Ғазиз Байтасовқа Халық қаһарманы атағы беріліп, Түймекент орта мектебі оның есімімен аталады

Марқұм Ғазиз Байтасовтың есімі орта мектепке берілмек

14. 12. 2011

Құралай Пионер

Таразда лаңкестің жолын кескен тәртіп сақшылары марапатталды. Өз өмірін қиып қаскөйді тоқтатқан Ғазиз Байтасовқа ең жоғарғы мемлекеттік награда - «Халық қаһарманы» атағы берілді. Және бүгін батыр оқыған Жамбыл обысындағы Түймекент орта мектебіне оның есімі берілетін болып шешілді. Сондай-ақ қанды оқиға кезінде оққа ұшқан, жараланған полицейлер де түрлі дәрежедегі медальдармен марапатталды. Естеріңізде болса, 12қараша күні лаңкес Мақсат Қариевтің қолынан 7 адамды қаза болған еді.

Жұрт тынышын қашырып, 7 адамның өмірін қиған тараздық ланкестінің қарекетіне бүгін - бір ай, екі күн. Жарылғыш затты іске қоспаққа әрекеттенген қылмыскер Мақсат Қариевті құшақтай құлаған полиция капитаны Ғазиз Байтасовтың ерлігі болмағанда, кім білсін, қару кезінген қарақшының қолынан қаза болғандар саны мұнан да көп болар ма еді . . .

Елі үшін өз өмірін қиған азаматқа бүгін ең жоғарғы мемлекеттік марапат - «Халық қаһарманы» атағы берілді. Награда марқұмның жұбайына табыс етілді.

Гүлжамал Тәжиева, Ғ. Байтасовтың жұбайы:

- Елбасы бағалап, жоғарғы мемлекеттік награда - «Халық қаһарманын» беріп отыр. Бұл менің жұбайымның ғана емес, жалпы құқық қорғау органдарының бағасы, жоғары бағасы!

Сондай-ақ атыс кезінде оққа ұшқан Ұлттық қауіпсіздік комитетінің екі сарбазы мен тойтарыс барысында жараланған Данияр Құрманбаев, Мәлік Молдақасов, Самат Алашевтар «Айбын» орденімен марапатталса, Қанат Мырзалиевке «Ерлігі үшін» награда берілді.

Қанат Бозымбаев, Жамбыл облысының әкімі:

- Жақында Тараздағы лаңкестік оқиға болғанын жақсы білесіздер. Соның жолын кескен полиция қызметкерлерінің ерлігін е Елбасы жоғары бағалады.

Сондай-ақ бүгін Ғазиз Байтасов оқыған білім орасында оны еске алу шарасы өтті. Үлгілі оқушының жетістігін айтып ұстаздары сыр шертсе, оқушылар лаңкестің арам ойының іске асуына тосқауыл болған ағасына жыр-шумақтарын арнады.

Арайлым Захарова, Түймекент орта мектебінің оқушысы:

- Білмедің, Тараз жақта не болғанын,

Естілді суық хабар қарғыс атқан.

Халқының амандығын сақтау үшін

Ерлікпен Ғазиз ағам қаза тапқан.

Түймекент мектебінің партасында Ғазиз нәбәрі төрт жыл ғана отырыпты. Бастауышты бітірісімен отбасымен облыс орталығы Тараз қаласына қоныс аударып кеткен екен. Бірақ, көзсіз ерлік жасаған шәкірттің есімі білім ордасында мәңгі қалмақ. Өйткені жаңа жылдан бастап Түймекент орта мектебі Ғазиз Байтасовтың есімімен аталатын болып шешілді.


Ұқсас жұмыстар
Халық қаһарманы Қасым Қайсеновтың өмірі, партизандық ерлігі және шығармашылығы
Сыныптан тыс сабақ: Халық қаһарманы Бауыржан Момышұлының өмірі мен ерлігі
7-сынып: сын есімді қайталау сабағының жоспары және оқыту әдістемесі (Златогор орта мектебі, мұғалімі Ғазиз Роза)
Түймекент орта мектебі. Керимқулова Улбике Молдашқызының 8-сыныпқа арналған 2014-2015 оқу жылы қысқа мерзімді жоспары: Сөйлем және сөйлем түрлері (хабарлы, сұраулы, бұйрықты)
Зейнолла Шүкіровтің 80 жылдығына арналған Ғазиз жүрек атты әдеби-музыкалық кеш
Қарияларды қадірлеу: тәрбиелік сағаттың мақсаты мен сценарийі (Смирнов №3 орта мектебі)
Информатика алғырлары ақыл-ой ойыны: өткізу жоспары мен сценарийі (Аманкелді жалпы орта мектебі, 2013)
Құқықтану пәнінен тест сұрақтары - Н. Ибрашева, Пятимар жалпы орта білім беретін мектебі
Математика сабағы: Үшбұрыштардың түрлері - сабақ жоспары (Ақжігіт орта мектебі, Маңғыстау ауданы, Маңғыстау облысы)
Наурыз - жыл басы: Ақжігіт орта мектебі мектеп алдындағы даярлық тобының ертеңгілігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz