Жұмыссыздықтың түрлері және олардың экономикалық-әлеуметтік салдары

Сабақтың тақырыбы: Жұмыссыздық түрлері

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың жұмыссыздық туралы түсінігін кеңейту. Жұмыссыздық нысандарымен (фрикциондық, циклдік, маусымдық, құрылымдық) түрлерімен таныстыру.

Дамытушылық: Жұмыссыздықтың артықшылығын, кемшілігін, әлеуметтік салдарын, логикалық тапсырмалар арқылы шығармашылық қабілетін дамыту.

Тәрбиелік: Еңбек сүйгіштікке, отан сүйгіштікке өздігінен ізденуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Слайдтар, ҚР- ның статистикалық мәліметі. Логикалық сұрақтар.

Түрі: Аралас сабақ.

Әдісі: Сұрақ-жауап.

Барысы: I. Ұйымдастыру.

II. Үй тапсырмасын сұрау.

а) Еңбек нарығы дегеніміз не?

ә) Еңбек рыногында не сатып, нені сатып аламыз?

б) Жалақы деген не?Жалақы түрлері?

III. Логикалық тапсырмалар арқылы үй тапсырмасын қорытындылау.

а) Банк күзетшісіне қандай жалақы төлеу?

ә) Жеке ательенің киім пішетін кісіге қандай жалақы төлеген дұрыс?

б) СТО механигіне қандай жалақы төлеу керек деп ойлайсыздар?

IV. Жаңа сабақ.

Жұмыссыздықтың түрлері.

Қазақстанға әлемдегі елу елдің қатарына қосылу міндеті жүктеліп отыр. Жолдауда халықтың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын дамытуға ерекше мән беріліп отыр. (*)

4. 3Жұмыссыздық - халықтың белсенді, еңбекке жарамды бөлігі, өзі орындауға қабілетті жұмыс таба алмай жүрген адамдардың болуы.

4. 1

а) Жұмыссыздық дегеніміз не?

ә) Жұмысқа қабіллетті деп кімдерді айтады?

б) Неліктен адамдар жұмыссыз қалады?

в) Жұмыссыздық бойынша жәрдемақыны кімдер алуға құқықты?

Г) Жұмыссыздық ел экономикасына қалай әсер етеді?

4. 2. Ассосация жазу әдісі :

Слайд№1.

  1. Слайд№ 2.

Жұмыссыздарды тіркеумен еңбек биржасы айналысады.

Мемлекет ресми тіркелген жұмыссыздарға жәрдемақы төлейді.

Жәрдемақы алмайтын, еңбек биржасына тіркелмеген азаматар кездеседі.

  1. Құрылымдық жұмыссыздық-егер адам бос жұмыс орнына сәйкес қажетті біліктілік, білімі жоқ болғандықтан жұмыс таба алмай жүрген адамдар. Жұмыстың бұл түрінің пайда болу себебі: тех-қ прогресс себепші. Мыс: банкомат, комьпютер . . . т/б.
  2. Циклдік жұмыссыздық-егер өндіріс қысқарса, кәсіпорындар, фирмалар қысқарса, экономикалық дағдарыс жағдайында адамдардың жұмыссыз қалуын айтамыз.
  3. Уақытша жұмыссыздық(фрикциондық) -егер адам қысқа мерзімде жұмыссыз атанса, тұрғылықты жерін өзгертсе, жалақысы көп жұмысқа орналасу кезінде орын алатын жұмыссыздық.
  4. Маусымдық жұмыссыздық-егер адам жылдың тек бір мезгілінде ғана тартылатын жұмыс түрлері бар. Қысқы мезгілінде жұмыс істемей, жазда жұмыс істейтін адамдар тобын айтамыз.

Логикалық тапсырмамен жұмыс.

Төменде келтірілген жағдайлардың әрқайсысы жұмыссыздықтың қай түрі екенін анықта, сәйкес белгі қой.

۝ 1. Құрылысшы қыста жұмыс таба алмай жүр.

۝ 2. Экономикада құлдырау байқалады. Шахталар жабылып шахтерлар жұмыстан шығарылуда.

۝ 3. Заңгер Аматыдағы фирмадан жұмыстан шықты, өйткені Астана қаласындағы жұмысқа шақыру алды.

۝ 4. Университет түлегі алғашқы жұмысын іздеп жүр.

۝ 5. Дүкенде экономикалық дағдарыс әсерінен сатылу күрт азайды. Сатушы жұмыстан шықты.

۝ 6. Орта мектепті бітірген, белгілі мамандығы болмағандықтан жұмысқа қабылданбады.

۝ 7. Жоғары білікті программист жұмыстан шықты, өйткені оны жалақының мөлшері қанағаттандырмайды.

VI. ҚР-ның статистикалық мәліметтерімен таныстыру.

Дәптермен жұмыс.

VII. Сабақты бекіту, қосымша сұрақтар арқылы.

Жұмыссыздықтың

Артықшылығы
Кемшілігі
Артықшылығы:
Кемшілігі:
Артықшылығы:
Кемшілігі:

VIII. Бағалау.

IX. Үйге:Қалай жұмыссыздық деңгейін азайтуға болады?


Ұқсас жұмыстар
1950-1960 жылдардағы тың игеру науқанының экономикалық, әлеуметтік-мәдени және экологиялық салдары
1867-1868 жылдардағы қазақ жеріндегі реформалар: әкімшілік-құрылым, сот жүйесі және әлеуметтік-экономикалық салдары
Қазақстандағы тың игеру (1954-1960): мақсаттары, экономикалық нәтижелері және әлеуметтік салдары
1954-1956 жылдардағы Тың және тыңайған жерлерді игеру: Қазақстанның тарихи маңызы мен әлеуметтік-экономикалық салдары
Қазақстан Компартиясының әкімшіл-әміршіл басқару жүйесіндегі тоқырау: қалыптасуы, себептері және әлеуметтік-экономикалық салдары (1945-1980 жж.)
Бала зорлығы: құқықтық және әлеуметтік салдары мен алдын алу шаралары
Қазақстан 2050 стратегиясы: ұлттық бірлік, экономикалық өсу және әлеуметтік кепілдіктер
Қарабұлақ ауылының отбасылық экономикасында оқушыларды оқуға ынталандыру және экономикалық ойлауды қалыптастыру: 2009-2010 жылғы әлеуметтік-экономикалық талдау
1822-1824 жылдардағы реформалардың қазақ қоғамындағы әкімшілік және әлеуметтік салдары
Пікірталастың түрлері және олардың сипаттамасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz