Солтүстік Америка материгіне саяхат

Сабақтың тақырыбы: Солтүстік Америка материгіне саяхат
Сабақтың мақсаты:
1) Білімділік: Оқушылардың Солтүстік Америка материгі туралы алған білімдерін тиянақтау, өткен сабақтан алған білімдерін жүйелеу арқылы тақырыптарды тереңірек меңгерту.
2) Дамытушылық: Оқушылардың өз ойларын жете айта білуге, өткен тақырыптарды байланыстыра отырып жан-жақты ойлау, топпен, картамен жұмыс жасау қабілеттерін, дағдыларын дамыту. Саяхат сабақ арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.
3) Тәрбиелік: Әдептілік ережелерін бойына сіңірген шығармашылық қабілеті мүмкіндігінше дамыған азамат тәрбиелеу.
Сабақтың міндеттері:
Сабақтың түрі: Саяхат сабақ
Сабақтың әдісі: Өздік ізденіс жұмыс
Сабақтың пәнаралық байланысы: әдебиет
Сабақтың көрнекілігі: Солтүстік Американың физикалық картасы, интерактивті тақта, слайд, жұмыс дәптері.
Сабақтың жоспары:
І. Ұйымдастыру
ІІ. Қызығушылықты ояту
ІІІ. Материкке шолу
IV. Бекіту
V. Қорытындылау. Бағалау
VI. Үйге тапсырма беру
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі . Оқушылардың көңіл-күйін сабаққа аудару.
ІІ. Қызығушылықты ояту. Солтүстік Америка материгін таныстыру туралы тақпақ оқып, тақырыпты ашу. Сабақтың мақсатымен таныстыру.
Мен өзім үш бұрышқа ұқсас жермін,
Қазір де әл-ауқатты бірнеше елмін.
АҚШ бар, Канада бар, Мексика бар,
Даңқымен таң қалдырған барлық елдің,
Тауларым бар Кордильер мен Аппалачтай,
Макензи, Миссисипи суым қандай!
Виннипег, Ұлы көлдер, тұзды көлім,
Тамаша көрген адам таң қалғандай.
-Балалар осы өлең жолдарында қай материк туралы айтылған? (Солтүстік Америка)
-Солтүстік Америка материгінің қандай ерекшеліктерін білеміз? (Ерекшеліктерін атап интерактивті тақтаға «өрмекшінің торын» құрайды)
Ең ұзын жер асты үңгірі - Флинт-Мамонт
Ұзын тау - Кордильера Ең биік ағаш - секвоя
Ең үлкен арал - Грнеландия Ең үлкен каньон - Колорадо
Ең үлкен тау мұздығы - Аляска
ІІІ. Материкке шолу.
-Бүгінгі сабағымыз Солтүстік Американың ең биік жері Кордильер тауының Мак-Кинли (6193 м) шыңына саяхат жасаймыз. Оған шығуда жолымыздағы кедергілер бар екен, одан өту үшін Солтүстік Америка материгіне байланысты тапсырмаларды орындауымыз керек. Саяхатқа дайынбыз ба? (сынып төрт топқа бөлініп жұмыс жасайды)
ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ОРНЫ.
1-тапсырма
Кескін картаға Солтүстік Американың шеткі нүктелерін белгілеу. (әр топтан бір оқушы шығып орындайды)
1 топ - Солтүстік Американың солтүстік шеткі нүктесін көрсету. (Мерчисон мүйісі)
2 топ - Солтүстік Американың оңтүстік шеткі нүктесін көрсету. (Марьято мүйісі)
3 топ - Солтүстік Американың батыс шеткі нүстесін көрсету. (Принц Уэльский мүйісі)
4 топ - Солтүстік Американың шығыс шеткі нүктесін көрсету. (Сент-Чарльз мүйісі)
ЗЕРТТЕЛУ ТАРИХЫ
2-тапсырма
Солтүстік Америка материгінің зерттелу тарихы бойынша кестені толтыру. (2, 3-ші бағандарда зерттеушінің суреті тұрады атын және ашқан жерлерін табуы тиіс)
Зерттеушілердің
аты-жөні мен суреттері
Хростофор Колумб
Генри Гудзон
Александр Макензи
Витус Беринг
Алексей Чириков
ЖЕР БЕДЕРІ МЕН ПАЙДАЛЫ ҚАЗБАЛАРЫ
3-тапсырма
Кескін картада белгіленген сандарда қай объектілер орналасқан және пайдалы қазбаларын шартты белгілер арқылы түсіру. (1-топ мұнай, 2- топ тас көмір, 3-топ темір, 4-топ табиғи газды түсіреді)
1-топ мұнай
2- топ тас көмір
3-топ темір
4-топ табиғи газ
№1- Солтүстік Америка материгінің батыс бөлігіндегі тау. (Кордильера тауы)
№2- Солтүстік Америка материгінің шығыс бөлігіндегі тау. (Аппалач тауы)
№3- Солтүстік Америка материгіндегі жазық. (Орталық жазық)
№4- Солтүстік Америка материгіндегі жазық. (Ұлы жазық)
КЛИМАТТЫҚ БЕЛДЕУЛЕР.
4-тапсырма
-Солтүстік Америка материгінің климаты қай материкпен ұқсас? (Еуразия)
-Неше кламматтық белдрек кесіп өтеді? (6 белдеу)
Климаттық белдеулерге байланысты сұрақтарға жауап беру.
№1- Солтүстік Америка материгінің ең суық жері? (Гренландия аралының орталығы -70 0 С)
№2- Солтүстік Америка материгінің ең ыстық жері? (Өлім аңғары +57 0 С)
№3- Солтүстік Америка материгінде жауын-шашын ең көп түсетін жері? (Кордильераның солтүстік-батыс жағалауы 6000 мм)
№3- Солтүстік Америка материгінде жауын-шашын ең аз түсетін жері? (Калифорния шығанағының солтүстігі мен Үлкен Алап 100 мм)
ІШКІ СУЛАРЫ
5-тапсырма
Солтүстік Америка өзендерінің және осы ерекшеліктерін туғызып отырған себептерді белгілеу.
ТАБИҒАТ ЗОНАЛАРЫ
6-тапсырма
Сандық диктант: Төменде берілген зоналарға сәйкес келетін белгілерді санмен көрсету.
№1 топ. Арктикалық шөл - 6, 2
№2 топ. Тундра және тайга - 1, 7
№3 топ. Аралас жалпақ жапырақты орман және шөлейт - 4, 5
№3топ. Орманды дала - 3, 8
- Бұл зонада карибу бұғысы тіршілік етеді.
- Өсімдігі мүк пен қына.
- Зонада биіктігі 1, 5 метрге жететін селеу, боз, шалғын т. б. өсімдіктері өседі.
- Мұнда тікенекті бұталар, жусан өседі.
- Климаты ылғалды, жұмсақ болып келеді.
- Дүниежүзілік Қызыл Кітапқа еңген қойөгіз тіршілік етеді.
- Жануарлардан қара аю, гризли аюы, сілеусін т. б. бар.
- Ылғал мен жылу жеткілікті болғандықтан топырағы қара және күрең болып келеді.
ХАЛҚЫ МЕН ЕЛДЕРІ
7-тапсырма
Солтүстік Америка материгінің төрт мемлекеті карточкада берілген қай топқа қай ел келеді сол елдің астанасын жазу және картадан көрсету.
ІV. Бекіту тапсырмалары. Т Е С Т
І нұсқа
- Солтүстік Америка материгінің экваторға қатысты орны.
а) тек оңтүстік жарты шарда жатыр
ә) көпшілік бөлігі солтүстік жарты шарда
б) экватор материктің ортасын кесіп өтеді
в) тек солтүстік жарты шарда жатыр
2. Солтүстік Америка материгінің ең төмен жатқан жері.
а) Каспий теңізі ә) Өлім аңғары
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz