Сайыс сабақ: Абай Құнанбаевтың Күз өлеңін талдау және шығармашылық орталықтар арқылы оқыту

Сабақтың мақсаты:

  1. Оқушыларға Абай Құнанбаев туралы мағлұмат беру. «Күз» өлеңінің

негізгі мазмұнын ашу;

2. Оқушылардың ой-өрісін, дүниетанымын кеңейту, шығармашылықпен

жұмыс істеуіне ықпал ету, сөздік қорын молайту;

  1. Абай өлеңдері арқылы табиғатты сүюге, аялауға, сұлулықты бағалай

білуге тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: сайыс сабақ

Сабақтың типі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: ішінара іздену әдісі, пікірталас, түсіндіру, сұрақ-жауап, «Бат» сергіту

жаттығуы, көрнекілік;

Сабақтың көрнекілігі: Абай Құнанбаев портреті, тақырыптық суреттер.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

-Оқушылардың назарларын сабаққа аудару;

Ұқыпты -ұтар

Іздеген -табар

Оқыған-озар

Еріншек-тозар.

-Оқушыларды 3 орталыққа бөлу;

1-орталық. «Сөйлеу» орталығы

2-орталық. «Өнер» орталығы

3-орталық . «Жазу» орталығы

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау;

«Өтірік өлеңдер»

1-орталық « Сөйлеу» орталығы

-Өтірік өлең дегеніміз не?

2-орталық «Өнер» орталығы

Өтірікке байланысты мақал-мәтелдер айту,

3-орталық «Жазу» орталығы.

Әр түрлі тақырыптарда 1 шумақ өтірік өлеңдер құрастыру;

ІІІ. Жаңа сабақ.

А) Қызығушылықты ояту;

-Балалар, суреттерден жылдың қай мезгілін көріп тұрсыңдар?

-Күздің қай кезі суреттелген?

-Қандай жыл мезгілдері бар?

-Осы жылдың 4 мезгілі туралы өлеңдер жазған кім?

Ә) Мағынаны тану;

-Демек, бүгінгі біздің тақырыбымыз А. Құнанбаевтың «Күз» өлеңі болмақ.

1-орталық «Сөйлеу орталығы»

-Абай Құнанбаев кім? Абайдың өмірбаяны мен шығармашылығын . таныстыру; АбайҚұнанбаев қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Шыңғыс тауында дүниеге келген. Абай жасынан білімге құштар, зерек болды. Ол ертегі, әңгіме, өлеңдерді көп оқыды.

Абай өз шығармаларында жастарды өнер - білімге, адал еңбек етуге, халыққа пайда келтіруге үндейді.

Абай - ұлы ақын, ғұлама ойшыл, аудармашы, композитор.

2-орталық «Өнер» орталығы

-Абайдың қандай әндерін білесіңдер?

(Желсіз түнде жарық ай -әнін орындау)

3-орталық «Жазу орталығы»

-Абай шығармалары арқылы өз бойыңа не түюге болады?

(шағын эссе жазу)

1-орталық «Сөйлеу» орталығы

«Күз» өлеңін оқып түсінігін айту;

2-орталық. «Өнер орталығы»

-Өлең мазмұны бойынша сурет салу;

3-орталық «Жазу орталығы»

-Өлең мазмұны ішіндегі мағынасы таныс емес сөздерді табу?

Ыс- түтіннің күйесі

Құрысын заңы -әдеті құрысын деген мағынада

Күзеу -күзгі қоныс. Күзеуге мал баспаған, оты мол, қыстауға жақындау жайылым таңдап алынады.

«Бат» сергіту жаттығуларын орындату.

Бұл жаттығудың мақсаты: Абайдың бес асыл ісін саусақтар арқылы балалардың бойына қалыптастыру.

1-орталық. «Сөйлеу орталығы»

-Күзеу, қыстау, жайлау, көктеу деген не?

Қыстау - қазақтың байырғы қысқы мекенжайы, әдетте суы бар, ықтасынды, оты мол жерлерде орналасады. Қыстау аумағы, негізінен шарбақпен қоршалады. Айналасында ор қазылған қора жайлары болады.

Күзеу -күзгі қоныс. Күзеуге мал баспаған, оты мол, қыстауға жақындау жайылым таңдап алынады.

Көктеу - көктемгі қоныс; шөптің жаңадан қаулап шыққан кезінде, көктем айларында мал жаятын өріс.

Жайлау - қыстаудың алыс жатқан даладағы қонысы. Жайлауды шөбі шүйгін, суы әрі мол, әрі тұнық, салқын ауалы жерден тарайды.

2-орталық. «Өнер орталығы»

- Күзгі табиғатты бейнелеп беру;

3-орталық. «Жазу» орталығы

-Күзгі еңбек туралы жазу;

«САЛЫСТЫРУ»

1-орталық. «Сөйлеу» орталығы

Б. Тәжімбетовтың «Күзгі қарбалас» өлеңі мен А. Құнанбаевтың «Күз» өлеңдерін салыстыру;

2-орталық «Өнер» орталығы

Өз бетіңше «Күз» тақырыбына шағын эссе жазу немесе1 шумақ өлең шығару.

3-орталық. «Жазу» орталығы

Өлеңдер мазмұны бойынша қандай мақалдар айтуға болады?

ІҮ. Сабақты қорыту;

-Балалар, бүгінгі сабақта қандай өлең өттік?

-Өлең бойынша не білдік?

«Бүгінгі сабақтан білгенім»

-Әр оқушы өз ойларын жазады.

Ү, Үйге тапсырма

-Өлеңді жаттау;

Абай Құнанбаевтың нақыл сөздерінен кітапша жасау;

ҮІ. Бағалау

Оқушылардың өздерінің алдында бағалау парақшасы тұрады, сол бойынша өздерін бағалайды.

Оқушының

аты - жөні

Үй тапсырмасын орындауы
1-тапсырма
2-тапсырма
Салыстыру
Бағалау
Оқушыныңаты - жөні:
Үй тапсырмасын орындауы:
1-тапсырма:
2-тапсырма:
Салыстыру:
Бағалау:

Ұқсас жұмыстар
Абай Құнанбаевтың Күз өлеңін талдау және мәнерлеп оқу сабағы
Сабақ жоспары: Абай Құнанбаевтың Әсемпаз болма әрнеге өлеңін оқыту және талдау
Абай Құнанбайұлының Қыс өлеңін сатылай кешенді талдау арқылы оқыту
6-сынып қазақ әдебиеті (ұйғыр сыныбы) сайыс сабағы: Абай Құнанбаевтың Қыс өлеңін талдау және меңгерту
Абай Құнанбаевтың Сабырсыз, арсыз, еріншек өлеңін талдау арқылы мінез-құлықты қалыптастыруға арналған сабақ жоспары
Абай Құнанбаевтың Қыс өлеңін талдау және сын есімдерді оқытуға арналған сабақ жоспары
3-сынып Ана тілі сабағы: Абай Құнанбаевтың Қыс өлеңін оқыту жоспары
Абай Құнанбаевтың Ғылым таппай мақтанба өлеңін талдау және жаттау бойынша сабақ жоспары
Абай Құнанбаевтың азаматтық лирикасы: тематикалық жобалар арқылы талдау
7-сыныпқа арналған Абай Құнанбаевтың Қараңғы түнде тау қалғып өлеңін талдау сабақ жоспары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz