Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Баланың ашуын қалай жеңуге болады?



Жезқазған қаласы.  № 11 орта мектебінің
бастауыш  сынып мұғалімі
Төрехан Нұргүл Төреханқызы

Баланың ашуын қалай жеңуге болады?

Ата – анаға кеңес
Баланың ашуын қалай жеңуге болады
Әр ересек адам баланың ашуымен кездеседі. Осындай жағдайда сізге бөтен
адамдар қарап тұрғанда, өз-өзіңізді ұстай алмай қасыз. Қалай болу керек?
1. Естеріңізде болсын, қандай керемет ана болса да, осындай жағдайларға
тап болуы мүмкін, мәселе анасында емес, баланың мінез құлқында.
Балаңыздың ашуының себебін ойлаңыз:
- Сіздің балаңызға көңіл жетпейді, ол осындай жолмен сіздің
назарыңызды өзіне аударуға тырысады (осындай әдет тез жатталып, өскенде де
жиі қолданылады);
- Бала өзінікін істеткізіп, не сұраса соны беретінін біліп, сіздерге
манипуляция жасайды.
Манипуляцияны ажырата білу қиын, өз балаңызды бақылаңыз: қалай жылайды,
оның тынышталуына ненің көмектесетініне.
Егер сіз балаңыздың сізге манипуляция жасап тұрғанын ұқсаңыз, балаға
өзіңіздің ұнатпағаныңызды көрсетіңіз.
- Бала шаршады, тамақ ішкісі келеді, ұйқысы келеді: ол себепті
жоюыңыз керек сонда баланың ашуы басылады.
2. Егер ашу қызып тұрса, бала дем алу үшін тоқтаған кезде, сол уақытта сіз
қызықты әңгіме бастап, назарын өзіңізге аударыңыз.
3. Баланы алдыңызға алып, құшақтап, тынышталғанын күтіп, оған жаныңыздың
ашитынын түсіндіру.
4. Ашу кезінде ең бастысы өзіңізге ашуға түспеу. Өзіңіз шыдамды болып,
балаға жаныңыздың ашитынын түсіндіріп: «Мен сенің ашуыңды түсінемін,
өйткені біз саған сатып алған жоқпыз...», «Сен тынышталғанда, біз болған
жағдай туралы әңгімелесеміз».
Бала сізді бір айтқаннан түсінбейді, оны 20 рет қайталағаннан кейін, сіз
балаға жеткізесіз. Баламен сөйлесіңіз, не себептен сондай тәртіпсіз
қылықтар жасағанын.
5. 3-5 жастағы балалар үлкендердің дұрыс түсіндіргендерін түсіне алады.
Баланы кез-келген жағдайлардан жол тауып шыға білуін үйрету керек, түк
болмағандай жүре беруге де болмайды.
6. Сондай кезде сізге қарап тұр деген ойлардың бәрін ұмытыңыз, сол
адамдардың өздері де сондай жағдайда болған.
7. Сондай жағдайда өзіңізді де, баланы да кінәламаңыз.
Есіңізде болсын, сіздің балаңызды өзінен жақсы ешкім білмейді.
Қорытынды: баламен жиі әңгімелесіп, оның көңіл-күйін сұрап, қалаулары мен
қызығушылықтарын, міндеттерін талқылау.

Ұқсас жұмыстар
Сабыр түбі-сары алтын жайлы ақпарат
Ойын арқылы окушылардың ой-өрісін, тілін дамыту
Мақал-мәтелдер. 5-класс
Балаңызбен қарым - қатынасыңыз қалай
Кей оқушы
Оқуға құштарлық. 2 сынып
Екінші айналым
Қала көшелеріндегі қауіпсіздік
Әке, ана үш-ақ әріп тіршілік. үш әріптен үлбірейді гүл шығып
Мектеп психологы
Пәндер