Әскери қызметшілердің жалпы міндеттері

II тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРУЛЫ КҮШТЕРІНІҢ,
БАСҚА ДА ӘСКЕРЛЕРІ МЕН ӘСКЕРИ ҚҰРАЛЫМДАРДЫҢ
ЖАЛПЫӘСКЕРИ ЖАРҒЫЛАРЫ
Қазакстан Республикасы Қарулы Күштерінің жарғылары жеке құрамды тәрбиелеу мен оқыту негіздеріндегі әскери қызмет заңдарының жиынтығы болып табылады. Онда әскери кызметшілердің міндеттері мен қүкықтары және өзара қарым-қатынастары анықталады.
Жарғылар әскерлердің өмірі мен күңделікті қызметін, тұрмысының барлық жақтарын қатаң және нақты түрде белгілейді, әскердегі белгіленген тәртіптің, ұйымдастырушылық, әскери тәртіптілікті ұстап тұру мәселелеріне анық нұсқаулар береді.
Қазіргі кездегі жарғыларда Кеңестік Қарулы Күштер мен Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері критерийін қалыптастырудағы көпжылдық тәжірибелер есепке алынған. Олар әскери-техникалык прогресс нәтижесінде қол жеткізілген әскери істің қазіргі даму деңгейін және соңғы жылдарда әскери істе болған өзгерістерді қамтиды.
Жарғылар ережелері Қазақстан Республикасы азаматтары моральдық кодексінің адамгершілік принциптерімен тығыз байланысты.
Әскери жарғыларға: Ішкі қызмет жарғысы, Тәртіптік жарғы, Гарнизондық және Қарауылдық қызметтер жарғысы мен Саптық жарғы жатады. Жарғыларда әскери қызмет пен әскери тәртіптіліктің, әскери тәртіптің негіздері баяндалады. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери жарғылары Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 5 шілдедегі №364 Жарлығымен бекітілген.
Әскери жарғылардың ережелерін Қарулы Күштердегі барлык бөлімдер мен бөлімшелер, кеме, сондай-ақ Қазақстан Республикасының басқа да әскерлері мен әскери құрылымдарының орындауы міндетті.
§ 1. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің,
басқа да әскерлері мен әскери құралымдардың
жалпыәскери жарғылары - әскери қызметшілер
мінез-құлқының қүқықтық негізі
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің өмірі мен қызметі әскери жарғылар болып табылатын нормативті-құқықтық құжаттармен қатаң түрде белгіленеді.
Заң тұрғысынан алғанда, әскери жарғылар - дара басшылық негізінде әскери қызметшілер қарым-қатынасының әртүрлі жағын, әскери тәртіптілік пен заңдылықтарды реттейтін, мемлекет бекіткен нормативті-құқықтық актілердің жиынтығы. Олар әскери өмір мен оның әрекеттерінің сан түрлі қырын реттейді: әскери қызметшілерді оқыту мен тәрбиелеудің міңдеттерін, нормалары мен әдістерін, әскердің күнделікті өмірін ұйымдастыру тәртібін; ішкі, гарнизондық, қарауылдық, патрульдік, парк, лагерьлік және басқа да арнайы қызметтердің күн тәртібін; әскерді орналастыру, материалдық-тұрмыстық және медициналық қамтамасыз етуді; әскери қызметшілердің құқығын, міндеттері мен тәртіптік жауапкершілігін; жауынгерлердің кызметтегі және одан тыс уақыттағы өзара қарым-қатынасы мен мінез-құлқын; қатаң жарғылық тәртіпті, жоғары ұйымдастырушылықты, әскери тәртіптілік пен ұрысқа дайындықты сақтаудың құқықтық жағы мен әдістерін реттейді.
Ішкі қызмет жарғысы әртүрлі санаттағы әскери қызметшілердің жалпы жөне лауазымдық қызмет міндеттерін, бастықтар мен бағыныштылар арасындағы қарым-қатынасты, бұйрықтар беру мен орындалу тәртібін, әскери сыпайылық ережелері мен жеке құрамның мінез-құлқын, яғни әскери қызметкерлердің негізгі ішкі тәртіп ережелерін анықтайды. Осы жарғы ережелеріне сәйкес жеке құрам орналастырылады, күн тәртібі белгіленеді, әскери қызметшілерге медициналық қызмет көрсету, әскери киім кию үлгілері, бөлімнен олардың сейілге шығуы, дабыл бойынша шақыру ұйымдастырылады. Жарғыда сондай-ақ тәуліктік күзет пен ішкі кызметті атқару тәртібі баяндалған. Жарғы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері мен басқа да әскерлер және әскериленген құрылымдардың барлығына да міндетті болып табылады.
Тәртіптік жарғыда әскери тәртіптілік мәні, жауынгерлердің міндеттері мен армиядағы белгіленген оның негізгі талаптары, реті, көтермелеулер мен сөгіс жариялаудың түрлері, бастықтар мен командирлердің тәртіптік құқықтары баяндалады. Сондай-ак, ол әскери кызметшілерден келіп түскен арыз-шағымдарды, ұсыныстарды қараудың реті мен мезгілін, оларды жүзеге асырудағы командирлердің (бастықтардың) міндеттерін де қарастырады. Жарғы Қазакстан Республикасы Қарулы Күштері мен басқа да әскерлер және әскериленген құралымдардың барлығына да міндетті болып табылады.
Гарнизондық және қарауылдық қызметтер жарғысында гарнизондық және қарауылдық қызметті тағайындау мен ұйымдастыру мәселелері белгіленеді. Жарғыда гарнизондағы лауазымды адамдардың және қарауылдық қызмет атқарушы әскери қызметшілердің міндеттері мен құқықтары, әскердің қатысуымен гарнизондық және басқа да шараларды өткізу тәртібі айқындалады. Жарғыда сондай-ақ тәуліктік күзет пен ішкі қызметті атқару тәртібі баяндалған. Жарғы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері мен басқа да әскерлер және әскериленген құрылымдардың барлығына да міндетті болып табылады.
Саптық жарғы әскери қызметшілердің және бөлімшелердің саптық тәсілдерді орындау ережелері мен тәртібін, саптық байқау өткізу ретін, сап алдында Жауынгерлік туды алып жүру ережелерін, сап алдындағы әскери қызметшілердің міндетін, сондай-ақ ұрыс алаңында жылжи білу жолдарын баяндайды. Жарғыда сондай-ақ тәуліктік күзет пен ішкі қызметті атқару тәртібі баяндалған. Жарғы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері мен басқа да әскерлер және әскериленген құралымдардың барлығына да міндетті болып табылады.
Сарбаздардың ұрыстық іс-әрекеті мен қызметі, оқуы және өмірінің барлық жақтары жарғылармен, командирлер және бастықтардың бұйрықтарымен белгіленеді. Жарғылар олардың өмірі мен қызметіне айрықша нақтылық пен үйлесімділік енгізеді, әскери қызметшілер бойында қажетті дағдылар мен әдеттерді қалыптастыруға ықпал етеді, олардың ерік-жігері мен мінезін шынықтырады, ішкі тәртіптілікті қалыптастырады. Онсыз ұйымдасу мен тәртіптіліктің жоғары деңгейіне, флот күші мен әскердің тұрақты ұрысқа дайындығына қол жеткізу мүмкін емес. Жарғы талаптарын барлық сарбаздар қай жерде болса да, мысалы, сапта немесе саптан тыс, бөлімше, бөлім аумағынан тыс жерлерде болсын орындауға міндетті.
Әскери жарғыларда армия дамуының көпқырлы тәжірибесі берген барлық жаңалықтар жинақталған. Оларда қорғаушыларға қойылатын талаптар қысқаша, анық түрде мазмұндалады. Қарулы Күштер үшін жарғылардың мәні орасан зор болғандықтан, оларды Президент бекітеді. Жарғыларда жауынгерлерге қойылатын талаптар, қызмет ету ретін анықтайтын ережелер заңды түрде бекітілген. Ондағы ережелердің, талаптардың жеке құрамда жоғары моральдық-ұрыстық және жауынгерлік сапаларды қалыптастыруға байланысты жүргізілетін жұмыстар үшін маңызы зор. Қатаң жарғылық тәртіп, қызмет пен тұрмыстағы жоғары ұйымдастырушылық оқуда жетістіктерге қол жеткізуге, жауынгерлердің тәртіптілігіне ықпал етеді.
Тәртіпті жауынгер деп әскери анттың, жарғылардың, заңдардың талаптарын жақсы білетін, оның талаптарын күнделікті іс-әрекетінде қатаң басшылыққа алатын, жарғы талаптарын орындауда командирге көмектесетін, жолдастарының лайықсыз қылықтарын тоқтататын, бөлімдер мен бөлімшелердің жоғары дәрежеде ұрысқа дайындығын ұстап тұруға қатысты міндеттерді сапалы да тиімді шешетін, өз әрекетін басқара алатын, шыдамдылықпен өзін ұстай алатын жауынгерді айтуға болады.
Біздің жарғыларымыздың басты талабы - әскери қызметшілердің Отанды қорғаудағы жеке басының жауапкершілігіне, өз халқына, Отанына адал қызмет етуіне, жоғары қырағылық пен тұрақты ұрыстық дайындықты ұстап тұруына негізделеді. Жарғыларда адамгершілік принциптері қатаң сақталған, сонымен бірге ол әскери қызметшілердің мінез-құлқының құқықтық нормалары да болып табылады. Ең алдымен, жарғылар әскери атағы мен қызмет жағдайы бойынша қатаң бағынушылықты қарастырады. Ішкі қызмет жарғысына сәйкес кейбір әскери қызметшілер өз қызмет жағдайы мен әскери атағына байланысты - бастық және бағынушы, басқаларға қарым-қатынасына қарай - үлкен және кіші болуы мүмкін. Бастықтар өз бағынушыларына бұйрық беруге құқығы бар және оның орындалуын тексеруі тиіс. Бағынушылар өз бастықтарының айтқанын қапысыз тыңдауға міндетті. Тәртіптік жарғыда былай деп көрсетілген: "Командирдің (бастықтың) бұйрығы - барлық бағынушылар үшін заң. Бұйрық дәл өз уақытында бұлжытпай орындалуы тиіс".
Біздің барлық жарғыларымыз адамгершілік принциптеріне негізделіп жасалады. Сонымен қатар жарғылар әскери қызметшілердің бір-бірімен қарым-қатынас жасаудағы сыпайылықты, қайырымдылығын, адамдардың мұқтаждықтары мен талап-тілектерше барынша қамқорлық көрсетуді де қарастырады. Әскери жарғылар әскери қызметшілерден қоғамдық орындар мен көшеде өзін абыроймен ұстау және мораль талаптарын қатаң сақтауды, ұстамдылық пен қарапайымдылықты, жоғары мәдениет үлгісі бола білуді талап етеді. Әскери қызметшілер қызмет мәселелері бойынша бір-біріне "сіз" деп тіл қатулары тиіс.
Әскери қызметшілер арасындағы қарым-қатынастарды заң жолымен тәртіпке келтіруге қанша ұмтылыс жасалғанмен, жарғыларда оны бүге-шігесіне дейін қарау мүмкін емес. Қызметте кейбір қарым-қатынастардың жарғы талаптарына сәйкес келмейтіндігі былай тұрсын, оған кайшы келетін жайлары да кездесіп қалады. Әскери бөлімшелерде жеке құрамға, әсіресе жаңа толықтырмаға белгілі дәрежеде ықпал жасайтын "ресми емес көшбасшылар" (жетекшілер) де кездесуі мүмкін. Олардың ішінде қалыпты моральдық көңіл күйді орнатуға кедергі келтіретін жағымсыз қылықты адамдар да кездеседі. Бұл айнала кепілдікке алу, достық пен жолдастықты дұрыс түсінбеу, кіші жолдастарына өз "үстемдігін, артықшылығын" рұқсат етілмейтін жолдармен көрсету әрекеттері арқылы көрініс табады. Олар көбіне дөрекі теріс қылықтардың, қылмыстардың негізгі себебі болып жатады. Республика Қарулы Күштері мұндай құбылыстармен аяусыз күрес жүргізеді. Әскери ұйымдар жарғы ережелерінсіз, олардың талаптары мен нормаларынсыз жұмыс істеулері мүмкін емес. Жарғылар сарбаздардың бойында идеялық сенімділікті, ерлікті, батырлықты, әскери жолдастықты, бастамашылдықты, осы заманғы ұрыстарда жеңіске жету үшін қажетті моральдық жауынгерлік қасиеттерді тәрбиелеу жолындағы қуатты құрал болып табылады.
§ 2. Тәртіп және әскери құқық
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерін жетілдірудің, ұрысқа дайындығын көтерудің көптеген факторларының ішінде қиын да көпқырлы құбылыс - әскери тәртіпті нығайту бірінші орын алады.
Әскери тәртіп мемлекеттік тәртіптің бір түрі болып табылады. Ол әскери құрылыстың бір принципі ретінде жүреді, ұйымдастырушы фактор рөлін атқарады, әскери ұжым ішінде қарым-қатынас жүйесін тәртіпке келтіріп сақтайды, оның ережелері мен нормалары қызмет бабы мен әскери атағы жағынан бір-біріне тең әскери қызметшілер арасындағы қарым-қатынасты қамтиды. Әскери тәртіп әскерлердің ұрысқа дайындығының маңызды бір бөлшегі екендігі күмән туғызбайды.
Тәртіптік жарғыға сәйкес, әскери тәртіп - барлық әскери кызметшілер үшін заңды және әскери жарғыларда көрсетілген тәртіп әрі сол ережелерді қатаң сақтау және дәл уакытында орындау. Бірақ әскери тәртіп ұғымы жарғыда жазылғандағыдан қиын да көпкырлы. Тығыз байланыста болғанымен, заңдылық және әскери тәртіп ұғымдары толық бір-біріне сәйкес келмейді. Егер заңдылық барлық мемлекеттік органдармен, қоғамдық ұйымдардың лауазымдық тұлғалары мен азаматтар үшін конституциялық принциптер болса, әскери тәртіп - тек әскери баскару органдары қызметіне ғана тән.
Сондай-ақ әскери кызметшілерге қойылатын кейбір талаптарды заңдылық ұғымы қамтымайды. Мысалы, "әскери қызмет қиындықтарын шыдамдылықпен алып жүру", "жауынгерлік жолдастықты құрметтеу", "командирдің (бастықтың) бұйрығын бұлжытпай орындау, ұрыс кезінде әскери бөлімнің жауынгерлік туын корғау" және т. б. Заңдылыктан әскери тәртіптің айырмашылығы - ол тек заң нормаларын орындауды ғана емес, сонымен қатар техникалық нормалар мен ережелерді, оның ішінде, заңдық сипаты бар ережелер мен нормаларды орындауды талап етеді.
Әскери ұйым мен әскери қарым-қатынас ерекшеліктерін ескере отырып, әскери тәртіп мемлекеттік тәртіптің бір түрі ретінде төмендегідей ерекшеліктерге ие:
Біріншіден, әскери тәртіптің басқа мемлекеттік тәртіптен айырмашылығы - әскери қызметшілерге қойылатын бұйрықты беру мен орындау тәртібімен байланысты қатынастар, әскери сыпайылық ережелерін белгілеу және сақтау, заң бұзудың алдын алу шараларын қабылдау сияқты талаптарды реттей отырып, әскери тәртіп әскери қызметшіге қойылатын талаптарды барынша толық белгілейді.
Екіншіден, әскери тәртіп ережелері қызметтен тыс ортада да таратылады, ал еңбек тәртібінің ережелері жұмысшылар мен қызметкерлерге жұмыс уақытында өз міндеттерін орындау үшін ғана қажет.
Үшіншіден, әскери тәртіп басқа тәртіптерге қарағанда орындаушыларға неғұрлым жоғары талаптар қояды. Мысалы, әскери қызмет қиындықтарын шыдамдылықпен алып жүру, әскери борышты өтеу үшін өз өмірін аямау, адал болу, әскери борышты өтеуде тәртіпті де батыл болу, командирлерге мүлтіксіз бағыну мен оларды ұрыста қорғау және басқалар.
Осылайша әскери тәртіп ерекшеліктері оның талаптарының мазмұны мен әрекет ету аумағынан ғана емес, оны бұзудың сипаты мен жауапкершілік дәрежесінен де көрінеді.
Әскери тәртіптің заңдық негізін заңдар мен шағын заң актілері құрайды. Оларға: ҚР-ның Конституциясы, заң шығарушы актілер, әскери ант, әскери жарғылар, Президент жарлығы мен Үкімет қаулысы, Қорғаныс министрінің, басқа да әскери басқару органдары мен олардың лауазымдық тұлғаларының бұйрықтары мен заң актілері жатады. Олар әскери тәртіп талаптарын, оны ұстану жолдарын осы жолдарды қолдану тәртібін белгілейді.
Әскери тәртіптің талаптарының мазмұны Тәртіптік жарғының 4-бабында айтылған. Сондай-ақ олар әскери антта, командирлер мен бастықтардың бұйрықтарында бар.
Аталып өткен әскери міндеттерді талдау - оның тек заңдық емес, сонымен қатар айқындалған адамгершілік сипаты бар екенін де көрсетеді. Мысалы, адал болу, төртіпті болу, жауынгерлік достықты нығайту, өз еркімен әскери істі үйрену және басқалар.
Төртіптік жарғының 4-бабындағы әскери тәртіп әр әскери қызметшіге төмендегідей тәртіптерді міндеттейді:
- Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтау; Әскери ант пен жалпы әскери жарғылардың талаптарын қатаң сақтау, командирлердің (бастықтар) бұйрықтарын бұлжытпай дәл орындау;
- қырағы болу, мемлекеттік құпияларды қатаң сақтау;
- командирлер мен бастықтарға құрмет көрсету, әскери сәлемдесу мен әскери әдептілік ережелерін сақтау.
Республика Қарулы Күштерінде әскери қызметшілердің қызметтік және арнайы міндет түрлері белгіленген.
Қызметтік міндеттер әскери қызметшінің, әскери бөлімнің, мекеменің ұйымдастыру қүрылымында атқаратын кызметімен анық-талады. Қызметтік міндеттер жалпы (мысалы, барлық тікелей бастықтар үшін) және нақты (мысалы, бригада, батальон, рота, взвод командирінің қызметі) болып бөлінеді.
Әскери қызметшілердің арнайы міндеттері, әдетте, уақытша сипатта болады немесе әскери атағы бірдей әскери қызметшілердің қарым-қатынасымен байланысты. Олар әскери қызметшілерге оның негізгі міндеттері мен құқықтары шеңберіне кірмейтін тапсырмалар тапсыруға байланысты пайда болады. Мысалы, қарауылдық, патрульді, тәуліктік күзет құрамын тағайындағанда, тексеру, инспекция жүргізу үшін жолдама бергенде - бүл міндеттер мен оларды орындау төртібі заңмен белгіленеді. Әскери қызметшілер арнайы міндеттерді орындау кезінде әскери шарттар мен заң актілерінде көрсетілген қосымша құқықтарын пайдалана алады.
Қорыта келгенда, әскери тәртіп оның объективті және субъективті жақтарының диалектикалық бірлігінде өмір сүреді деп айтуға болады. Объективті жағы - әскери қызметшілерге қойылатын заң нормаларының, тәртіп ережелерінің талаптарынан және оларды орындау тәртібінен көрінеді. Субъективті жағы - белгіленген талаптарды нақты сақтауда байқалады.
Армияда әскери тәртіпті қамтамасыз ету бойынша барлық жұмыстар көз жеткізу және күштеу әдістеріне негізделеді, онда бірінші орында көз жеткізу әдісіне мән беріледі. Сонымен бірге көз жеткізумен қатар күштеу де жүреді. Көпшілік сауалнама нәтижелері бойынша, әскери қызметшілердің көбі олардың заң мен жарғы талаптарын адал орындауына жазадан қорыққандығы себепші болатынын айтқан. Әскери қызметшілердің әскери тәртіп талаптарын орындау қажеттілігі туралы түсінік тек оларды орындау қажеттілігінен ғана емес, сондай-ақ осы талаптарды орындауға кепілдік беретін мемлекеттік күштеу шаралардың барлығынан пайда болады.
Тәртіптік жарғыда әскери тәртіпке жету жолдары, оларды сактап тұрудағы командирлердің (бастьщтардың) міндеттері берілген. Әскери тәртіп пен қатаң жарғылық тәртіпті ұстап тұруға бағытталған амалдардың қатарында заңдар жиынтығымен реттелетін әскери қызметкерлерге қатысты пайдаланылатын құқықтық шаралар да қолданылады. Бұл шараларды қолдану үшін командирлер мен бастықтарға тәртіптік билік беріледі.
Тәртіптік билік дегеніміз - командирлер мен бастықтардың өзінің қызмет өкілеттілігі аясында басқа органдарға айтпай-ақ, заңда белгіленген, әскери тәртіпті нығайтуға бағытталған шараларды қабылдауға құқығы мен міндеті. Бұл билік қызмет мүддесінде және қатаң жарғылық тәртіппен пайдаланылуы тиіс. Тәртіпті нығайту үшін заңды түрде командирлерге (бастықтарға) берілетін құқықтық шаралар:
- мадақтау шаралары; әскери тәртіп бұзуды болдырмау шаралары; сөгіс беру төртібі; тәртіптік іс-әрекеттің қосымша шаралары.
Тәртіптік жарғыда қаралмағанымен, заңда белгіленген және командирлер мен бастықтардың тәртіптік тәжірибесінде жиі ұшырасатын тәртіптік шаралар түрлерін айыру қажет. Оның қатарына: міндетті демалысты қысқарту, кәсіби білім беретін әскери оқу мекемелеріндегі оқуын тоқтату, әскери киімді дұрыс кимегендігі және әскери сәлемдесу ережелерін орындамағандығы үшін ұсталған әскери қызметшілерге әскери комендатурада саптық дайындық және жарғы үйрету бойынша сабақ өту шараларын кіргізуге болады.
Республика Қарулы Күштерінде түрлі өзгерістердің жалғасып жатқандығын атап өткен жөн. Олардың негізгі мәселелерін шешу - әскери тәртіпті түпкілікті жақсартпай мүмкін емес. Бұл - көп аспектілі мәселе. Оны қазіргі талаптарға сай шешу үшін, барлық әскери қызметшілер әскери тәртіп ұғымын, оның маңызын, талаптарын толық түсініп, оны нығайту жолдарының құқықтық қүжаттарының мазмұнын білуі және оны өзінің күнделікті қызметінде сауатты пайдалануы тиіс. Бұл мәселелерді шешу қоғамды демократияландыру және құқықтық мемлекет негіздерін құру жағдайында жүргізіліп жатқан-дығын естен шығармаған жөн. Сондықтан бірдей екі міндет шешілуі тиіс. Бір жағынан - тәртіпті және ұрысқа дайындықты нығайтуға бағытталған шаралардың қатаңдық дәрежесін түсірмеу керек, екінші жағынан - әскери қызметшілердің әскери қызметін өтеу кезіндегі құқықтары мен бостандықтарын реттейтін нормалар мен ережелерді қатаң сақтау қажет.
§ 3. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдардың Ішкі қызмет жарғысы
Әскери қызметшілердің жалпы міндеттері. Әскери атақтар және айыру белгілері
Қазақстан Республикасын қорғау - оның әр азаматының қасиетті борышы және міндеті. Қазақстан Республикасы азаматтары әскери қызметті заңда көрсетілген тәртіп бойынша атқарады.
Әскери қызмет атқару - қоғам және мемлекет тарапынан берілген аса зор жауапкершілік, ол жауынгерден биік моральдық-этикалық өнегелілікті талап етеді.
Қазақстан Республикасының азаматтары әскери қызметті ерікті түрде шақыру бойынша немесе келісімшартқа отыру арқылы атқарады. Ол Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде немесе басқа да әскери бөлімдерге заңда көрсетілген тәртіппен алынады. Қазақстан Республикасыньщ "Әскери міндет және әскери қызмет туралы" Заңына сәйкес Қарулы Күштерде жауынгерлерге әскери атақ беріледі.
Әскери қызметші мәртебесіне қоса әр жауынгер Қазақстан Республикасының азаматы ретінде өзіне тиесілі барлық қүқықтарды жөне әскери қызметкерлерге тиесілі жеңілдіктерді пайдалана алады.
Әскери қызметші қызмет барысында (әскери міндетін өтеу кезінде мемлекеттік кызметкер болып саналады және мемлекеттің қорғауыңда болады. Мемлекет өз кезегінде өскери қызметші өз міндетін адал атқару, яғни өз Отаны - Қазақстан Республикасын корғау үшін бар күш-жігері мен көсіптік шеберлігін аямайды деп сенім білдіреді.
Әскери қызметшінің міндеттері:
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz