Лондон тақырыбы бойынша 9-сыныпқа арналған ағылшын тілі қысқа мерзімді сабақ жоспары

Қысқа мерзімді жоспар Пән мұғалімі: Шаукебаева Индира Актасбаевна

ПӘНІ
Ағылшын тілі
КЛАСЫ
9
ПӘНІ: ТАҚЫРЫП
Ағылшын тілі: London.
МАҚСАТЫ
Оқушыларды Лондонның көрнекті жерлерімен таныстыру, грамматикалық жаттығулар орындау арқылы шақтарды есте сақтау, ағылшын тілінде сөйлеуге дағдыландыру, ағылшын тілінде ойлау қабілеттерін дамыту. Өзге ұлтты құрметтеуге, өз Отанын сүюге және өзара сыйластыққа тәрбиелеу. Ақпаратты өз бетінше меңгеруге үйрену, топта бірлесе жұмыс жасай білу, сыни ойлауға үйрену, мәселенің шешімін таба білу, АКТ бойынша ақпаратты түсініп, өңдей алу, қалыптастырушы бағалауды үйрену арқылы өзін-өзі реттеу.
МАҚСАТЫ: КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕ
Оқушыларды Лондонның көрнекті жерлерімен таныстыру, грамматикалық жаттығулар орындау арқылы шақтарды есте сақтау, ағылшын тілінде сөйлеуге дағдыландыру, ағылшын тілінде ойлау қабілеттерін дамыту. Өзге ұлтты құрметтеуге, өз Отанын сүюге және өзара сыйластыққа тәрбиелеу. Ақпаратты өз бетінше меңгеруге үйрену, топта бірлесе жұмыс жасай білу, сыни ойлауға үйрену, мәселенің шешімін таба білу, АКТ бойынша ақпаратты түсініп, өңдей алу, қалыптастырушы бағалауды үйрену арқылы өзін-өзі реттеу.:

Оқушылардың жаңадан өтілетін сабақты өткен тапсырманы қайталап отырып, қалай меңгергендерін жан- жақты білімдерін өзектендіре алады;

әңгімені өз бетінше оқып, мазмұнын ұғына алады;

жекелей жұмыс жүргізу әдісі бойынша, оқушының ой- өрісін дамыта алады;

өз ойларын еркін жеткізе біледі;

сөздік қорын кеңейте алады;

кластастарымен қарым-қатынасы қалыптасады;

сындарлы сөйлей білуге ынталанады;

ағылшын тілінде ойлау қабілеттерін дамыта алады;

адамгершілік сезімдерге тәрбиеленеді;

оқушыларды жеке, топпен жұмыс істеуге, шапшаңдыққа, тапқырлыққа тәрбиеленеді;

оқушылар өздерінің қабілеттерін дамыта алады;

өзін-өзі бағалай алады, өз жұмысын кластастарының жазғанымен салыстырып, өзін-өзі реттей алады;

ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолданып, ақпаратты таңдай алады.

КЕЗЕҢДЕРІ
МҰҒАЛІМ ӘРЕКЕТІ
ОҚУШЫ ӘРЕКЕТІ
ДИФФЕРЕНЦИАЦИЯ
БАҒАЛАУ
РЕСУРСТАР
КЕЗЕҢДЕРІ:

Ұйымдастыру кезеңі

(2 минут)

МҰҒАЛІМ ӘРЕКЕТІ: Психологиялық тренинг өткізу арқылы оқушылардың көңіл- күйлерін, білім алуға деген құлшынысын біледі. «Әлем шарлау» ойыны арқылы топтарға бөледі.
ОҚУШЫ ӘРЕКЕТІ: Таңдап алған суреттері (көрнекті жерлер, карталар, заттар) негізінде топқа бөлінеді.
ДИФФЕРЕНЦИАЦИЯ: Психологиялық күйлерін жеткізіп топқа бөлінеді.
БАҒАЛАУ: Смайликтер.
РЕСУРСТАР: «Сын тұрғысынан ойлауды дамыту сыныпта тиісті орта жасауды талап етеді» (A. Crawford, E. W Saul, J. Makinster, 2005)
КЕЗЕҢДЕРІ:

Қызығушылықты ояту

(3 минут)

МҰҒАЛІМ ӘРЕКЕТІ:

Сабақ тақырыбын баяндап, мақсатымен хабардар етеді.

Оқушыларға Лондонның көрікті жерлерімен таныстырады.

ОҚУШЫ ӘРЕКЕТІ:

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын ұғынуға тырысады.

Әуен ырғағына бөлініп, өзге елдің әсемдігіне ой жүгіртеді.

ДИФФЕРЕНЦИАЦИЯ:
БАҒАЛАУ: Үш шапалақ
РЕСУРСТАР: Бейне баяннан үзінді көрсету.
КЕЗЕҢДЕРІ:

Мағынаны тану

(25 минут)

МҰҒАЛІМ ӘРЕКЕТІ:

Топтарға әңгімені оқуды ұсынады, бағыт береді. Әр топқа оқу барысында тапсырма береді: 1-топ- ескі Лондон; 2-топ - жаңа Лондонды оқуды ұсынады.

Топта талқылау жүргізуге бағыт береді.

«Менің Қазақстаным» әнінің бейне баянын көрсетіп, Қазақстанның көрнекті жерлеріне шолу жасайды.

«Венн диаграмманы» толтыруға бағыт береді.

ОҚУШЫ ӘРЕКЕТІ:

Әр топ берілген тапсырма аясында

өз жұмыстарын талқылайды. Өз пікірлерін білдіреді. Топтар өзара зерттеушілік әңгіме жүргізеді: «бәлкім», «мүмкін», «солай емес пе» және т. б. сөздерді қолданады.

Әркімнің туған жері мысыр шаһары екеніне ой жүгіртеді.

Топтар екі жаңа ұғымды салыстырады, екі ұғымның ортақ қасиеттерін табады.

ДИФФЕРЕНЦИАЦИЯ: Жекеленген оқушыларға көмек
БАҒАЛАУ: «Екі жұлдыз, бір тілек»
РЕСУРСТАР:

Оқулық

Бейне баяннан үзінді көрсету.

АКТ

КЕЗЕҢДЕРІ:

Рефлексия

(10 минут)

МҰҒАЛІМ ӘРЕКЕТІ: 15 сұрақтан тұратын тест орындауға бағыттайды.
ОҚУШЫ ӘРЕКЕТІ: Тақтаға дайын жауаптар көрсетіледі, оқушылар дәптерлерін жұп бойынша алмастырып тексереді.
ДИФФЕРЕНЦИАЦИЯ:
БАҒАЛАУ:

Өзара бағалау.

Рефлексия жүргізу.

РЕСУРСТАР: АКТ
КЕЗЕҢДЕРІ: Сабақты қорытындылау
МҰҒАЛІМ ӘРЕКЕТІ:

Үйге тапсырма беру: « Лондонның көрнекті жерлері» тақырыбында эссе жазу.

« Қазақстанның көрнекті жерлері» тақырыбында эссе жазу.


Ұқсас жұмыстар
Are you fit? тақырыбы бойынша 9-сыныпқа арналған ағылшын тілі пәнінің қысқа мерзімді сабақ жоспары
9-сынып ағылшын тілі пәні Art тақырыбы бойынша қысқа мерзімді сабақ жоспары
8-сыныпқа арналған ағылшын тілі: Тағам тақырыбы бойынша қысқа мерзімді сабақ жоспары
10 «В» сыныпқа арналған ағылшын тілі: Лондон қаласының көлік түрлері және сын есім шырайлары (қысқа мерзімді сабақ жоспары)
8-сыныпқа арналған ағылшын тілінде математика пәні: тіктөртбұрыш тақырыбы бойынша қысқа мерзімді сабақ жоспары
9-сыныпқа арналған Мамандықтар тақырыбы бойынша ағылшын тілі сабақ жоспары
9-сыныпқа арналған арифметикалық прогрессия тақырыбы бойынша қысқа мерзімді сабақ жоспары
2-сыныпқа арналған ағылшын тілі бойынша қысқа мерзімді сабақ жоспарлары (2015)
2-сыныпқа арналған Қазақ тілі пәні: Мұхитарал тақырыбы бойынша қысқа мерзімді сабақ жоспары
6 «А» сыныпқа арналған ағылшын тілі пәнінен қысқа мерзімді сабақ жоспары: Өзіңді тексеру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz