Кім күшті? ертегісіне арналған 2-сынып әдебиеттік оқу сабақ жоспары

Мұғалім: Маденова Орынкүл Тілеуқұлқызы

Пәні : Әдебиеттік оқу

С ыныбы : 2 « Б», № 101 орта мектеп

Сабақтың тақырыбы : Кім күшті ?

Сабақтың мақсаты :

Білімділік : Мәнерлеп оқу дағдысын нығайта түсу, сұраққа толық жауап беруге машықтандыру, шығармадағы негізгі ойды таба білуге дағдыландыру.

Тәрбиелік : Оқушыларды еңбексүйгіштікке, адалдыққа, адамгершілікке баулу, ұйымшылдыққа, табиғатты қорғауға, аялауға тәрбиелеу .

Дамытушылық : Топтағы жұмыс арқылы шығармашылықпен жұмыс жасай отырып, дүниетанымын кеңейту, өз пікірін ашық, еркін қорғай алу дағдыларын қалыптастыру.

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, баяндау, сұрақ - жауап, ой қозғау, топтық әдіс .

Сабақтың типі: Жаңа білім беру .

Түрі : Сайыс сабақ .

Техникалық құралдары : Слайдтар, интерактивті тақта .

Сабақтың барысы :

1 . Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды 3 топқа бөлу .

Білімділер тобы

Тапқырлар тобы

Ойшылдар тобы

Психологиялық дайындық :

Бес болсын алар бағамыз,

Білімнен бақыт табамыз!

2 . Үй тапсырмасын тексеру .

Өлеңді мәнерлеп оқу, «Жер бетінде су жойылып кетсе, онда . . . » деген ойды жалғастырып жазып, су туралы мақал жаттап келу .

Оқушылардың жауаптарын тыңдап, мадақтау.

Үй тапсырмасын бекіту .

3 топ бір - біріне сұрақ қою арқылы сабақты қорытындылау .

3 . Жаңа сабақ .

Қызығушылығын ояту .

  • Балалар, қараңдаршы бізге қырғауыл деген құс қонаққа келіпті. Ол жәй келмепті, сендердің білімдеріңді тексеруге келген екен, өзі де тапсырмалар дайындап келіпті . Қалай балалар, оның тапсырмаларын орындауға дайынбыз ба ?

Оқушылар жауабы:

  • Олай болса бірінші тапсырмасы мына бейнелі сөзді шешу қажет екен.

Интерактивті тақтадан бейнелі сөз шығады.

Кім күшті?

4. Мағынаны таныту.

  • Жарайсыңдар балалар, сонымен бұл бейнелі сөз - бүгінгі біздің жаңа сабағымыздың тақырыбы «Кім күшті ? » ертегісі екен .

- Балалар кітаптарыңның 174 - бетін аша қойыңдар .

- Сендер ертегі дегеніміз не екенін білесіңдер ме ?

- Ертегі дегеніміз - шындық пен қиялдан туындаған халық ауыз әдебиеті шығармаларының бір түрі екен .

  • Ал, күшті деген сөзді қалай түсінесіңдер ?
  • Күшті дегеніміз - денсаулығы мықты, күші көп деген мағынаны білдіреді екен .
  • Бұл ертегіні, Қырғауыл құсымыз өзінің басынан өткерген оқиғаны көрсетпекші болып алып келіпті . Олай болса барлығымыз тақтаға назар аударып, ертегіні тамашалайық .

Интерактивті тақтадан «Кім күшті ? » ертегісі қойылады.

- Балалар ертегі ұнады ма ?

Оқушылар жауабы.

  • Олай болса сендердің қалай тыңдағандарыңды тексеру үшін қырғауыл сұрақтар дайындап әкелген екен, соған жауаптар берейік, жарай ма ?

Интерактивті тақтадан сұрақтар көрсетіледі .

  • Неліктен құмырсқа бәрінен күшті деп ойлайсың?
  • Адам күшті болуы үшін не істеуі қажет?

5. Оқулықпен жұмыс.

Жарайсыңдар балалар, өте жақсы . Енді келесі тапсырма :

Ертегіні мәнерлеп, түсініп оқу керек екен .

3 топтан оқушылар мәнерлеп оқиды .

- Жарайсыңдар, балалар өте жақсы . Енді балалар, ертегіні сахналап қойып көрейікші .

3 топтан балалар шығады .

6. Сергіту сәті.

Шығу үшін шымыр боп,

Шынығамыз шаршамай .

Бұлшық еттер шымыр боп,

Аламыз сосын тосын жәй .

Ал балалар енді қырғауыл 3 топқа бөлек - бөлек тапсырма бергісі келіп тұр екен .

1 - топ : Құмырсқаға мінездеме беру .

2 - топ : Күшті адамға мінездеме беру .

3 - топ : Қырғауылға мінездеме беру .

Ой толғаныс .

3 топ мақал айтып сайысады .

7 . Дәптермен жұмыс.

  • Жарайсыңдар балалар, енді мына мақалды оқиықшы:

Күшіңе сенбе,

Ісіңе сен .

Балаларға мақалдың мағынасын түсіндіріп, дәптерлеріне көшіріп жазып алулары керек екенін айтамын.

Дәптерімізді алайық,

Салақтықтан қашайық.

Қолға қалам алайық,

Көркем етіп жазайық !

8 . Жаңа сабақты бекіту, бағалау .

- Сонымен балалар біз бүгін қандай ертегімен таныстық ?

- Ертегі қалай басталады ?

- Кім кімнен мықты екен ?

- Ең мықтысы кім болды ?

  • Енді балалар әр топтың жинаған жұлдызшалары мен төртбұрыштарына қарап бағалаймыз.

Интерактивті тақтадан қырғауыл көрсетіледі.

  • Балалар, қараңдаршы қырғауыл сендерге риза болып, өз еліне қайтып бара жатыр, оған не айтамыз .
  • Сау бол!

- Жарайсыңдар балалар, енді үйге тапсырма : Ертегіні мәнерлеп оқып, мазмұнын айту . Мазмұны бойынша сурет салу .

  • Сабақ аяқталды, сау болыңыздар!

Ұқсас жұмыстар
2-сынып әдебиеттік оқу сабағы: Сақина ертегісіне арналған сабақ жоспары
2-сынып әдебиеттік оқу сабағы: Қасқыр мен түлкі ертегісіне арналған сабақ жоспары
2-сынып әдебиеттік оқу сабақ жоспары: Мұзафар Әлімбаев - Кім жомарт? Не жомарт?
Кім болғым келеді: 2-сыныпқа арналған мамандықтар туралы әдебиеттік оқу сабағы
2-сыныпқа арналған әдебиеттік оқу сабағы: Мұзафар Әлімбаев - Кім жомарт? Не жомарт?
3-сынып: Құмырсқаның қанағаты ертегісіне арналған әдебиеттік оқу сабағының оқу-әдістемелік жоспары
4-сынып: Ыбырай Алтынсариннің Қарабатыр ертегісіне арналған әдебиеттік оқу сабағының қысқа мерзімді жоспары
2-сынып әдебиеттік оқу сабағы: Амандасу салты - сабақ жоспары
2-сынып әдебиеттік оқу пәнінің сабақ жоспары: Бесік жыры
2-сынып Әдебиеттік оқу: Қ. Рысбекұлының Бекзат мәтіні бойынша сабақ жоспары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz