Алтын астық айнала

Алтын күз мерекесінің сценарийі
І жүргізуші: Төңірек толы сары алтын
Күз келді туған жеріме
Шуағы нұрлы жайнаған
Алтын күз әсем айналам
Армысыздар құрметті қонақтар, ата - аналар, баршаңызды күзгі мейрамдарыңызбен құттықтаймыз. Құттықтай отырып бүгінгі біздің ортаңғы топтың «Алтын күз» атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер!
ІІ жүргізуші: Олай болса,
Мерекесі халықтың
Алтын күзді бастайық
Алтын күзге арналған
Ертеңгілігімзіді бастайық
Хор: «Ақ дастархан»
Ғажайып сәт: Әуенмен залға күз келеді.
-Саламатсызар ма балалар, саламатсыздар ма қонақтар. Баршаңызды алтын күз мерекесімен құттықтаймын.
-Балалар күз бізге өз өнерімен келіпті. Қандай өнер көрсетеді екен?
Жібек: Жетті желмен алтын күз
Жемісін жинау салтымыз
Жиып-теріп болған соң
Той жасайды салтымыз
Мол өнімді жинаймыз
Елдің бәрін сыйлаймыз.
Сымбат: Көк майсалы көрікті
Алқаптағы көп егін
Бұл күндері келіпті
Сары жібек көйлегін.
Ару: Күзім, күзім, күзім
Пісті алма, жүзім
Тұрғанда бәрін күз беріп
Кел алайық біз теріп.
Қ. Аружан: Соққанда кейде дауылы
Береке күздің жауыны
Сол жауыннан өсіпті
Бақшаның қарбыз-қауыны.
Әсел: Тамсандырып таңдайды
Жеміс-жидек піседі
Жапырақтар сарғайып
Жер бетіне түседі.
І жүргізуші : Балабақша бағында
Сайраңдаймыз жанында
Нақ өзіндей бүлдіршін
Көп достардың жанында, -деп, біздің кішкентай қыздарымыз сіздерге «Балабақша» әнін орындап береді. (Әсел, Аружан, Ө. Аяулым, Ару, Сымбат, Әсемай, Қ. Аяулым) .
Ғаламат: Күз жомарт қой қашанда
Мол жемісін беретін
Піскен қарбыз, тәтті алма
Балаларға керек қой.
Мағжан: Күн шуаққа маужырап
Жатыр еді атырап
Ағаштарда жамырап
Ұшты кенет жапырақ.
Мади: О, алақай, тамаша!
Шашу шашты жапырақ
Бақтың іші алаша
Аунар ма еді жатып ап.
Дарын: Жел тынымсыз гуілдеп
Болып кетті тым бұзық
Шуылдайды тал, терек
Жапырағын жұлғызып.
ІІ жүргізуші: Күйекте күйлі мол қанша
Қырманда толы дән қанша
Алтын күз әсем айналам
Қараймын көзім талғанша.
Келесі кезекте Хор: «Дақылдар әні».
Қ. Аяулым: Қазан болды молшылық
Дәулет қорын қалады
Заңғар көкке жол сызып
Құстар қайтып барады.
Нұрай: Алтын, сары, қызыл көк
Алуан-алуан жапырақ
Күзгі бақта күлімдеп
Көз тартады атырап.
Диас : Күздің қазан айында
Алма, алмұрт піседі
Жапырақтар сарғайып
Сыбдыр-сыбдыр түседі.
Ө. Аяулым: Көктемде егін егетін
Күзде жиып беретін
Біздің дала-бай дала
Алтын астық айнала.
І жүргізуші : Ән: «Толқиды бидай». Орындайтын Алиакбар Жібек.
Ырғақ биі : (Думан-Қ. Аяулым
Дарын-Аружан
Деис-Әсемай
Әділет-Әсел
Диас-Ару) .
Жасұлан: Шоғы толған гүлдей жайнап
Жарқырады жарқын күз
Сайраңдадық күліп ойнап
Келді, міне, алтын күз.
Сұңқар: Дала сары киінді
Самал соқты салқындау
Қырмандарға үйілді
Алтын астық, алтын тау.
Аятулла: Берекелі сары күз
Тамылжыды балбырап
Мәуелі ағаш сары уыз
Майысады албырап.
Нұржігіт : Аспанда бұлт жөңкіген
Дүниеге сұр өң кірген
Жылы жаққа құс кетті
Жаз жоғалып, күз жетті.
ІІ жүргізуші : Бақ өсіріп көрік беріп
Жайқалтамыз алқапты
Алма, жүзім, өрік теріп
Біздің бақтан тарапты.
Келесі кезекте Хор: «Бағбандар жыры»
Әсемай: Алма пісіп, алмұрт түсіп
Күзде бақтар жайнайды
Құстар қайтып қош айтысып
Қимас үнмен сайрайды
Гүлнұр: Қамба толы астыққа
Алғыс саған алтын күз
Бір уыс дән шаштық та
Қап-қап бидай алдық біз
Айгерім: Күн мұңайып тұр бүгін
Қыс ызғары келеді
Құс шуласа бір-бірін
Жоғалтпасақ дегені
Денис : Құстар қайтты ән салып
Бұлт шарлады аспанды
Қыс келеді жар салып
Күзгі суық басталды.
І жүргізуші: Қуанышқа бөленген әр күніміз
Бақыттымыз балалар барлығымыз
Ән шырқайық көтеріп көңілдерді
Ақ көгершін әніне кезек беріп.
Ән: «Ақ көгершін». Ғалымбек Думан .
Келесі кезекте мың бұралған бишіліерімізді ортаға шақырайық.
Би: «Өзбек биі» (Жібек, Нұрай, Б. Аяулым, Әсел, Сымбат. )
Перизат : Алтын нұрдай тамшылап
Жапырақтар төгіліп
Біздің өмір таң шуақ
Біздің өмір көңілді.
Нұрислам: Жапырақ ұшты
Суық та түсті
Сонда да бізге
Қызық көп күзде
Әділет: Бақ өсіріп көрік беріп
Жайқалтамыз алқапты
Алма, жүзім, өрік теріп
Біздің бақтан тарапты.
Ойын: «Кім жылдам?»
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz