5-сыныпқа арналған ашық сабақ: Бұрыштың түрлері және есептер шығару

Солтүстік Қазақстан облысы
Аққайың ауданы
№3 Смирнов орта мектебі
Тақырыбы: « Бұрыштың түрлері
(есептер шығару) »
(ашық сабақ)
5-сынып
Дайындаған: Аязова Л. С.
2009-2010 оқу жылы
Сабақ тақырыбы: Бұрыштың түрлері (есептер шығару)
Сабақ мақсаты:
- Оқушылардың «Бұрыш», «Бұрыштың түрлері» тақырыптары бойынша алған білімдерін тиянақтау, бекіту.
- Есеп шығару барысында ережелерді дұрыс пайдалана отырып, есте сақтау және логикалық ойлау, талдау қабілеттерін дамыту.
- Өз ойын қорыта отырып, жеткізе білуге, ұқыптылыққа, нақтылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Компьютер, интерактивті тақта, MS Power Point бағдарламасының көмегімен осы сабаққа арнайы дайындалған слайдтар (презентация) .
Пәнаралық байланыс: информатика, математика, тарих
Сабақтың түрі: Бекіту сабағы
Сабақтың барысы.
1. Ұйымдастыру кезеңі. Сабақтың мақсатымен оқушыларды таныстыру.
2. Үй жұмысын тексеру.
Бұрыш тақырыбы бойынша сұрақтар.
- Бұрыш дегеніміз не?
- Бұрыштың қандай элементтері бар?
- Бұрыштың өлшем бірлігі қалай аталады?
- Жазыңқы бұрыш неше градусқа тең?
- Транспортир не үшін қажет?
Презентация көмегімен келесі анықтамалар мен қасиеттерді қайталаймыз:
- Тік бұрыштың градустық өлшемі;
- Сүйір бұрыш;
- Доғал бұрыш;
- Толық бұрыш;
4. Бұрыштардың түрлері тақырыбына есептер шығару.
№1
- Жазыңқы бұрыштың 50%-ті, 25 %-ті нешеге тең?
- 150° -тың 30%-тін табыңдар.
№1479, №1480 тапсырма (кітаппен жұмыс)
Сөзжұмбақ
- Тік бұрыштың жартысы неше градусқа тең?
- Транспортир бұрышты өлшеуге арналған . . .
- Бұрыштың өлшем бірлігі
- 180°-қа тең бұрыш қалай аталады?
- Сүйір бұрыш 90°-тан . . .
5. Үйге тапсырма беру. §44. Бұрыштардың түрлері 299-бет
- Сабақты қорытындылау.
Сұрақ-жауап әдісімен бұрыштың анықтамасын және оның элементтерін, қайталап шығу. Оқушыларды бағалау.