зардаптары мен қауіпті
факторлардың әсерін жою.

Бірінші міндеттің шешілуі мына жолдармен жүргізіледі:

- Дұшпанның жаппай жою қаруын, аса қуатты қаруды және басқа да қару
түрлерін қолдануға дайындалуын дер кезде анықтау;

- Техногенді және табиғи сипаты бар қауіпті факторлар әсерінің қауіпті
қатерін болжау;

Екінші міндеттің орындалуы бойынша жүзеге асырылады:

- Халықты қорғану құралдарымен және оларды дер кезінде қолданумен
қамтамасыз ету;

- Түрлі фортификациялық құрылымдарды (баспаналық тез құрылатын қорғаныс
құрылымдарын, радиацияға қарсы баспаналарды) қолдану арқылы;

3 Сабақты бекіту сұрақтары:

1.Азаматтық қорғаныс дегеніміз не?

2.Ол қандай міндеттерді шешеді?

3.Объектілердегі Азаматтық қорғаныс қалай ұйымдастырылады?

4.Объектілерде қандай құрамалар құралады?

5.Олардың атқаратын міндеттері қандай?

4 Қорытынды. ТЕСТ

Азаматтық қорғаныс

1-нұсқа

1.Мектептегі азаматтық қорғаныс жасақтарын атаңыз?

а.Радиациялық химиялық барлау постысы, өрт сөндіргіштер тобы, санитарлық
пост, құтқару тобы;

б. Өрт сөндіргіштер тобы, санитарлық пост, құтқарутобы;

в. Радиациялық химиялық барлау постысы, өрт сөндіргіштер тобы, санитарлық
пост;

2 Қазіргі заманғы жою құралдарына нелер жатады?

а Ядролық қару, химиялық қару, әдеттегі зақымдау құралдары;

б. Ядролық қару, химиялық қару,бактериологиялық қару;

в. Ядролық қару, химиялық қару,бактериологиялық

қару,әдеттегі зақымдау құралдары;

3 Ядролық жарылыстың зақымдаушы факторларын атаңыз?

а.Екпінді толқын, өтпелі радиация, радирактивті зақымдану,
электромагниттік импульс;

б. Екпінді толқын,сәуле шашу, радирактивті зақымдану, радиациялық толқын;

в. Соққы толқын, жарық сәулелену, өткір радиация,радиоадтивті
зақымдау,электромагниттік импульс;

4 Улағыш заттар қалай топтастырылады?

а.Жүйкені жансыздандыратын әрекетті УЗ, тері іріңдікәрекетті УЗ,
тұңшықтырғыш әрекетті УЗ, жалпы улы әрекетті УЗ, тітіркендіргіш әрекетті
УЗ, психимиялық әрекетті УЗ;

б. Жүйкені жансыздандыратын әрекетті УЗ, тері іріңдікәрекетті УЗ,
тұңшықтырғыш әрекетті УЗ, жалпы улы әрекетті УЗ, тітіркендіргіш әрекетті
УЗ;

в. Тері іріңдік әрекетті УЗ, тұңшықтырғыш әрекетті УЗ, жалпы улы әрекетті
УЗ, тітіркендіргіш әрекетті УЗ, психимиялық әрекетті УЗ;

5Адамдардың зақымдау үшін қандай ауру қоздырғыштар қолданылады?

а.Вирустар, риккетстер, бопалар, микробтар;

б. Бактериялар, бопалар, вирустар, микроорганизмдер;

в. Бактериялар, вирустар, риккетстер, бопалар;

2-нұсқа

1.Ұжымдық қорғаныс құралдарын атаңыз?

а.Типтік паналар, радиацияға қарсы тасалар, қарапайым тасалар;

б. Типтік паналар, биологиялық тасалар, қарапайым тасалар;

в. Паналар, соққыға қарсы паналар, радиацияға қарсы паналар;

2. Механикалық күштің сыртқы әсерінен тіндердің тұтастығына бұзылуы не деп
аталады?

а.Қан кету б. Жара в. Зақым

3. Противогаз маскасының өлшемі қалай таңдалады?

а.63см дейін-1, 63.5-65.5см-2, 63.5-65.5см-3, 68.5-70.5см-4, 71- -5,

б. 63см -0,63.5-65.5см-1, 63.5-65.5см-2, 68.5-70.5см-3, 71-денжоғары-4,

в. 63см дейін- 2, 63.5-64.5см-3, 63.5-65.5см-4, 68.5-70.5см-5, 71-денжогары-
6,

4 Өртегіш қару қалай жіктеледі?

а.Мұнай өнімдері негізіндегі өртегіш қоспалар, метандарылған өртегіш
қоспалар , термит және термитті құралдар, әдеттегі және сілтілі металдар,
сондайақ алюминий триэтилені негізіндегі ауада өздігінен тұтанатын өртегіш
қоспалар;

б. Мұнай өнімдері негізіндегі өртегіш қоспалар, метандарылған өртегіш
қоспалар, метандарылған өртегіш қоспалар, термит және

термитті құралдар, әдеттегі және сілтілі

металдар;

в. Металдандырылған өртегіш қоспалар, метандарылған өртегіш қоспалар ,
термит және термитті құралдар, әдеттегі және сілтілі металдар, сондайақ
алюминий триэтилені негізіндегі ауада өздігінен тұтанатын өртегіш қоспалар,

5 Қазіргі заманғы жою құралдарына нелер жатады?

а. Ядролық қару, химиялық қару, бактериялогиялық қару;

б. Ядролық қару, химиялық қару,бактериологиялық қару;

в. Ядролық қару, химиялық қару,бактериологиялық

қару,әдеттегі зақымдау құралдары;

Кілті

1-нұсқа 2- нұсқа

1а 1а

2в 2б

3в 3б

4а 4а

5в 5в

5 Бағалау

6 Үйге тапсырма:

1.Мәнжазба”Азаматтың-қорғаныс мемлекеттік қорғалу шаралар жүйесінің
құрамдас бөлігі”

2 Мәтін 213-216 бет бойынша

3 №3 жазбаша

Ерлік сабағы.

Тақырыбы: Өшпес ерлік иелері.

Ерлік сабағының мақсаты: оқушыларды әкелер мен аналардың ерлігі рухында
тәрбиелеу. Олардың ерлік жолдарымен таныстыру, үлгі ету.

Көрнекілігі: видеоматериал, ақындардың өлеңдері, Мәншүк Мәметованың, Шолпан
Рахметованың суреттері. « Өшпес ерлік иелері» кітап көрмесі.

Сабақ ауызша журнал формасында өтеді.

Ауызша журнал төмендегідей беттерден тұрады:

1-бет

Қазақтың батыр қызы Мәншүк Мәметова

2-бет Отты жылдардың жауынгері Шолпан Рахметова.

3-бет

Ерлерге қарап сап түзейміз.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру бөлімі.ІҚазақстан Республикасының Әнұраны орындалады.

ІІ.Мұғалім:Біз қандай боламыз?

Оқушылар:Біз әдепті боламыз?

Айтқан тілді аламыз

Күнде оқып сабақты

Мұғалімді қуанта аламыз.

Мұғалім:біз қандай боламыз?

Оқушылар:біз әдепті боламыз

Айтқан тілді аламыз.

Ата-ананы қуантып,

Үнемі бестік аламыз

Мұғалім:Бүгін біздің сабағымыз Ұлы Отан соғысынына ерлік көрсеткен
апаларымыз Мәншүк Маметова мен өзіміздің Хромтау ауданынан соғысқа кеткен
,соғыста Отанымызды қорғап ,елге аман оралып,бейбіт өмірде де ерен еңбектің
үлгісін көрсеткен апамыз Шолпан Рахметоваеға арналады.

Сабақ ауызша журнал түрінде өтеді.

1-бет:Қазақтың батар қызы Мәншүк Маметова.

Журналдың бірінші бетінің мақсаты:1941-1945 жылдар аралығындағы Ұлы Отан
соғысында от жалынды жылдарда өшпес ерлік көрсеткен апамыз Мәншүк
Маметованың ерлігін оқушыларға өнеге ету.

Оқушы: Қ.Мүсірепов. Мәншүк апай

Сонау жылы жер-көкті

Соғыс бұлты торлаған

Сонда Мәншүк апамыз

Жаудан елді қорғаған

Үстінде сұр шинелі,

Бас киімі –болатын

Мәншүк апай күн-түні

Жауға оқты боратқан

Таңғалдырған әлемді

Ерлігімен ғажап тым

Мәншүк апай-әйгілі

Батыр қызы қазақтың.

Оқушы:Мәншүк 1922 жылы туған.Мәншүктің шын аты-Мәнсия.Мәншүкті анасы
еркелетіп «Моншақ» деп атаған.1941 жылы Мәншүк Мәскеуде өтетін физкультура
парадына дайындалды.Мәскеудегі парад соғыс басталып кеткендіктен өтпей
қалды. Мәншүк соғыс басталғанда медицина институтының студенті еді.Мәншүк
1942 жылдың күзінде өзі сұранып ,майданға аттанды.Мәншүк соғыста пулеметші
болды.Мәншүк 1943 жылы қазанның 15-інде ерлікпен қаза тапты.

Невель қаласында Мәншүк атында көше бар.Батыс қазақстан облысының
Жәнібек ауданында ескерткіш тұр.Отан соғысының батыры ,қазақтың қаһарман
қызы Мәншүктің аты мәңгі жасайды.

Оқушы:Алматыдағы №28 мектеп Мәншүк Маметованның атында .Мәншүк сол мектепті
бітірген.Оның әкесі Ахмет дәрігер болған.Мәншүктің анасы Әмина ұстаз
еді.Мәншүк тәртіпті,тапсырманы уақытында орындайтын ұқыпты еді.От
жүректі,батыр жауынгер болатын, жауынгерлер оны «Біздің Мәншүк» деп, жақсы
көретін.

Оқушы:Батыр Мәншүк.Х.Өтегалиева.

Оқушы:Қос жұлдыз.Т.Молдағалиев

Кітапханашы:Кітап көрмесімен таныстырады.

2-бет І..Отты жылардың жауынгері Шолпан Рахметова.

Журналдың екінші бетінің мақсаты жерлесіміз батыр ана Шолпан Рақметованың
өмір жолымен таныстырып, өнеге ету.

Мұғалім:Елбасына күн туғанда елін қорғауға Ақтөбе облысынан 500 қыз
аттанған екен. Содан тек үш қыз ғана еліне аман оралады.Міне,осы Ұлы Отан
соғысының қатаң жылдарында ерлік көрсеткен апамыздың бірі- өзіміздің
жерлесіміз Шолпан Рақметова.

ІІ. «Отты жылдардың жауынгері Шолпан Қожамуратқызы Рақметова» атты 11-сынып
оқушылары дайындаған видеоматериал көрсетіледі.

ІІІ.1.Шолпан Рақметова туралы материал жинақтап, оның туған жері Тассай
аулында өлкетану мұражайын ұйымдастырған Роза Нұржанова сөз сөйлейді.

2.Шолпан Рақметова туралы газет беттерінде көптеген мақалалар жазған
Қазақ тілі қоғаманың төрайымы М.Жұмагалиева әңгімелейді.

3. Шолпан Рақметова туралы жазылған Р.Ілиясованың кітабымен
кітапханашы таныстырады.

3-бет.Ерлерге қарап сап түзейміз.

Журналдың үшінші бетінің мақсаты- бүгінгі ұрпақ-оқушылар апалардың өлмес
ерлігін, бастан кешкен тәжірибе мен келешекке деген талпынысын,жарқын
арманын мұра етіп,елін,туған жерінің тарихын біліп,құрметтеп өсетін оқушы
тұлғасын қалыптастыруға бағыттау.Оқушының бойында Отанына деген
сүйіспеншілік,мақтаныш сезімін қалыптастыру.

Мұғалім:

Алдынғы жауынгер апалардың жастық дәурені от кешкен жылдар мен бүгінгі
оқушылар өмір сүріп отырған бақытты күндердің арасында жарты ғасырдан астам
кезең жатыр. Бүгінгі оқушылар бақытты болашақ үшін күресіп, өз өмірлерін
«жаным-арымның садағасы» деп қиған әкелер мен ағалардың, аналар мен
апалардың өмір күрес жолың ерлігін мұрат тұтып,олар істеген істін үлгі-
өнеге алып өседі.

1 оқушы: «Біз бейбітшіл ұланбыз».атты Ж.Өмірбектің өлеңінің оқиды.

2-оқушы: «Отан» өлеңі.

Қорытынды.

Пайданылған әдебиеттер:

1. «.Қазақстан мектебі» журналы №5 2008ж

2. « Тәрбие құралы» журналы №3 2007ж

3. « Мұғалім және заң» журналы №9 2008ж

Тіркеу формасы

1. Мұқашев Асқар Шәріпұлы

2. Отансүйгіштік тәрбие – басты мақсат

3. Хромтау ауданы, Ақжар қазақ мектебі

4. ----------

5. Білім беру саласында адамгершіл, азаматты-патриоттық тұлға
қалыптастыру

Ақжар қазақ орта мектебі

Алғашқы әскери дайындық пәні. 10-
класс

Сабақтын тақырыбы: Автоматты бөлшектеу және жинақтау

Өткізген мұғалім: Мұқашев А.Ш.

Ақжар селосы 2010 жыл

Сабақтын мақсаты: Білімділік: Автоматтың тағайындалуы, бөлшектеу және
жинақтау, әскери ерекшеліктері мен қауіпсіздік шараларымен таныстыру

Дамытушылық: оқушылардың танымдық қабілетін дамыту.

Тәрбиелік: “Калашников”автоматының ерекшелігін, құрылымын білгізе отырып,
ұрыста пайдалану қасиеттері жоғары әрі кеңінен танымал екендігіне көз
жеткізу

Сабақ түрі Аралас(комбинацияланған)

Сабақтың беру әдісі: түсіндіру, көрнекілік, сұрақ-жауап, пікір алысу,
интерактивті әдістер.

Сабақтың уақыты: 45 минут

Көрнекілігі: Бағалау парағы, бейнефильм, интерактивті тақта,
“Калашников”автоматы, деңгейлік тапсырмалар, оқулық.

Сабақ құрылымы:

1 Ұйымдастыру бөлімі(3мин) сабақ мақсаты мен міндеттерін қою.

2 Үй тапсырмасын тексеру (10мин)

3 Жаңа материалды оқу, үйрету, түсіндіру(15мин)

4 Бекіту және жаңа сабақты бұрынғы материалмен байланыстыру, деңгейлік
тапсырмалар(14мин)

5 Сабақты қорытындылау. Бағалау(1мин)

6 Үйге тапсырма беру(2мин)

Сабақта қолданылатын технологиялар: Ақпараттық оқыту технологиясы,
Д.Б.Эльконин-В.В.Давыдов оқыту технологиясы.

Өткізілетін орыны: Алғашқы әскери дайындық кабинеті

Формасы: сыныптық, топтық, жекелей.

|Сабақтың |Уақыты |Міндеттері | Әдіс |Көрнекіліг|Мұғалімнің |Оқушының |Күтілетін |
|құрылымы | | |тәсілі |і |әрекеті |Іс әрекеті |Нәтиже |
|Ұйымдастыру | | | | | | | |
|бөлімі |3 мин |1)Саптық даярлық| | |Амандасу |Отыздың бөлімшелері екі |Оқушылар сапқа|
| | |бойынша сапта |Көрсету | |рәсімі. |қатарға сапталып, |тұру әдістері |
| | |тұра білу және | | |Отыздың |лейтенант жолдасқа |мен қозғалыс |
| | |бір орында | | |бөлімшелерін|мәлімдеме береді: |техникасын |
| | |немесе адымдау | | |ің сапқа |Жолдас лейтенант, 10 |меңгереді. |
| | |кезінде жан | | |тұруын, |сыныпта 18 оқушы |Уақыт өлшеміне|
| | |жағына бұрыла | | |сыртқы |бар.Тізім бойынша18, |байланысты |
| | |білуге және | | |формаларын, |үшеуі белгілі себеппен |ептілікке, |
| | |мәлімдеме беруге| | |сабаққа |жоқ. Қалғандары сапта |шапшандыққа |
| | |үйрену. | | |даярлығын |тұр. Сынып бастапқы |тәрбиеленеді. |
| | |2)Сабақ | | |тексеру |әскери дайындық сабағына| |
| | |жоспарымен | | | |дайын! Мәлімдеме беруші | |
| | |мақсаты мен | | | |отыздық командирі Умаров| |
| | |таныстыру | | | |Ахмет. | |
| | | | | | | | |
|Үй |10 |Өткен тақырып|Тест |Тест |Мұғалім |Тест |Оқушылар өз |
|тапсырмасын | |бойынша | |тапсырмалары |Тест тапсырмаларын |тапсырмалары|білімін |
|тексеру | |білімін | | |таратады |: |тексеріп, өз |
| | |тексеру | | | |1-нұсқа |өзіне баға |
| | | | |Кілт: | |5,45 мм |бере алады |
| | | | |1-нұсқа | |жетілдірілге|және білімін |
| | | | |1 а, 2б, 3а, 4а,| |н Калашников|пысықтайды |
| | | | |5в, | |автоматы | |
| | | | |2-нұсқа | |бөлімшенің | |
| | | | |1а,2б,3в,4а,5а, | |қаруы болып | |
| | | | | | |табылады? | |
| | | | | | |а) дербес | |
| | | | | | |қару; | |
| | | | | | |б)атқыштар | |
| | | | | | |в)пулемет | |
| | | | | | |2 Оқтың | |
| | | | | | |салмақ | |
| | | | | | |орталығын | |
| | | | | | |ұшу кезінде | |
| | | | | | |сызатын | |
| | | | | | |қисық сызығы| |
| | | | | | |... деп | |
| | | | | | |аталады. | |
| | | | | | |а)ату | |
| | | | | | |құбылысы; | |
| | | | | | |б)траектория| |
| | | | | | |; в)көздеу | |
| | | | | | |сызығы; | |
| | | | | | |3 Автоматтың| |
| | | | | | |ұңғысымен | |
| | | | | | |бірге | |
| | | | | | |орналасқан | |
| | | | | | |бөліктерін | |
| | | | | | |анықтаңыз. | |
| | | | | | |а)Ұңғы | |
| | | | | | |қорабы, | |
| | | | | | |көздеу | |
| | | | | | |құрылысы, | |
| | | | | | |дүмбітапанша| |
| | | | | | |лық тұтқа; | |
| | | | | | |б)Ұңғы | |
| | | | | | |қорабы, | |
| | | | | | |дүмбі, | |
| | | | | | |шетмойын, | |
| | | | | | |магазин, | |
| | | | | | |тапаншалық | |
| | | | | | |тұтқа; | |
| | | | | | |в)Ұңғы | |
| | | | | | |қорабы, | |
| | | | | | |көздеу | |
| | | | | | |құрылғысы, | |
| | | | | | |шетмойын; | |
| | | | | | |4 Қарудың әр| |
| | | | | | |түрлі оқтары| |
| | | | | | |үшін ең алыс| |
| | | | | | |қашықтыққа | |
| | | | | | |ұшу бұрышы | |
| | | | | | |шамамен неше| |
| | | | | | |градусқа | |
| | | | | | |тең? | |
| | | | | | |а)35 градус | |
| | | | | | |б)38 градус | |
| | | | | | |в)45 градус | |
| | | | | | | | |
| | | | | | |5 Атқыштық | |
| | | | | | |көзінен | |
| | | | | | |көздеуіш | |
| | | | | | |ашасының | |
| | | | | | |ортасымен | |
| | | | | | |қарауыл | |
| | | | | | |төбесі | |
| | | | | | |арқылы | |
| | | | | | |өтетін сызық| |
| | | | | | |не? | |
| | | | | | |а)көтерілу | |
| | | | | | |сызығы; | |
| | | | | | |б)кездесу | |
| | | | | | |нүктесі; | |
| | | | | | |в)көздеу | |
| | | | | | |сызығы; | |
| | | | | | |2-нұсқа | |
| | | | | | |1 ... | |
| | | | | | |автоматты | |
| | | | | | |бөліктері | |
| | | | | | |мен | |
| | | | | | |механизмдері| |
| | | | | | |н қосу үшін,| |
| | | | | | |ұңғы каналын| |
| | | | | | |бекітпемен | |
| | | | | | |жабуды және | |
| | | | | | |бекітпенің | |
| | | | | | |бекітуін | |
| | | | | | |қамтамасыз | |
| | | | | | |ету үшін | |
| | | | | | |қызмет | |
| | | | | | |етеді. | |
| | | | | | |а)ұңғы; | |
| | | | | | |б)газ | |
| | | | | | |поршенімен | |
| | | | | | |бекітпе | |
| | | | | | |жақтауы; | |
| | | | | | |в)ұңғы | |
| | | | | | |қорабы; | |
| | | | | | |2 ... | |
| | | | | | |бекітпемен | |
| | | | | | |қоса бекітпе| |
| | | | | | |жақтауын | |
| | | | | | |алдынғы | |
| | | | | | |жағдайы | |
| | | | | | |қайтаруға | |
| | | | | | |арналған. | |
| | | | | | |а)газ | |
| | | | | | |поршенімен | |
| | | | | | |қоса бекітпе| |
| | | | | | |жақтауы; | |
| | | | | | |б)қайтарма | |
| | | | | | |механизм; | |
| | | | | | |в)бекітпе; | |
| | | | | | |3 АК-74 | |
| | | | | | |автоматында | |
| | | | | | |оқтың | |
| | | | | | |бастапқы | |
| | | | | | |жылдамдығы | |
| | | | | | |нешеге тең? | |
| | | | | | |а)725м/с | |
| | | | | | |б)715м/с | |
| | | | | | |в)900м/с | |
| | | | | | | | |
| | | | | | | | |
| | | | | | |4 Автомат | |
| | | | | | |мына негізгі| |
| | | | | | |бөліктер мен| |
| | | | | | |механизмдерд| |
| | | | | | |ен тұрады. | |
| | | | | | |а)ұңғы, ұңғы| |
| | | | | | |қорабының | |
| | | | | | |қақпағы, газ| |
| | | | | | |паршенімен | |
| | | | | | |бекітпе | |
| | | | | | |жақтауы , | |
| | | | | | |бекітпе, | |
| | | | | | |қайтарма | |
| | | | | | |механизм, | |
| | | | | | |соққышағытқы| |
| | | | | | |ш механизм, | |
| | | | | | |шетмойын, | |
| | | | | | |магазин, | |
| | | | | | |сүңгі пышақ;| |
| | | | | | |б) ұңғы, газ| |
| | | | | | |поршенімен | |
| | | | | | |бекітпе | |
| | | | | | |жақтауы , | |
| | | | | | |бекітпе, | |
| | | | | | |қайтарма | |
| | | | | | |механизм,ұңғ| |
| | | | | | |ы | |
| | | | | | |жапсырмасыме| |
| | | | | | |н газ | |
| | | | | | |түтігі, | |
| | | | | | |соққыш | |
| | | | | | |ағытқыш | |
| | | | | | |механизм, | |
| | | | | | |шетмойын, | |
| | | | | | |магазин, | |
| | | | | | |сүңгі пышақ;| |
| | | | | | | | |
| | | | | | |5 АК-74 | |
| | | | | | |автоматында | |
| | | | | | |магазиннің | |
| | | | | | |сыйымдылығы | |
| | | | | | |қанша? | |
| | | | | | |а)30 оқ | |
| | | | | | |б) 35оқ | |
| | | | | | |в)40оқ | |
| | | | | | | | |
| | | | | | | | |
| | | | | | | | |
| | | | | | | | |
| | | | | | | | |
|Бекіту | |Оқыта үйрету |Оқыта үйрету|Парақ |Сынып 4 топқа |Оқушылар |Өз ойын |
|1) Теорияны | |ойындары |ойындары. |қағаздар,оқулық,|бөлінеді.Әр топтың |мәтіннен |қысқаша |
|меңгеру | |арқылы |Оқулықпен |мәтін |әрбір мүшесі өзіне |негізгі деп |тұжырымды |
|кезеңі | |тақырып |жұмыс. |«КАЛАШНИКОВ |берілген тапсырма, |есептейтін |баяндауға, |
| | |бойынша | |автоматы» |тақтадағы суреттер |жолдардың |оқулықпен |
| | |білімін | |қарындаш, |бойынша түсінігін |астын |жұмыс жасап, |
| | |бекіту | |интерактивті |айтады. |берілген |тақырыптың ең |
| | | | |тақта, |ЖОСПАРЫ: |тақырыптары |негізгісін |
| | | | |тапсырмалар |Автоматты бөлшектеу:|бойынша |мәтіннен |
| | | | | |1. Оқжатарды |астын |ажырата білуді|
| | | | | |бөлектеу; |сызады. |меңгереді. |
| | | | | |2. Жабдықтар пеналын| | |
| | | | | |дүм ұясынан шығарып | | |
| | | | | |алу; | | |
| | | | | |1-топ; | | |
| | | | | |3. Сүмбіні алу; | | |
| | | | | |4. Автоматтан | | |
| | | | | |ұңғылық тежеуіш | | |
| | | | | |компенсаторын бөліп | | |
| | | | | |алу; | | |
| | | | | |5. Ұңғы қорапшасының| | |
| | | | | |қақпағын бөлектеу; | | |
| | | | | |6. Қайтармалы | | |
| | | | | |механизмді бөліп | | |
| | | | | |алу; | | |
| | | | | |7. Бекітпемен қоса | | |
| | | | | |бекітпе жақтауын | | |
| | | | | |алу; | | |
| | | | | |2-топ; | | |
| | | | | |8. Бекітпені бекітпе| | |
| | | | | |жақтауынан алу; | | |
| | | | | |9. Ұңғылық | | |
| | | | | |бастырмасымен газ | | |
| | | | | |түтігін бостып алу; | | |
| | | | | |Автоматты | | |
| | | | | |бөлшектеуден кейін | | |
| | | | | |жинастыру реті: | | |
| | | | | |1. Газ түтікшесін | | |
| | | | | |ұңғылық | | |
| | | | | |бастырмасымен қосу; | | |
| | | | | |3-топ; | | |
| | | | | |2. Бекітпені бекітпе| | |
| | | | | |жақтауына қосу; | | |
| | | | | |3. Бекітпемен қоса | | |
| | | | | |бекітпе жақтауын | | |
| | | | | |ұңғы қорабына қосу; | | |
| | | | | |4. Қайтармалы | | |
| | | | | |механизмді қосу; | | |
| | | | | |5. Ұңғы қорапшасының| | |
| | | | | |қақпағын қосу; | | |
| | | | | |6. Шүріппені ұрыстық| | |
| | | | | |қайырмасынан | | |
| | | | | |босатып, | | |
| | | | | |сақтандыргышқа қою; | | |
| | | | | |4-топ; | | |
| | | | | |7. Автоматқа ұңғылы | | |
| | | | | |тежеуіш | | |
| | | | | |компенсаторды қосу; | | |
| | | | | |8. Сүмбіні қосу; | | |
| | | | | |9. Пеналды дүм | | |
| | | | | |ұясына салу; | | |
| | | | | |10. Оқтарды | | |
| | | | | |автоматқа қосу; | | |
| | | | | |“Негізгісін | | |
| | | | | |таңда”оқыта үйрету | | |
| | | | | |ойыны , оқулықтағы | | |
| | | | | |“Автоматты бөлшектеу| | |
| | | | | |және жинақтау” | | |
| | | | | |тақырыбы бойынша | | |
| | | | | |мәтіннің негізгі | | |
| | | | | |мағынасын құрайтын | | |
| | | | | |жолдардын астын | | |
| | | | | |қарындашпен сызып | | |
| | | | | |қою. | | |
| | | | | | | |Теориялық |
|2) |Практикалы| | |“Сиқырлы |“сиқырлы |Әрбір оқушы |білімін |
| |қ кезең | | |сандықшадағы” |сандықша”оқыта |кезегімен |практикада |
| | | | |сұрақтар : |үйрету ойыны. |сұрақ алып, |көрсете білуге|
| | | | |1.Автоматты |Мұғалім бағалау |дауыстап |дағдыланады. |
| | | | |бөлшектеу |парағымен және ойын |оқып, жауап | |
| | | | |2.Автоматты |тәртібімен |береді де, | |
| | | | |жинақтау |таныстырады. Сиқырлы|баллдық жүйе| |
| | | | | |сандықшада жаңа |бойынша | |
| | | | | |сабақ бойынша |тиісті | |
| | | | | |сұрақтар болады. |бағасын | |
| | | | | | |алады. | |
| | | | | | | | |
|Қорытын ды. | |Оқушылардың |Ынталан | |Мұғалім тақырып |Оқушылар |Оқушылардың |
|Бағалау. | |өз білімін |дыру әдісі | |бойынша алған |бағалау |өзіне деген |
| | |бағалау | | |білімдерін |парақтары |сенімділігін |
| | |парағы | | |айқындайды. |бойынша өз |арттырады, |
| | |бойынша дұрыс| | | |біліміне |алдағы |
| | |анықтай | | | |баға береді.|сөйлеген |
| | |білуге , өз | | | | |балалардың |
| | |өзіне деген | | | | |жауабын |
| | |сенімділігін | | | | |тындауға |
| | |арттыру | | | | |үйренеді. |
| | | | | | | | |
|Үйге | |Тақырып |Өзің таңда | |1.Оқулық бойынша |Үй тапсырма |Мүмкіндікдеңге|
|тапсырма | |бойынша өз | | |тақырыпты пысықтау ,|сын күнделік|йіне, |
| | |мүмкіндіктері| | |мазмұнын түсіндіру. |теріне жазып|қызығушылы ғы |
| | |не қарай | | |2.Автоматты ретімен |алады |, ынтасына |
| | |тапсырма беру| | |бөлшектеу және | |қарай үй |
| | |арқылы өз | | |жинақтау бойынша | |тапсырмасын өз|
| | |бетімен | | |суреттерін салып, | |бетімен |
| | |жұмысқа | | |түсініктемесін жазу | |таңдауға |
| | |төселдіру | | |3.“Калашников және | |үйренеді. |
| | |шығармашылық | | |“калашников” | |Шығармашы лық |
| | |қабілетін | | |автоматы” жобасын | |қабілеті |
| | |арттыру. | | |қорғау | |артады. |

Ұқсас жұмыстар
Химия сабақтарының жіктелуі
Химиялық реакциялардың жылдамдығы
Тригонометриялық теңдеулерді шешу
Дәреже, нақты көрсеткіштік дәреже, дәреженің қасиеттері, дәрежелеу, дәрежелеу нәтижесі
Жүректің электрлік белсенділігі
7 - сыныпқа модуль сабақтар жоспары
Магнит индукциясы
ЭЕМ-нің даму тарихы
MS Word-та мәтінді енгізу
Жас маманмен жұмыс жүйесі
Пәндер