Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Топта талқылап, топ

Сабақтың тақырыбы: Сан есім
Сабақтың мақсаты:
1. Сан есім туралы
берілген білімді қайталау.
2. Оқушылардың тілін
дамыту, сауатты көркем жазу дағдыларын жетілдіру.
3.Экологиялық тәрбие
бере отырып, табиғат ананы, ондағы өсімдіктер дүниесі, құстар тіршілігіне
сүйіспеншілік

сезімдерін тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі:
Карточкалар, құстардың
аттары жазылған, санамақ, плакат.

Сабақтың типі: Қайталау сабағы.

Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес // экологиялық – ертегі
сабақ.

Әдісі: Проблемалық ой тастау, сұрақ-
жауап, ізденушілік, жаттығу, талдау.
Тәсілдері: Көрнекілік
Салыстыру
Оқу техникалық құралдар

Пәнаралық байланыс: Математика
Ана тілі
Дүниетану

Сабақтағы жаңа технология
СТО бағдарламасы

Сабақта қолданылатын стратегиялар: қызығушылықты ояту, ассоцияция,
мағынаны тану ;

Сабақты жүргізу барысында оқушыларға қойылатын міндеттер: өзара сыйластық,
жауапкершілік, өз ойын еркін жеткізу, тәртіп сақтау,

біреудің сөзін бөлмеу,
айғайламау (сабырлық сақтау), сұраққа толық жауап

беру

Сабақ барысы:

| |
|Кезеңдері |Мұғалімнің іс- әрекеті |Оқушылардың іс -әрекеті. |Түрі |
|І. Ұйымдастыру |Оқушылардың назарын сабаққа аудару. |Оқушылар тынышталып, сабаққа әзірлік | |
| | |танытады. | |
|ІІ. Мақсатын хабарлау.|Сабақтың мақсаты, міндеттерімен |Мұқият тыңдайды |Хабарлау |
| |таныстыру | | |
|ІІІ. а) Қызығушылықты|Неше жыл мезгілі бар? |Белсенділік танытады. Әр жыл мезгіліне|Сұрақ-жауап |
| |Бірінші: қыс мезгілінде туғандар; |байланысты туылған балалар төрт топқа |Топтастыру |
|ояту |Екінші: көктемде туғандар; |бөлінеді | |
|(бағалау парағын |Үшінші:жазда туғандар; | | |
|тарату) |Төртінші: күзде туған балалар бөлініп | | |
| |орындарынан тұрады. | | |
|ә) Қызығушылықты ояту |-Біз, бүгін қазақ тілі пәні бойынша |Әр топ өз топтарының атын ойлайды, топ|Өз беттерімен жазады |
| |дәстүрден тыс, экологиялық-ертегі |жетекшісін сайлайды. Бағалау парағына | |
| |сабағын өткіземіз. Сан есім туралы |өз тобындағы балалардың аттарын | |
| |өткенді қайталаймыз. Қайталау ертегі |жазады. | |
| |барысында жүріп отырады. | |Сұрақ-жауап |
| | | | |
| |Сендер ертегі тыңдағанды жақсы |Оқушылар жауап беріп отырады: | |
| |көресіңдер ме? Ертегідегі |-иә. | |
| |жан-жануарлар да, құстар да, ағаштар |Мұқият тыңдап отырады. |Дауыс ырғағын келтіріп|
| |да, жалпы айтқанда айналадағы қоршаған| |оқиды |
| |табиғаттың бәрі де сөйлеп кетеді. |Ертекші Бексұлтан (оқушы): | |
| |Ертегі кейіпкерлерімен бірге біз де |-Ерте-ерте-ертеде жапан түзде жалғыз |Әр топ сан есімдерді |
| |сөйлесеміз, пікірлесеміз, |терек өмір сүріпті. Жиырма жасында ер |табады, бір оқушы |
| |көмектесеміз. Олай болса ертекшімізді |жетіп, отызында бұғанасы бекіп, |жауап береді: 20, 30, |
| |ортаға шақырайық, ол ертегісін |қырықта кемеліне келіпті де, елуден |40, 50 |
| |бастасын. |асқан соң қартая бастапты. Кейбір | |
| | |бұтақтары сынып, қотыр қабығының әр |Терек қимылмен |
| | |жеріне құрт түсіпті. Құрт көбейіп оның|көрсетеді |
| |Ертегінің кіріспе бөлімінен сан |әр жерін тесіпті. Тұла бойы қақсап | |
| |есімдерді тауып көріңдер. |ауырған соң амал бар ма? | |
| | |Терек Еркежан (оқушы): | |
| | |-Ух, жаным-ай, жаным-ай! Енді не | |
| |Нұсқау беріп отыру |қылсам? Құрт ауыруына шалдықтым. Тесіп| |
| | |жеп барады, бұтақтарым сырқырайды, | |
| | |жапырақтарым сыздайды, жәрдем ете | |
| | |көріңдер | |
| | |Ертекші Бексұлтан (оқушы): |Ақ көгершін ұшқан |
| | |-деп, терек күні-түні зарлай береді. |қимыл жасайды. |
| | |Оның дауысын естіп, бір күні Ақ | |
| | |көгершін ұшып келеді. | |
| | |Ақ көгершін Мөлдір (оқушы): | |
| | |-Терек, ата! Ауыруыңыз жаман екен. Мен| |
| | |дәрігердің кім екенін білмеймін, |Әр топтан кезек-кезек |
| | |дегенмен іздеп көрейін. (-деп ұша |шығып, тақтада |
|ІҮ. Ассоцияция |-Балалар, көгершінмен бірге Терек |жөнеледі) |топтастырады. |
| |атаның ауыруын емдейтін дәрігер іздеп | | |
| |жолға шығайық. Ол үшін мынадай сұраққа| | |
|Сан есім |жауап берулерің қажет: | | |
| |-Сан есім дегеніміз не? |Қойылған сұраққа, арнайы белгі берген | |
|Ү. Мағынаны тану |Біз теректі емдейтін дәрігер іздеп |дайын топ бірінші жауап береді, | |
| |келе жатырмыз, алғашқы тапсырманы |тақтадағы сызбаға жазады. | |
| |орындадық. | | |
| | |Ертекші Бексұлтан (оқушы): | |
| |Енді көгершінмен бірге әрі аттанайық. |-Көгершін ұшып келе жатып бір төбенің | |
| | |басында отырған сауысқанды көреді | |
| | |де,оған келіп болған жайды баяндайды. |Топта талқылап, топ |
| | |Ақ көгершін Мөлдір (оқушы): |ішінен бір оқушы |
| | |-Сауысқан, Сауысқан! Терекке жақсылық |түсіндіреді, топ |
| | |жасай көр. |басшысы бағалауды |
|2-тапсырма орындау | |Сауысқан Ержан (оқушы): |ұмытпайды |
| |Мұғалім: |-әр кімнің өз жұмысы бар ғой, менің | |
| |-Сауысқанның уақыты жоқ болса, онда |көмектесуге уақытым жоқ. | |
| |біз көмектесіп көрейік, ол үшін келесі|І топ Қыс: реттік сан есімдерді | |
| |тапсырманы орындап жіберейік |есептік сан есімдерге айналдырып | |
| | |жазады | |
| | |ІІ топ Көктем: есептік сан есімдерді | |
| | |реттік сан есімдерге айналдырып | |
| | |жазады. | |
| | |ІІІ топ Жаз: сан есімі бар жұмбақ | |
| | |ойлап жазу. | |
| | |ІҮ топ Күз: үлестірмелі карточкалармен| |
| | |жұмыс жасайды. |Дәптермен жұмыс. Бір |
| | | |бала дауыстап оқып |
| | |Ертекші Бексұлтан (оқушы): |береді. |
| | |Ақ көгершін одан әрі ұшып кетіпті. | |
|3-тапсырма орындау | |Қалың тоғайдың маңына жақындағанда | |
| | |Қырғауылды кездестіреді. Оған да | |
| | |мән-жайды хабарлайды. | |
| | |Ақ көгершін Мөлдір (оқушы): | |
| |Мұғалім: |-Қырғауыл, Қырғауыл! Терекке көмектесе| |
| |-Қырғауыл үшін көгершінге біз |көр! | |
| |көмектесіп жіберейік. Ол үшін берілген|Қырғауыл Оңдасын (оқушы): | |
| |мәтіндегі сандарды сөзбен жазып, |-Мен көмектесе алмаймын, уақытым жоқ, | |
| |сөйлемдерді көшіріп жазсақ болғаны. |кешір! | |
| | |Топтағы барлық оқушы жазады, топ | |
| | |басшысы тексеріп шығады. | |
|ҮІ. Сергіту сәті |«Көңілді санамақ» бойынша жұмыс |Оқушылар санамақты оқиды, топта |Көңілді ойын-жаттығу |
|(тақтаға жазу) |2-екі: |ойланады, ақылдасады, санайды, топ | |
| |Баласына жекіріп (ж2ріп), |ішінен бір оқушы жауап береді. | |
| |Ұрсып жатыр кекілік (к2лік), | | |
| |Екіленіп (2леніп), секіріп (с2ріп), | | |
| |«Алып қапсың екілік (2лік), | | |
| |Екіншілей (2ншілей) екіңді (2ңді), | | |
| |Көрсетпе»-деп жекірді (ж2рді). | | |
| |-Санамақта неше екі бар? (сегіз 2 | | |
| |бар) | |Сұрақ-жауап |
| | |Балалардың жауаптары: «Көңілді | |
| |«Көңілді санамақта» қандай құс туралы |санамақта» кекілік құсы туралы | |
| |айтылған? |айтылған | |
| |-Балалар, құстар екеш құстар да | | |
| |балапандары жаман баға алса, ренжиді | | |
| |екен ғой. Сендер де нашар баға | | |
| |алсаңдар ата-аналарың ренжиді. |Ертекші Бексұлтан (оқушы): | |
| |Сондықтан жақсы баға алуға тырысайық. |Көгершін одан әрі ұшып кетіпті. Қалың | |
| | |тоғайдың ішінен құйқылжыта ән салған | |
| | |Бұлбұлдың үнін естиді. Ол Бұлбұлға да |Қимылмен, дауыс |
| | |мұңын айтады. |ырғағымен келтіреді. |
| | |Ақ көгершін Мөлдір (оқушы): | |
| | |-Бұлбұл, Бұлбұл! Теректі емдеші! | |
| | |Бұлбұл Әсел (оқушы): | |
| | |-Кешір, Көгершін! Маған ренжіме менің | |
| | |өз кәсібім бар ғой. Менің әнімді | |
| | |ормандағы аңдар, құстар тұрмақ адамдар|Бір оқушы дауыстап |
|4-тапсырма орындау | |да жақсы көреді Сол себепті мен үшін |оқып береді, сұрақ |
| | |адамдардан көмек сұра. |қояды, қандай сан есім|
| |-Балалар, енді бұлбұлдың да тілегін | |екенін айта кетеді. |
| |орындайық. Мен мәтінді оқимын, сендер |Топтан бір оқушы ғана жазуға болады, | |
| |ішінен сан есімдерді ғана теріп |қалғандары көмектесіп отырады немесе | |
| |жазасыңдар. |жеке-жеке жазып, топта өзара оқиды. | |
| |(кітаптан оқу) |Екі топ бірінікін бірі тексереді. |Қимылмен, дауыс |
| | | |ырғағымен келтіреді. |
| | |Ертекші Бексұлтан (оқушы): | |
| | |Көгершін ілгері қарай ұшып кетеді. | |
| | |Айдын көлде жүзіп жүрген Аққуға кез | |
| | |болады. Оған да теректі емдей көр деп | |
| | |өтініш айтады. | |
| | |Ақ көгершін Мөлдір (оқушы): | |
| | |-Аққу, Аққу, Аққужан! Теректі емдей | |
| | |көр! | |
| | |Аққу Балауса (оқушы): | |
| | |-Мен қасиетті де киелі құспын ғой. Мен| |
| | |бұл жерден кете алмаймын. Маған көп |Жеке-жеке айтады |
| | |құстар келеді, ақыл-кеңес сұрайды, мен| |
| | |саған да ақыл айтайын. Сен осы тоғайда| |
| | |үйсіз-күйсіз, жұмыссыз жүрген құстар | |
|5-тапсырма орындау | |бар, солардың бірін тап та, өтініп | |
| | |көр. Мүмкін солардың біреуі саған | |
| | |ілесіп, Теректі емдеп қалар. | |
| |-Аққу да бізге тапсырма дайындапты. |Ақ көгершін Мөлдір (оқушы): | |
| |Соны орындап көрелік. Ойын: «Кім |-Сөйтсем, сөйтейін! |Қимылмен, дауыс |
| |жылдам?» Сан есімі бар мақал-мәтел, | |ырғағымен келтіреді. |
| |өлең, жұмбақ айту |Әр топ кезек-кезек айтады, сан есімді | |
| | |атай кетеді. | |
| | | | |
| | |Ертекші Бексұлтан (оқушы): | |
| | |Көгершін Аққудың ақылын тыңдап, | |
| | |ормандағы сенделіп жүрген құстардың | |
| | |ішінен бір құсқа кез болады. |Сұрақ-жауап, балалар |
| | |Ақ көгершін Мөлдір (оқушы): |жауаптарын түсіндіреді|
| | |-Құс, Құс! Терекке жақсылық жасай көр!| |
| | |Құс Ердос (оқушы): | |
|а) Проблемалық сұрақ | |-Жасасам, жасайын, бұл менің қолымнан | |
| | |келетін шығар. | |
| | |Ертекші Бексұлтан (оқушы): | |
|ә) Проблемалық сұрақ | |Ол құс Көгершіннің тілегін орындап, | |
| |-Балалар, ол қандай құс деп |онымен бірге Терекке келіп, оның құрт |Тақтада ілінген сөздер|
| |ойлайсыңдар? (тоқылдақ) |ауыруын жазған екен. | |
| |-Дұрыс айтасыңдар, ол тоқылдақ еді. | | |
| |Олай болса бүгінгі ертегіге қандай |Әр түрлі жауаптар: «Тоқылдақ – орман | |
| |тақырып қоюға болады? |дәрігері», «Мейірімді Ақ көгершін», |Шығармашылық тапсырма |
| | |«Құстар», т.с.с | |
| | | |Күнделіктеріне баға |
| | |Ертекші Бексұлтан (оқушы): Содан бері |қою |
| | |әлгі Терек жайқалып өсіп тұр екен | |
| | |Тоқылдақтар ағаштарды құттардан, |Сұрақ-жауап |
|ҮІІ. Бекіту. | |шіруден сақтайды екен. Ал жасыл | |
|Жергілікті жер | |өсімдіктерді, ағаштарды күтсек, біздің| |
|материалы: Біржан |-деп Ертекші өз ертегісін аяқтапты. |денсаулығымызға пайдалы екенін | |
|ауылы, Бестерек ауылы.| |білеміз. | |
| |Ойын: «Сандар сөйлейді» |Әр топтан білетін оқушы жауап береді. | |
|ҮІІІ.Үй тапсырмасын |1қазан, 6бақан, 7ген, 2бастұз, 5терек,| | |
|беру |1жан | | |
| | | | |
| | | | |
|ІХ. Бағалау | |Күнделіктеріне үй тапсырмасын жазып | |
| |-Өз қалауларың бойынша сан есімі бар |алады. | |
| |өлең, әңгіме, жұмбақ, жаңылтпаш немесе| | |
|Х. Қорытындылау |өтірік өлең жазып келу. | | |
| |Сабақта белсенділік танытып, |Бағалау парағы бойынша топ жетекшілері| |
| |тапсырманы орындау ерекшелігіне қарай |айта кетеді | |
| |оқушыға тиісті баға қою. | | |
| |Жақсы қатысқан топтар, балаларды атап | | |
| |айта кету, қорытындылап, сабақты | | |
| |аяқтау. | | |

Ұқсас жұмыстар
Мұрат атай
Жайлау күні 4 сынып
Sport and games Спорт және ойындар
О.әубәкіров «ара мен шыбын». ана тілі. 4 сынып
<<Ағашты күйдіріп өрнектеу>> 8 сынып
Ұшат сұрақ
Сұрақ парақшалар
Жақсылардың жақсысы. ана тілі, 3 сынып
Топтар берілген суреттер бойынша диалогтік рөлдік ойын
Квадрат түбірдің қасиеттері
Пәндер