Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Соғыс концептісі

Рудный қаласы
«№19 орта мектебі» ММ

Кеулхосов Сүлеймен

7 «А» сынып оқушысы

Мұқағали Мақатаев лирикасындағы«Соғыс» концепциясінің көрінісі

Жетікшісі: қазақ тілі мен
әдебиет пәні мұғалімі
Усманова А.Қ.

Рудный қаласы
2011-2012 оқу жылы

Мұқағали Мақатаев лирикасындағы
«Соғыс» концепциясы
Қазіргі казақ поэзиясының эстетикалық байлығы мол, көк жиегі кең. Ал
қазак ақындарының әркайсысы, шын мәніндегі дарын ретінде, қайталанбас
шығармашылық тұлға ретінде дара-дара. Сондай жеке дарындардың бірі —
Мұқағали Мақатаев.
Мұқағали - біздің дәуіріміздін 60-70 жылдарындағы қазақ поэзиясының
шоқтығын биік көтерген дарын. Әдебиет есігін алғаш ашқан жылдардан-ақ жыр
әлеміне үлкен дайындығын танытқан, халқымыздың ауыз әдебиетінің бай
мүраларынан терең сусындап, шабытына талмас қанат байлай келген ақын.
Мұқағали Мақатаев ақындық шеберлігін когнитивтік тұрғыдан зерттеу
барысында оның поэтикалық тілі ешкімге ұқсамайтын даралығымен ерекшеленіп
сөз құдіреті арқылы ақын көрікті, әсем, сұлу сөз бейнелер жасап, әрбір
сөзді ойнатып беру қабілетінің жоғарылығын таныдық. Сөз бейнелердің
көріктілігі, әсемдігі, сұлулығы, мағыналылығы, айқындылығы – ол қолданған
айшықтау-көріктеу құралдарының негізінде жатыр.
«Бір өлеңі – бір елдің мұрасындай» ақын поэзиясы адамның ішкі жан
тереңін, нәзік сезімдерін шынайы да әсем бейнелейді.
Мұқағали лирикасының тілін қарастырғанда назар аударатынымыз оның
халық тілі байлығын, оның мүмкіншіліктерін қаншалықты пайдаланғанын, әдеби
тіліміздің дамуына қосқан үлесін, өзіндік қолтаңбасы мен өрнегін
саралаймыз.
Жалпы ақиық ақынның лирикасын оқып отырып, біз оның «жүрек», «тағдыр»,
«адамгершілік», «кәрілік» концептілерін және«қайғы мен қуаныш»,«өмір мен
өлім», «дос пен қас», «ақ пен қара» сияқты бинарлы концептілерді ашық түрде
бергендігін көре аламыз. Біз ақынның өлеңдерін оқып отырып, тағы бір
концептінің бар екендігін көре алдық. Ол «соғыс» концептісі. Мұқағали
«соғыс» концептісін тажалға теңей отырып, оның қақаған қысын қытымыр шал
деп суреттейді.

«Соғыс» концептісі «Бейбітшілік» концептісіне қарама –қарсы ең басты
концептінің бірі. Соғыс,қырғын,алапат,апат қан төгіс мәніндегі этномәдени
менталдық ұғымды білдіреді.
М.Мақатаев қай такырыпқа қалам тербесе де өлең жолдарында казақ
халқының макал-мәтелдерін, ырым, нанымдық қасиеттерін бейнелеп отырған.
Қазақ халкының ұлтгық болмысын танататын мақал-мәтел, ырымдар, бейнелі
сөздер Мұкағали Макатаев жырларының маңызын тереңдетіп, мағынасын арттыра
түседі. Мұндай ұлттық көрініс, әсіресе, ақынның «Қырқыншы жылдардағы бесік
жырынан» деп аталатын өлеңінде көптеп кездеседі.
«Кебін киген өледі,
Кебенек киген келеді»
Майданға көкең кеткенде,
Осылай бәрі деп еді.
Әлди, әлди, бөпем-ау,
Бәрі де бекер екен-ау!
«Сабыр да түбі-сары алтын»
Сарғайып қашан жетем-ау?!
Қазақ халкында бесік өзінің касиетімен ерекшеленеді. Ананың әлдиін
естіп, бесіктен тәрбиеленген бала бойында ұлттық рух қалыптасады, ақын осы
қасиетті жыр бойында суретті сөздермен шебер өрнектей білген.
Ақын М. Мақатаев ұлттык ерекшелікті соғыстың ертерек бітуін тілеген
бала бейнесі арқылы да танытады. Қазақ халкында баланы періштеге теңеген.
Сәбидің тілегі қабыл болады деп есептеген. Халықтың ұстанған осы сенімі
акын жырларында көрініс табады.
Шаруаның баласы болғасын ба,
Шаруаға айналдым он жасымда.
Майдандағы әкеме ок жібердім,
Айырбастап күлшемді қорғасынға
Қазақ халкында бесік өзініңң касиетімен ерекшеленеді. Ананың әлдиін
естіп, бесіктен тәрбиеленген бала бойында ұлттық рух калыптасады. Ақын осы
қасиетті жыр бойында суретті сөздермен шебер өрнектей білген. М. Мақатаев
поэзиясы ұлттық болмысты танытуда көркемдік нақышымен, мазмұн тереңдігімен,
қазақы ұғым мен ырымды, мақал-мәтелдерді өлең жолдарында қолдану
шеберлігімен құнды. Сондыктан да ақын поэзиясының ұлттық идеясын, болмыс-
бітімін, казақ халқының салт-дәстүріне құрылған жырларын зерттеу жұмыстың
өзектілігін
«Қырғын» концептілік өрісі – Қырғынға ұшырау деген түсініктен шыққан
«қан төгіс, қиян кескі» деген этномәдени ментальдылықты білдіретін ұғым.
Мақатев өз өлеңдері ішінде «қан» сөзін көптеп қолданған. Ол «қан
майдан», «қан басу», «қан сасу», «қан төгіс», «арам қан» т.б.
Қылышымды суырып қынабынан,
Қыл қапқан жүзін көріп, жыладым-ау...
Жетімдердің кегі мен жесірлердің
Суарып ем суалған бұлағына.

Қайрап едім зауалдың шарығына,
Қақтап едім қан майдан жалынына.
Қынабына оны жасырдым мен,
Керек болып жүрер деп халқыма. [Б.Момышұлына]

...Соғыс деген қайдан шықты?!
Авторы кім алғашқы?
Есіл Адам,
есі кетіп,
оған несін жармасты?!
Бір дәуірден бір дәуірге неге үзілмей жалғасты,
Бүкіл адам тарихының бетін неге қан басты? [Менен сұра]

Соғыс – фашист ,
Екі сөз, бір түбірден таралған,
Бірі сыңар қалмауы үшін,
Біреуісі жаралған,
Қарға оларды, тау мен тас,
қарға оларды, қара орман,
Соғыс - ұлы ғасырды уландырған арам қан! [Менен сұра]

Ол деген немене өзі? Тек қана апат,қырғын ба,
Арман-тілек, ақыл-ойды апаратын құрдымға? [Менен сұра]

Әділетті, әділетсіз ... Аты – соғыс бәрібір,
Қан төгіссіз қара жердің кірмей қойды «сәні» бір.
Тыныш жатқан бір елге, бір ел келіп ұрынар,
Қайсы ел соғыс бастаса, ел емес, ол – ұрылар,
Қан майданда басы оның алдыменен жұлынар. [Менен сұра]

Мен соғысты көргенім жоқ,
Көргім де жоқ, көрмедім.
Соғыс ойынын ойнайтынмын,
(балалар ермегі)
Қару алып, қан майданда, Қас жауыма төнбедім,
Көрдім бірақ жесірлердің, жетімдердің еңіреуін.[Менен сұра]

Ұмытпаймын!
Даламды қан сасыған.
Анамды, айғайды жан шошыған,
Аруларды ұмытпан ақтай өлген,
Төсекке байлағанда жау шашынан.

«Өлім» концептілік өрісі – кесір, озбыр деген лингвомәденитанымдық
түсініктен шыққан этномәдени ментальдық ұғымды білдіреді.
Концептінің сипатын ашатын моделін білдіретін тұрақты тіркестер.
«Өлім» макроконцептісінің тұжырымдық танымдық сипаты. «Өлім»
макроконцептісі «өмір» макроконцептісінің ажырамас жұбы және олар - өзара
бір-біріне қарама-қайшылықтағы керағар кұбылыстар.
«Өлім» макроконцептісі ақынпоэзиясында көбіне-көп адам баласының
саналы түрде баратын әркеттерінің бірі іспетті жырланады. Ол кезендердің
адамдары үшін кан майданда соғысып өлу өкініш емес, қуаныш, үлкен ерлік
болып табылған. Этнос дүние танымында «өлім» концептісін ақ елім, жас өлім
деп жіктеп, олардың өзіндік этнотанымдық ерекшеліктерін ажыратып отырған.
Соғыста мерт болғандардың өлімінің өліммен тең екендігі баса айтылады.
Қазақ этносының дүниетанымы мен тілінде өлім құбылысын тікелей атамай, оның
орнын эвфемизмдер арқылы ауыстырып қолдану бар. Бұлай болу себебі - өлім
деген ауыр құбылысты жұмсартып колдану арқылы, санаға түсетін салмақты
жеңілдету.
Соғыс деген -
аққан соры ақсүйектің, құлдың да,
Соғыс деген -
төккен ары қыздың және ұлдың да.
Соғыс деген жараланған,
жалғыз ғана қан үшін.
Соңыс деген -
сор айдаған содырлардың табысы.
Соғыс деген - сақаймайтын есуастар дәрісі.
Соғыс деген -
сойқандардан қорғанғандар намысы.
Соғыс деген –
сотқарлардың қолындағы найзасы,
Қолданады, долданады,
таусылғанда айнасы,
Соғыс деген,
соғыс деген - зұлымдықтың айнасы,
Біреулердің шығыны да, біреулердің пайдасы.
Жас дәуірге жармасып ап, соғыс дейтін кәрі бір,
Қолдан ажал жасап алып, жасқандырып әлі жүр. [Менен сұра]

Күндерге күн, айларға ай жалғанады
Жалған үміт жанымды алдамады.
Өлдіден басқа ешбір хабар жоқ,
«Кебенек киіп кеткен» жаннан әлі. [Қанаттарым менің]

Ағайын, күлкің қайда, назың қайда?
Жарасқан бір-біріңе әзіл қайда?
«Қалған көңіл – шыққан жан» дегендейін,
Шынымен енді қайтіп жазылмай ма? [Еске алу]

Кімге керек шырылдап жылағаным,
Сардала сағымымен бір ағамын.
...Еске түсіп әкемнің өлгендігі,
Сезіндім қорғанымның құлағанын. [Қанағаттарым менің]

«Қайғы» концепілік өрісі – «соғыс» концептісінің негізде жатқан
этномәдени ұя, негізгі ментальды ұғым.
Мұң мен зарға ондайды шаң қаптырып,
Қайғы деген қаншықты қан жаптырам.
Ұры уайым тиер деп қай жағымнан,
Секем алған киіктей аңдап тұрам. [Өмір дейтін]

...Тағдыр-ай қараң өшкір уайымды,
Тек менің маңдайыма беріп пе едің?!
Жабырқаған анама қарадам да,
Уайымның ұлыдым табанында.
Сарқылмаған әлі де жас бар екен,
Жабығулы жаным мен жанарымда.
Уайым улы жылан, тасқа мекен
Екінші жыламаймын, масқара етем!
Алдағы күндеріме апармайтын,
Менде әлі сарқылмаған жас бар екен... [Қанағаттарым менің]

...Жалынған ғазиз Анам, сұрап қалған,
Жоғалды сол бетімен бірақ та арман.
Сенбеймін әкең өлді дегенге мен,
Себебі ол үйімізден тірі аттанған...

Сезіндім: мұң-наланың көшін көрдім,
Сойқанын соғыс салған кесірлердің.
Қолдан келер айла жоқ, қосылдым тек,
Хорына жетімдер мен жесірлердің. [Қанағаттарым менің]

Сойқанды соғыс – өрт, кіл апат,
Ол – қайғы, ол – үрей алапат. [Солдат арманы]

Зіл батпан уайыммен жаншыламын,
Көзімнен бұршақ жауды, аршымадым.
Көл-көсір адамзаттың көз жасына,
Құйылып жатты менің тамшыларым. [Қанағаттарым менің]

Адамның көңіліндегі жайсыздықты беру үшін мұң, зар, уайым, қайғы
синонимдік қатарларды алған. Бұлардың барлығы өлеңдегі қызметі нақты:
ақынның жабырқаған, өмірден тарыққан сәттерін айқындайды және үдемелетіп
үйлесім тауып жұмсалған. Мұң жеңелдеу айтылса, зар мұңға қарағанда
салмағы басымдау, ал уайым мен қайғы ауыр тиетін ойлы сөз. Бұл синонимдер
бірінің мағынасын бірі толықтырып, айтылған ойды ғана емес, шығармадағы тіл
көркедігін көрсетеді.
Когнитивтік зерттеулерде метафора деп концептуалды метафора – яғни
бір сала туралы екінші бір сала арқылы (соның призмасынан) ойлау қабілеті
түсініледі. Метафоралық жеткізілімдер дегеніміз – метафоралардың тілдегі
бейнеленуі. Бұл теория бойынша, метафоралар әр түрлі тәсілдермен – тіл, ым-
ишарамен ғана емес, сонымен бірге мәдени әдет-ғұрыптармен де өткізіледі.
Сондықтан метафораларды зерттеу тіл мен мәдениеттің байланысы тақырыбына да
қатысты болады.
Метафораның когнитивтігі олардың жаңа, белгісіз ұғымды бұрыннан таныс
нысандар білім қорын пайдалана отырып қалыптастыруында. Дерексіз ұғымдарды
немесе олардың негізінде деректі нысандарға атау бергенде ассоциациялы
ойлау белсенді қатысады. Сонымен бірге, метафоралардың тіл қолданушының
мақсатына қарай әртүрлі көңіл –күй нышандарының да дәл бере алу қабілеті
байқалады. Ақын лирикасындағы «Соғыс» концептісіне байланысты берілген
экспрессивті –эмоционалды берілген метафораларға мысал келтірсек:
Құздары құлаш ұрған көкте күнге,
Алып таудың аулымыз бөктерінде.
...Құландай құнаныма құрық түсті,
Соғыстың ең алғашқы көктемінде. [Қанаттарым менің]

Сену қиын қырғын боп жатқанына,
Адамды адам аяусыз атқанына,
Сену қиын ұры кеп түскеніне,
Байырғы Бағбан – Отан бақтарына,
Алайда абыржу бар жерде, аспанда,
Дариға – ай, дүниені шер басқан ба?
Тату елге бұл тажал қайдан келді?
Таршылықтан көздерін енді ашқанда. [Қанаттарым менің]
Тажал-ақыр заман боларда барлық нәрсені жеп қиыншылық тудыратын
жалмауызға теңеп отыр. Және да соғысты Бағбан – Отна бақтарына түскен ұрыға
теңеп отыр.
Жадымда, Соғыс кезі, сойқанды кез,
Қыс еді қытымыр шал, сойқан мінез.
Салдыртып шыға келдің қыр басына,
Қалдыртып алдындағы қайқанды лез.
- Мынадай түтеп тұрған борасында,
Ей, бала, өлейін деп барасың ба?! [Аға, мен тірімін]
Қыс еді қытымыр шал, сойқан мінез- соғыс қысын қытымыр шалға теңеп
отыр.

Ұлттық – мәдени концептілер тек ұлттық танымда ғана жан-жақты
ақпаратымен жүйеленіп, сол ұлттың мәдени құндылығын көрсететін концептілер.
Зерттеушілер стереотиптердің өзіндік белгілеріне қарай бірнеше
топтарға бөледі: әлеуметтік стереотип;қарым –қатынас стереотипі; ұлттық
стереотип; этномәдени стереотип т.б. Соның ішіндегі ұлттық стереотип –ол
белгілі бір халықтың яғни ұлттың ұлттық ерекшеліктерін қамтиды. Мәселен,
ақиық ақынның лирикасындағы «Соғыс» концептісін ашатын ұлттық стереотиптер
болып халық танымын білдіретін тілдік бірліктер де бар. Олар мыналар:
«Оралар туған жеріне,
Топырақ сап бер»,-деді де,
Дұғасын оқып, күбірлеп,
Әжең де қалған жөніне.
«Оралсын аман жеріне,
Көріссін туған елімен», -
Дедім де, көздей қалтаға
Топырақ түйіп беріп ем.[Қырқыншы жылдардағы бесік жыры]

Жарты Ай тұр шар аспанда – тоөған таға,
Үскірік үрлей ме әлде қозғалта ма?!
Әжем жүр туған жердің топырағын,
Тұмар ғып тігіп жатыр бөз қалтаға. [3;6б]

«Үлкен үйден дәм татса,
Кешікпей қайта оралар.
Ел-жұрты қарғап, ант атса,
Кеткенен келмес, жоғалар»,- [3; 145б]

«Кебін киген өледі,
Кебенек киген келеді»,
Майданға көкең кеткенде
Осылай бәрі деп еді. [Қырқыншы жылдардағы бесік жыры]
Қорыта келгенде,жоғарыда талдаған когнитивтік ақпараттар қазақ
тіліндегі «Соғыс» макроконцептісіне кіретін «Қайғы», «Өлім», «Қырғын»
микроконцептілерін қалыптастырып, оларға танымдық тіл бірліктері болып
табылады. Бұлардың бәрінің басын қосып ұйытқы болып, бір концепті аясында
біріктіріп тұрған қазақ қоғамының ежелден белгілі «Соғыс» концептісі. Оған
кіретін тіл бірліктері концептінің компонеттері ретінен өрісін жасайды. Ол
оған жататын ақпараттық тіл бірліктерінің бастапқы мағыналық түсініктері
негізінде жалпыланған заттық – бейнелік концептілері арқылы қалыптасқан.
Кейін бұл үрдіс келе-келе этностың мәдени менталдық анасында өңделіп,
ұлттық – мәдени концептілік деңгейге көтерілген. «Соғыс» концептісінің
аясында

Пайдаланған әдебиеттер:
1. Мақатаев.М Жырлайды жүрек. –Алматы: Кітап,1989.-480б
2. Мақатаев.М Аманат. – Алматы:Атамұра,2002.304б
3. Мақатаев.М Шығармаларының толық жинағы: Көп томдық. 2-бас. Өлеңі
мен поэмалары/ Құраст. Лашын Әзісжанқызы, Оразақын Асқар. –
Алматы; «Жалын баспасы» ЖШС, 2007. 2-том, 384 бет
4. А.Салқынбай., Е.Абақан «Лингвистикалық түсіндірмелі сөздік», А-
1998
5. Сүлейменова Э.Д. «Тіл білімі сөздігі». А 1998
6. Манкеева Ж. «Қазақ тілін зерттеудің когнитивтік негіздері»
Тілтаным 2004 №1
7. Маслова В.А. «Когнитивная лингвистика» М.,2003
8. Кеңесбаев.І Казақ тілінің фразеологиялық сөздігі. – Алматы:
ҚазАқпарат, 2007. 358б
9. Бұралқыұлы М. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі.- Алматы: Мектеп
2008.-680б
10. Қазанбаева А.З. М.Мақатаев лирикасының лексика-грамматикалық
ерекшеліктері.Диссертация.Алматы.1999-35бет
11. Қазақстан .Ұлттық энциклопедиясы

-----------------------
«Соғыс»
концептісі

Қырғын

Өлім

Қайғы

Ұқсас жұмыстар
Ұлы Отан соғысы
Әлия туралы бейнематериал
Жаңа сабақ жоспары
Екінші дүние жүзілік соғыс
Оқушылардың сабаққа дайындығы
Қара көз қазақ қызы Әлия батыр, Орнатқан дұшпанына заман ақыр
Екінші дүниежүзілік соғыс жайлы ақпарат
Екінші дүниежүзілік соғыс
Соғыс зардабына жететін зардап жоқ шығар
Исатай бейнесі
Пәндер