№12 балабақша мектепалды даярлық тобына арналған коррекциялық ойын-жаттығу Орманға саяхат - психолог Мадиярова К., Ақтөбе облысы, 2010-2011 оқу жылы

Шалқар аудандық білім, дене шынықтыру және спорт бөліміне

қарасты № 12 балабақша

Орманға саяхат

Коррекционды ойын-жаттығулар

Мектеп алды даярлық тобы.

Психолог: Мадиярова К.

Ақтөбе облысы

Шалқар қаласы

2010-2011 оқу жылы

Мақсаты: Балалардың білімдерін бекіту. Ұжымдасу сезімдерін дамыту. Коммуникативті біліктілікті дамыту. Икемділікті, жылдамдық процестерін дамыту. Бірлестік қабілеттерін, топта жұмыс істеу қабілеттерін арттыру. Байланыстық және монолыгтық сөйлеуді дамыту. Зейін, қабылдау, ойлау, естіп -есте сақтау және қиялдарын дамыту.

Қажетті құралдар: Орамал, бұтақтар, жапырақтар, доп, хаттар, суреттер, сандар, телефон.

Балалар қатысымы: 20 бала

Уақыты: 30 минут

Психолог: Сәлеметсіздер ме, балалар! Бугин біз орманға саяхатқа барамыз. Балаларды сиқырлы орамалмен жабамын. 10 ға дейін санап, терең демалып, дем шығару(тыныс алу жаттығуы) .

(әуен ырғағымен)

Міне, бәріміз ормандамыз. Орман салқын екен. От жағып жылынайық. Ол үшін ағаш бұтақтарын, жапырақтарды жинаңдар. Бұл жинағандарың аздау, себебі, отымыз лаулап жану үшін, бір-бірімізге деген мейірімімізді, жүрек жылуымызды, ыстық күлкімізді беруіміз қажет. Олай болса шеңберге тұрайық. Мен өз жүрегімнің жылуын, күлкімді, көршіме сыйлай отырып, келесі күлкіні жаға отырып, жақсы көңіл-күй беремін. Енді бір-бірімізідің қолымыздан ұстап, жылуымызды беру арқылы отымыз жарқырап және лаулап жанады. Қолдарымызды жоғары көтеріп, бір-бірімізіге жақындап тұрайық. Ыстық жалынды сездіңдер ме? Жылындыңдар ма?

Балалар жауабы:

Ойын -жаттығу: «Біз орманға барамыз»

Мақсаты: Моториканы дамыту.

Әуен ырғағы ойналады.

Психолог: Ой, балалар мен балабақшаға қайта оралу үшін айтатын сиқырлы сөзді ұмытып қалдым. Енді не істейміз?

Балалар жауабы:

Психолог: Балалар мүмкін орманда бізден басқа біреулер бар шығар. Дауыстап көрейік.

Жаттығу: «Жаңғырық»

Мақсаты: Естіп қабылдауды дамыту, жолдастарына деген қызығушылықтарын арттыру.

(Шырша жанында жатқан хатты алу)

Психолог: Мына хаттың ішінде орман аңдарының ойын тапсырмалары бар екен. Сол тапсырмаларды орындасақ балабақшаға қайта баратын сиқырлы сөзді табады екенбіз, балалар. Тапсырмаларды орындау үшін әртүрлі сынақтардан өтеміз. Тапсырмаларды орындаймыз ба?

Балалар жауабы:

Қоянның тапсырмасы:

Ойын: «Айта ғой»

Мақсаты: Зейінді дамыту.

Қажетті құрал: Доп

Психолог: Допты лақтырып, қағып алған балаға сұрақ қояды.

Мысалы: Жыл мезгілдерін айта ғой.

Қазір жылдың қай мезгілі?

Арайдың көйлегінің түсі қандай? т. б. с.

Қасқыр мен түлкінің тапсырмасы.

Ойын: «Суреттерді жина»

Психолог: Орманда қасқыр мен түлкі ренжісіп қалыпты. Себебі, «А» және «Б» әріпінен басталатын суреттерді бөле алмай шатасыпты. Суреттерді бөліп алуға көмектесеміз бе?

Балалар жауабы:

Кірпінің тапсырмасы:

Жаттығу: «Телефон»

Психолог: Балалар сиқырлы телефонның тетіктерінде жазулы тұратын сандары түгел емес екен. Ол сандар шыршаларда ілулі тұр екен. Сандарды алып, дұрыс орналастырайык. (Балалардың тапсырманы орындауы)

Психолог: Балалар, біз бәріміз аңдардың тапсырмаларын орындадық. Орманға саяхат ұнады ма?

Балалар жауабы:

Психолог: Осымен саяхатымыз аяталды. Балабақшамызға қайта ораламыз . Сау болыңыздар!


Ұқсас жұмыстар
Мектепалды даярлық тобына арналған Пішіндер әлеміне саяхат ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Мектепалды даярлық тобына арналған тәрбие сабағы: Достық (Алға ауданы, 2012-2013 оқу жылы)
Мектепалды даярлық тобына арналған логика негіздері вариативтік оқу бағдарламасы
Ақтөбе облысы Шалқар қаласының Қарлығаш балабақшасындағы 2011-2012 оқу жылы Күзгі бал сайысының сценарийі
Мектепалды даярлық тобына арналған тіл дамыту сабағы: Жабайы аңдар (№3 Қарауылкелді орта мектебі, 2013-2014 оқу жылы)
2010-2011 оқу жылының ересектер тобына арналған Өзін-өзі тану пәнінің күнтізбелік тақырыптық жоспары
Мектепалды даярлық тобына арналған ашық сабақ: Балықтар
Мектепалды даярлық тобына арналған тіл дамыту сабағы: Көктем
Оқжетпес орта мектебінің 2010-2011 оқу жылындағы 12 жылдық білім беру экспериментінің оқу-әдістемелік жұмысы
Көрікті көктем: мектепалды даярлық тобына арналған оқу қызметін ұйымдастырудың технологиялық картасы №11
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz