Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Ардақты сөз

«АТАМЕКЕН» күні
«ҰРПАҚТАР САБАҚТАСТЫҒЫ. 20 ЖЫЛ ТАҒЛЫМ»
атты еңбек ардагерлерімен кездесу кеші

Муса Зина
Қызылорда облысы Қазалы қаласындағы №8 кәсіптік лицей меңгерушісі

Мақсаты: Оқушылардың Қазақстан туралы білімдерін кеңейту.Ел тарихын білу.
Отанды сүюге, байлығын қорғауға, елжандылыққа, әсемдікке, жауапкершілікке
тәрбиелеу. Ұлттық мінез, ұлттық намыс қалыптастыру. Өнерге, елге, жерге
деген патриоттық сезімдерін ояту.б)Жас жеткеншектердің бойына үлкенді
сыйлап шындай білуге, халқынын салт- дәстүрінен нәр алуға, инабаттылық пен
мейірімділікке, Еңбек ардагерлерінің өмір жолдарымен таныстыра отырып
тәрбиелеу.
Көрнектілігі: көрме ұйымдастыру, ардагерлер бұрышын дайындау.
Қазақстан туралы плакаттар, буклеттер.

БАРЫСЫ:

(ортада хорға шыққан оқушылар тұрады)

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні
Сөзін жазғандар: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев
Әнін жазған: Шәмші Қалдаяқов

1-жүргізуші:
Қандай бақыт қуанышты күн бүгін,
Дәлелдеуде Қазақстан елдігін.
Арман еткен, қыршын кеткен бабалар,
Елің алды егеменді теңдігін.

Атыңнан айналайын, егемен ел,
Тәуелсіз күнің туды, кенеле бер.
Мерейің құтты болсын, Тәуелсіздік!
Ғасырдың тойы болшы келе берер!

Баяндама Тәуелсіз ел ұрпағымыз«
Оқитын: жатақхана меңгерушісі Муса Зина апай

2 – жүргізуші:
Қазақстан дейтін менің бар елім,
Жатыр алып жарты дүние әлемін!

Бұл даланы анам жаспен суарған

Бұл далада ағам қолға ту алған.

Бұл далаға жылап келіп, уанғам,
Бұл даланы көріп алғаш қуанғам
Бұл далада өскен жанда жоқ арман

Зор ықылас білдіріп аға ұстауға,
Құрметпен қараймыз алғысында.
Кейінгі ұрпақ өнеге етер сізді,
Жол бастаңыз ұстаздық өнеге етер Сізді. - дей келе осындай қиын
мамандықтың азабы мен ғажабы 40 жыл бойы куә болып келе жатқан, ҚР Білім
беру ісінің үздігі, Елбасының алғыс хатымен, кеше ғана Тәуелсіздіктің 20
жылдығы қарсанында Облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталған, лицей
ардагерлер кеңесінің төрағасы Қабылов Арғын Әбдікерімұлына сөз береміз.
Көркем сөз: «Тәуелсіздік жыры» Оқитын: Тілеулес Қасым
1 – жүргізуші:
Жаңа ғана қазағымның таңы атты,
Алу мақсат Ел деп алғыс, сауапты
Әр отбасы, әрбір қазақ, әр адам
Тәуелсіздік сақтау үшін жауапты!

Бақтың құсы әр адамға қонып бір
О, Тәңірім бізді баққа жолықтыр!...
Бүгін міне, тәуелсіздік ағайын,
Әр қазақтың жүрегі боп соғып тұр!...

Ән «Ағаларым» Орындайтын Жұмахметов Азамат

Құрметті ардагер, ағалар мына бір жақсы ән өздеріңізге арналады, қабыл
алыңыздар!

2 - жүргізуші:
Алтын күннің шапағы,
Атты міне арайлап.
Өнерімізге шығар келесі
Қыздарымыз мың бұралып

«Тұмар қыз» бишілер тобы «Балапан» биі
1 – жүргізуші:
Бұрқ етті қазақ баласы,
Кеудеде өршіп наласы.
Алаңға қарай ағылды,
Таусылып барлық шарасы.

Оянды, халқым, оянды,
Келер күн, ұсын саяңды.
Барады жұртым шерулеп
Етпек боп ісін баянды.

Көрініс «Жоңғар шапқыншылығының Қазақ еліне шапқыншылығы»

2 - жүргізуші:
Қандай бақыт қуанышты күн бүгін,
Дәлелдеуде Қазақстан елдігін.
Арман еткен, қыршын кеткен бабалар,
Елің алды егеменді теңдігін.

Ән «Елім менің» Орындайтын Бердібай Гүлфарида

1 – жүргізуші: Ал енді бүгінгі кешімізге қатысып отырған ардагерлерімізбен
сұхбат жүргізейік.Алғашқы сұрағымыз лицей ардагері, лицейімізді 2 мәрте
басқарған Әбілханов Аманқос ағайға қойылады.
Сұрақ: «Тәуелсіздік жылдарында қандай қызмет атқардыңыз, сол уақыттың
қиыншылығы туралы қысқаша айтып берсеңіз?
2 – жүргізуші: Келесі сұрақ лицей ардагерлер кеңесінің төрағасы Қабыл Арғын
ағайға беріледі.
Сұрақ: Тәуелсіздік жылдарының алғашқы уақытындағы лицей атауын айтсаңыз?
Оқушылардың сабаққа қатысуы қалай еді?

1 – жүргізуші: Келесі сұрақ Ақыш әжемізге қойылса.
Сұрақ: Сізді естуімізше ұзақ жылдар бойы жатаханада қызмет атқарып, сол
жерден зейнеткерлікке шығыпсыз, сол уақыттағы оқушыларыңызбен қызықты
оқиғаңыз туралы айтып берсеңіз?

2 – жүргізуші: Лицей оқушыларына аналық тілегін айту үшін келесі сөз
ардагер ана Зибагүл апайға беріледі.

1 – жүргізуші: Соңғы сұрағымыз Жақсылық атаға беріледі. Жақсылық ата,
Сіздің кезіңізде өндірістік практика қалай жүргізілді?

2 – жүргізуші: Келесі шырқалар ән сіздердің құрметтеріңізге, ардақты аналар
мен аталар!сұрақ

Ән «Ағаларым» Орындайтын Көкелекова Бейбіт

1 – жүргізуші:
Атыңнан айналайын, егемен ел,
Тәуелсіз күнің туды, кенеле бер.
Мерейің құтты болсын, Тәуелсіздік!
Ғасырдың тойы болшы келе берер!

Көркем сөз: «Туған жер» Оқитын: Ерекеш Шерхан

2 - жүргізуші:
Рухы күшті ел – алынбайтын қамал. Осындай рухы күшті елдің ұрпағы
болғанымыз – бәріміз үшін үлкен бақыт! Тәуелсіздіктің желбіреп тұрған туын
болашақта желкілдетіп сауатты да саналы, белсенді де іскер, елін сүйетін
ұрпақты тәрбиелеу – ұстаздардың қолында. Біздің бүгінгі күніміз қандай
мерейлі болса, ертеңіміз бұдан да мерекелі, бұдан да берекелі болсын!

Хор «Атамекен»

ТӘУЕЛСІЗ ЕЛ ҰРПАҒЫМЫЗ

Муса Зинебай
Жатақхана меңгерушісі

«Біздің аталарымыз қәзіргі Қазақстандй
ұлан байтақ
елді, өзіндік мәдениет және ерекше асқақ
рух пен
танымды қорғауды және бізге мұра етіп
қалдырды.
Менің кезімдегі ұрпаққа тәуелсіз
Қазақстанды
құруды алға қоя отырып, ел тағдырын
сеніп
тапсырды. Бұл қиын әрі тарихи жауыпты
міндет
болатын, біз оны орындадық.»

Н. Назарбаев

Тәуелсіздік – кез келген халықтың, маңдайына жазылмаған, тағдыр –
талайына бұйырмаған ғажап сый. Адамзат тарихында өзге тайпалардың, ұлттар
мен ұлыстардың, халықтардың дербес мемлекет, еркін ел құру жолындағы жан
алып, жан беріске күрестер тарихы. Жылнамаға түскен соңғы екі мың жылдың
ішінде осы азаттық күресінен үстеле жыққандардан гөрі, жеңіліс тапқандар
мындап саналады. Біздің маңдаймызға жазылған, тағдыр – талаймызға бұйыргған
бағымызға қарай үстем шыққандардың ұлы көшінде Қазақстанда бар.
Біздің ұрпақ – бақытты ұрпақ. Себебі, біз дәл оындай, жауапты да
жақсылыққа толы дәуірде өмір сүріп жатырмыз. Тәуілсіздікті «Көктен түсті,
жерден өңді» деп жататындар бар. Әйтсе де, біз өткен шақтың сабақтарын
жадымыздан шығармауға тиіспіз.
Өткен ғасырдың 90 – жылдарындығы әлем үшін «Қазақстан» ұғымы
Еуразияның меңгеру түкпіріндедгі орташа қалған сипатында ғана ақиқат.
Шығандағы еуропалық түгелі кешегі бауырлас республикалар өкілдерінің өзі
бүгінгі экономикасы қарқынды дамыған, орнықты да мығым Қазақстанды тіпті
қиялында елестете алмағаны анық.
Азаматтық деген – Ұлы сөз. Ардақты сөз. Асыл сөз. Қазақстан жұрты
үшін бұл сөздің мән мазмұны тіпті өте терең. Тұңғиық «адам арманының жөні
бір басқа. Қилы кезеңдерді бастап келіп, Қаратаудың басынан көш» құлатып,
қара сөзге мөлдіретіп жас келтіріп, терең күрсініп, тынып өксіп, артта
қалып бара жатқан қара орман – қайран далаға алыстан тамағыңды бұлықтырған
жасыңды жұтып қарау қандай қиын. Бұл сөздің төркінін іздеген жан болса,
байлауын айтайық: түп түркіні – тебінгісін тебе ашып, терлігін терге
мылшытып, алдаспанын өзгертіп, қара қазақ баласын хан ұлына меңгеріп тұлпар
мініп ту алған, жұртын көрсе жұбанған, еңбектегін баласы садаққа қолын
созғанда, әкесі тірілдгендей қуанған жауынгер. Жыраулардан жеткен жырлар.
Міне бүгінде Қазақстан озық ел, озат мемелекет атанып, әлем қаршасына
өзінің мәнгілік бейнесін мәңгілік белгісін салды. Тәуелсіздік таңбасын
жұмыр жердің иен бөлігін иемденіп, жер көлемі жағынан дүние жүзі бойынша
тоғыздыққа табан тіреген Қазақстан «Көшпелі» деген көшңп жүрген ұғымды
таңжылтпай басын, түйіндеп, тиянақтап, Тәуелсіз Қазақстан. Республикасы
деген мәртебесі атақты бұдан аттай 20 жыл бұрын күллі адамзат санасына
құйды. Қайсар жырдың қаhарманы, дауылпаз дауын Қасым Аманжоловтың шалқымасы
осындай кезде еске түсіп, жанына жауынгерлік рух беріп, кеудеңді керемет
бір сазға бөлейді.
О, дариға, алтын бесік туған жер,
Қәдіріңді білмей келсем кеше гөр.
Жата алмас ем топырағында тебіренбей
Ақын болмай, тасың болсам мен егер
Осындай қуанышты жырларды оқығанда тәуелсіздіктің бағасын біле түсесің.
Отаншыл атты сезім мен елшіл жүрек, халықшыл қасиет тұла бойындағы 62
тамырыңды иітіп, жал бойыңды жібітіп, көк жиектерден асып, көгілдір көктен
астасып, алып таулармен бастасып жатқан Ұлы Далаңа қарап, өзіңді бақыттың
алтын тамыры Азаматтықта жатыр. Аңсап күткен азаттық. Әке болып тебіреніп,
ана болып еміреніп күткен күн. Бесік жырымен бойға тарап, аналық сүтімен
қанға сінген ұлы сөз. Осы ұлы сөзге 20 ғасырдың соңғы 10 жылыында Елтаңба
қадап, Туымызды желбіреттік. Жеңіс туы алаш жұртының абзал перзенті, халық
таңдаған қаhарман, елді таңдаған ер тұлға - Нұрсұлтан Назарбаевтың қолында
желбіреді! Сол күні желтоқсан жазға, жанымыз сазға, әніміз назға айналды.
Бұдан 20 жыл, үш ғасырлық үмітшіл толғақтан кейін заман қазақ жұртына
Азаттық атты асыл тарту жасады. Алыстан аңсап күткен аяулы сылықты алғаш
тер алдынан шығып, ақжолтай ырыммен қарсы алып, төбемізге көшіріп,
төрімізге шығарып ай маңдай айға ұласып, кең маңдай күнге ұласып, жанарлары
боталап, төбесі көкке жетіп, алақанында от жанған Нұрсұлтан Әбішұлының сол
бейнесі көңіл фотоаппаратында өшпестей болып бейнеленіп қалды.
Сонда Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан
Назарбаевтың көкейінде тұрған алғашғы сөз: «Отандастарыңнан бөлек уайымым
жоқ, олардан бөлек қайғымда жоқ. Нені болсада да елмен бірге көремін, елмен
бірге төземін, елмен бірге жеңемін» деген сөз екеніне ешкімде шүбә
келтірген жоқ. Бұл әрі қарапайым, әрі жан тебірентерлік сөзді Елбасымыз
күнде айтып келеді.
1991 жылғы 16 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі
туралы» конститутциялық заң қабылданды. 1992 жылғы 3 наурызда Қазақстан
Біріккен Ұлттар Ұйымының мүшелігіне өтті. Еркін елдің дербес өмірі осылай
басталған еді. Тәуелсіз Қазақстан халқын 20 жыл бойы бейбітшілік пен
ынтымаққа бастап келе жатқан ұлт көшбасшысы, тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан
Әбішұлы Назарбаевтың халқы мен мемлекетіміздің рухани әлемін жаңғыртып,
жанартудағы жанқиярлық еңбегін ұлтына адал қызмет жасаудың айрықша көрініс
деп бағалаймыз.
«Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол – Тәуелсіз Қазақстан»
деген жүрек жарды жақсы сөздің авторы, жаңа тұрақты мемлекет орнатып, жер
жүзіне оны толық мойындатып әлемдік деңгейдегі көшбасшылық бейіктікке
көтерілген Тұлға – сізбен біздің Елбасымыз - Нұрсұлтан Назарбаев. Әлемде
қазақ елі біреу, оның көшбасшысы біреу.
Тәуелсіз Қазақстан жасай бер, жайнай бер!
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы құтты
болсын!

Ұқсас жұмыстар
Ананың қолдары
Ардақты ана, асыл өже атты зейнеткерлікке шығарып салу кешінің сценарийі
Ә.дүйсенбиев. "ана" тақырыбында ашық сабақ
Аналарға – мың алғыс!
Асыл жанды ардакты қарттарым-ай
Қыз еркем,анасымен көркем
Аялаған анашым, Мәпелеген анашым
Бастауыш білімнің бұлағы
Оқушылар назарын сабаққа аудару. Сабақтың тақырыбы
Жанұядағы ана мен қызы арасындағы қарым – қатынасты нығайту
Пәндер