Абай Құнанбайұлының Ғылым таппай мақтанба өлеңіне арналған сабақ жоспары

Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбайұлы «Ғылым таппай мақтанба»

Сабақтың мақсаты:

а) білімділік: оқушыларды қазақ халқының ұлы ақыны Абаймен таныстыру, адам бойында кездесетін 5 асыл қасиет пен 5 дұшпан қылықтарды ұғындыру, ақын шығармаларын оқып үйренуге баулу;

ә) дамытушылық: мәнерлеп, шапшаң оқу дағдыларын жетілдіру, сөздік қорларын байыту, шығармашылықпен жұмыс істеуге үйрету;

б) тәрбиелік: адамгершілікке, ғылым, білімге бейімдеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, әңгімелеу, топпен жұмыс, сын тұрғысынан ойлау стратегиялары

Сабақтың көрнекіліктері: А. Құнанбаевтың портреті, тірек сызбалар, семантикалық карта.

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.

2. Үй тапсырмасын тексеру.

а) «Мәтін бөліктері» ойыны бойынша әңгімелеу.

1-топ. «Кіріспе»

Асан - бай баласы мен Үсен - жарлы баласы ел көшкенде ауылда қалып қояды. Асан жылайды, Үсен қалай ауылды табуды ойластырады.

2-топ. «Негізгі бөлім»

Үсеннің ақылдылығымен олар үйректі тұзаққа түсіріп, қармақ жасап, балық аулап, тамақ ішеді.

3-топ. «Қорытынды»

«Далада жүріп адассаң, молалы жерде су болады, сулы жерде ел болады» деген әкесінің сөзін тыңдап жүретін Үсен ауылға апаратын жолды тауып, аман-есен үйлеріне келеді.

4-топ. «Толықтыру» - әр топтан кейін сөз алып, толықтырады.

ә) Әңгіме кейіпкерлеріне мінездеме беру үшін кестені толтыру.

Әңгіме кейіпкерлері
Қандай?
Әңгіме кейіпкерлері:
Қандай?:
Әңгіме кейіпкерлері:
Қандай?:

3. Жаңа сабақ.
1. . Абай өміріне қысқаша тоқталу

аудармалары Ибраһим 1845-1904ж

8 мыңға жуық өлеңдері әкесі Құнанбай

45 қарасөзі Шешесі Ұлжан

Ахмет-Риза медресесі әжесі Зере

2 . Әдебиет теориясы.

Өлең - поэзиялық жанр түріне жатады. Онда ұйқас /рифма/, ырғақ /ритм/ болады.

Мысалы:

Ғылым таппай/ мақтанба, -а

Орын таппай/ баптанба, -а

Құмарланып/ шаттанба, -а

Ойнап/ босқа күлуге. -б

Өлеңнің құрылымдық жүйесі /структурная система/

  1. 1- шумақ /четверостишие/
  2. 4 тармақ /строка/
  3. 2 бунақ /строфа/
  4. ұйқас - 1-а, 2-а, 3-а, 4-б. /рифма/

3. Оқулықпен жұмыс.

Абайдың көп өлеңдері мәдениет пен білімге арналған. Бүгін біз Абай Құнанбаевтың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңімен танысамыз.

А. Өлеңді мәнерлеп оқу

Ә. Сөздік жұмысын жүргізу. (nүртіп алу жүйесі бойынша)
Ғылым - оқу, білім
Ғалым - оқымысты адам.

Б. Өлеңді оқушыларға шумақ бойынша тізбектеп оқыту, мазмұнын ашу.

5. Семантикалық картаны толтыру.

Тақырыбы
Авторы
Жанры
Түйінді ой
Негізгі идеясы
Тақырыбы: Ғылым таппай мақтанба
Авторы: Абай Құнанбаев
Жанры: поэзия
Түйінді ой: Жас уақытта оқып, білім алуға шақырады
Негізгі идеясы: Болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды көрсеңіз.

6. Мағынаны тану стратегиясы.

Бес асыл іс

Бес дұшпан

6. Сабақты бекіту.

Қоғамға

қандай адамдар

қажет?

- Мына қасиеттерді оқып, қажеттісін белгілеңдер. (параққа жазылған қасиеттер, таза парақ «Топтастыру» үшін) .

Қасиеттері:

  • Еңбекқор
  • Әдепсіз
  • Мейірімді
  • Ақылсыз
  • Надан
  • Дарынды
  • Залым
  • Өз Отанын сүйетін патриот
  • Еріншек
  • Сауатты
  • Білімді

- Сендерден де осы қасиеттерді көремін деп ойлаймын.

7. Үйге тапсырма.

Өлеңнен үзінді жаттау. 3-тапсырма 100-бет /жазбаша/

Өз таңдаулары бойынша өлең шумағын талдау.

8. Бағалау.


Ұқсас жұмыстар
Абай Құнанбаевтың Ғылым таппай мақтанба өлеңін талдау және жаттау бойынша сабақ жоспары
Абайдың Ғылым таппай мақтанба өлеңіндегі бес асыл қасиет
2-сыныпқа арналған Абайдың Ғылым таппай мақтанба өлеңі бойынша сабақ жоспары
Адамгершілік тәрбиесі: Абайдың Ғылым таппай мақтанба өлеңі негізіндегі модульдік тәрбие сағаты
6-сыныпқа арналған әдебиет сабағы: Абайдың Ғылым таппай мақтанба өлеңі (Абайды оқы, таңырқа! - 2-бөлім)
Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы: Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы өлеңіне арналған сабақ жоспары
5-сынып қазақ әдебиеті: Абай Құнанбайұлының Қыс өлеңіне арналған сабақ жоспары
7-сыныпқа арналған Абай Құнанбайұлының Қансонарда бүркітші шығады аңға өлеңіне сабақ жоспары
Абай Құнанбайұлының 38 қара сөзі бойынша қазақ әдебиеті сабақ жоспары
Абай Құнанбайұлының жиырма тоғызыншы қарасөзін талдауға арналған сабақ жоспары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz