IX ғасырдың екінші жартысынан XIII ғасырдың басына дейінгі Қазақстан мәдениеті

Орта ғасыр тарихы. 7 сынып. Тақырыбы: «IX ғасырдың екінші жартысы- XIII ғасырдағы Қазақстан мәдениеті»

Мұғалім: Масалимова Нургиза Ешенгазиновна

Семей қаласы . М. М. «№19 жалпы орта білім беретін мектеп»

Сабақтың тақырыбы: IX ғасырдың екінші жартысы- XIII ғсырдың басындағы Қазақстан мәдениеті

Сабақтың мақсаты:

Білмдлік: Қазақстан территориясындағы қалалардың пайда болуы мен дамуы, қолөнердің өркендеуін, сауда қатынастарын, сәулет өнері мен құрылыстың дамуын, дін және ғылым- білімнің дамуын қорытындылау.

Дамытушылық: Логикалық ойлауды, дүниетанымын, тарихқа деген қызығушылығын, ойды жүйелеу қабілеттерін дамыту, роль орындау арқылы белгілі мақсатқа жеткізу, ғылыми еңбектерді, көркем шығармаларды түсініп оқуға, ізденіске дағдыландыру.

Тәрбиелік: Эстетикалық, адамгершілік, рухани тәрбие беру.

Сабақтың түрі: Интерактивті қорытынды сабақ.

Сабақтың әдісі: Жобалау. Баяндау, сұрақ- жауап, рольдік ойындар, талдау, жартылай іздену.

Жұмысты ұйымдастыру түрлері: Ұжымдық, топтық, жекелей жұмыс түрлері.

Сабақтың көрнекілігі: Тақырыптық слайдтар, қанатты сөздер жазылады, портреттер, карта, тірек кестелер, буклет «Ахмет Иасауй кесенесі», альбом «Отырар», сергіту сәтіне «Түркістан» әні, кітаптар т. б.

Дерек көзі:

  1. Оқулық «Орта ғасырдағы Қазақстан тарихы»
  2. «Қазақстан даласының жұлдыздары»
  3. Ахмет Иасауй хикметтері
  4. «Қазақстан тарихы» журналы

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.
  1. Оқушылармен амандасу, мақсаты мен жоспарын таныстыру.
  2. Топқа бөлу, ат беру.

I топ «Түркістан»

II топ «Отырар»

IIIтоп «Баласағұн»

  1. Тапсырмаларды орындау.

Сұрақ бойынша тірек кесте сызу және оны талдау (әр топқа 5 мин)

1 сұрақ: Орта ғасыр қалалары санының өсуі, қала құрылысындағы өзгерістер.

2 сұрақ: Қолөнердің дамуы және оның салалары.

3 сұрақ: Дін және мәдениет.

• Жеке оқушыларға дидактикалық материал тарату (перфокарталар, тестілер)

  1. Сергіту сәті. Р. Рымбаеваның орындауындағы «Түркістан» әніне 2 мин сергіту жаттығуын жасау.
  2. Үйге берілген топтық- шығармашылық тапсырмалар, «Ғұламалар және олардың еңбектері» немесе олар жайлы презентация, рольдік ойын, өлен оқу.

I топ «Түркістан»:

  1. Қазақстан мен Орта Азиядағы сопылық поэзияның көрнекті өклі, дуалы ақын- данышпан, кемеңгер ақын Ахмет Иасауйдың өміріне тоқталып, «хикметтерінің» жазылуын, мазмұның қысқаша талдап үзінді оқиды.
  2. Ахмет Иасауй мен Арыстан баб арасындағы кездесуден үзінді рольдік ойын.

II топ «Отырар» :

  1. Әбу Насыр әл- Фарабидің ғылым салаларына қосқан жаңалықтары мен үлесіне тоқталып, еңбектерін атау.
  2. Халық аузында қалған «Өнерлі жігіт» аңыз- әнгімесінен үзінді.

III топ. «Баласағұн»: Жүсіп Баласағұнидың өміріне тоқталып, «Құтадғу білк» дастанын талдап, дастанның «Тіл», «Елші», «Әмірші» жайлы айтылатын тарауларынан үзінді келтіріп, тәрбиелік мәнін ашу.

  1. Сабақты бекіту: оқушылар Блумның «мен жүйесімен» қорытындылайды.

Блумның «мен жүйесімен»

  1. Қорытындылау (әр топ өздері бағалайды)

Ұқсас жұмыстар
Шығыс Қазақстан: ерте ортағасырдан XIX ғасырдың екінші жартысына дейінгі саяси тарихы және мәдени-әлеуметтік өзгерістері
XIX ғасырдың екінші жартысындағы қазақ өнері мен музыка мәдениеті: көрнекті халық сазгерлері және олардың туындылары
ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ әдебиетіне арналған тест
8-сынып: ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстан қалалары - пайда болуы мен даму ерекшеліктері
7-сыныпқа арналған модульдік тақырыптық жоспар: Қазақстан тарихы, 5-тарау - XIII-XV ғасырдың І жартысындағы Қазақстан (10 сағат)
ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ әдебиеті мен мәдениеті: сабақ жоспары
ХІХ ғасырдың соңы - ХХ ғасырдың басындағы Қазақстандағы халық ағарту жүйесінің құрылымы мен бағыттары
9-сынып Қазақстан тарихы I тоқсан: XX ғасырдың басындағы Қазақстан - жиынтық бағалау тапсырмалары
5-сыныптың қысқа мерзімді сабақ жоспары: XX ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстандағы ғылым мен өнердің дамуы
8-сынып Қазақстан тарихы: XVIII-XX ғасырдың бас кезеңі - негізгі тақырыптар мен сабақ жоспары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz