Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Ендігі кезең

Информатика пәніне арналған интеллектуалды ойын
«Не? Қайда? Қашан?»

"Халық пен халықты, адам мен адамды
теңестіретін нәрсе - білім"
М.Әуезов
Ойын мақсаты:
• Оқушыларды ойлау, қиялдау, есте сақтау қабілеттерін дамыту;
• Топта бірлесе жұмыс істеуге, басқа оқушының жұмысын бағалауға үйрету;
• Оқушылардың шеберліктерін, тапқырлықтарын бақылау;
• Ұйымшыл болуға, жаңа терминдерді өз аттарымен атауға тәрбиелеу.
Мұғалім:
Бізде информатика сабағы десе бірден компьютер, онда өлең тыңдау
немесе ойын ойнау деп қана түсінуге болмайды. Информатика бұл ХХІ ғасырдың
есігін ашатын, болашаққа қарай бет алуға көмек беретін сабақ. Бүгін
интеллектуалды ойын ойнау арқылы біз информатика сабағын өте қызық
екендігін түсінейік.
І-жүргізуші: Сәлем бердік құрметті ұстаздар, әділ қазылар мен семинарға
келген қонақтар. Біздің информатика сабағында «Не? Қайда?
Қашан» ойынын тамашалаңыздар!
ІІ-жүргізуші: Ойын 10 кезеңнен тұрады:
Жоспары :
1. Таныстыру
2. Сергіту сәті (14 сурақ-жауап)
3. Дұрыс, дұрыс емес (Электронды оқулық)
4. Ой толғаныс (спикерлер сайысы)
5. Поэзия сәті (Информатикаға байланысты өлең жазу)
6. Сәйкесін тап
7. Көрермендермен ойын
8. «Судаку» ойыны
9. Дауыс беру, көрермендердің пікірі
10. Қорытынды
І-жүргізуші: «Батылдық-балалық шақта шыңдалады» десек баланы бар тәрбие
құралының бірі – ойын екендігі белгілі. Алдымен ойынға
шығатын оқушыларды шақырайық. Бұл ойынға 2 топ катысады.
І-топ «Сұлтандар»
ІІ-топ «Арулар»
ІІ-жүргізуші: Қазақ деген халықтың баласымыз,
Алда талай алынар бар асуымыз.
Арман жолы қиын жол, бақыт жолы,
Мүмкін емес бұл жолда адасуымыз
дей отырып әр топ өздерін таныстыруларымен ойынның І-ші кезеңінің есігін
ашсын.
1. Таныстыру
Арулар тобы:
Телефонға жүгіреміз,
Теликке ылғи үңілеміз,
Бұл заманда адамдардың
Интернетпен ғұмыры егіз.

Ток сорғанда қанымызды,
Жүрек әсем әнін үзді,
Файлдар мен смайлдар
Жаулап алды жанымызды.

Қалам ұстау ұмыт қалды,
Емейлдер құрық салды,
Өмір – құйын, көре алмаймыз
түсімізде де тымық таңды.

Ұмытыпты досым әнін,
Бүгінгі әннен шошынамыз –
Айқай менен ритмге,
Біз де амалсыз қосыламыз.

Сұлтандар тобы:
Өмірді іспен өлшейміз,
Қадірлеп құнын жеңістің.
Мақсатқа берік сұлтандар,
Келеді сонда жеңіс күн.

Сенімнің күші бір ғажап,
Қопарар заңғар тауды да.
Ұмытылар сонда түрлі азап,
Ұмтыл тек алға, қалғыма.

Қиындықтардан бүгілмейміз,
Үмітімізді сенім баптасын,
Ашамыз сонда түбінде,
Информатика қақпасын.

Интернетте құстай ұшып самғаймыз,
Көп елдің арасын біз жалғаймыз.
Миллиондар ұшып жатыр күнбе-күн,
Біз сұлтандар осы лектен қалмаймыз.
2. Сергіту сәті
І-жүргізуші: Білімнің ұшқырлығын танып сен,
Асып, тасып, асықпа, қалыспа сен.
Уақыт деген зымырап, зулап жатыр,
Шапшаңдық бұл сайыста керек екен.
дегендей 2-ші кезең сергіту сәтіне берейік. Мұнда әр топқа 7-7 сұрақтан әр
сұраққа ойлануға 30 секунд беріледі. Және жауап бере алмаған топ болса,
онда оған қарсы топ, жауабын айтуға болады. Онда, ұпай саны дұрыс айтқан
топқа беріледі. әділ-қазылары барлық кезеңде де ұпай санын 10 баллымен
есептеулеріңізді сұранамыз.
ІІ-жүргізуші:
1. Аз батырмалы құрылғы (тышқан)
2. Гректер есептеу құралын не деп атады. (абак)
3. Компьютер жиыны (желі)
4. Калькуляторды ең алғаш кімдер жасады? (Чебышев, Однер)
5. Компьютердің қандай құрылғысы адам денсаулығына зиянды (монитор)
6. Оптикалық енгізу құрылғысы (сканер)
7. Біздің мектеп директоры (Дүйсенбаев Б.Ж.)
8. Экран нүктелерін аралағыш (курсор)
9. Дүниежүзілік компьютер арасындағы байланыс (Internet)
10. Компьютердің негізгі электронды құрылғысы (процессор)
11. Матрицалық принтер сиясы (лента)
12. Программа арқылы басқарылатын, адам тәрізді іс-әрекет орындайтын
машина (робот)
13. Қоғамды немесе мемлекетті басқаруға арналған ғылым (кибернетика)
14. Ең алғаш есептеуіш машинасын құрған ғалым (Блез Паскаль)
І-жүргізуші: Мақсатпенен жанды тазарт сілкін де,
Жауларыңнан күтпе ешқашан кешірім.
Қиындықтың өткелін өт, іркілме,
Сонда ғана табасың сен шешімін.
деп «Дұрыс, дұрыс емес» (Электронды оқулық) сайысынада жеттік.
1-топ: Microsoft Office Word тапсырмасының құрылымын көрсетеді
2-топ: Microsoft Office Exsel тапсырмасында құрылымын көрсетеді
ІІ-жүргізуші Күш пен қуат ақылың мен білекте,
Ұмтылыстан шыңдалады жігерің.
Сенім, үміт нұр құяды жүрекке,
Мекендейсің сонда рахат түбегін!
дей отырып «Ой толғаныс» пен «Поэзия сәті» кезеңіне де жеттік.
І-жүргізуші: Мұнда І-топ спикері Internet-ті мақтаса, ІІ-топ спикері
даттап ой қозғайды. Ал поэзия сәтінде қалған топ оқушылары информатикаға
байланысты өлең шығарады.
Екі топ дайындалып отырғанда, сіздерге біздің Ақнұр деген қызымыз
«Еркесылқым» күйін сыйлайды.
ІІ – жүргізуші:
Кездестік міне тағы да
Саласында білімнің
Сараптауға асықпай
Компьютердің қызығын-
дей отырып «Сәйкесін тап» кезеңі.
І – жүргізуші: Берілген командалардың аттарын Word текстік редактордағы
меню жолының қай командасында орналасқанын сәйкестендіріп табыңыз.
Берілгені
1) Очистить (р) Вид
2) Язык (е) Окно
3) Табуляция (и) Файл
4) Свойства (т) Сервис
5) Сортировка (р) Формат
6) Разделить (м) Таблица
7) Линейка (с) Правка
Жауабы:
1. Очистить (с) Правка
2. Язык (т) Сервис
3. Табуляция (р) Вид
4. Свойства (и) Файл
5. Сортировка (м) Таблица
6. Разделить (е) Окно
7. Линейка (р) Формат
Стример – мәліметтерді магниттік таспада сақтауға арналған құрылғылар.
Стримерлерге арналған магниттік таспалардың (кортридж) көлемі жүздеген
мегабайтқа жетеді.
ІІ – жүргізуші: Өмірге өзек болған нақты ғылым,
Халқымның жүрегіне шашты нұрын.
Келеді тәрбиелеп еркін елдің
Ертеңгі алғыр қызын, тапқыр ұлын.
Ендігі кезең. Көрермендер ойыны.
1.

Осы суретте 2 шиді ғана қозғалтып, қоқысты сыртта қалдырыңыздар.
2. Бұл өмірде ең ұзақ, ең қысқа, ең қымбат, ең арзан не? (Уақыт)

3. Қолды көтермей үйшіктің суретін салайық

4. Осы тұрған фируганың әрқайсысынан екі-екі шиден алып бес ши қалдыру
керек.

5. «Судаку» ойыны

|6 |7 |1 | |8 |5 |3 |9 | | |1 |9 | | |5 |2 |4 |6 | | |2 |5 |6 |4 |9 | | |7
| | | | |4 |1 |3 |6 |7 |5 | |5 |4 |1 | |6 | |3 |9 |2 | |7 |3 |6 |5 |9 |2 |
| | | |1 | | |2 |8 |6 |9 |5 | | |9 |5 |2 |7 | | |1 |6 | | |6 |8 |4 |9 | |1
|7 |2 | | |
І-жүргізуші:
Әкесі де ұлдарының білімдісін қорғайды
Жо – жоқ оның бөлгені емес ...
Бар болғаны білім қусаң қуанады, қолдайды.
Ендігі сайысымыз «Судаку» ойыны - деп аталады.
ІІ-жүргізуші:
Айналайын алға ұмтылған дарындар,
Айналайын жеңіс құшқан қырандар.
Бізден қиын жағдайларды сұраңдар,
Сұрап қоймай, шешу жолын табыңдар.
Енді «Судаку» ойыны. Мұнда «Судаку» құрастырып көрейік.
Арулар Сұлтандар
| |9 |8 | | |2 |7 | | |7 |6 |1 | | | | |9 | | | | | |7 |9 |5 | |4 | | |2 |
| |6 |3 |4 | | |9 | |8 | |4 | | | |1 | |5 | |6 | | |1 |5 |8 | | |2 | | |7 |
|9 |2 |6 | | | | | |5 | | | | |8 |2 |7 | | |2 |3 | | |7 |9 | | | | | | |3
|5 |2 | |1 | | |7 |3 |8 | | | | |6 | | | | | | | |7 |3 |9 |4 | | | | |2 |3
|6 |4 | |7 | |3 | |7 | | | |9 | |1 | |2 | |4 |1 |7 |9 | | | | |1 |7 |6 |5 |
| | | | | | |8 | | | | |5 |7 |2 | | |2 | |7 |4 |8 | | | | |

9. Көрермен жиналған бұл тамашаға,
Құр қарап жай отыру жараса ма?
Туыс, досқа, сыныптас, танысқа емес,
Дауыс беріңіз, білімді жас таланттарға.
деген өлең шумақтарымен, сіздерден қай топты жеңіске жетті және өз
білгірлерімен көзге түскен топқа дауыс берулеріңізді сұранамыз.
Мұнда көрермендерге алдын-ала берілген жетондар арқылы екі топқа
дауыс береді, осы жетондардың көмегімен топты бағалаймыз, жеңімпаз топқа
«Мадақтама грамотасымен», қатысқан оқушыларға «Ынталандыру грамоталарын»
беріп марапаттаймыз.
Теректей тамырыңды жайып терең,
Жете бер жақсы күнге халықпенен.
Тулаған толқындардан тайсалмасын,
Ақпарат мұхитында алып кемең,
- дей отырып бүгінгі сайыс сабағымызды аяқтаймыз.
Ойынымызға келіп ,қатысып ,ортақтасып бірге көңіл
көтергендеріңізге
мың -мың рахмет !

Пайдаланылған әдебиеттер

1. «Информатика». Авторы М.Қ.Байжұманов, Л.Қ.Жапсарбаева
2. «Информатика негіздері». Ғылыми-әдістемелік журнал
3. 9 сынып әдістемелік нұсқау. «Информатика мен есептеуіш техника
негіздерін оқыту». Авторы Б.Нақысбеков, А.Мұхамеди, Г.Мадиярова
4. Қазақстан Республикасында ақпараттық теңсіздікті төмендету
бағдарламасы бойынша халықты компьютерлік сауаттылыққа оқыту жөніндегі
оқу-әдістемелік құрал.
5. Интернеттен алынған мәліметтер

-----------------------

Ө.Жолдасбеков атындағы №50 орта мектебі

Пән мұғалімі: Молдашева Ақшолпан

Тараз қаласы
2007-2008 оқу жылы


Ұқсас жұмыстар
Қазылар алқасымен таныстыру
<<жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар>> эстафеталық ойын
Мәңгілік ел-мұратым Б Ә Й Т Е Р Е К зияткерлік сайысы
«толағай» эстафеталық ойын
Сынып аруы
Күз (сайыс)
Қазақ тілін сүйемін мен жаныммен
<<толағай>> эстафеталық ойын. 8-10 сынып
Өнерлі бала- елдің көркі байқауы
Қазақстан қалалары. Қазақстан қалаларының тарихы жөнінде білу
Пәндер