М. Дулатовтың Қыс шығармасы бойынша қазақ тілі сабағы: мәтінмен жұмыс және сөйлеу дағдыларын дамыту

Сабақтың тақырыбы: Қыста талай қызық бар? М. Дулатов «Қыс»

Сабақтың мақсаты: 1. Оқушылардың мәтінді мәнерлеп, түсініп оқуға үйрету. Сызба бойынша сөйлеу, сурет бойынша әңгіме құрастыру дағдыларын қалыптастыру.

2. Оқудың түрлерін қолдана отырып, өз тілдерінде көркем, әсерлі сөздерді пайдалана алу дағдыларын дамыту. Қыс ерекшеліктері туралы білімдерін дамыту.

3. сөздік қорларын, тіл байлықтарын арттыру, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Көрнекілік: «қыс» көрінісі бейнеленген суреттер, м. Дулатовтың суреті

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: оқу, мазмұнын әңгімелеу, топтастыру, қорытынды жасау, түсіндіру, оқулықпен жұмыс, бақылау, сурет бойынша әңгіме құрау.

Пәнаралық байланыс: Қазақ тілі, дүниетану.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Жазған мазмұндаманың қорытындысы бойынша талдау жұмысын жүргізіу.

. . . - ана тілім . . . -мемлекеттік тіл. Біздің Отан - . . . Осы менің - . . . - сияқты сөздер мен сөз тіркестерін қайталай отырып, шығарма жазу кезінде қажеттігі туралы әңгімелеп кету.

ІІІ. Жаңа тақырып бойынша жүргізілетін жұмыстар.

1. Сөзжұмбақ шешу: қар, аяз, мұз. Дұрыс оқуға көңіл бөлу, дауысты дыбыстарды созыңқырап оқындар. Ұ дыбысының артикуляциясын көңіл бөле айтқызу. Мұз, аяз, қар сөздерін айтқанда көз алдарына не елестейді?

- Қыс мезгілі туралы не білесіндер? Оқушылардың өздерінің әңгімелерін тындар көру. Бүгінгі сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру.

2. М. Дулатовт туралы сызба бойынша түсінік беру.

3. Мәтінді мәнерлеп оқып беру. Оқып тұрған кезде мәтінің мазмұнына сәйкес келетін суреттерді қолдану.

4. Сөздік жұмысы. Оқулықтағы сөздіктер және қосымша оқушылардың сұрауы бойынша жүргізіледі.

IV. Сергіту

Алып атам күрегін, Аула қарын күредім. Апама мен құдықтан, Су әкеліп беремін.

V. тМәтінмен жұмыс.

І топ: 1. Мәтінді мәнерлеп, түсініп оқы. 2. Жазушы қыстағы табиғатты суреттеген тұсты оқып, мазмұнын айтуға дайындал.

ІІ топ: 1. Мәтінді түсініп оқып, жылқыщылардың еңбегі туралы жазылған тұсты тауып әңгімелеп беріндер.

Топ оқушылары алмасады да, екі топ әңгіменің бөлігі бойынша бір - біріне әңгімелейді.

5. Мәтіннің бөліктерін және түрлерін анықтау арқылы қазақ тілі сабағынан алған білімдерін пысықтау болады. Мәтіннің қандай бөліктері бар? Басы, ортасы, соңы. Осы мәтіннің басында не туралы айтылған? Ортасында ше? Соңында не туралы айтылған? Мәтіннің түрлері бойынша атап көріндер.

VII. Қорытынды:

  • Мәтіннен не туралы білдік? Жазушы қай жердегі қысқы табиғатты суреттеген? Мәтінде қысқы өсімдіктер туралы не айтылған? Қыста өсімдіктер қандай күйге енеді? Олар тоңбай ма?
  • -Жылқышылар неге далад жүреді?
  • Өйткені жылқы малы тебіндеп жайылады. Оларды жыртқыш аңдардан қорғау үшін, ықтап кетпеу үшін жылқышылар оларлы бағады.

Мәтін бойынша салынған суретті қарай отырып, сұрақтарға жауап беру.

  • Суретте қай жыл мезгілі бейнеленген? Оны неден байқадын?
  • Адамдар суықтан қалай қорғанады? - Сен қыста қалай киінесін?
  • Суреттегі ауа - райы туралы не айта аласың?

VIІІ. Үйге тапсырма: мәтінді оқып, мазмұнын айтуға дайындалу.

Х. Бағалау.


Ұқсас жұмыстар
Қазақ тілі сабағы: Қыс тақырыбы - грамматикалық ережелерді пысықтау және ауызекі сөйлеу дағдыларын дамыту
Қыс тақырыбы бойынша нәтиже сабағы: зат есім модулін бекіту және сөйлеу дағдыларын дамыту
2-сыныпқа арналған М. Дулатовтың Қыс мәтіні бойынша әдебиеттік оқу сабағы (АКТ және сыни ойлауды дамыту)
2-сынып қазақ тілі сабағы: Міржақып Дулатовтың Қыс әңгімесі бойынша оқу-әдістемелік жоспары
2-сынып Әдебиеттік оқу: Міржақып Дулатовтың Қыс шығармасы бойынша құзырлық тапсырма
Әдебиеттік оқу пәнінен М. Дулатовтың Қыс және Қоян әңгімелері бойынша ашық сабақ
Міржақып Дулатовтың Қыс әңгімесі бойынша сабақ жоспары
5-сынып қазақ тілі сабағы: Менің отбасым - лексика, фонетика және мәтінмен жұмыс
Қазақ тілі сабағы: Ф дыбысын оқыту және жазу дағдыларын дамыту
5-сынып қазақ тілі: лексика мен мәтінмен жұмыс сабақтарының жоспарлары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz