Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Сайыстың түрі

Атырау қаласы,Жаңаталап селосы,
Жамбыл атындағы орта мектептің
Бастауыш сынып мұғалімі
Башиева Акерке Шамилқызы

Сайыстың тақырыбы: <<Талапты да, талантты оқушылар>> интеллектуалды ойыны.
мақсаты:
1. Оқушылардың жан-жақты білімін тексеру, пысықтау;
2. Ой-өрісін, танымдық белсенділігін дамыту, әр түрлі пәнге
қызығушылығын, шығармашылық қабілеттерін арттыру;
3.Тапқырлыққа, тез ойлауға,ортада өз ойын талқылауға баулу.
Сайыстың түрі: Интеллектуалды ойын.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, әр түрлі сұрақтар, тесттер.
Ойыншылар: 2 сынып оқушылары
Сайыстың жүрісі:
1-жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар мен қадірлі оқушылар!
Бүгінгі 2 сыныптарда өткізгелі отырған <<Талапты да,талантты оқушылар>> интеллектуалды ойынына қош келдіңіздер!
Қош келдіңіз талантты да тапқырлар,
Танытатын білімдерін сан қырдан.
Бүгінгі күн күтіп отыр сіздерді,
Көрінер деп бәйгенің биік шыңынан!

Қош келдіңіз көрермені сайыстың,
Жанашыры болыңыздар бұл істің.
Бастан - аяқ қошеметпен қатысып,
Талантты мен талаптыны табайық!

Сонымен қарсы алыңыздар ең талантты оқушылар!
Оқушылар хормен:
Талантты да талапты оқушымыз,
Білімді ой-санаға тоқушымыз.
Білімге иек артып сайысуға
Сайыстың төріне біз келіп тұрмыз!
2-жүргізуші: Бірі артып сыныбының намысын,
Бірі арқалап қоғамдағы жұмысын,
Бірі салмақ өз өнерін ортаға,
Өздерінің сенім артып ойына,
Енді бірі көркем сөздің шебері.
Шалқып отыр бүгінгі күн кемелі,
Білімінің бүгінгі күн жемісін
Келіп тұр-ау бұлардың да көргісі. -деп, біз ойынымызды бастаймыз.

1-жүргізуші:Ойынға қатысушы топтар
1. <<Тапқырлар>>
2. <<Алғырлар>>
Ойын кезеңдері:
1. Таныстыру: <<Мыңның жүзін білгенше-бірдің атын біл>>
2. <<Білегіңе сенбе, біліміңе сен>> <<Жұмбақ шешу!>>
3. <<Өнер алды-қызыл тіл>> мақал сайысы
4. <<Кім көп біледі?>>
5. <<Ойлан тап!>>
6. Ана тілі
7.Қазақ тілі
8.Математика
9. Дүниетану
2-жүргізуші:
1-кезең: Таныстыру: <<Мыңның жүзін білгенше-бірдің атын біл>>

Алғашқы кезең әрине таныстыру
Жақсы ғой мүшелермен таныс болу.
Екі жұлдыз,бір тілек,ізгі ниет.
Қошеметтеп баршаңыз ниет қылу.

<<Алғырлар>>
Армысыздар, ұстаздар мен оқушылар,
Білімді санасына тоқушылар.
Білімімен, өнерлерін ортаға сап,
Шықты міне, Алғырлар атты сайысшылар.

Топ атын алғыр қойған алғырлармыз,
Шетімізден білімді балғындармыз.
Топ жарып, алға шығып озып жатсақ,
Бұл қалай болды екен деп таң қалмаңыз.

Біздің топ ұраны: Нақты жауап, саналы шешім береміз,
Ұшқыр ой мен білімімізге сенеміз!

<<Тапқырлар>>
Топ атауы ойы жүйрік тапқырлар,
Жарыс көрсе күш - қуаты жалындар.
Логикалық тапсырмалар шешуде,
Алдыңғы топ қатарынан табылған.

Біздің топ ұраны: Тапқыр болу - ізгі арман, мұратымыз,
Талмасын әрдайым да қанатымыз!

1-жүргізуші:
Кім жеңді,кім жеңілді деп жүрмейік,
Әділ қазы бағасына жүгінейік.
Сайысқа баға беріп сөз айтатын,
Қазыларға төрден орын берейік!
Әділ қазылар алқасын төрге шақырамыз: Бибігүл апай,Айжарқын апай,Салтанат апай.
2-жүргізуші:
2-кезең: <<Білегіңе сенбе, біліміңе сен>> <<Жұмбақ шешу!>>
Сөз мәйегін жұмбақпен өрнектеген,
Астарын сөз бұйдалап суреттеген.
Ұшқыр ой қиялына жетелейтін,
Жұмбақ шешу кезеңіне кезек берем.

Жұмбақтар:
Білімнен мол сый-асы,
Балғындардың ұясы. (Мектеп)

Ақыл-ойдың шырағы,
Зәулім көктей шынары.
Биігіне бойлаған,
Қанбайды адам құмары. (Білім)
Білімнің жол басшысы,
Шәкірттің қолбасшысы Мұғалім)

Білімнің дәнін тереді,
Балаға тәлім береді. (Ұстаз)

Ұшымен қазық
Тор көзді жазық.
Үстіне өттім,
Асыл сөз жазып. (Дәптер)

Қырық екі жауынгер,
Сапын түзеп тұрады.
Бүлдіршіндер
Қауымды ел,
Сырын терең ұғады.( Алфавит)

Күміс алмұрт тілі бар,
Сыңғырлаған үні бар.
Шақыратын білімге,
Сағаты бар, күні бар. (Қоңырау)

Қабат-қабат қатталған,
Асыл сөзбен апталған.
Парағы бар сөйлейтін,
Ол қазына өлмейтін. (Кітап)

Бар білімнің бастауы,
Бар ғылымның бастауы.
Жас балаға нұр шашқан,
Қандай кітап тіл ашқан? ( Әліппе)

1-жүргізуші:
3-кезең: <<Өнер алды-қызыл тіл>> мақал сайысы:
Көп сөздің тобықтай бір түйіні бар,
Мақал сөзде көп сөздің түйіні бар.
Көп сөйлеп ауызыңды ауыртқанша
Мағынасын мақалдың ұғынып ал,-дей келіп мақал сайысқа кезек береміз:
Отан - (оттан)да ыстық,

Отансыз (адам ) -- (орман)сыз бұлбұл.

Отаны бірдің (жүрег)і бір,
(Жүрег)і бірдің тілегі бір.

Ауылым-алтын (бесігім)

Ел жасымен көрікті,
(Тау) тасымен көрікті,
Аяқ (асымен) көрікті.

(Ит) тойған жеріне,
(Ер )туған еліне.

Елде болса (ерінге )тиер,
Ауылда болса (ауызға )тиер..

Елдің күші- (елу) батпан.

Кеңеспен кескен (тон) келте болмас.

Сарала (қаз) көлін сағынар.
2-жүргізуші:
4-кезең: Кім көп біледі?
Кезек келді <<Кім көп білед>> кезеңіне,
Сұраққа жауап табу мезгілінде.
Ой ұштап, ой- қиялды дамытатын,
Беріледі сұрақтар кезегімен.

1. Қазақстанның тәуелсіздік алған жылы,күні? --------------------------------------------------------------------------------
2.Көкжиек тұстарын тұсбағарсыз қай жұлдызға қарап бағдарлауға болады? -------------------------------------------------------------------------------------
3.Қай құс жұмыртқасын басқа ұяға салады? (көкек)
4. Өсімдік қай мүшесімен тыныс алады? (жапырақ)
5. Қай аң қысқы ұйқыға жатады? (аю)
6. Елбасы күні - қай күн? (1 желтоқсан)
7.Өсімдіктің топырақ арасындағы мүшесі қалай аталады? (тамыр)
8.Орман емшісі атанған құс. (тоқылдақ)
9.Жылдың неше мезгілі бар? (4 мезгіл)
10. Түнде көзі жақсы көретін құс. (жапалақ)
11.Ата заңның қабылданған күні,жылы? (1995жыл 30 тамыз)
12.Астана қаласының құрылған күні? (1998жыл 6 шілде)

1-жүргізуші:
5-кезең: <<Ойлан,тап!>>
Ойлан тап логикалық-ой әлемі
Санамақтар шешетін ой елегі.
Есептеп шытырманын жұмбақ есеп
Ақырында табылады есептердің шешімі.
1.Отбасында 6 ұл бар.Әрқайсысының бір қарындасы бар.Отбасында қанша бала бар?
2.Бір арбаға жегілген 3 ат 3 км шауып өтті,Сонда әрқайсысы қанша километр шапты?
3.Төрт кісі пойыздың келуін 3 сағат күтті.Әрқайсысы неше сағат күтті?
4.4 мысықтың 4 балапанға қарағанда неше аяғы артық?
5.Үш картоп 10 минут піссе,жалғыз картоп неше минут піседі?
6.Әтеш алдымен 3 жұмыртқа,сосын тағы 2 жұмыртқа салды.Барлығы неше жұмыртқа салды?
2-жүргізуші:
6. Ана тілі:
Ана тілің арың бұл
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте.
1.Қазыбек бидің сөзін жалғастыр:
Алтын ұяң-Отан қымбат,
2.А.Құнанбаевтың <<Күз>> өлеңін жатқа айт:
3.М.Мақатаевтың <<Отан туралы>> өлеңін жатқа айт:
4.Ө.Тұрманжановтың <<Туған өлкем>> өлеңін жатқа айт:
5.Б.Соқпақбаевтың <<Шынықсын денеміз>> өлеңін жатқа айт:
6.Әйтеке бидің сөзін жалғастыр:
Бай болсаң,...

1-жүргізуші:
7. Қазақ тілі:
Қазақ тілі ана тілім өз тілім,
Туған тіл деп құрметтейміз біз бүгін
Қазақ тілін ұлығылап әрдайым,
Сараптауға сайыста біз дайын!
1. 42 әріптің жүйелі тізбегі қалай аталады? (алфавит)
2. Заттың атын білдіретін сөздерге қандай сұрақ қойылады? (Кім? Не?)
3. Батыр, ержүрек, батыл, ер - бұлар қандай сөздер?(Мәндес)
4. Сөйлем айтылу мақсатына қарай нешеге бөлінеді?(3)
5. Сөздің одан әрі бөлінбейтін мағыналы бөлігін не дейміз?(түбір)
6 .Сөз мағынасын өзгертетін қосымшаны не дейміз? (жұрнақ)
7. Өзім сөзден тұрамын,
Аяқталған ойды құрамын.(сөйлем)
8.Көбелек сөзіне дыбыстық талдау жаса
9.Жапырақ сөзіне дыбыстық талдау жаса
10.Буын түрлерін ата: Ашық буын,тұйық буын,бітеу буын
11.Етістіктің сұрақтары? ( не істеді? Не қылды? қайтті?)
2-жүргізуші:
8.Математика:
Математика- ойлантады,ойнатады,
Оқушыны қызықтырып тартады.
Ойы жүйрік балалар әрқашан да,
Жүзден жүйрік екенін танытады.

1.Кел ойнайық! Кестедегі өрнектер мәнін тапсақ жыртқыш азулы аңның атын оқи аламыз!
36-4
ж
65+20
л
70-30
о
45+20
р
100-50
а
24+12
с
48-10
б
34-4
ы

32
40
85
38
50
65
30
36
ж
о
л
б
а
р
ы
с

2. Теңдеу шешу:
а+8꞊98 а-5꞊40

3.Тез есепте!
97-5 7+6
73+20 94-4
89-8 9+8
90+3 62+30
11-7 24+30
62+30 90+3
8+6 80+5
4.Өрнекте:
38 см꞊□дм □см 43 см꞊□дм □см
95 мин꞊□сағ □мин 76мин꞊□сағ □мин

1-жүргізуші:
9. Дүниетану:
Дүниетану-ғажайыптар әлемі,
Тылсым дүние ғажайыбы көп әлі.
Танып-білу қоршаған орта әлемін
Бала үшін ой-қиялдың әуені.

1.Табиғат дегеніміз не?
2.Өлі және тірі табиғатқа нелер жатады?
3.Адам,жануар,өсімдік тіршілігі үшін не қажет?
4.Көкжиек тұстарын ата:
5.Тұсбағарды не үшін қолданамыз?
6.Ауаның негізгі қасиеттері:
1.Көзге көрінбейді
2.түссіз
3.иіссіз
4.дәмсіз
7.Су табиғатта қандай күйде кездеседі?
1.Сұйық
2.Қатты
3.Газ (бу)
3.Судың қасиеттерін ата:
1.Түссіз,мөлдір,иіссіз.
8.Өсімдік топтарын ата:
1.бұта
2.шөп
3.ағаш
9.Өсімдік мүшелерін ата:
1.Тамыр
2.сабақ
3.жапырақ
4.Жеміс
2 - жүргізуші:
Сайыстың ақыры да таяп қалды,
Топтағы өрендер де шаршап қалды.
Сайыстың қорытындысын білу үшін,
Қазыларға сөз кезегін ұсынады.

1 - жүргізуші:
Жарайсыңдар барлығың да өренім,
Асып - тасып төгілді ғой кемелің.
Риза болды қатынасқан көрермен,
Сайыстағы бар қызықты көргендер.

2 - жүргізуші:
Қош болыңдар, тыңдаушылар, көрермен,
Шықтық - ау деп ойлап тұрмыз көңілден.
Сайысымыз аяқталды бүгінгі,
Өрелі ой, жұмбақ сөзден өрілген.
Қош сау болыңыздар!

Ұқсас жұмыстар
Сайыстың ұраны
Сайыстың шартымен таныстыру
Іскер тобы, Шебер тобы
Сайыстың көрнекілігі
Жүрек қан-тамыр аурулары
Тапқыр достар. 2-сынып
Математикалық брейн-ринг сыныптан тыс шарасының жоспары
Әділқазылар алқаларымен таныстыру
Сайыстың кезеңдерімен таныстыру
Жүзден жүйрік 2-4 сыныптар арасында жарыс
Пәндер