Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Excel электрондық кестесінің графикалық мүмкіндіктері

Сабақтың тақырыбы: Excel электрондық кестесінің графикалық мүмкіндіктері.

Диаграммалармен жұмыс.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларды Excel электрондық кестісінде
теориялық білімдерін практикалық тапсырмаларды орындау
арқылы бекіту.

Дамытушылық: Оқушының логикалық ойлау, танымдық
қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Өз ойын ашық айтуға баулу, ұжым болып отрақ
пікір айтып, ой түйін жасауға тәрбиелеу.

Сабақтың типі: пысықтау – жинақтау сабағы.

Сабақтың әдісі: сұрақ жауап, деңгейлік тапсырмалар, топтық жұмыс.

Сабақтың түрі: практикалық сабақ.

Пәнаралық байланыс: математика, қазақ тілі.

Сабақтың көрнекілігі мен пайдаланылатын құрал – жабдықтары: Үлестірме
қағаздар, интерактивті тақта, деңгейлік тапсырмалар, компьютер.

Болжамдап отырған нәтиже: MS Exel кестесінде түрлі диаграммалар,
гистограммалар құра білетін, электрондық кестемен еркін жұмыс істей алатын
мәдениеті ұшталған жеке тұлға қалыптастыру.

Сабақ жоспары: І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Өткен тақырыпты пысықтау – жинақтау.
ІІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
1 – тапсырма. (Сұрақ - жауап).
2 – тапсырма. «Күн сәулесі».
3 – тапсырма. «Гүл күлтешесі».
Қорытындылау.
ІV. Үй тапсырмасын бекіту.
V. Практикалық тапсырма. Деңгейлік тапсырма.
VІ. Үйге тапсырма беру.
VІІ. Қорытындылау.
VІІІ. Оқушыларды бағалау.

ІІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

1 – тапсырма. (сұрақ - жауап).
1. Кесте дегеніміз не?
2. Жол, бағана, ұяшық дегеніміз не?
3. Электрондық кесте дегеніміз не?
4. Диаграмма түрлерін ата?
5. Электрондық кестені қандай жағдайда қолдануға болады?
6. Деректерді сақтау жолдарын ата?
7. Жұмыс кітабы неден тұрады?
8. Деректерді қалай қорғауға болады?
9. Ең алғашқы электрондық кесте қай жылы пайда болды, және оның аты қандай?
10. Диаграммалар қандай элементтерден тұрады?

2 – тапсырма. «Күн сәулесі». Диаграмманың типтерін ашып айту.
1. Бағандық. (гистограмма). 4. Нүктелік. 7.
Цилиндрлік.
2. Сызықтық. 5. Сақиналық.
8. Конустық.
3. Дөңгелек. 6. Жапырақшалық.
9. Пирамидалық.

3 – тапсырма. «Гүл күлтешесі». Диаграммалардың құрылу жолдарын ата.

ІV. Үй тапсырмасы бекіту.
V. Практикалық тапсырма. «Деңгейлік тапсырма».

О р ы н д а л а т ы н ж ұ м ы с т а р.
І – д е ң г е й .

1. MS Excel электрондық кестесінде 6 жолдан 5 бағаннан тұратын
сыныптастырыңнын математика пәнінен тоқсандық бағаларының кестесін құр?
2. Сыныптағы оқушылардың бойы бойынша кесте құр.
3. Сатылған өнімнің пайдасы жайлы кесте құр, өнімге сабақта қолданатын
құралдарды жаз. (дискета, линейка, ручка, карандаш, дәптер, күнделік).
4. Жәрмеңкеден түскен түсім жэайлы кесте құр.
5. Сатылған өнімнен түскен түсімнің кестесін құр. Сатылған өнімдер
мынандай: коньфеттің 4 түрін кестеге енгіз.
6. Жанұяңнын тізімі және туған жылдарын, жасын жазу арқылы кесте құр?
7. Жәрмеңкеден түскен түсімнің кестесін құр?Өнімге косметика жайлы кесте
құр. Кестеде тауар аты, саны, жалпы сомасы болуы керек.
8. MS Excel электрондық кестесінде 5 жолдан, 5 бағаннан тұратын
сыныптастырыңнын қазақ тілі пәнінен ІІІ тоқсандық бағаларының кестесін құр?

ІІ – д е ң г е й .
1. Оқушылардың тоқсандық бағаларының қорытындысын шығар.
2. Кестені өзіңнің атыңмен сақта.
3. Сатылған өнімнің жалпы сомасын шығар.
4. Жәрмеңкеден түскен түсімнің жалпы сомасын, пайыздық көрсеткішін
есепте.
5. Сатылған өнімнің жалпы сомасын шығар.
6. Осы құрған кестеңді өз құжатыңда сақта.
7. Құрған кестеңнің жалпы сомасын есептеп шығар.
8. сыныптастырыңның қазақ тілі пәнінен құрған тоқсандық бағаларыңның
қорытынды бағасын шығар.

ІІІ – д е ң г е й .
1. Диаграммалардың түрлерін қолдана отырып, яғни, дөңгелек, цилиндрлік,
конустық диаграмма құр, және кестені өзіңнің атыңмен сақта.
2. Диаграммалардың түрлерін қолдана отырып, яғни пирамидалық, конустық,
сызықтық диаграмма құр, және кестені өзіңнің атыңмен сақта.
3 – 8 Диаграммалардың түрлерін қолдана отырып, яғни, дөңгелек, цилиндрлік,
конустық диаграмма құр, және кестені өзіңнің атыңмен сақта.

VI. Сабақты бекіту.
VII. Қорытындылау.
VIII. Үй тапсырмасын беру. Тақырыпты қайталап оқып келу.

-----------------------
1 - қадам

2 - қадам

3- қадам

4- қадам

Диаграмманың құрылу жолын ата?

MS Excel

бағандық

сызықтық

дөңгелек

нүктелік

жапырақшалық

пирамидалық

цилиндрлік

конустық

Ұқсас жұмыстар
Excel кестелік процессор
Microsoft excel кестелік процессоры туралы түсінік
Paint графикалық редакторының құралдары жайлы ақпарат
Информатика 8 класс "ms excel-дің мүмкіндіктері"
Электрондық кестелердің негізгі ұғымдары.Деректерді енгізу, редакциялау және пішімдеу
Қорытынды сабақ
Ms excel-дің графиктік мүмкіндіктері, диаграмма құру, редакциялау жайлы ақпарат
Кестені баспаға дайындау.ЕХСЕІ кестелік процессоры, негізгі түсінікте мен амалдар
Медицина есебінде Microsoft Excel электрондық кестесін қолдану
Ехсеl –ге кіріспе. ms ехсеl- ұғымдарымен танысу. 8 сынып
Пәндер