Мағжан жұмабаев “түркістан” өлеңі

Сабақ тақырыбы

Мағжан Жұмабаев
“Түркістан” өлеңі

Мақсаты:

1. Білімділік.

М. Жұмабаевтың шығармашылығы жайлы алған теориялық білімдерін оқушы есінде қайта жаңғыртып, тереңдете түсу.

2. Дамытушылық.

«Түркістан» өлеңі жайлы алған білімдерін әр түрлі тапсырмалар арқылы жүйелеу, балаларды тез ойланып, жауаптарын тиянақты айта білуге дағдыландыру.

3. Тәрбиелік.

Оқушының тіл байлығын жетілдіру, М. Жұмабаев секілді өз тілін, елін, жерін сүйе білуге тәрбиелеу

  • Сабақтың түрі:қалыпты, аралас сабақ.
  • Сабақтың әдісі:сұрақ - жауап, мәнерлеп оқу, жаңа технология элементтері арқылы түрлендіріп өткізу.
  • Сабақтың көрнекілігі: М. Жұмабаев жайлы кітаптар, өлеңдер жинағы, интерактивті тақта. Теледидар, видеомагнитафон, қазақстан картасы, тест, семантикалық карта.
  • Пәнаралық байланыс: Тарих, саз. География

І. Ұйымдастыру

  1. Амандасу
  2. Сынып оқушыларының сабаққа қатысы
  3. Сынып оқушыларының сабаққа дайындығы

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

  • М. Жұмабаев өмірін ғұмырнамалық кесте арқылы еске түсіру
Жылдар
Болған оқиға
Жылдар:

1893.

25 маусым

Болған оқиға: Солтүстік Қазақстан облысы, бұрынғы "Молодежный" кеңшарының аумағы, қазіргі Мағжан Жұмабаев ауданы, Сасықкөл жағасында дүниеге келді
Жылдар: 1905-1910 ж
Болған оқиға: Қызылжардағы (Петропавл) №1 мешіт жанында белгілі татар зиялысы, мұсылман халықтарының азаттығы жолында күрескен М. Бегішевтің ұйымдастыруымен ашылған медреседе оқыды.
Жылдар: 1909 ж
Болған оқиға: Баспадан шыққан Абай өлеңдерін оқып, «Атақты ақын, сөзі алтын хакім Абайға» деген өлең жазды. .
Жылдар: 1910-1913 ж.
Болған оқиға: Уфа қаласындағы "Ғалия" медресесінде білім алды.
Жылдар: 1913-1916 ж
Болған оқиға: Омбы мұғалімдер семинариясында оқыды.
Жылдар: 1923-1926
Болған оқиға: Мәскеудің әдеби көркем институтында оқыды
Жылдар: 1913ж.
Болған оқиға: Қазан қаласында “шолпан” атты тұңғыш өлеңдер жинағы жарық көрді.
Жылдар: 1927 ж
Болған оқиға: Елінде оқытушылық қызметпен айналысады
Жылдар: 1925ж
Болған оқиға: “Алқа” әдеби үйірме ұйымдастырады
Жылдар: 1936ж
Болған оқиға: Концлагерьден босанып шығады
Жылдар: 1937 ж
Болған оқиға: Озбыр топтың қолына түседі
Жылдар: 1938 ж 19. 03
Болған оқиға: “халық жауы деп жала жауып, атып тастайды.
Жылдар: 50 жылдан кейін
Болған оқиға: Ақын аты елімен, жерімен, ұрпақтарымен қайта қауышты

Мағжанның барлық өмірі - поэзиясында

  • Мағжан - ұлы ақын
  • Мағжан - лирик, сыршыл ақын
  • Мағжан - эпик ақын

Мағжан шығармашылығы

Ақын
Зерттеуші
Аудармашы
Жазушы
Өлең
Поэма
Ақын: “Анама”
Зерттеуші: “Батыр Баян”
Аудармашы: “Педагогика”
Жазушы: “Ақ боз ат”

Шолпан ның

күнәсі

Ақын: “Толқын”
Зерттеуші: “Түркістан”
Аудармашы: “Бернияз Күлеев”
Жазушы: “Большевик балсы”
Ақын: “Сүйе мін”
Зерттеуші: “Қойлы байдың қобызы”
Аудармашы: «Бастауыш мектепте ана тілін оқыту жөні»
Жазушы: И. Гете, Г. Гейне, Әбу Фирас, А. В. Кольцов, М. Ю. Лермонтов, А. А. Фет, И. И. Дмитриев, А. А. Блок өлеңдерін, А. М. Горький, В. В. Иванов, Д. Н. Мамин-Сибиряк әңгімелерін қазақ тіліне аударған
Ақын: “Сағын-дым”
Зерттеуші: «Қорқыт»,
Ақын: «Жүсіп хан»
Ақын: "Сауатты бол"
Ақын: «Оқжетпестің қиясында»
Ақын: «Өтірік ертек»
Ақын:
Ақын: «Тоқсанның тобы»,

Кездесу мен оқиғалар

Міржақып Дулатов

1911 жылы Қызылжарда көрнекті ақын-жазушы, журналист М. Дулатовтан бір қыс орыс тілінен дәріс алады.

Мұхтар Әуезов

Мағжанның ақындығын аса жоғары бағалап, таңырқанған М. Әуезов былай деген: «. . . Мағжанды сүйемін! Қазақ жазушыларынан әрине Абайды сүйемін, менің бала күнімнен ішкен асым, алған нәрімнің барлығы да Абайдан. . . Бұдан соң Мағжанды сүйемін, Европалығын, жарқыраған әшекейін сүйемін. Мағжан культурасы зор ақын. »

1913 жылы ол Ахмет, Міржақыптардың жөн сілтеуімен Омбыдағы оқытушылар семинариясына оқуға түседі, сонда болашақ ұлы ақын, жазушы Сәкен Сейфуллинмен танысып, бірге білім алады. 1917 жылы ол семинарияны алтын медальмен тәмамдаған.

«Педагогика»

1922 жылы Орынборда жарияланған ең үлкен ғылыми еңбегі - «Педегогика» Бұл еңбекті ақын балаларды, жастарды тәрбиелеу ісіне аса қатты мән беріп жазған.

Осип Мандельштам

Осип Мандельштам ағайынды республикалардың әдебиетшілеріне паңдана қараған. . . Бірақ, бір қызығы Мандельштам Мағжаннан екі жас үлкен болғанына қарамастан, олар ұстаз бен шәкірттей жылы қарым-қатынаста болған.

Мағжан мен Мандельштам Тверскідегі «Стойле Пегас» және «Домино» деп аталатын ақындар кафесінде жиі кездесіп тұрған…

Мәскеу 20-30 ж. ж.

1923 жылы Мағжан А. Луначарскийдің өтінішімен Мәскеуге көшіп келіп, Коммунистік университетінде шығыс тілдерінен дәріс оқиды. «Шығыс» баспасында орта, орталау қазақ мектептерінің оқулықтары мен оқу құралдарын шығарысады. Бастауыш мектепте ана тілін оқыту жолы, «Педагогика», «Бала тәрбиелеу жолдары», «Сауатты бол» тәрізді мектепке арналған оқулықтар жазып, бастырады. Мұнда кешкісін жоғары әдебиет институтынан дәріс алып жүрген, орыстың ұлы ақыны Сергей Есенинмен сабақтас болады. Мәскеуде тұрған жылдары ол саяси

әдебиеттерді, көркем шығармаларды аударады. Аудара жүріп, өзінің идеялық-эстетикалық арнасы кеңіп, еуропалық зор мәдениетті жазушыға айналады.

Қызылжар

1905-1910 ж. ж. Мағжан Қызылжардағы мұсылман медресесінде оқиды. Білімге құныққан Мағжан Бегішев медресесін бітіргеннен кейін, Уфа қаласындағы «Медресе-Ғалияға» келеді. Қызылжарда тағдыр жазып, көрнекті ақын-жазушы, журналист Міржақып Дулатовтан бір қыс орыс тілінен дәріс алады, ұстазының көмегімен классикалық әдебиет үлгілерінен сусындайды. А. С. Пушкин, М. Ю. Лермонтовтың өзіне ұнаған жекелеген өлеңдерін аударып, ақындық қуатын шамалап көреді. 1917 жылы Шоқанның інісі Жақып төренің қызы - сұлу Зейнепке

үйленеді. 1919 жылы Зейнеп балаға босану кезінде қаза болады. Азамат есімді ұлы бір жасында шетінеп кетеді. 1921 жылы Ақмола Губерниялық «Бостандық туы» газетіне редактор болып тағайындалады. 1927 жылы кеңес партиялық мектебінде және қазақ-орыс педагогикалық техникумда ұстаздық етеді. 1929 жылы шілде айының бас кезінде Қызылжардағы өз үйінде тұтқындалады. 1936 жылдың қыркүйегінен бастап Пушкин атындағы № 7 орыс орталау мектебінде орыс тілі мен әдебиетінен сабақ береді. Педтехникумда да уақытша сабақ береді. 1937 жылы қаңтар айының соңынан бастап ұстаздық қызметінен айырады. 1937 жылдың наурызында Мағжан Сәкен Сейфуллиннің шақыруымен Алматыға жүріп кетеді.

М. Горький

М. Жұмабаев М. Горькийді аса жоғары бағалап, ең алғашқы болып қазақ тілінде «Сұңқар жыры» атты кітабын басып шығарады. (Москва, 1924 ж. )

Валерий Брюсов

Мағжан В. Брюсов атындағы жоғары әдебиет институтында білім алады. Мағжанның ақындығына В. Брюсовтың өзі тәнті болып, оны «Қазақтың Пушкині» деген екен.

Михаил Аркадьевич Светлов

М. Светлов 20-30 жылдары Қазақстанда есімдері атауға тыйым салынған қазақ жазушыларын білген. Ол М. Жұмабаев достарының бірі болған. М. А. Светлов жиырмасыншы жылдардың ортасында Брюсов атындағы институтында білім алған.

Ұлжан Жұмабаева

Ұлжан Жұмабаева ақын Мағжан Жұмабаевтың немересі. Ол Мағжанның қара шаңырағында өсіп, тәрбиеленді. Ақынның адал жары болған Зылиха Мағжанның басына түскен барлық ауыртпалықты оқып жүрген кезінде де, 30-шы жылдардағы қуғын-сүргінге ұшыраған тұста да, лагерьде айдауда болған жылдары да онымен бірге бөлісіп өтті. Ол Мағжанның ағасының немересін Ұлжанды асырап алған болатын.

  • Ой шақыруНе елестейді?
  • “Түркістан” сөзін естігенде көз алдыңа не елестейді?

ІІІ. Жаңа сабақАбзал ақынның сырлы дүниесіне үңілу мақсатында бүгінгі өтетін сабағымыз - ақынның «Түркістан» өлеңі.

«Әлемдегі ел өмірі ақ қағаздай байқасаң, -

Депті бір қарт ақиқаттың құдіретіне бас иген, -

Сол қағазда нақыл сөз бен аты қалған жақсының,

Тауып айтқан сөздеріне адам түгіл тас иген», - деп

Шығыс жұлдызы Әбдірахман Жәми жырлағандай, М. Жұмабаев өлеңдерінің құдіретіне табынбасқа болмайды. Қазақ поэзиясының жарық жұлдызы Мағжан Жұмабаевтың қай өлеңін алсақ та, адамның сезімін селт еткізіп, ойлағаныңды дөп басып айтады.

«Түркістан» деген өлеңі - елім, жерім, ерім деп соққан ақын жүрегінің қайнарынан төгілген отаншылдық жырдың шынайы да шебер үлгісі.

Тұран - көне мәдениет бесігі, сәулет өнерінің кең сарай көрінісі. Нелер ұлы ақындар ордасы. Қазақ халқының өткендегі тарихы, тағдыры, мәдениеті Тұранмен ұштасып жатыр.

М. Жұмабаев - өз тілін, ел дінін, мәдениетін, тарихын, жер - суын жетік білетін ақын.

Картамен жұмыс

Ақын «Түркістан» өлеңінде Орта Азия алабының табиғи ерекшеліктерін жер - су қасиеттерін ерекше тебіреніспен суреттейді.


Ұқсас жұмыстар
Мағжан. 9 сынып
Мағжан Жұмабаевтың Түркістан өлеңі
Түркістан өлеңі
Оқушыларға өлеңді мәнерлеп оқыту
М.Жұмабаев – қазақ лирикасыны хантәңірі
Мағжан Жұмабай (Әбілмағжан) Бекенұлы
Мағжан Жұмабаев сүйемін өлеңі жайлы ақпарат
Міржақып дулатұлы "шешенің балаларын сүюі" 8 сынып
Мағжан Жұмабаев Туған жер өлеңі
Мағжан жұмабаев. "қысқы жолда" өлеңі. 5-сынып
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz