Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Тәрбие құралы

КӘСІПТІК ЛИЦЕЙДІҢ ТӘРБИЕ ЖҮЙЕСІНДЕ ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫ
ДАМЫТУДЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ.

Мусаев Арман Қонысбайұлы
Директорының тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары
№8 кәсіптік лицей, Қазалы қаласы, Қызылорда облысы

Бір
жылдығыңды ойласаң – егін сал,
он жылдығыңды ойласаң
– ағаш ек,
жүз
жылдығыңды ойласаң – балаңды тәрбиеле.

Қытай мақалы

Қай заманда, қандай қоғамда болсын алдында тұрған зор міндеттердің бірі
– болашақ ұрпағын тәрбиелеу. Жан-жақты жетілген, ақыл-парасаты мен
мәдениеті мол, саналы ұрпақ тәрбиелеуді әр халықтың салт-дәстүрі мен
дамуындағы бағалы байлықтың нәрін біртіндеп сіңіру арқылы ғана жүзеге
асыруға болады. Басқа халықтар сияқты қазақ елінің де ұрпақ тәрбиелеуде мол
тәжірибесі, жиған-тергені, озық ойлары мен өзіндік ерекшеліктері бар.
Осындай мол мұраның «дәнегін мәпелеп екпейінше» жастарды ізгілік пен
парасаттылыққа тәрбиелеу мүмкін емес.
Қазақстан – тәуелсіз мемлекет. Тәуелсіз елді өркениетті әлемге
танытатын, дамыған елдер қатарында терезесін тең ететін күш – білім және
білімді ұрпақ. Білімді ұрпақ – егеменді елдің берік тірегі. Біз білімді
ұрпақ, білімді тұлға дегенде рухани жан-дүниесі бай, білімі мен
біліктілігін жоғары, талап-талғамы терең, салауатты өмір салтын дұрыс
қалыптастырған тұлғаны айтамыз. Түбегейлі өзгерістерге бет бұрған жаңа
қоғамда тек білімді болу жеткіліксіз, сондықтан әрбір жеке тұлғаның
бойында адамгершілік, ізгілік, кішіпейілділік, қайырымдылық, батырлық,
отансүйгіштік, т.б. қасиеттер болуы керек. Ол үшін жас ұрпаққа тәрбие
беруде ар-ұят, адалдық, рухани, адамгершілік, ізгілік мәселелерін қатар
қою қажет.
Қазіргі күннің талабы – білімді ұрпақ тәрбиелеу. Әлемдік білім беру
жүйесі ХХІ ғасырда жаңа, тың бағытта дами бастады. Білім берудің мазмұны,
мақсаты өзгерді. Қоғам, мемлекет болған соң ең алдымен, білім,тәрбие керек.

Халқымыз ғасырлар бойы өз ұрпағын адамгершілікке, елжандылыққа,
отансүйгіштікке тәрбиелеп келді. Осы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан
дәстүрдің өзегі, алтын діңгегі халықтық педагогика болды деуге болады.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан 2030» стратегиясының «Қазақстан
мұраты» бөлімінде былай деп жазылған: «Ол ұрпақ тәрбиесіне дана болады:
оның саулығына, біліміне және дүниеге көзқарастың дамуына қамқор жасайды.
Олар бабаларының игі дәстүрлерін сақтай отырып, қазіргі заманғы нарықтық
экономика жағдайында жұмыс істеуге даяр болады. Олар күллі әлемге әйгілі
әрі сыйлы, өз елінің патриоттары болады» десе, Қазақстан халқына Жолдауында
«Біз Қазақстанның барлық азаматтарының отаншылдық сезімін өз еліне, жеріне
деген сүйіспеншілігін дамытуға тиіспіз» дегені мәлім. Сондай-ақ, Қазақстан
Республикасының «Білім туралы» Заңында да «Білім беру жүйесінің міндеттері:
азаматтық пен елжандылықты, өз Отаны – Қазақстан Республикасына
сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, халық дәстүрлерін
қастерлеуге, әлемдік және республикадағы басқа халықтардың тарихын, әдет-
ғұрпы мен дәстүрлерін зерделеу, мемлекеттік тілді, орыс, шетел тілдерін
меңгеру» деп айрықша атап көрсетілген. Халықтық тәрбие, ол ұлттың ұлт болып
қалыптасуымен бірге туып, бірге дамып келе жатқан көне тарихи жүйеге
жататыны кімге болса да аян.
Соңғы жылдары білім берудің басымдықтары өзгеруіне байланысты
мектептерде білім берудің мазмұны сапалы түрде өзгерді. Мектеп –
оқушылардың едәуір бөлігін тәрбиелеудің негізгі құралы. Сондықтан да ондағы
оқу-тәрбие үрдісі ертеңгі Қазақстанның болашағына ықпалын тигізеді, себебі
мектеп – қоғам идеясын жүзеге асырушысы. Мектепте оқушыға салт-дәстүрдің,
халық тұрмысының ерекшеліктерін, туған өлке мәдениеті мен тарихын оқыта
отырып, рухани тәрбие беру міндеттері туындайды.
Ұлттың болашағын ойлаған қазақ зиялылары мен ұстаздар қауымы, жастарды
халқымыздың ежелден келе жатқан үлгі-өнегесі бойынша тәрбиелеуде,
адамгершілікке бағытталған идеяларды басты назарда ұстауда. Мұнда тәрбие
мен оқытудағы адамгершілікке бағытталған идеялардың өзі – құндылық.
Құндылықтар құрметтеу, қошеметтеу, қабылдау тәрізді ұмтылысты білдіреді.
Құндылықтар – сезім мен ақылдың ұштасуын және сол арқылы адамның іс-
әрекетін белгілейді. Құндылық субъектісі адамның әрекеті мен қалыптарының
рухани және адамгершілік бағдары болады.
Құндылықтардың негізгі көздері: өмірге деген ерік күші, табиғатты сүю,
адам және оның өмірінің мәнін түсіну. Бұлардың арасында мәңгілік
құндылықтар бар: рухани (адамгершілік, еңбек, эстетикалық, экономикалық),
тарихи (идеологиялық, саяси, өмірлік – тәрбиелік бағдар құндылықтары),
менталды – этникалық (дәстүрлер, салттар, ұлттық, мінез-ерекшеліктері).
Бүгінгі ұрпақ бойындағы талай ғасырдан бергі тәлім-тәрбие мәйегінің
жалғасын дамытып келешекке жеткізу, оқушы бойында жалпы мәдени
құндылықтарды қалыптастыру үшін қазақ мектептерінің әлеуметтік мәніне көз
жіберіп, өнегелілік деңгейіне назар аударып, білім нәрін алуымыз қажет.
Тарихтың даму белестерінде әрбір халық саяси-әлеуметтік, мәдени және
идеологиялық жағдайына сай рухани-дәстүрлік, адамгершілік қасиеттерін
қалыптастырып оны ұрпақтар игілігіне қалдырып отырады.
Мектеп оқушыларымен ұлттық тәрбие жүйесі ең жауапты және ерекшелігі мол
кезеңге жатады. Олардың жас ерекшелігі мен өсімтал сана- сезімдері осыны
талап етеді. Осы жаста балалардың дүниеге, қоршаған ортаға, ұлттық сана мен
қарым-қатынасқа сенімі мен көзқарасы тұрақтала бастайды. Ондай қажеттер
өзге ұлт балаларымен қарым-қатынасында, тұрмыста, қоғамдық орындарда айқын
байқалады. Ұлт рухына деген сезім мен сыйлау өнегесінің ірге тасы осы жаста
күштірек әсер қалдырады.
Мектеп оқушыларын тәрбиелеп, оқытудың мақсаты – оқушылардың рухани-
адамгершілік туралы түсініктерін қалыптастыру және өз іс-әрекетіне және
басқаның іс-әрекетін бағалау жолдарын меңгерту болып табылады.

Бүгінгі таңда көптеген мектептер өз шәкірттерін этнопедагогикалық
тұрғыда тәрбиелеуде. Дегенмен, этнопедагогикалық тәрбие кеңес дәуіріндегі
коммунистік тәрбиедей белгілі бір жүйеге еніп қалыптаса қойған жоқ. әр
аймақ өз ерекшелігіне сай халық педагогикасына негізделген тәрбие
жұмыстарының бірнеше үлгілерін жасап келеді. Мұның өзі халық тағылымына ден
қойғанымызды көрсетеді.
Мектептердегі этнопедагогикалық тәрбие жұмысын ата-аналардан бастап
жүргізген дұрыс. Өйткені, бала тәрбиесіндегі ата-ананың ықпалы басты орында
тұр. Баланы кішкентайынан әдептілікке үйрету қажет. Сыйлау сезімін,
сыпайыгершілік қасиеттерін ояту қажет. Ең бастысы, отбасындағы бірін-бірі
сыйлап, қадірлеп тұратын ахуал балаға әсер етпей қоймайды.
Тәрбие – тұлғаны қоғамдық, өндірістік және мәдени өмірге белсене
қатыстыруға жүйелі де мақсатты түрде бағыттайтын дайындау үрдісі.
Тәрбие әдісі – тәрбие міндеттері шешіміндегі көптеген жалпы әдістер
жиынтығы мен тәрбиенің өзара әрекеттерін жүзеге асыру.
Тәрбие үрдісінің мақсаты – оқушы тұлғасының жан-жақты үйлесімді дамуы.
Ол келесідей бағыттарға негізделген:
- тұлғаның оң сапасын тәрбиелеуге;
- белсенді өмір көзқарасына дағдыландыруға;
- өзін-өзі тәрбиелеу, қалыптастыру және өзін-өзі бақылау қабілетіне;
- жеке құндылық сезімін тәрбиелеуге;
- Қазақстан Республикасының дамуы мен жандануына деген намыс,
мақтаныш көзін дамытуға;
- рухани және адамгершілік қабілетін қалыптастыруға;
- дене шынықтыру жағынан жетілдіруге;
- экологиялық мәдени өмірге.
Бұл бағыттар топ жетекшілері жүзеге асыратын бірқатар басқару
факторларымен айқындалады. Мектебіміздің барлық тәрбие жұмыстары жөніндегі
жоспарын жалпы тәрбие үрдісіне жауапты тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары
құрастырып, жүзеге асырады. Оқу топтардың тәрбие жоспарын жыл бойы өткізген
іс – шаралар бойынша топ жетекшілері құрастырады. Тәрбие жұмыстары
жөніндегі жоспарды орындағаны бойынша есеп әр жарты жылдық қорытындысы
бойынша жылына екі рет келесідей бағытта: топ жетекшісі – директордың оқу-
тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасарына тапсырылады.
Тәрбие жұмыстарының ең негізгі міндеті – оқушылар арасындағы тәрбие
жұмысын жоғары деңгейде ұйымдастыру және жүзеге асыру. Тәрбие жұмысы
болашақ маман тұлғасын қалыптастыруда адамның жан-жақты үйлесімді дамуына,
өз бойына рухани байлық пен адамгершілік тазалықты және дене шынықтыру
жағынан өзін - өзі ұтымды дайындауға тәрбиелеу.
Балалар мен оқушы жастардың бойында ұлттық мақтаныш сезімін
қалыптастыру, рухани-адамгершілік тәрбие беру – қазіргі мектептегі тәрбие
саласындағы ең маңызды міндеттерінің бірі. Бұл заңды да, өйткені, біздің
қоғам өмірінде адамгершілік бастамаларының ролі барған сайын артып,
моральдық фактордың ықпал аясы кеңейіп келеді. Осы бағытта мектебімізде
түрлі танымдық конференциялар, тақырыптық кештер, сурет көрмелері,
байқаулар мен сайыстар ұйымдастырылады.
Оқушыларға рухани-адамгершілік тәрбие беруде «Дін – адамдарды жақсылыққа
бастаушы», «Адамгершілік – асыл қасиет» тақырыптарында рухани дәріс сабағы
өткізілді.
Бүгінгі жас ұрпақты мақал-мәтелдер, шешендік сөздермен таныстырып, оның
мән-мағынасын жете ұғындырып, қазақ халқының салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпының
тәрбиелік мәнін ұғындыру мақсатында пікірталас кештері өткізіледі.

Рухани-адамгершілік тәрбие беруде алдымызға мына мақсаттарды қоюымыз
керек:
1. Халықтың ғасырлар бойы жинақталып, іріктеп алған озық тәжірибесі
мен ізгі қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіру, баланың қоршаған ортадағы
қарым-қатынасын, дүниетанымын, өмірге көзқарасын және оған сай мінез-құлқын
қалыптастыру.
2. Жас ұрпаққа халқымыздың асыл дәстүрі мен салтынан мағлұмат бере
отырып, дені сау, ұлттық сана-сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік,
мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол, еңбекқор, бойында басқа игі қасиеттер
қалыптасқан адамды тәрбиелеу.
3. Ұлттық мәдени байлығымызды танып-білуге тәрбиелеу. Өз Отанының және
халқының мәдени мұраларын игеру.
Адамгершілік тәрбие мәселесі негізінен ұлттық психологиялық
ерекшеліктерге сүйене отырып, тәрбие берудің әдістемелік жолдарын
қарастырады:
- Ұлттық дәстүрлер арқылы оқу-тәрбие үрдісінде адамның бойында рухани
мәдениетті қалыптастыру.
- Ұлттық дәстүрлер арқылы адамның психологиялық ерекшеліктерін
зерттеп, дамыту.
- Салт-дәстүр негізінде, ұлттық психологиялық ерекшеліктерді ескере
отырып, рухани-адамгершілік құндылықтарын тәрбиелеу.
- Ұлттық дәстүр арқылы психологиялық ерекшеліктерді ескере отырып,
дүниедегі бағалы рухани байлықты оқушыларға дарыту.
Тәуелсіз республикамыздың болашақ азаматтарын тәрбиелеуде ой-санасы,
көкірегі ояу, рухани жетілген тұлғалардың атқаратын міндеті зор. Рухани
жетілген тұлғалардың айналасында ізгі ниет пен мақсатты көздеген адамдардың
топтасуы көпшіліктің сана-сезімін, іс-әрекетіне ізгі әсер етеді. Сондықтан
әлемдік үйлесімділікті қамтамасыз ету үшін, жан дүниесі бай адам тәрбиелеу
үшін ақыл-ой, жүрек, рухани жан тазалығы мен адамгершілік керек. Рухани
және адамгершілік тұрғысынан тәрбие беру адам бойында жағымды қуаттың
оянуы ғана жеке тұлғаның өрістеуіне, рухани нұрлануына, шабыттануына,
шаттануына мүмкіндік туғызады. Сондықтан күнделікті өмірде қоршаған
әлеуметтік ортамен қарым-қатынаста бола отырып, адамдар бүкілшексіз әлемге
тек қана ләззат пен сүйіспеншілік, мейірімділік пен үйлесімділік, әділдік
пен адалдық қуатын бар жан-тәнімен, санасымен қабылдап, сыйлауға әдеттенуі
қажет.
Бүгінгі ХХІ ғасыр талабында жан-жақты ел тарихын жетік білетін , заман
талабына сай азаматтарды тәрбиелеу - басты міндет.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. ҚР “Білім туралы” Заңы 27 шілде 2007 жыл.
2. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың “Қазақстан
халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты” атты
Қазақстан халқына Жолдауы 6 ақпан 2008 жыл
3. Қазақстан Республикасындағы этникалық-мәдени білім тұжырымдамасы
“Қазақстан мұғалімі” газеті 25 желтоқсан 1996 жыл
4. Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарында 2006-2011 жылдарға
арналған кешенді тәрбие бағдарламасы
5. Білім кілті. №6 (қараша-желтоқсан) 2006 ж 19 бет.
6. 12 жылдық білім. №7, 2005 ж 59 бет
7. Тәрбие құралы. №6, 2004 жыл 5 бет.
8. Қазақстан мектебі №2, 2006 жыл 58 бет
9. Ш.Х.Құрманалина, Б.Ж. Мұқанова, Ә.У. Ғалымова, Р.К. Ильясова Педагогика
оқулық “Фолиант” баспасы Астана-2007 жыл
10. С.Қалиев, Ж.Молдабеков, Б.Иманбекова “Этнопедагогика” Оқулық “Фолиант”
баспасы Астана-2007 жыл
11. Мен – Адаммын. Құрастырушы: Игенбаева Б.Қ. Алматы: Дәуір, 2000
12. Х. Досмұхамедедұлы “Аламан” Алматы “Ана тілі” 1991

Ұқсас жұмыстар
Paint графикалық редакторы туралы ұғым
Компьютер құрылғысын оқыту әдістемесі
Ұлттық ойындар туралы ақпарат
Оқушылардың өмірге деген көзқарасын қалыптастыруда поэзияның рөлі
Еңбек тәрбиесі
Тәрбие сағат барысы
"Адамгершілік" – рухани тәрбие беруде халық педагогикасын пайдалану жолдары
Ұлттық тәрбие діни экстремизммен күресу құралы
Тәрбие сағатының барысы
Күздің кереметтері
Пәндер