Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Бизнес ұйымдастыру түрлері

Мейрамкүл Ахметова
Қызылорда қаласы
№4 С.Сейфуллин атындағы орта мектебінің
физика-экономика пәнінің мұғалімі

6 сынып
Тақырыбы:Бизнесті ұйымдастыру нысандары.Дербес иелік.
Мақсаты:
а) Оқушыларға бизнес ұйымдастыру нысандарымен
тереңдету, таныстыру (жеке
кәсіпкерлік, серіктестік, акционерлік қоғам)
ә) Жеке кәсіпкерліктің артықшылығы, кемшілігін нақтылау.
Логикалық сұрақтар, тапсырмалар арқылы оқушылардың ой -қабілетін
дамыту.
б) Кәсіпкерлікке қызығушылығын арттыру. Өздігінен ізденуге
тәрбиелеу.
Түрі: Аралас сабақ
Әдісі: Интерактивті әдістер.
Көрнекілігі: Анаграмма, эрудит ойыны, плакат, фломастерлер.
Барысы: 1.Ұйымдастыру. Үй тапсырмасын сұрау
2. Анаграмма шешу.
2.1 Қаша - ақша
Рифма - фирма
Кірестестік - серіктестік
Атюлав - валюта
реккәпіс - кәсіпкер
несзиб - бизнес
2.2 Сұрақ: Бизнес деген не?
Жауап: Пайда алуға бағытталған экономикалық қызмет пен кәсіпкерлік.
Сұрақ:Кәсіпкер деген не?
Жауап: Пайда алу мақсатында жауапкершілікпен жұмыс істейтін адам.
Сұрақ:ЖШС «Маржан тіс»-дегенді қалай түсінесің?
Жауап: ЖШС-Жауапкершілігі шектеулі серіктестік
Сұрақ:Фирма деген не?
Жауап: Фирма-тауарлар мен қызмет көрсетулерді өндіруші ұйым.
Сұрақ:Жеке меншікке нелер жатады?
Жауап: Жеке меншікке: үй, пәтер, ферма, фирма т.б.

Қане оқушылар ойымызды тұжырымдап, жеке меншікке анықтама берейік.
1- 2 оқушының пікірін тыңдау.
Жеке меншік- бұл нақты адам немесе адамдар тобының иелік ету құқы бар
меншігі.
4. Негізгі бөлім.
- Бизнес ұйымдастырудың қандай түрлерін білесіңдер?
Оқушылар пікірін тыңдау
-Жауап: Дербес иелік (жеке кәсіпкерлік) серіктестік, акционерлік қоғам.

Бизнес ұйымдастыру түрлері.

Жеке кәсіпкерлік
Серіктестік Акционерлік қоғам
Еңбек Тауар
Жер шығару,
Капитал қызмет
көрсету
Логикалық тапсырма
а) Жеке кәсіпкерлікке нелер жатады?
Аптека, магазин, СТО..., т.б.
ә)Дербес иелік (Жеке кәсіпкерлік) - бір меншік иесі иелік ететін немесе
басқаратын кәсіпорын.
Ең қарапайым қымбат емес барлық адамның қолы жететін түрі. Сіз кәсіпкерсіз,
қандай кәсіп түрімен айналысасыз?
Жеке кәсіпкерліктің қандай пайдалылығы (артықшылығы) зияндылығы (кемшілігі)
бар?

Оқушылар өз ойларын плакатқа фломастермен бейнелеу.
Әр топ өз бизнесін таныстырады.Жеке дәріхана,, емхана, азық-түлік дүкені,
киім дүкені, кітаптар дүкені, асхана, т.б.
|Артықшылығы |Кемшілігі |
|Ешкімге тәуелді емес. |Шаршайды. |
|Барлық табыс (пайда) өзінде |Барлық қызметтеріне өзі жауапты. |
|қалады. |Банкрот болса бар мүмкіндігінен |
|Ешкімгге жауап бермейді, өзі би. |айырылады. |
| |Несие алу шектеулі өндірісті |
| |кеңейте алмайды. |

5. Бекіту осы әріптерден басталатын экономикалық терминдер жазу
Эрудит ойыны:
К—кәсіпорын, кәсіп.
Ә—әлемдік рынок.
С—сауда, сыртқы сауды.
І—ішкі сауда.
П—пайда.
К—квота, кеден.
Е—еңбекті болу, еңбек.
Р—ресурстар, рынок
6.Бағалау
7. Үйге: «Егер мен кәсіпкер болсам» эссе жазу. Оқулық 28-29 бет
Бизнес жоспар жасау.
8. Сабақты қорытындылау.
№4 С.Сейфуллин атындағы орта мектеп

Сыныбы: 6 кл.
Пәні: Экономика
Тақырыбы: «Бизнесті
ұйымдастыру
нысандары»
Пән мұғалімі: Ахметова М.

Қызылорда қаласы
-----------------------
Кәсіпкер

Өндіріс факторы

Кәсіпорын,
фирма

Ұқсас жұмыстар
Отбасылық бизнес
Оқушыларды бағалау. Сабақ барысы
Окрошка дайындау
Экономикадағы тұтынушы
Экономика әлемінде
Киімді әшекейлеу
Жаға сызбасының құрылымы
Талапкерге таңдау
Банктік қызметтер. 9сынып
Шикізатқа және тұтынушыға
Пәндер