Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Қазақтың ұлттық ойын сауығы достық пен қонақжайлылықтың белгісі және көптің басын біріктірудің кепілдігі, сүйкімді әнші мен әңгімешілерге мұқтаждықтың айғағы


«Қазақ елінің жолаушы қонаққа көрсететін
құрметімен бірге ұлттық ерекшеліктері, ұлттық
күрестері мен ат жарыстары өзіндік ерекшелігімен
сүйсіндіріп, сырт адамды қызықтырады»
(А.Гульбольд)

Ойнамайтын бала жоқ, ойынға қызықпайтын адам, сауық құрмайтын халық
жоқ. Үлкен де кіші де ойнап көңіл көтереді, бір нәрсеге беріле қызығады, әр
жетістікпен қанағат табады.
Тарихының көнелігіне қарамастан ойын үнемі жаңа, ол тат баспайтын,
ескірмейтін нәрсе. Өйткені, күн сайын дүниеге келіп жатқан сәбилердің
қиялын қозғап, сезімдерін аялайтын, дүниеге қуат, жанға саулық беріп,
рухани азық болатын да – осы ойын. Этнограф ғалымдардың пайымдауынша, ата-
бабамыздан бізге жеткен ұлттық ойындарымыздың тарихы Қазақстан жерінде
б.з.б. І-мыңжылдықта-ақ қалыптасқан. Біздің қоғамымыздағы ұлттық ойындардың
негізгі шығу тегі халқымыздың көшпелі дәстүрлі шаруашылық әрекеттерінен
бастау алады.
«Қазақстан Ұлттық энциклопедия» кітабында қазақтың ұлттық ойындарының
мән-мазмұны туралы былай деп жазылған:
«Қазақ ұлты негізінен ұрпақ қамын басты мақсат етіп қойып, балалардың
нағыз азамат болып қалыптасуына аса зор мән берген. Нәтижесінде дәстүрлі
бала тәрбиесінің басты құралы ретінде ұлттық ойынды орайластырып, дамытып
отырған».
Қазақ халқы- ұлт ойындары ерлікті, өжеттілікті, батылдықты, шапшаңдықты
тағы басқа қуаты молдылығын, білек күшін дененің сомданып шынығуын қажет
етеді.
Сонымен бірге, бұл ойындар әділдік пен адамгершіліктің жоғары
принциптеріне негізделген. Өйткені, ойынға қатыспай тұрып-ақ оған күн
ілгері көп адамдардың тер төгіп, еңбек етуіне тура келеді. Мысалы, бәйгені
алайық. Ол үшін алдымен бәйгеге қатысатын атты таңдап алады. Ол атты
баптап, бағып-күтуге тура келеді, оның ішетін суы мен жейтін жеміне дейін
белгілі бір мөлшерге келтіреді.
Сондықтан, қазақтың ұлттық ойындары сауықтық жағынан ғана емес, ол-
спорт, ол- өнер, ол- шаруашылық тәжірибелік маңызы бар тәрбие құралы.
Қазақтың ұлттық ойындары: көкпар сайыс, күрес, теңге алу, қыз қуу,
алтын табақ ату т.б. спорттық сипатпен бірге үлкен тәжірибелік маңызға да
ие болды.
Көшпелі қазақтардың өмір-салты денсаулыққа аса зор мән берген. Атқа
міну өнері жас баланы сезімі мен денесін жаттықтырудың басты және ортақ
дәстүріне айналды. Бозбала да, қыз бала да жастайынан аттың құлағында
ойнауға бейімделді, соған тырысты.
Ойын-сауық тәжірибе мен тәсілдің еркіндігі, тапқырлық пен болжамның
қиылысатын шебі, мұрат пен меженің тоғысқан шеңбері. Жарыссыз ойын, ойынсыз
әзіл-қалжың бола берді. Ойын-сауық қара күш көрсететін озбырлық немесе
біреудің намысын жыртатын қастандық емес. Ой өтімділігі мен сөз өткірлігі,
шеберлер өз мәртебесін мойындатып жатады. Ойын серіктесті таба білуге,
онымен тіл табысуға үйретеді. Ойында адам қарсыласының олқы және оң
жақтарып дұрыс анықтауға ерекше мән береді. Оның күш қабілетін тура бағалау
ережесіне енеді. Халқымызда қозғалмалы ойындардың түрі кең таралған.
Мамандар қозғалмалы ойындарды төрт топқа бөледі:
Табиғи заттарды қолданып ойнайтын ойындар: асық, бестас, лек жалау, сиқырлы
таяқ, бақай пісті, жылмаң т.б.;
Жануарлар бейнесін елестетіп ойнайтын ойындар: соқыр теке, түйе-түйе, ақ
байпақ, көк сиыр және т.б.;
3. Мүліктік бұйымдарды қолданып ойнайтын ойындар: шалма, бөрік
жасырмақ, түйілген шыт, тақия телпек, белбеу тастау, орамал тастау, т.б.
4. Құрал-жабдықсыз ойнайтын ойындар: айгөлек, ақсерек-көксерек,
шымбике, мәлке тотай, тоқтышақ, шертпек, жасырынбақ, бұғынай, т.б.
Ойын өнердің түріне, топты ұйымдастыру тетігіне айналды. Содан ойын
өнері ұлттың әдеп-ғұрпының қалыптасуына, сақталуына үлкен ұйытқы болды,
ықпал етті.
Дала ойындары ашық та икемді. Талаптарына шартты түрде келісуге болады.
Ойын тәртібін ойыншылардың өздері де, көрермен де бағалауға бірдей
мүмкіндік алды. Ойынға төрешілік халықтық сипатта жүргізілді. Үлкендер ел
ақсақалдары баталарын беріп, ойынның басталуына рұқсат берліп немесе
жеңгендерге табыс пен шапағат тіледі. Халықтық ойындар біртіндеп дәстүр мен
еңбек мерекесіне айналды, әдет- ғұрып негізінде тамыр жайды,
жасөспірімдердің қозғалмалы ойындары ретінде өріс алды.
Қазақтың әдет-ғұрып ойындары қазақтың бастан кешкен қилы-қилы
оқиғаларын бейнелеп, баяндап береді. Оған Наурыз мерекесіндегі ойын-сауық
түрлері дәлел болмақ.
Қазақтың ұлттық ойындарына мән беріп, оны жинақтап, топтап жарыққа
шығарған орыс ғалымы А.Диваев. Өзінің «Игры киргизских детей» [1905] атты
еңбегінде қазақтың ұлттық ойындарын үш топқа бөліп қарастырады: 1-ші
кішкентай балалар ойыны, 2-ші ересек балалар ойыны, 3-ші жігіттер ойыны.
А.Диваев ұлттық ойындарды топтап, жинаушы ғана емес, оның бала
тәрбиесіндегі әлеуметтік құнын көрсеткен ғалым.
Ұлттық ойын түрлерін қазіргі дене шынықтыру пәнімен, спорт саласымен
байланысын қарастырған ғылыми еңбектер қатарына А.Құралбекұлымен,
А.Әкімбайұлының «Оқушылар дене шынықтыруының этнопедагогикалық
негіздері» [2000], Е.Уаңбаевтың «Дене тәрбиесінің негіздері» [2000],
Есмағанбетовтың «Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі» [1995],
еңбектерін айтуға болады.
Ойын - бір жағы, дене қозғалысы, шыныққан денесінің шеберлігі, бір
жағы: көңіл көтеру, дем алу, бір жағы бас қосып бірлесіп, әдет-ғұрыпты
жалғастыруға үндесу. Шаруашылықтан бос кезде той-думан мен ойын- сауықтар
жиі атқарылады.
Той-думан, ойын-сауық адамды, ел-жұртты жұртқа жібермейді,
тұтастыққа, бірлікке тартады. Ойын-сауықта адам табиғатпен, табысты тынысын
кеңейте алды, ұнатқандарымен жақындасты. Табиғи көркемдікке қызығу оның
тамашалау көшпенділердің жас кезінен қанынан сіңірген қасиет. Ойын -
ұрпақтар өмірін үйлестірудің дәстүрлі ән бимен өрнектелген сауық түрі.
Ұлттық ойындар жасөспірімдердің ой қабілетін, өмірге деген көзқарасын дұрыс
қалыптастырады. Олар үшін ойын - баланың жан-тәнін қоздыратын тартымды
қозғалыс, дене мен ойды қатар жаттықтыратын тартылыс, жеңістің дәмін
тартқызатын жеңімпаздардың мәртебесін көтеретін кеңестік пен қолдау тоғысы.
Қазақтың ұлттық ойын сауығы достық пен қонақжайлылықтың белгісі және
көптің басын біріктірудің кепілдігі, сүйкімді әнші мен әңгімешілерге
мұқтаждықтың айғағы. Ойын сауықта жалғыздық сезім, арам ниет билей алмады,
ойыншы үнемі ізденісте болады. Ондағы құдірет өнерпаздық, түсіністік және
келісімге жол табу. Адамзат қашанда болмасын осы үш құдіретке тәнті болған,
сол құндылыққа жетудің мүмкіндігін арнайы және үнемі іздестірумен
әуреленген.
Мектеп оқушыларына дене күшін, қозғалыс дағдыларын дамытуға байланысты
ұлттық ойындар түрлері физиологиялық, психологиялық тұрғыдан қазіргі заман
талабына сай ары қарай дамытуды қажет етеді.
Мектепте оқушыларға ұлттық ойындардың құндылығын насихаттаумен қатар,
оларды қолданудың озық тәжірибелерін жинақтау және дамыту керек.
Ұлтымыздың тұғыры мықты болуында ұлттық ойындардың ұмытылмай ойналып
тұруы да өз үлесін қоспақ.

Ұқсас жұмыстар
Өткен сабақты қайталау
Қазақтың дәстүрлері
Қыз қуу
Тақырып Менің елім - Қазақстан
Таңғажайып алаң ойыны
Бірлік тобы
Сөз -жібек жіп, ой -кесте
Анаға құрмет-Балаға міндет
Әкем, шешем және мен
Нұр себеле, ұлыстың ұлы күні! 10 сынып
Пәндер