Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Басты мақсат ақпараттық - коммуникациялық технологияларды жетік меңгеру және оқушыларға меңгерту

Шымкент қаласындағы №79 жалпы орта мектептің
информатика пәні мұғалімі Күздеубай Нұргүл Шаймырзақызының
«Жеті модульдің мазмұны» туралы рефлективтік есебі.
Мен оқу барысында көптеген мәліметтер алдым. Яғни жеті модуль бойынша
қалай оқыту қажеттігін үйрендік. Соның ішінде бірінші модульға тоқталар
болсам, білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдерді біз әрдайым
жандандырып, жанартып отыруымыз қажет. Қалай оқыту керек екенін түсінуіміз
қажет. Өмір бойы өзін-өзі оқытудың қажеттілігін мойындау және оның
әдістерін таңдау білім берудің негізі. Біз күнделікті өмірде білім алып,
білім алуды үйретуіміз қажет.
Оқыту барысында негізгі факторларға тоқталар болсам, оқушылардың білім
алу үдерісін түсінуі, нені оқу керектігін үйренуі, өзін-өзі реттеуі, оқу
нәтижелерін бағалауды игеруі. Оқушылармен жұмыс жасау барысында олардың
пайымдаулары, көзқарастары мен білім деңгейлерін анықтап алу қажет.
Оқушылардың нені игере, игере алмайтындығын бақылау арқылы әртүрлі
әдістерді пайдалана аламыз. Оқушылар өздері оқудың қажетті екенін, оны
өмірде де өз қажетіне қолдана білу керек екенін сезінуі керек. Сонда ғана
олардың оқуға деген ынтасы артады.
Егер де оқушы жаттап алатын болса, онда ол емтихан немесе сабақ
аяқталған соң ұмытып қалады. Сондықтан олар өздері оқудың қажеттігін
түсінуі қажет. Олар өздерінің алдыңа мақсат қойып, өз ойларын еркін айта
білуі қажет. Оқушылар өз ойларын айта алады, пікірлесе отырып, оқуды
түсінеді. Осы мақсатта біз өз оқу жүйемізді енгізуіміз қажет. Алда тұрған
жұмысты жоспарлау мен мақсат қоя білу арқылы, оқушыларды ынталандырамыз
және де оқушылардың барлығын, белсенді ете аламыз. Оқытуда бірінші баланың
өзін-өзі реттелуіне жағдай жасап, үйрету қажет. Оқушыны оқуда белсенді ету
үшін оның нені білетіні мен не білмейтіндігіне көңіл бөлуіміз қажет.
Оқушыға әртүрлі сұрақтар мен тапсырмалар беру барысында оларды орындауына
уақыт бөліп, тыңдап, түсіністікпен қарап, бірін-бірі оқытуына мүмкіндік
берген жөн. Сонда ғана оқытуда оқушылар өздеріне деген жауапкершілкті
сезінеді, өзіне деген сенімі күшейіп, оқуға деген белседілігі артады. Білім
үдерісінің нәтижелі болуы оқушының өздігінен меңгеріп, өзі үшін оқу
керектігін түсінуі болып табылады. Оқушылардың өткен тақырыптардан алған
білімі жаңа материалдарды игеруде бастау болатыны белгілі. Сондықтан жаңа
тақырыпты игерту барысында өткенмен байланыстырып, оқушылардың тақырыпты
ашуына септігімізді тигізуіміз қажет. Әр сабақта оқушылар сабаққа белсене
қатысады, бір-біріне кеңес береді, идеялармен алмасады, өз алдарына мақсат
қояды, өз пайымдауларын айтады, сұрақтар құрастырады, қателерін тексереді
және де олар қателер оқудың бір бөлігі екенін түсіне отырып, тәуекелге
барады. Яғни оқушыларда дағды мен білім қалыптасады. Оқушылар оқу
үдерісінде қызығушылықпен белсене қатысқан кезде ғана жаңа материалды терең
меңгеруіне жол ашылады. Осыған қарап бізде оқушы нені қалайтынын, не
жасағысы келетінін түсінуге тырысамыз. Көбінесе оқушыларға бірін-бірі
оқытуына мүмкіндік берген дұрыс. Бізде теориямен практика ұштасып жатады.
Оқушылар өз қолдарымен жасап көрсе, талқыласа, бір-біріне білім берсе көп
жетістікткерге жетеді. Дереккөздерге сүйенсек (Ұлттық оқу зертханалары,
Бефель, Мэн штаты, АҚШ) 50 пайыз талқылағанда, 75 пайыз практикада, 90
пайыз білім беруде есте жақсы сақталатынын көрсеткен. Мен бұл пікірмен
келісемін, өйткені өзімнің іс-тәжірибемде байқадым. Сабақ соңында
оқушыларға рефлекцияны ынталандыру, өз ойларын қорытып айту, алған
білімдерін қорытындылау үшін береміз. Бұның да өз кезегінде оқытуда көп
көмегі тиеді.Қазіргі заманғы қарқындап дамып келе жатқан үздіксіз білім алу
қажеттілігі бізден тәуелсіз оқи білу қабілетін талап етеді. Қорыта келгенде
оқу оқушылардың қалай ойлайтынын әрі оқитынын қадағалау, бағалау, бақылау
және өзгерту қабілетін дамытудан тұрады. Олар өздері оқудың әртүрлі
әдістерін түсіну арқылы, яғни өздеріне сұрақ қоя отырып, білім алуға
үйренеді. Мен іс-тәжірибе барысында осыған көз жеткіздім.
Сыни тұрғыдан ойлау – бақылаудың, тәжірибенің, ойлау мен талқылаудың
нәтижесінде алынған ақпаратты, ойлауға, бағалауға, талдауға және
синтездеуге бағытталған пәндік шешім екенін білеміз. Мен өз іс-әжірибемде
сыни тұрғыдан ойлау әдісін көп қолдандым. Ол оқушылардың ойлана білуіне, өз
оқуына таңдау жасау, басқалардың идеяларына күмәнмен қарау қабілеті ретінде
түсіндіріледі. Сыни тұрғыдан ойлау әдісі оқушының ойын дамытуға көп көмегін
тигізетінін байқадым. Мен сыны тұрғыдан ойлау әдісін көбінесе жаңа сабақтың
тақырыбын ашу мақсатында қолдандым. Сабақ барысында үй тапсырмасын
орындағаннан соң оқушылардың өздері жаңа тақырыпты ашуына байланысты
тапсырмалар беріп отырдым. Бұл әдіс оң әсерін беріп отырды. Сабақ барысында
кездескен сұрақтарды, кедергілерді қалай жою керектігін оқушылардың
өздерімен пікірлесу арқылы дамытып отырдым. Оқушыларға тақырыпқа қатысты
«Сен қалай ойлайсын?» дегендей сұрақтар бере отырып, олардың ойлау деңгейін
бақыладым. «Келешекте компьютердің қандай болғанын қалайсын?» деген сұрақ
қойғанымда, олар әртүрлі деңгейде жауап қайтарды. Практикалық жұмыс
барысында да қозғалыс әсерін қалай ұйымдастыру, суреттерді пайдалана отырып
әңгімелер құрастыру, логикалық есептерді шешуде олардың сыни тұрғыдан
ойлауы дамитынын байқадым. Әсіресе ортаға ой тастап отырсаңыз, олардың
сабаққа деген қызығушылығымен жауап беру кезіндегі белсенділігі артқанын
байқадым. Яғни сыни тұрғыдан ойлау әдісін сабақта пайдалану жақсы
жетістіктерге жеткізеді деген ойдамын. Мен өз іс-тәжірибемде байқағанымдай
оқушылардың пәнге деген, оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында
келешекте осы әдісті көбірек қолдансам деген ниеттемін. Өйткені оқушылардың
ойлау деңгейі әртүрлілігіне байланысты, әрқайсынан әртүрлі идеялар шығады.
Олар идеяларға күмәнмен қарай отырып, ақпараттың дұрыс немесе бұрыс
екендігіне қол жеткізеді. Пікір алмасады, өз пікірін дәлелдей алады. Қарама-
қарсы айтылған пікірлерді сыны тұрғыдан ойлай отырып, шеше алады. Дұрыс
және нанымды жауаптарды қайтаруды үйренеді. Дәстүрлі оқытуда біз көбінесе
оқушылардың ойларын тыңдай бермейміз. Олардың қалай ойлайтыны бізді
ойлантқан емес. Ал, осы сыни тұрғыдан ойлауды дамытуда біз олардың
пікірлерін тыңдап, өзгелердің де пікірін тыңдай білуіне жағдай жасаймыз.
Рас, бізде оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын дамытуға арналған тақырып бар,
сол кезде ғана оқушылармен ой бөлісіп, пікірлерін тыңдаймыз. Сыни тұрғыдан
ойлау әдісін өте аз мөлшерде пайдаланамыз, ендігі ойым келешекте осы әдісті
қолға алу. Әр сабағымда пайдаланамын деген ойдамын. Сыни тұрғыдан ойлау
баланың оқуға деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, кез келген нәсені
бақылап, талдай алатын, озық ойлы, білімді, өзін-өзі реттей алатын тұлғаны
тәрбиелеуде көп көмегін тигізеді. Мен оған сенімдімін, өйткені өткізген іс-
тәжірибемнің арқасында осыны байқадым. Келешекте осы әдісті пайданлана
отырып көптеген жетістіктерге жететініме сенімдімін.
Диалогтік оқыту білім сапасын арттыруға көп көмегін тигізеді деп
ойлаймын. Яғни диалогтік оқыту баланың білімін жетілдіруде көбірек
қолданылады. Біз көбінесе диалогтік оқытуды сұрақ – жауап ретінде
қолданамыз. Диалогтік оқыту тек қана информатика саласында емес барлық
пәндер үшін тиімді оқыту түрі болып табылады. Әсіресе тіл дамыту кезінде
немесе басқа тілді үйрену барысында көп көмегі тиеді. Өз пәніме қатысты
айта кетер болсам, бізде көпнесе теориямен практиканы ұштастырып оқытамыз.
Ы. Алтынсарин: «Балаға айтып түсіргеннен гөрі , қолымен ұстап, көзімен
көріп, мұрнымен иіскеп түсіндірген сабақ ұғымды » деген.
Яғни бала теорияны меңгерумен қатар тәжірибе жүзінде де қалай жасау
қажеттігін ұғынуы керек. Тәжірибелік жұмыс жасау барысында көптеген
сұрақтар туындайды. Оқушылар өзара пікірлері мен болжамдар айта отырып,
бірлесе жұмыс жасайды. Жұмыс жасау барыснда оқушыларға көптеген сұрақтарды
қоюға болады. Мысалы айта кететін болсақ кез келген сабақтың басталуы сұрақ
– жауаптан тұрады. Сұрақтардың берілуіне байланысты оқушының пәнге деген
қызығушылығын арттыруға болады. Яғни сабақ барысында «Оңай және қиын
сұрақтар» кестесін қолдау арқылы сұрақтар қояды. Оқушы мен мұғалім арасында
жақсы қарым-қатынас орнайды. Диалогтік оқыту оқушы мен оқушы арасында да
туындауы мүмкін. Мұнда оқушылар бір -біріне сұрақтар қояды. Бір-бірінің
жауабына қанағаттанбаса, қосымша да сұрақтар беруі мүмкін. Диалогтік оқыту
оқушылар арасындағы пікірталас кезінде көп туындайды. Мұнда оқушылар бір –
бірінің жауаптарына қосымша сұрақтар қоя отырып, өз пікірлерін қорғауға
қатысады. Оқушылар бір – бірімен әңгімелесу, яғни пікірлесу арқылы диалог
құрады. Сабақ кезінде оқушылар берілген тапсырманы орындау барысында бір-
бірімен сұхбат жүргізеді. Яғни талқыға салады. Ойдан ой туындайды,
идеяларын бөліседі, онысын дәлелдеуге тырысады, бір-бірімен келіспейтін
кездері де болып жатады, яғни өздерінің бойына сенімділік ұялап, сабаққа
деген ынтасы артып, өздеріне деген жауапкершілікті сезінеді. Мұның барлығы
диалогтік әңгіме болып табылады. Оқушыларға ойын кеңейтетін, яғни ойын
дамытатын тапсырмалар беріп отырсақ, онда олардың ойлау деңгейлерін
көтеріп, сөйлеу дағдыларын арттырамыз деген ойдамын. Сабақ соңындағы кері
байланыстың өзін де диалогқа жатқызуға болады. Олардың бұл сабақтан алған
білімдері мен сабаққа қатысты ойларын сұрау арқылы да біз диалог құрамыз.
Сабақ кезінде көпнесе мұғалімнің сұрақ қойғанынан гөрі оқушының оқушыға
сұрақ қойғаны дұрыс деп есептеймін. Өйткені оқушылар сыныптасының қойған
сұрағына қызығушылықпен жауап береді. Мұндай сәтте жауап дұрыс болмай
қалған жағдайда басқа жауап беретін оқушы бар ма деп мұғалімнің қайта
бағыттауына болады. Егер оқушылардың жауабы дұрыс болмай қалған жағдайда
сұрақ қойып отырған оқушы өз ойын ашық білдіріп, мысалдар келтіре отырып,
түсіндіріп береді. Яғни оқушылар арсында пікірлесу, әңімелесу, ой бөлісу
арқылы сабаққа деген қызығушылық артады, білім беруді қиындататын
қиындықтар мен түсінбестіктерді анықтайды, жояды.
Оқуды тиімді бағалау білім беру үдерісіндегі жаңа тәсілдердің
барлығымен байланысты. Бағалау оқыту барысында ілгерілеу қадамдарын
айқындау мен қолдау көрсету үшін қажет. Оқушылар алға қойған мақсатқа жету
үшін, сол мақсатқа жету өлшемдерін түсінуі қажет. Өйткені кез келген істі
жасған кезде оған критерийлер қойып, сол талаптар арқылы өзін-өзі
бағалайды, мен осы қойылған талаптарға сай жұмыс жасадым ба?, қандай
дәрежеде орындадым? – дегендей сұрақтарды өздеріне қойып, жақсы жетістікке
жетуге, алға қарай ілгерілеуге қадамдар жасайды. Бағалау – одан арғы, білім
алу туралы нәтижелерін жүйелі түрде жиынтықтауға бағытталған қызметті
белгілеу үшін қолданылатын термин деп нұсқаулықта көрсеткен. Яғни, бағалау
оқыту мен білім берудің ажырамас бөлігі екенін білеміз. Сондықтан біз
оқытуды бағалау білім беруді жетілдіру болып табылатынын түсінуіміз қажет.
Ия, бағалаудың мақсаты қандай мақсатта, кім үшін, қалай өткізу қажет
екендігін түсінгендігінде? Оқу үдерісінде әр кезде әртүрлі бағалауды
қолданамыз. Егерде тестілеу болса, балдық жүйені пайдаланамыз, ал жазба
жұмысы болса, басқаша әдістерді қолданамыз. Бағалаудың екі түрі
қарастырылған: формативті бағалау және жиынтық бағалау. Формативті бағалау
оқыту үшін бағалау болып табылады да, ал жиынтық бағалау оқытуды бағалау
болып табылады. Жиынтық бағалауды оқудың қорытындысын шығаруда, оқудың алға
ілгерілеуін тіркеу мақсатында қолданамыз. Оқыту үшін бағалауда оқушы өзін-
өзі реттеу арқылы өз білім деңгейін бағалайды, білімін жақсартады, сабаққа
деген белсенділігі артып, қызығушылығы оянады, өзін-өзі, бірін-бірі
бағалауды үйренеді. Мен өз іс-тәжірибемде көбінесе оқушыларды өзін-өзі,
бірін-бірі бағалауына баса назар аудардым. Өйткені оқушы өзін-өзі реттей
отырып, өз білім деңгейін анықтайды, өз білімін басқалармен салыстыруды
үйренеді. Қате кеткен жерлерін түсініп, әділ бағалауды үйренеді,
дағдыланады. Бағалау оқушылардың өзі-өзінің, басқалардың ойлары мен жұмыс
жасауын бақылау болып табылатындықтан оқушы өзінің ойлауын, түсінуін,
тәртібін қадағалап отыруды үйренеді, дағды қалыптасады. Мұны іс-тәжірибе
жасау барысында байқадым. Балаларға әртүрлі бағалау әдістерін қолданып
көрдім. Мұндағы мақсатым, оқыту үшін бағалауда қайсысы ыңғайлы. Алғашында
бағалау кездерінде кішкене қиындықтар болды, айтар болсам оқушылар өздеріне
жоғары баға беріп, бірін-бірі көтермелеп қулық жасады, бірақ бұл алғашқы
кезде ғана орын алды. Сабақ барысында оқушылар бағалаудың маңыздылығын
түсінді. Мысалға алар болсам, топтардың бірін-бірі бағалауы, марапаттауы.
Олардың сөз мәнері, идеялары, өз ойларын дұрыс жеткізе алуы, тәртіптері,
алтын ережені сақтауы т.б. қарастырылса, бірін-бірі бағалағанда дәптерде
жазылған жауаптарының дұрыстығына, қатесіз жазылуына, яғни критерийлерге
сүйене отырып бағаласа, ал өзін-өзі бағалағанда оқушыда әртүрлі сұрақтар
туындайды. Мен өз ойымды жеткізе алдым ба?, жауабымның дұрыстығына нақты
дәлелдер келтіре алдым ба?, қаншалықты?, мен жаңа тақырыпты қандай деңгейді
меңгердім?, қаншалықты белсенділік таныттым?, өзгелердің пікірін тыңдай
алдым ба?,неге үй тапсырмасын орындауда салғырттық таныттым?. Осының
нәтижесінде бала жауапкершілікті сезінді, өз білімін жетілдіру қажеттігін
түсінді, талдау жасауды, өз білімін басқалармен салыстыруды, білім алу
барысында шешімдерді қабылдай білуді үйренеді, дағдыланады. Білімін
жақсарту үшін бағауды түсінді. Оқушыларды бағаламас бұрын ол оқушы нені
біледі, нені білмейтінін анықтап алу қажет. Көбінесе тапсырманы бере
отырып, олардың іс-әрекетін, өзара әңгімелерін, пікірлерін, жауаптарын
тыңдап, бақылап отырдым және де оқыту үшін бағалау қорытындысына сүйене
отырып, баланы ары қарай дамытуды ойластырдым. Оларға білім алу үшін
бағалауды үйренуі қажет екенін, ол өзінің білімін жақсартуына көмекші
екеніне талдау жасалынды. Бұл ары қарай өзінің нәтижесін, білім деңгейін
көтеру үшін не істеу қажеттігін түсінуіне мүмкіндік береді. Қорыта келгенде
бағалаудың оқушылардың өзін-өзі бағалауы, оқуға деген қызығушылығын
арттырып, білім алуға көп көмегін тигізеді, өздерінің оқуын қалай
жақсартуға болатынын түсінеді.
Қазіргі уақытта білім беру үдерісінде ақпараттық –коммуникациялық
технологияларды қолдану қажеттілігі туып отыр. Осыған байланысты білім
берудегі әдіс-тәсілдер жаңарып отырады. Ақпараттық-коммуникациялық
технологияларды пайдалану қазхіргі кездегі заман талабы болғандықтан оған
басты назар аударуымыз қажет. Жаңа ақпараттық технологияларды білім беру
үдерісінде қолдану біршама жетістіктерге апаратын жол. Яғни ақпараттық-
коммуникациялық технология білім беруде маңызды құрал деп айтсақ та болады.
Басты мақсат ақпараттық-коммуникациялық технологияларды жетік меңгеру және
оқушыларға меңгерту. Ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолдану
мұғалімге де оқушыға да қолайлы. Біз сабақта теория мен практиканы
ұштастырамыз. Бұл екеуі бір-бірімен өзара тығыз байланыста болады.
Тәжірибелік жұмыс жасау барысында бала теориялық білімін шыңдайды.
Конфуций: «Маған айтып берсең – ұмытып қаламын, көрсетсең – есте сақтаймын,
өзіме жасатсаң - үйренемін» деген. Конфуций айтпақшы бала қолымен жасағанда
ғана жақсы түсінеді, есте сақтайды. Сондықтан да сабақта АКТ пайдалану
қажеттілігі туындайды. АКТ-ні тек қана сабақ кезінде ғана емес, сабақтан
тыс уақытта да қолданамыз. Өйткені кез келген деректерді интернеттен
алуымызға мүмкіншілігіміз бар. Қазіргі кезде қашықтан оқыту тәсілі қолға
алынған. Яғни кез келген АКТ-ны меңгерген адам қашықтан оқи алады, білімін
шыңдап, әрі қарай жетілдіре алады. АКТ-ны сабақта қолдану оқушылардың
белсенділігін, қызығушылығын арттырады, сыни ойлауға, басқалармен ой
бөлісуге, өз тәжірибесін шыңдауға, АКТ пайдалану машықтарын арттыруға
көмектеседі. АКТ-ны оқушыларды бағалау кезінде де қолдандым. Қазіргі
уақыттағы activote құралы осының айғағы. Бала тест сұрақтарына activote
құралын пайдалана отырып, жауап береді де, нәтижесі автоматты түрде экранда
көрсетіледі. Бұдан басқа электронды оқулықтар мен тесттер жетерлік. Мұның
барлығын оқушы өз кезегінде пайдалана алады. Өз білім деңгейін анықтап,
салыстырып отырады. Оқушылардың да технологиялық білімдері міндетті түрде
болуы қажет. Оқушы қолданбалы программалармен, браузермен, электронды
поштамен жұмыс жасай алады. Сабағымда АКТ-ны қолдану міндетім, өйткені
күнделікті өтетін сабағымыз АКТ-мен байланысты. Сабақта АКТ-ны қолдану
арқылы оқушылардың ақпараттық құзіреттілігін қалыптастыру бірінші орынға
қойылған. АКТ-ны қолдану нәтижесінде оқушылардың өз бетімен ізденісі,
қызығушылығы, белсенділігі, сенімділігі артады. Оқытуда білім
технологияларын интеграциялау менің іс-тәжірибемнің дамуына үлкен үлес
қосады деп ойлаймын. АКТ-мен жұмыс жасауда кездескен кедергілер мектептің
техникалық базасы болды. Балаларға АКТ-ны пайдалануда қажетті жерде ғана,
орнымен пайдалана білу, қауіпсіздік ережесін есте сақтау керектігін айтып
отыру қажет. Интернетте отырған кезде де өзі туралы, мекен-жайы, телефоны
т.б. туралы мәліметтерді құпия ұстауды, яғни жеке ақпараттарды сақтауды
үйрету қажет. Дарынды және талантты оқушылардың да білімін шыңдауда осы АКТ-
ның қосар үлесі мол. Оқушылардың көшбасшы болуына да АКТ мүмкіндік береді.
Өйткені оқушы үйінде басқа программаларды өздігінен меңгереді де оны
сыныптастарына көрсетіп, қандай мүмкіндіктері бар екенін түсіндіре отырып,
оларды үйретеді. Яғни АКТ-ны пайдалануда барлық әдістермен кіріктіруге
болатынын байқадым.
Оқушының дарынды және талантты екенін қалай анықтаймыз? Ол қандай
талантымен көзге түседі? Бала кей кездері қабілетті, ал кей кездері мүлдем
қабілетсіз болуы мүмкін. Баланың бойынан талантты байқай отрып,
мұғалімдердің, ата-аналардың, достарының пікірін тыңдай отырып, ары қарай
дамуына ықпал жасауымыз қажет. Жас балаларға өз талантын көрсету қиынға
соғуы мүмкін. Дарынды балаларды әр түрлі жағдайда анықтауға болады. Баланың
бірі өзін көрсетіп, алға ұмтылса, ал біреулері өз ойын қорытып
жинақтағанмен өзін көрсете алмайтындары бар. Менің өз сабақтарыма тоқталсам
баланың жұмыс жасау барысын бақылау арқылы оның икемділігін, қабілетін
байқаймын. Кехз келген тәжірибелік жұмыс жасату кезінде оны байқау қиынға
түспейді. Тағы бір байқағаным дарынды бала өз өйын салмақтап, қалай жасау
қажеттігін ойланып, өзін-өзі реттеп алып, жұмыс жасайды, көп уақытын
жоғалтуы да мүмкін бңрақ жұмысы нақты, жүйелі болып шығады. Оқушының
дарындылығын үйге берілген тапсырманы тексеру барысында да анықтауға
болады. Әр түрлі программаларды интернеттен жүктеп алып, өздері үйренеді,
білмегенін сұрап, айтып отырады. Оның пәнге деген қызығушылығы басым
келеді. Яғни талантты және дарынды оқушылардың есте сақтау қабілеттері
жоғары, ақпаратты өз кезегінде пайдалана алады. Өз білімін жетілдіре
отырып, өзін-өзі реттей алады. Нақты жоспар құрып, кез келген мәселені
анықтай алады, шығармашыл, проблемаларды шешуде балама шешімдерді көріп,
дұрыс шешім қабылдай алады. Білім негізі бастауышта қалыптасады десек,
дарынды оқушы бастауыш сыныптан ақ байқалады. Қорыта келгенде барлық пәндік
сала бойынша қабілетті болмайды, бірақ басқа пәндерді жақсы оқуы мүмкін.
Дарынды және талантты балалардың ашылуына дарынды балаларға арналған
семинарлар, дебат-клубтар, өнер фестивальдері септігін тигізеді. Дарынды
бала ақпаратты саналы қабылдап, өмірмен байланыстырып қарай біледі. Дарынды
балаларды әрдайым қолдап отыру қажет. Қазақстаннның гүлденуі жас ұрпақтың
қолында.
Іс-тәжірибе жүргізу барысында оқушылардың физиологиялық, психологиялық
ерекшеліктеріне сәйкес тақырыптар бере отырып, олардың сол тақырыпты
қабылдауы, түсінуі, есте сақтауына мән бердім. Бұл жерде байқағаным әр бала
ақпаратты әртүрлі деңгейде қабылдайды екен. Балаларға тапсырма беру
барысында олар берілген білімді автоматты қабылдайды ма, әлде саналы түрде
ме деген сұрақ туындады. Күнделікті сабақта өтілген материалдарды сұрау
барысында оқушылардың көбісі автоматты түрде қабылдайтынына көз жеткіздім.
Яғни мен үшін бұл кедергі болып есептелінді. Бала оқуды белгілілі бір уақыт
аралығында ғана қажет деп түсінгендіктен бала бойында тек қана үй
тапсырмасын сұрағанда, емтихан тапсырғанда ғана ұмытпауымыз керек деген
түсінік қалыптасқандықтан болар. Қорыта келгенде бқл жеті модуль идеяларын
күнделікті әс-тәжірибемізге ендірсек, жоғарыда айтылғандай кедергілерден
мүлдем арылармыз деген ойдамын.

Ұқсас жұмыстар
Ақпараттық технология негізінде құзіреттілікті қалыптастыру
Ақпараттық технологияларды физиканы оқыту үрдісінде пайдалану - сапалы білім негізі
Интерактивті технологияны меңгеру
Ақпараттық технологиялар негізінде жаңа тұрпатты мұғалім даярлау
Оқушыларға тіл нормаларын меңгерту
Бастауыш сынып білім беру үрдісінде жаңа технологияларды қолдану
Технология пәнін оқытудағы ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың тиімділігі
Білімді бақылау
Орта мектептегі арнайы және көмекші (түзету-коррекциялық) сыныптарда оқушыларды жаңа ақпараттық технологиялар пайдалану
Тест бағдарламасы арқылы білімді тексеру
Пәндер