Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Саятшылық құстары жайлы
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Қызылорда облысы Шиелі ауданы
№41 М.Шоқай атындағы орта мектеп
Тақырыбы: Қырғауыл –сезімтал құс
Секциясы: Биология
Орындаған: Маратова Гүлдана Маратқызы
Сыныбы: 4 «А»
Жетекшісі: Абылаева Гауһар Мухамадалиқызы
Бастауыш сынып мұғалімі
Ғылыми жетекші:
Қорқыт ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік Университеті жаратылыстану
факультетінің «Биология, география және экология» кафедрасының аға
оқытушысы, биология ғылымдарының кандидаты Берденқұлова А.Ж.
Сұлутөбе ауылы 2012 жыл
Мазмұны
Кіріспе****************************************************6-бет
Негізгі бөлім
1. Құстардың дене құрылысы*********************************7-бет
2. Саятшылық құстары жайлы********************************8- бет
3. Құстардың мекендейтін жерлері және
жұмыртқалау ерекшеліктері ********************************10- бет
4. Құстардың ұясы,
олардың жұптасуы мен жұмыртқа басуы **********************11 бет
Зерттеу бөлімі
5. Құстың ерекше қасиеттері *******************************13-бет
6. Қырғауыл- халық ауыз әдебиеті үлгілерінде*****************14-бет
Қорытынды *********************************************17-бет
Пайдаланылған әдебиеттер:****************************19-бет
№41 М.Шоқай атындағы орта мектептің
4 «А» сынып оқушысы
Маратова Гүлдананың «Ата
мұрасын сақтаймыз және көбейтеміз» Ғылыми жоба
жарысына ұсынған «Қырғауыл –сезімтал құс» атты
зерттеу жұмысына
Пікір
Маратова Гүлдананың жас зерттеушілер жұмыстары мен шығармашылық
жобасына ұсынылған «Қырғауыл-сезімтал құс» тақырыбындағы еңбегі ғылыми
тұрғыдан көп қызығушылық туғызады.Гүлдана жалпы құстар туралы мағлұмат бере
отырып, оның ішінде жергілікті жерімізде көп кездесетін қырғауылдың
сейсмологиялық қасиетін, табиғатта орналасатын орнын өз деңгейінде зерттеп
меңгерген. Көпшілік қырғауылдың әсіресе Сыр бойында көп тарағанын
білгенімен, оның сезімталдығы, пайдалы жақтары жайлы толық біле бермейді.
Оқушы құстың биологиясына сипаттама беруде көптеген әдебиеттерді
пайдаланған, құсты зерттеуде кішігірім ауыл төңірегіндегі тоғайға барып,
бақылау, сипаттау әдісін пайдаланып, эксперимент жасап, зерттеу жұмысын
жүргізген.
«Қырғауыл-сезімтал құс» тақырыбына жазылған Маратова Гүлдананың
ғылыми жұмысын жоғары бағалап, «Ата мұрасын сақтаймыз және көбейтеміз»
Ғылыми жоба жарысында қорғауға ұсынамын. Гүлдананың келешегі кемел болып,
алдағы уақытта шығармашылық табыстар мен жетістіктерге қол жеткізетініне
сенімдімін.
Қорқыт ата атындағы
Қызылорда Мемлекеттік Университеті
Жаратылыстану факультетінің
«Биология, география және экология» кафедрасының
аға оқытушысы,
биология ғылымдарының кандидаты:
Берденқұлова А.Ж
Аннотация
Біз зерттеп бақылаған құстар әлемі – көпшілік үшін сирек
кездесетін тақырып.
Сырдың төменгі ағысындағы тоғайларда өсіп-өнетін қырғауыл жайлы
зерттеп, бақылау жасалды.
Шындығында, қамысты, құнарлы жерлерде жүрген қырғауылдарды өз
көзімізбен көріп, ұяларында жатқан жұмыртқаларын қолымызға ұстап,
тамашаладық.
Кітаптан, баспасөз материалдарынан, интернеттен қызықты да, танымдық
құндылықтарды білуге мүмкіндік болды.
Мақсаты:
Тауық тәрізділер тобының бір тұқымдасы, жыл он екі ай өз жерімізде
жүретін, табиғаттың көркі, сәні, тоқшылық пен берекенің белгісі болған
қанатты достарымыз – құстар туралы іздену.
Сыр бойынан басқа жерде айтылмайтын «Қызыл жыңғыл ішінде Қыздаркүл апам
ән салар» деген жұмбақтың шешуі – қырғауыл жайлы мағлұмат алу.
Оның ерекше сезімталдық қасиеті, киелілігі, балапандарын қорғағыштығы
жайлы танысу.
Табиғат аясында құстарды ғылыми зерттеу арқылы танымдық қабілетін
жетілдіру.
Бірде үйге қонақтар келіп, анам бір табақ қуырдақ қуырды.Тауық етіне
ұқсамайды. Жеп көрсем, өте дәмді екен. Анамнан «Бұл ненің еті?» деп
сұрадым. Қырғауылдың еті екен. Сол күннен бастап құс етінің дәмділігінен
басқа да қандай қасиеттері бар екенін зерттегім келді.
Кіріспе
Құс деген не?
Құс - қанаты, қауырсыны, тұмсығы бар омыртқалы жануар. Олардың
көпшілігі ұша алады. Алдыңғы аяқтары қанатқа айналған. Сан және мойын
бұлшық еттері жақсы жетілген. Сүйектерінің іші қуыс болғандықтан, қаңқасы
жеңіл.Бұл ұшуға жеңілдік туғызады. Құстар ұшқан кезде көп қуат
жұмсайды.Сондықтан ұшуға дәрменді болу үшін жемді көп жеулері керек. Олар
уақытының көбін азық іздеумен өткізеді. Ас қорыту жүйесі қоректі көп
мөлшерде қабылдап, тез қорытуға бейімделген. Қазіргі құстардың тісі жоқ.
Бірақ ежелгі құстарда тіс болған. Олардың тілі бар, бірақ бір ерекшелігі -
тілдерінде сүйек болады. Жүрегі мен тыныс алу жолдары жақсы дамыған.
Көп құстар балапан өрбіту және азыққа тою үшін жылы жаққа ұшып кетеді.
Оларды мекен ететін орындарына қарай орман, дала, балшық, су құстары деп
бөледі, ұшатын және ұшпайтын құстар болып жіктеледі. Пингвин, тауық,
түйеқұс тәрізді ұшпайтын құстардың төсі қырсыз, жалпақ. Ал қарлығаш,
сандуғаш, қыран сияқты ұшатын құстардың төсі қырлы болады. Жер шарының
барлық түкпірлерінде бүгінгі таңда құстардың 9000 - дай түрі бар. Ал
Қазақстанда 500-ден астам түрі мекендейді.
Құстарды зерттейтін ғылым – орнитология (грекше «орнитес» -құс+ «логос»
-ғылым) деп аталады.
Құстардың дене құрылысы
Құс тұмсығының басты қызметі – қоректену. Сондықтан оның пішіні құстың
жейтін жеміне байланысты қалыптасады. Құстың түрін анықтағанда, оның
тұмсығына баса назар аударады. Жаурауық тәрізділердің тұмсығы конус сияқты
болады. Конус тұмсық дәнді шағып жегенге ыңғайлы. Жыртқыш құстардың имиген
тұмсығы жиектеріне дейін өткір болады. Жәндік жегіштердің тұмсығы жіңішке
және үшкір. Ағаштың діңін тесіп, жәндікті шұқып теретін тоқылдақтардың
тұмсығы қашау сияқты тік әрі қатты. Құстардың қанаттары ауаға кедергі
болмау үшін сүйір болып келеді. Қауырсын тек құстарда ғана бар. Ол құстың
ұшуына көмектеседі. Денесін тоңдырмайды және құстың әуедегі тепе –теңдігін
қамтамасыз етеді. Сирағының көлемі мен пішіні құстың мекені мен жемтікті
қалай ұстайтынына байланысты. Балшықшы құстардың сирағы мен саусағы ұзын
болады. Қонақтайтын құстардың саусағы бұтаны немесе сымды қапсыруға
ыңғайлы. Суда жүзетін құстардың аяғы жарғақты болады. Жыртқыш құстардың
сирақтары мен мықты табаны жемтікті бүріп ұстап, басқа жерге алып баруға
арналған. Жемін жерден шоқитындардың алдыға қараған үш саусағы өте мықты
болады.
Құс саусақтарының түрлері
Саятшылық құстары жайлы
Азық үшін немесе спорттық нәтиже көрсету үшін ауланатын құстар
«Саятшылық құстары» деп аталады. Бұл құстар негізінен күндіз белсенді
болып, түнде қонақтап отырады. Тауыс, құр, шіл, ұлар, бөдене және қырғауыл
- саятшылық құстарға жатады. Бұл топқа түйетауық, қазүйрек, жылқышы,
тауқұдірет, шүрілдек тәрізді су құстарын жатқызуға болады. Саятшылық
құстарды адамдар кеңінен аулайды. Бұрындары үкімет саятшылық құстарды
айқындап, оларды аулау туралы заң шығарып, аңшыларға рұқсат құжат беріп
отырған.Ол кездегі заң ағылшын ақсүйектерінің көңіл көтеруіне жақсы жағдай
жасайтын. Ал қазір бірқатар елдерде шығып жатқан заңдар, негізінен,
аңшыларды емес, аңдарды қорғауға бағытталуда. Саятшылық құстар тобына 260-
тан астам құс түрі кіреді.Олардың көпшілігінің денесі ірі, тұмсығы қатты,
сирақтары балғадай күшті болып келеді
Гүлдана әкесімен тоғайда
Саятшылық құстары
Құр
қырғауыл
Қырғауылдың мекендейтін жерлері және жұмыртқалау
ерекшеліктері
Ертеректе Сыр бойында қыс жайлы болып, қызылсу ерте жүрді. Қалың
шеңгел, жиделі тоғайда қызыл жыңғылдың иісі бұрқырайды. «Қызыл жыңғыл
ішінде Қыздаркүл апам ән салар» деген жұмбақ Сыр бойынан басқа жерде
айтылмайды. Бұл жұмбақтың шешуі – қырғауыл.
Қырғауыл – тоқшылықтың, берекенің білгісі. Қыс жайлы болатын жылы
қырғауыл 10-15 – тен, кейде тіпті 20-ға дейін жұмыртқа салады. Ал қыс қатты
болатынын үлкендер қырғауылдың 2-3 қана жұмыртқалағанынан білетін болған.
1968 жылы, 1944-45 жылы,1952 жылдары қатты суық болып, қырғауылдардың саны
азайып кеткен.
Қазақстанда қырғауылдың ең көп тараған жері –Сыр бойы десек, екінші
қонысы –Іле аймағы. Мұнда Жетісу қырғауылы өседі. Біріншісінің қоразы көк
жасыл, ал екіншісі болса күлгін көк қауырсынды болып келеді. Мекиендерінің
айырмашылығы шамалы.
Қырғауылдар тұқымдасы – тауық тәрізділер тобының бір тұқымдасы. Оның
ерекшелігі –танау тесігі қауырсынмен жабылмаған. Жіліншіктері түксіз,
қоразының жіліншіктерінде мүйізді өсіндісі бар. Танау тесігін тері қаптары
жауып тұрады. Қазақстанда қырғауыл тұқымдастыраның 6 туысқа бірігетін 8
түрі бар. Ең жиі кездесетін түрі –қырғауыл. Ол өзен жағалауындағы тоғайлы,
қамысты, құнарлы жерді, Арал теңізінен Алакөл ойпаңына дейінгі шөлді
аймақтарды мекендейді. Тау беткейінде бұта өсімдігі жақсы өскен және алуан
түрлі шөптесін өсімдіктер өскен жерде кездеседі. Қоразының құйрық
қауырсындары өте ұзын, әрі қызғылт, қою жасыл, күлгін түсті. Мекиені қоңыр
сұрғылт түсті. Қанатының ұзындығы 245 мм, салмағы орта есеппен 1150
граммдай. Отырықшы құс. Жерде жүргенімен ағаш басына қонақтайды. Ну
қамыстың, қалың бұтаның арасына ұясын жерге салып, оның бетін жасырып
бүркемелейді. Мекиені сәуірден шілдеге дейін 10-14 сарғыш - қоңыр жұмыртқа
салып, 23-24 күндей басады. Өсімдіктер мен әртүрлі омыртқасыздармен
қоректенеді. Еті дәмді, кәсіптік маңызы бар, әуесқойлық тұрғыда ауланады.
Балапандары жұмыртқадан жетіліп шығады. Мамығы кепкен соң жемтігін өзі
аулайды. Қырғауылдың аяғы мықты, топырақты қазып арасындағы жәндіктерді
жейді.
Құстардың ұясы, олардың жұптасуы мен жұмыртқа басуы
Құстар ұяны жыртқыштар мен ауа райының қолайсыздығынан қорғану үшін
салады. Жыртқыштарға жем болмау үшін ұяларын қол жетпейтін , жасырын жерге
салып, бетін бүркеп қояды.Ұя, сонымен қатар жұмыртқалар мен балапандарға
жылу береді. Күрделігіне, жыл мезгіліне, ауа райына байланысты ұя салуға да
әр кезде әртүрлі уақыт кетеді. Жылы аймақтарда құстар бірінші ұясын одан
кейінгі салынатын ұясынан гөрі ұзақ уақыт салады. Жалпы алғанда, торғайлар
ұяны бес-алты күнде салып алады.Ірі құстардың ұя салуы бірнеше аптаға
созылуы мүкін.Ұялардың пішіні де, түрі де әртүрлі болады: ін ұя, шұңқыр ұя,
ағаштың діңіндегі қуыс тесік ұя, құрқылтайдың тоқыма ұясы, ойма ұя,
шыбықтан өрген табақ ұя, жүн-жұрқа, шөп-шаламнан жасаған тостаған ұя,
сушылқараның шар ұясы және т.б.
Жұмыртқа мен қызыл шақа балапандарға жайлы микроклимат жасап,
дұшпандардың көзіне түсірмеуге ін ұя өте тиімді. Кей құстар, соның ішінде
үкілердің кейбір түрлері өзге жануарлар қазған інді иемденіп алады.
Жұмыртқа басып, балапан өрбітіп, өсіп -өнетін уақыт келгенде құстар
өздеріне сыңар іздей бастайды. Қораздар мекиендердің назарын өздеріне
аудару үшін түрлі амалдарға барады. Барылдақ торғай тәрізді кей құстар
әуезді ән салады. Балтатұмсықтардың қауырсыны мен тұмсығының бояуы қаныға
түседі. Тағы бір құстардың қораздары жиналып би билейді, оны мекиендері
тамашалап тұрады. Аққулар мен пингвиндер өмір бойы бір –ақ сыңармен өтеді.
Ал өзге құстар жыл сайын жаңа сыңар тауып алады.
Құстардың бәрі жұмыртқа салады. Сүтқоректілердей баласын денесінің
ішінде жетілдірмейді. Жұмыртқаның қабыршағы балапанды сыртқы дүниенің
жайсыздықтарынан қорғайды, сарысы азық болады. Мекиен жұмыртқаларды басып,
іште өсіп жатқан балапандардың тоңып қалмауын қамтамасыз етеді. Қораз оған
жем тасиды. Жетіліп дайын болған балапан сыртқа шығуға өзі әрекет жасай
бастайды. Балапандардың көбінің тұмысығында уақытша арнайы өткір тісі
болады. Олар сол тіспен жұмыртқаның қабығын жарып шығады.
Ерекше қасиеттері
Орнитология ғылымы, есепшілер мен жұлдызшылар да құстардың ішінде
қырғауылдың ауа райын алдын –ала болжайтын ерекше қасиеті барын жоққа
шығармайды. Қырғауыл әсіресе Сырдың төменгі ағысында көп тараған. Оның тағы
ерекше қасиетінің бірі - зілзаланы алдын ала сезетіні және етінің
дәмділігі. Ертеректе Әмір хан қырғауылды қатты ұнатады екен. Құс қанаттарын
қатты –қатты сабалап, беймезгіл қыт-қыттап Ақ сарайдың алдынан әрі –бері
ұшып, әбігерге түсіп, Әмірге «хабар береді» екен. Сол кезде қасиетті
Бұқараның талай рет апаттан аман қалуына осы қырғауыл себепші болыпты. Оның
етінің дәмділігі сонша, «Бабырнамада» мынадай сөздер бар: «Мауараннахрда
құс өте көп. Қырғауылдың семіздігі, адам айтса нанғысыз, бір қырғауылдың
етін 4 адам тауыса алмайды екен » деген аңыз бар.
Күндіз – түні тоғай аралап, жемтік, қарсақ, қасқыр аяғының астында
жұмыртқа басып отырған ана мекиенді көрмейді. Не құдірет? Сөйтсек, ұя басар
кезде ана мекиеннің бойынан аңға тән иіс мүлдем жоғалып кетеді екен.
Осындай қасиетіне таң қаласыз.
Қырғауыл –менің досым
Қырғауыл –халық ауыз әдебиеті үлгілерінде
Қырғауыл - жыл құсы емес, жыл он екі ай өз жерімізде жүреді, ешқайда
кетпейді. Атам қазақ айтатын ертегілер «Ерте,ерте, ерте екен, ешкі жүні
бөрте екен, қырғауылы қызыл екен, құйрық жүні ұзын екен» дейтін сөздер кеше
шықпағаны анық. Құсбегілер қыран құстар үшін қырғауыл оңай олжа дейді.
Анығында олай емес. Ол кейде өзін өзі қорғай да алады. Қырғауылдың қоразы
қырғи тосыннан тап бергенде шалқалай ұшып, өткір тырнақтарымен жыртқыштың
омырауын осып – осып жібереді. Бір таяқ жеген қырғи қайтып беттемейді.
Әрине, бұл сирек кездесетін батылдық. Дегенмен, қорғансыз қырғауылды әуелі
Алла өзі қолдайды.
Тағы бір қызық жайт - оқ тиіп жараланған қырғауыл ешқашан құлап түскен
жерінде жатпайды. Міндетті түрде кемі 5-6 қадам жерге барып тығылады. Соңғы
дәмі бітер сәтте күш беретін қандай құдірет екен деп таңқаласыз? Кейде
қырғауылдың өзіндік қулығы да болады. Алдыңа түсіп безектей жөнелгенде,
ұстап алмақ болып қуалайсың. Енді жете бергеніңде пыр етіп ұшқан болады да,
таяқ тастам жерге қайта қонады. Қайта ұмтыласың. Ұстай алмайсың. Қолыңда
құйрық жүні, аузың ашылып қала бересің. Құйрығын тастай қашып - кесірткеде
ғана емес, қырғауылда да болатын қасиет екен. Сен кездескен жерде оның әлі
қанаттанбаған балапандары бар, төніп келген қауіпті сол қызылшақа,
сарыауыздардан аулақ алып кету үшін ана байғұс осындай әдіске де барады.
Қазақ Совет энциклопедиясында қырғауылдың «мекиені қоразынан үлкен» деп
жазады. (Қ.С.Э.ұ-тан.106-бет) бұл қате пікір. Нарынқол, Кеген албандары
айтатын
Қоразы қырғауылдың дуадақтай,
Жездекем ұстаймын деп қуалапты- ай,
Болғанда ол да қораз, бұл да қораз,
Қарасаң екі көзі жуан –ақтай ,- дейтін әзіл өлең негізсіз емес.
Әдемілік пен ақылдылық тең дарымайтыны сияқты, қырғауылдың қоразы қанша
әсем болғанымен, оның ұя басуымен, жем тасумен, ұшқан балапанды баулумен
шаруасы болмайды. Ол ақын Абай тілімен айтқанда «көгал қуып гөлайттаған»
мінезімен Гиннестің рекордтар кітабына енген.
Құс жайлы орнитолог ғалымдардың пікірлері
Орнитологтар Еуразияда қырғауылдың 12 түрі, әлемде 42 түрі бар дейді.
Сырдың қырғауылы тоғай өсімдіктері, су жиегіндегі жәндіктермен қатар күріш,
күрмек, бау-бақша дақылдарымен қоректенсе, Жетісу қырғауылдары шырғанақ,
жиде, жабайы алма, бүлдірген, итмұрын, долана секілді құнарлы жеміс
дәндерімен қоректенеді. Таудың қырғауылы ойдың қырғауылынан ірі, еті де
дәмді.
Орнитологтарды қызықтырған – қырғауылдың қоразы. Алтын қырғауыл, күміс
қырғауыл, патша қырғауыл және атқұлақ қырғауыл, қалқанқұлақ қырғауыл –бәрі
де қанат құйрығы үйлесімді, мойнындағы алтын орама ақ жолағы алыстан көз
тартатын қызыл, жасыл әсем құстар. Соңғы екеуі біздің елде жоқ. Олар Тибет,
Монғол тауларында өсетін көрінеді. Қоразы мекиенге қарағанда тек сыртқы
келбетімен емес, ірілігімен, сәнқойлығымен ерекшеленіп тұрады
«Қырғауыл -сейсмолог» деген тақырыпқа қазақстандық натуралист жазушы
марқұм М.Д. Зверев те көп еңбектерін жазған.
ХҮІ ғасырдан бері Англияда қырғауылдарды қолға ұстап, будандастырып,
әртүрлі зерттеулер жүргізіліп келеді. Кезінде ағылшын бекзадалары аңға
шыққанда алдынан қырғауыл ұшыру әдетке айналған.
Кезінде В. Радлов жинаған қазақ ауыз әдебиеті үлгілерінде «Асың, асың,
асыңа, береке берсін басыңа, бөденедей жорғалап, қырғауылдай қорғалап,
қыдыр келсін қасыңа» - дейтін жолдары еске түседі. Оның балапан
қорғағыштығы ертеден белгілі болған деседі үлкендер.
Қырғауыл –пайдалы құс
Қырғауыл, бағым – күтімі келіссе, жылдам көбейетін құс. Соңғы жылдары
заңды, заңсыз аңшылар қоғамдарының көп ашылуы – көңілге күдік ұялатты.
1860 жылдан бері жүргізілген есепке қарағанда құстың 80 түрі жер
бетінен мәңгі жойылып кеткен.
Бұрынғы жылдары Алматы облысындағы Қарашеңгел, Талғар аң қорығында
қырғауылды қолда ұстап, өсіре бастаған. Мұндай тәжірибиелер көрші қырғыз
жерінде, Болгарияда да болған. Нәтиже әр жерде әр түрлі. Мұндай қолда өсіру
–құс басының көбеюіне пайдасы зор екені даусыз. Әсіресе Ремизовка,
Каменская плата, Бутаковка саяжайларында қырғауылдар үйдің табалдырығына
дейін келіп жүреді.
Оның етінің дәмділігі сонша, «Бабырнамада» мынадай сөздер бар:
«Мауараннахрда құс өте көп. Қырғауылдың семіздігі, адам айтса нанғысыз,
бір қырғауылдың етін төрт адам тауыса алмайды екен деген аңыз бар»
(«Бабырнама» 890-шы жылғы (б.з. 1494 ж) оқиға )
Облыстық тарихи -өлкетану мұражайында
Қорытынды.
Тоқшылық пен берекенің белгісіне айналған қырғауыл құсының аман –есен
болуын тілейік.
Кім біледі, ол да қазаққа тілекші шығар. Құс-періште дейді емес пе?
Періште – арман алысқа жетелейді.
Ұсыныс
Біз құпия сырға толы құстар әлеміне ену арқылы білген сезімталдық
қасиеті бар қырғауылды пайдалануды төмендегі ұсыныстар арқылы жүзеге
асыруды көздеп отырмыз.
1. «Құстарға қамқорлық» акциясын ұйымдастыру
2. Ауылда аң қорығын ұйымдастыру
3. Жергілікті қырғауыл құсына бақылау жасауды қолға алу
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Балаларға арналған танымдық энциклопедия «Құстар» «Аруна баспасы»
Алматы 2011 жыл, 4-6 беттер
2. Е.Раушанов «Құстар –біздің досымыз» Алматы «Жазушы» баспасы 2007 жыл,
183-191 беттер
3. «Қазақстан» Ұлттық энциклопедиясы 6- том, «Қазақ энциклопедиясының»
бас редакциясы Алматы ,1998 жыл, 154-163 беттер
4. Қазақ Совет энциклопедиясы 160-бет
5. Книга рекордов Гиннеса 1989 г., отдел «Живой мир», 36-бет
6. Ковшарь А.Ф. «Птицы» «Атамұра» баспасы Алматы .2006 жыл,55-146 беттер
7. Интернет
8. Сутулов В.А. «Қазақстан табиғаты», «Эффект» ЖШС
9. Облыстық мұражай (Ақпараттану бөлімі)
10. «Сұрақ және жауап» Энциклопедия «Алматы кітап» баспасы, Алматы,
2007 жыл 104-105 -беттер

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz