Ауылдың демографиялық ахуалы

Кіріспе.
Жұмыстың тақырыбы:
Қазіргі кездегі Қазақстанның білім беру жүйесіндегі экономикалық ойлауды қалыптастырудың маңыздылығы мен саяси экономикалық білім мен тәрбиесі отбасындағы шаруашылық тұрмыстық рухани экономикалық сұраныстарды тануға негізделген. Осыған орай, ауылдағы экономикалық тұрмыс тіршілікті өндірістегі экономикалық қатынастарды қоғамдық циклдағы пәндер негізі экономикалық ұғымдарды түсіндіреді. Сондықтан біздің жұмысымыздың тақырыбы: Ауыл тұрмысындағы экономикада баланы қалай оқуға ынталандыруға болады?
Зерттеудің өзектілігі
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Қазақстан-2030» бағдарламасында елдің жедел экономикалық дамуы үшін жаңа инновациялық экономиканы әртараптандыру және қалыптастыру жөнінде шаралар кешенін іске асыру және экономиканың өсуі мен бірге халықтың әл-ауқатын жақсартуды көрсетсе, ел экономикасын өркендетіп, мемлекетіміздің алпауыт елдермен қатар дамып, алға басуына жол ашты. Жылма-жылғы Елбасы Жолдауының ауыл тұрмыс тіршілігіндегі орындалуы. Ауылды жерлерде мал шаруашылығын өркендетуді, егін шаруашылығын дамытудың жолдарын айқындап берді. Осыған орай ауыл экономикасындағы тұрмыстағы отбасылық экономиканы зерттеп мектеп оқушыларының экономикалық білімін, тәрбиесін, адамгершілік қасиетін, отбасындағы кіріс-шығыс, қаржы, еңбекақы, нарық, обал, сауап т. б. ұғымдарды меңгергендігін анықтау. Оған қоса «Баланы қалай оқуға ынталандыруға болады?»(14. 02. 2011 ж. Қ. Әдібаев) ұсыныс-пікірлері бойынша мәселере қарастырылып, зерттеу жұмысының өзекті тақырыбы деп айтуға болады.
Зерттеудің мақсат-міндеттері
Зерттеудің негізгі мақсаты-Зайсан ауданы, Қарабұлақ ауылдық әкімшілігіне
қарасты Қарабұлақ ауылында тұратын отбасылардың экономикалық дамуына талдау жасап, экономикалық сипаттама беру. Мақсатқа сай төмендегідей міндеттер қойылады:
- Ауылдың демографиялық ахуалы;
- Ауылдың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері
- Отбасындағы экономика
Зерттеу нысаны
Қарабұлақ ауылдық әкімшілігіне қарасты отбасылардың экономикалық тұрмыс тіршілігі
Зерттеудің әдістері
-Қазақстан-2030 бағдарламасымен Елбасы жолдауының орындалуын сипаттап жазу;
-Қажетті материалдарды жинақтау;
-Зерттеу жұмысына қатысты отбасыларына бару;
-Оқушылар арасында пікір-талас, тәрбие сағаттарын өткізу, ата-аналар оқуында талдау;
-Оқуышылар арасында, ата-аналар арасында сауалнама жүргізу.
Зерттеудің теориялық-практикалық маңызы
Зерттеу нәтижелерін мектеп бағдарламасында экономикалық сабақта, экономикалық тәрбие сағаттарында, сыныптан тыс іс-шараларды өткізуге қосымша материал ретінде пайдалануға болады.
Зерттеудің жаңалығы
Зерттеу жұмысқа Қарабұлақ ауыл әкімшілігіне қарасты отбасылардың тұрмыс тіршілігі экономикалық хал-ахуалы, бала тәрбиесіндегі экономикалық тәрбиенің берілуі, баланың оқуға жауапкершілігі мен ынтасы неде деген сұраққа жауап табылады.
- Ауылдың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіші
ХХІ ғасыр өркениетке ұмтылған тәуелсіз еліміздің өрлеу ғасыры. Қазақстан Республикасы алдында тұрған міндеттер алға қойылған мақсатта әлеуметтік бағыттағы жоғарғы тиімді экономиканы қалыптастыру әлемдік кеңістікте өз орнын табу экономикалық тәуелсіздікті қамтамасыз ету халық шаруашылығында жоғары дәрежелі еңбек өнімділігіне жету, жоғарғы технологияны пайдалану, халықтың тұрмыс дәрежесін көтеру, түрлі меншік иелеріне барынша жол ашу, нарық талабына сай кәсіпкерлікке қол жеткізу туралы Елбасының әр жылдардағы жолдауында нақты көрсетіледі.
Ендеше еліміздің болашағы көркейіп, өркениетті елдер қатарына қосылып, халықаралық деңгейге шығу бүгінгі ауыл бейнесінен көрінеді. Ауылдарға қолдау көрсету үшін үкімет тарапынан бөлінген мол қаржы үлкен рөл атқарады. Ауылдық аумақтарды дамыту 2004-2010 жылдардағы Ауыл 2003-2005 жылдардағы бағдарламалары көптеген шараларды атқара бастады. Ауыл бағдарламасы ауыл халқының қозғаласына әсерін тигізді. Ауылымыздағы кәсіпкерліктің даму деңгейі көтерілді.
Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестік Балық Продукт Восток зауыты, ет комбинаты, түрлі ұсақ сауда дүкендері ашылды, шаруа қожалықтары көбейді. Бұл нысандардың ашылуы нарықтық экономика кезінде халықтың сәлде болса, әл-аухатына әсері болды. Жұмыссыздардың саны азайып, жұмысқа орналасты. Салыстырмалы түрде 2009-2010 жылдардағы ауылдың әлеуметтік экономикалық даму көрсеткішіне тоқталып, зерделесек
Демографиялық ахуал:
Жыл басына
Көшіп келген
Көшіп кеткен
Жұмыссыздық туралы мәліметтер
Ауылда бұл жұмыссыздардың тіркелгені ғана, ал тіркелмегенін зерттегенде әр отбасында 2-3 адамды есептегенде 78 адам анықталды. Мұның ішінде жалдамалы, уақытша жұмыс істейсіндер 26.
Оралмандар туралы мәліметтер
Қарабұлақ ауылдық әкімшілігіне қарасты жер көлемі:
Ауыл шаруашылығына бекітіліп, берілген жер көлемі - 99493 га.
Оның ішінде
Егіндігі-4467 га
Шабындығы-3698 га.
Жайылымдығы-9951 га құрайды.
2009-2010 жылдары егілген егін шаруашылығы жайында зерттелген жұмыс
Ауыл экономикасының басым бөлігінің негізгі саласы-ауыл шаруашылығы болып табылады. Қарабұлақ ауылдық округіне 117 шаруа қожалығы ауылшаруашылық жерлерімен толық қамтамасыз етілген.
2009 жылы барлық игерілуге тиісті жер көлемі - 935 га болса, 2010 жылы - 930 га болады.
2009-2010 жылдардағы егілген егін көлемінің көрсеткіштері төмендегідей:
930 га егістіктің 706 га егіліп, жоспар 75 пайызға орындалған. Жоспардан 224 га кем егілген. Ауылда суармалы жер жеткілікті. Осыған орай астықты өткізетін жер болмағандықтан және себу науқаны кезінде қаржымен, техникамен, тұқыммен, жанар-жағармаймен қамтамасыз етілмегендіктен қолдағы бар байлықты суармалы жерлерді толық пайдалана алмаған. Келешекте игерілмеген суармалы жерлерді толық пайдаланып, аудан кәсіпкері Б. Нұрасыловқа бір ауысымда 120 тонна бидайды өңдеп, 90 тоннаұн шығаратын алуға болады екен. Ауыл тұрғындары шаруа қожалықтарының егін шаруашылығында қауіптенетіні, алынған өнімді қайда сақталатының білмей қиналатындығында. Сондықтанда суармалы жердің игерілмей қалатын себебі осы екен. Бұл да ауыл экономикасының дамуына кері әсерін тигізеді.
Мал шаруашылығы бойынша зерттеу жұмысының қорытындысы:
Ауылдағы 2009-2010 жылдары меншік мал басының өсуі, салыстырмалы түрде:
Мал басының қарқыны негізінен де жылқы малынан байқалып отыр. Қой-ешкінің азаюына, мал арасындағы бруцулез ауруы себеп болған.
Жоғарыда айтылғандай ауылда 12456 бас қана қой-ешкі өсірілуде. Кезінде ауылда 60-70 мың қой өсірген Қарабұлақ халқы үшін бұл мал өте аз. Бұл да ауылдың әр отбасының экономикасындағы тіршіліктің төмендігін көрсетеді. Сондықтан шаруа қожалықтары да, жеке меншік иелері де ұшан теңіз жайылымдық жерлерді пайдаланып, қой-ешкі басын өсіруге күш салуы қажет деп ойлаймын. Себебі, ауылдағы әрбір үшінші тұрғын күнделікті тамаққа базардан ет сатып алмас еді. Егер ет өзінде болса, азын-аулақ тапқан қаражаты үнемделер еді.
Ауылда мемлекет тарапынан бөлінген жәрдемақы алатын отбасыларын зерттегенде: 2009-2010 ж. салыстырмалы түрде
Жыл көлемінде 12 отбасы 44 адам 384, 8 мың теңге алды. 99 отбасы 285 бала 18 жасқа дейін төленетін 3471, 3 мың теңгенің жәрдемақысын алды.
Қазіргі таңда мемлекет дағдарысты бағындырып, дамуға қарай бет бұрыс жасағанда, ауыл тұрғындары әл-ауқатын арттыруға айтарлықтай үлкен мүмкіндіктер бола тұрса да, сәл қиыншылықтардан жасқану баршылық. Сол себепті «жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші бірігіп, әр отбасы қолынан келгенше, іскерлік кәсіпкерлікті дамытып, береке-бірлікпен ауылымыздың экономикасын дамытуға өз үлестерін қоса алатындай, толық жағдайлары бар екеніне көзім жетті. Зерттеу барысында ауылдың экономикалық әлеуметтік жағдайын қорытындылай келе ауылдағы жұмыспен қамтылғандар:
Жұмыспен қамтылған отбасы - 366
Мектепте-95
Емханада-10
Әкімшілікте-13
Мәдениет үйінде-6
Мал дәрігері-3
Балық зауыты-125
Мұнайда-60
Почтада-2
Байланыс бөлімі-1
Электрик-1
Әртүрлі шаруада-50
Ауылдағы әлеуметтік төлемақы алатындарды зерттегенде:
Зейнеткер жасына жетіп, зейнетақы алатындар-204
Мүгедектігіне байланысты-81
Асыраушысынан айырылғандар-20
Әртүрлі жәрдемақы алатындар-42
Ауылдағы дәрігерлік амбулаторияда әртүрлі ауру-сырқаулармен диспанцерлік есепте тұрғандар:
18 жасқа толмағандар -62
Әртүрлі жастағы адамдар-438
Сонымен қатар ауылда 1 терапевт дәрігер жетіспейді.
Ауыл экономикасын 2011 жылы дамытуға, бюджеттен бөлінген қаражат мөлшері:
Ауылды жарықпен қамтамасыз етуге-230 мың
Ауылды елді-мекендердегі тазалық жұмыс үшін-230 мың
Көгалдандыруға -700 мың
Қыста көшені қардан тазартуға -200 мың
Ауылдың әлеуметтік экономикалық саласын зерттей келе анықталғаны Жұмыссыздықтардың көптігі, суармалы егіншілік жерлердің игерілмеуі, жеке меншік мал бастарының азаюы, жергілікті үй маңындағы бау-бақшаны өсіріп, пайдаланбауы, жұмыс табылған жағдайда 45 жастан асқан адамдардың жұмысқа қабылданбауы, оқу бітірген жас мамандардың ауылға келмеуі, кадр мәселесіндегі жұтандық. Осындай жағдайлар зерттеліп-зерделенді. Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақтыі іргесін бірге қалаймыз» жолдауын оқи отырып, Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығына қадам басу үшін ауыл тұрғындарының жеделдетілген экономикалық жаңартуды «Жол картасы» негізінде ауылға қажетті білімді мамандық алып, іскерлік кәсіпкерлікті дамыту керек.
2. 2. Ауыл тұрмысындағы экономикада баланы оқуға қалай ынталандыруға болады?
14. 02. 2011 жылы Достық, Егемен Қазақстан газеттеріне шыққан зейнеткер ағамыз Қ. Әдібаевтыі «Баланы қалай оқуға ынталандыруға болады?» деген мақаласы бойынша сыныпта тәрбие сағаттарын өткізіп, пікір-талас, талдау жүргізілді. Осы пікір - таласына 7-11 сынып оқушылары арасында сауалнамалар жүргізілді. Бұл сауалнамаға 174 оқушы қатысты.
Оқушылар «Сабақты жақсы оқығаның үшін ата-анаңнан ақша алғың келе ме?»-деген сауалға:
1. Иә-0
2. Жоқ-167
3. Білмеймін-7
Біз оқушы сауалнамасымен қоса, ата-аналармен де сауалнама жүргіздік. Сауалнамаға 118 ата-ана қатысты. Біз оларға «Отбасыңыздағы ақшаны қалай үнемдейсіз?»-деген сауал қойдық. Оған:
1. Үнемдемеймін-9
2. Ақша жетіспейді-7
3. Қарызға аламын-102
Сауалнама.
Ақшаны қалай үнемдейсіз?
Ыдырышев Елдардың анасы Назира. Көп балалы ана.
-Дағдарыстың қиыншылығы бізге де батып тұр. Азық-түлік қымбаттады. Балаларыма алған киімдерім арзан, бірақ кейіс бермейді. Отбасында бірінің киімін бірі киеді. Мен де үнемдейтін ақша да болмайды.
Түсіпова Розаның әкесі Талғат:
-Мен балаларымның азық-түлігі үшін ақша аямаймын. Балаларым жақсы жүрсе екен деймін. Өзім малшымын. Бұрын ай сайын киім алушы едік, қазір бар тапқанымызды тамаққа жұмсаймыз.
Шаймарданова Ұлжанның анасы Зумрад:
-Үйде екеуімізде жұмыс істемейміз. Қолдағы азын аулақ малымызбен жан сақтаймыз. Екі қызым студент. Барлық жағдай ақшаға тіреледі, қысыламын, қарыз аламын, төлеймін тағы басқа.
14. 02. 2011 жылғы Қ. Әдібаетың «Баланы қалай оқуға ынталандыруға болады?» деген мақаласын оқыдыңыз ба деген сауал ата-ана, жұртшылық арасында қойылды. Бұл сұраққа:
1. Оқыдым-80
2. Ата-ана оқуында естідім-46
3. Оқығам жоқ-13
Осындай сауалнама жүргізілгеннен кейін ауылдың әлеуметтік экономикалық құрылымын зерттей келе, көп балалы отбасы, аз қамтылған отбасы, жұмыссыз отбасының хал-ахуалы, әлеуметтік жағдайы, экономикалық кіріс-шығыстарына зерттеу жұмыстары жүргізілді.
Көп балалы отбасы Құнанбаев Ризабек. Отбасында 6 бала бар, Оның үшеуі мектепте оқиды, үшеуі мектепке дейінгі жаста.
Еңбек жалақысы-25000
Жәрдемақы-9 240 теңге
Шөп-2 прицеп 3 теңге
Көмір-6 тонна 36000 теңге
Жем-5-6 мешок 5-6000 теңге
Энергия қуаты, телефон-5000 теңге
Су-700 теңге
Дәрі-дәрмек-3000 теңге
Маусымдық киім-кешек-оқу форма - 15-17000 теңге
Оқу құралдары -7-8000 теңге
Құнанбаев Ризабек отбасында бір өзі ғана жұмыс істейді. Жолдасын мәдениет үйіне қажетіне қарай 2 сағаттық жұмысқа шақырады. Наурыз айындағы отбасының кіріс шығысын есептегенде 1 айда 42240 теңге кіріс кірген, ал шығысын есептегенде 123700 теңге болды. Бұл отбасында баланы оқуға ынталандыруға, әр бестік бағаға ақша төлейтін жағдайы жоқ екені анықталды.
Шоланбаев Серік жұмыссыз. Отбасында 5 бала бар. Оның екеуі мектепте, біреуі Өскеменде тереңдетілген лицей мектебінде оқиды. Бір баласы мүгедек, үйден оқиды. Ал, біреуі мектепке дейінгі үйде.
Азық-түлік-35000 теңге
Май, қант, күріш, рожки, ұн, нан, шай, ет Күніне 1200 теңге
Энергия қуаты-1000 теңге
телефон-1000 теңге
Көмір- 3 теңге
Шөп- 3 теңге
Оқу құралдары -6-7000 теңге
Киім-кешек- 1 балаға 2, 5 теңге
Дәрі-дәрмек-1 теңге
Шоланбаев Серіктің отбасындағы әлеуметтік жағдайын зерттегенде, кірісі 1 теңге. Бұл балаларына, баласының мүгедектігіне төлейтін жәрдем ақша. Ал шығысы 155 000 теңге болды. Бұның көпшілігі қарыз.
Байсалханов Жансерік-аз қамтылған отбасы. Ол отбасында бір өзі ғана жұмыс істейді. Отбасында 7 бала бар. Оның екеуі тұрмыста. Біреуі қалада оқуда. Екі баласы мектепте оқиды, ал екеуі мектепке дейінгі жаста. Мектепте оқитын бір баласы ауырады.
Еңбек жалақысы-39000 теңге
жәрдемақы-9 000 теңге
Азық-түлік-4 теңге
Қарызданып алады.
Күніне 5800 теңге
Энергия қуаты-1500 теңге
Оқу құралдары, дәрі-дәрмек қарызға алынады.
Байсалханов Жомарт Жансеріктің отбасындағы әлеуметтік экономикалық жағдайын зерттегенде кірісі -48000 теңге, ал шығысы - 124800 теңге. Мұның көпшілігі қарыз.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz