Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Табиғат анаға хат
Сабақтың тақырыбы: Сын есімнің емлесі
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік. Сабақты оқушылар өз белсенділіктерімен меңгереді, алған
білімдерін тәжірибеде пайдалана білуге үйренеді.
2. Дамытушылық. Оқушылар ойланады, шығармашылық ой-өрістерін жетілдіруге
ұмтылады, топтық, жеке жұмыс түрлерін орындайды.
3. Тәрбиелік. Тақырыпты меңгеру барысында бірлесіп жұмыс жүргізеді, өз
ойын батыл айта білуге, жүйелі, әдеби тілде сөйлей білуге дағдылану,
есте сақтау қабілеттері артады.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Әдісі: сын-тұрғысынан оқу мен жазу арқылы ойлау, топтық, жеке жұмыс, сұрақ-
жауап
Сабақтың көрнекілігі: қағидалар, плакаттар, үлестірме қағаздар, слайдтар
Сабақтың дәйексөзі: «Егер есіңе сақтау үшін үйренсең, ұмытасың.
Ал егер түсіну үшін оқысаң, есіңе
сақтайсың»
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
76-жаттығу тапсырмасы: Біржан сал туралы білетіндерін бір-біріне айту.
(хабарлама жасау)
ІІІ. Қызығушылықты ояту сатысы (мотивация). Осы мәтіннен құрамында сын
есімдері бар, 2 сөйлем жаздыру (тақтаға)
Мысалы: Солардың ішінде аса көрнектісі және жиынға қадірлі, сүйіктісі –
мынау қос ішекті домбыраны безілдетіп отырған орта бойлы, қызғылт жүзді,
кең маңдайлы, нұрлы жігіт.
А) Бұл сын есімдердің жасалуы туралы не айтасың? Өз ойыңды тұжырымдап
айт.
Ә) Басқа қандай сын есімдерді білесің? Мысал келтір. Қалай жазылады?
(қосарлану, қайталану арқылы жасалады, күшейткіш буындар арқылы жасалады)
IV. Енді экранға назар аударайық (слайд). Не жайында мәлімет аламын деп
ойлайсың? Сендердің ойларыңмен сәйкес келе ма? (Мұғалімнің қорытындылап
түсіндіру) 1. Қосарлану, қайталану арқылы жасалған күрделі сын есімдер
дефис (-) арқылы жазылады. Мысалы: жақсы-жаман, ұзынды-қысқалы, балалы –
шағалы, үлкен-үлкен, ұзын-ұзын, кішкене-кішкене т.б.
2. Күшейткіш буын арқылы жасалған күрделі сын есімдер дефис (-) арқылы
жазылады. Мысалы: жап-жасыл, сұп-сұр, кіп-кішкентай, әп-әдемі т.б. Тек ақ,
көк сөздері ғана күшейтпелі шырай тұлғасында аппақ, көкпеңбек түрінде
біріктіріліп жазылады.
3. Бірнеше сөздің тіркесуі арқылы жасалған күрделі сын есімдер бөлек
жазылады. Мысалы: қызыл ала, ұзын бойлы, қара торы, ал қара көк т.б.
4. Күшейткіш үстеу арқылы жасалатын күшейтпелі шырай тұлғалы күрделі сын
есімдер бөлек-бөлек жазылады. Мысалы: өте әдемі, тым жақсы, нағыз адал т.б.
V. Мағынаны тани білу сатысы. 78-жаттығу (слайд арқылы)
Аққозы Момыштың көп семізінің бірі екен. Тобықты ішінде Момыш бөлек
бітімді ру болады. Бұлар шетінен зор, семіз денелі, ақ сары, қой көзді,
кесек келбетті тұқым. Араларында сары мұртты, сары шашты, мөлдір көзді кәрі-
жасы көп кездеседі. Аққозы дәл осы тегіне тартқан. Ұзын бойлы, сақал-шашы
жиренге бейім, сап-сары, көзі мөлдір қара көк. Көтеріңкі мұрны шалқақтау
біткен. Басы, жақ-маңдайы молынан пішілген, бітімі келген жігіт. Жасы Абай
құрбылас екен.
(М.Әуезов)
А) Мәтінді оқу
Ә) Шығарманың авторы кім?
Б) Аққозы жайлы не білдің?
В) Кітапқа қарамай дене пішімін айтып шығыңдар
Г) Кейіпкердің бейнесін қалай суреттеген? (Кейіпкердің сөзбен салған
суретін портрет дейміз)
VІ. «Түртіп алу» (күшейтпелі сын есімнің емлесін ұғып ал)
79-жаттығу. Күн желсіз, тып-тынық. Тайлақбайдың бет-аузы қап-қара болып
түтігіп кетті. Айсыз кеш. Қоңырқай ағаш үйдің қорасында кап-қараңғы боп
тұнып қалыпты. (тақтаға жазғызу)
VІІ. Ойын «Бұл не?» (сөздерді жазу)
1. Жасыл, үюлі, шабылған (шөп)
2. Ұлпа, қалың, қырбақ (қар)
3. Суық, үскірік, өтімді (жел)
Сын есімге қай сөз табы көмекке келді? (зат есім)
VІІІ. Тірек сөздерді пайдалана отырып, Табиғат анаға хат жазу. (оқып, сын
есім жазғандарын айту) экраннан «Ақтоғайдың әсем табиғаты» слайдын көрсету.
Табиғат анаға хат
Табиғат ана, біз сіздің таза бұлағыңызды кірлетпей және ағашпен
таласа біткен ұзын шөптеріңді қорғап жүруге міндеттіміз. Қалың орманыңда
сайраған бұлбұлдар, ақ тиіндер әлі де шулап жүреді. Біз сенің топырағыңнан
жаралдық. Гүлдерің жұпар хош иіс беріп тұрады. Жас теректер жерге жайылған
кілемдей түрленген. Және де сіз бізге таза ауа бересіз.
Шахмұрат Сұлтан
Табиғат анаға хат
Уа, табиғат ана, мен сіздің әсем сұлулығыңызға тамсанамын. Сіздің
таза бұлағыңыз, жапырақтарыңыз, хош иісті гүлдеріңіз - бәрі-бәрі керемет.
Ағашпен таласа біткен ұзын шөптер мені қатты қызықтырады. Мен өзіңіздің
топырағыңыздан жаралдым. Бұл дүниеде жарық көргелі бері өзіңіздің аяңызда
жетіліп келемін. Сізге айтар алғысым шексіз. Сіз бізге бәрін сыйладыңыз.
Өмірді де, киім-кешекті де, ата-ананы да сыйладыңыз. Барлық
қажеттіліктерімізді сізден алып жатырмыз. Сізге көп рахмет. Сіз өте
мейірімді, қастерлі, сұлу жансыз.
Бақытжан Сәуле
Табиғат анаға хат
Табиғат ана, мен сіздің топырағыңыздан жаралдым. Сенің әсем жерлерің,
салқын самал желің әр адамға күш береді. Мен сенің таза бұлағыңа, жас
теректеріңе, таласа біткен ұзын шөптеріңе таң қаламын. Сенің құстарың,
сайраған бұлбұлдарың да адамға күш береді. Жайған кілемдей түрленген
жадыраған жазың әр жерден келген адамдарды таң қалдырады. Сондықтан мен
сұлулығыңа таң қаламын.
Рысқұлбеков Сайран
Табиғат анаға хат
Табиғат ана, біз адамдар сіздің топырағыңыздан жаралғанбыз. Сенің
жасыл жапырақтарың жайнаған кілемдей түрленген. Біз сен арқылы дүниеге
келдік, тіліміз жетілді, қазір ер жеттік. Сенің жадыраған жазың, жас
теректерің көздің жауын алады.
Әр адамның туып-өскен жері, атамекені, ел-жұрты сондай-ақ табиғат
байлықтары ерекше болады. Өз туған жерінің табиғатының тауы мен тасынан,
өзен-көлінен де, тіпті құмы мен шөлінен де әсем әуендер естуге болады.
Туған жерімнің табиғаты, міне, осындай тамаша!
Елетайтегі Гүлден
ІХ. Толғаныс (рефлекс). «Сен қандайсың?» (бір-бірінің жақсы қылықтарын
айту) Мысалы: Марат, маған сенің ақкөңілділігің ұнайды.
Х. Бекіту. Семантикалық картамен жұмыс.
|№ | |Қосарлану |Күшейткіш |Сөздің |
| | |арқылы |буын арқылы |тіркесуі |
| | |жасалған |жасалған |арқылы |
| | |күрделі сын |күрделі сын |жасалған |
| | |есім |есім |күрделі сын |
| | | | |есім |
| | | | | |
| | | | | |
| | | | | |
| | | | | |
| |Мысалдар | | | |
| | |А |Ә |Б |
|1 |Қызыл ала | | | |
|2 |Қара торы | | | |
|3 |Балалы-шағалы | | | |
|4 |Әп-әдемі | | | |
|5 |Орта бойлы | | | |
|6 |Жақсы-жаман | | | |
|7 |Кіп-кішкентай | | | |
|8 |Ұзын бойлы | | | |
|9 |Сұп-сұр | | | |
|10 |Қап-қара | | | |
|11 |Кең мандайлы | | | |
|12 |Ұзынды-қысқалы | | | |
|13 |Үлкенді-кішілі | | | |
|14 |Ақ сары | | | |
|15 |Жап-жасыл | | | |
ХІ. «Оқушы» сөзіне бес жолды өлең
оқушы
үздік белсенді
оқиды жазады, айтады
оқушы үйренеді, өзгені үйретеді
бала
оқушы
ақылды, мейірімді
оқиды, жазады, түсінеді
мұндай оқушы тәртіпті болады
шәкірт
Елетайтегі Гүлден
Оқушы
Тәртіпті, білімді
Жазады, оқиды, талдайды
Әрқашан мұғалімнің айтқанын тыңдайды
Шәкірт
Шахмұрат Сұлтан
ХІІ. Үйге: ереже оқу, тест сұрақтарын құрастыру
ХІІІ. Өздеріне бағалату (ойларын айту).
1. Саған бүгінгі сабақ ұнады ма? Несімен ұнады?
2. Кімдердің жауаптары ұнады?
3. Егер мұғалім болсан, қандай баға қояр едің?
Ұлпанның пікірі: Маған Балбөбектің жауабы ұнады. Егер мен мұғалім болсам,
Балбөбекке «5» қояр едім. Бірақ Балбөбек үнемі біліп отырса да қолың
көтермейді. Болашақта Балбөбек ширайды деп ойлаймын. Т.б.
«Бұл не?»
1. Жасыл, үюлі,
2. Ұлпа, қал
3. Суық, үскі
шабылған
ың, қырбақ
рік, өтімді
| |
| |
| |
| |
| |
| |
| |
| |
| |
| |
| |
| |
| |
| |
| |
| |
| |
| |
| |
| |
| |
| |
| |
| |
| |
| |
| |
| |
| |
| |
| |
| |
| |
| |
| |
| |
| |
| |
| |
| |
| |
| |
| |
| |
| |
| |
| |
| |
| |
| |
| |
| |
| |
| |
| |
| |
| |
| |
| |
| |
| |
| |
| |
| |
| |
| |
| |
| |
| |
| |
| |
| |
| |
| |
| |
,

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz