Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Шығармашыл тұлғаны оқыту мен тәрбиелеудегі құзыреттілік

«Шығармашыл тұлғаны оқыту мен тәрбиелеудегі құзыреттілік»

Гүлмира Жадырасынқызы Қуатбаева
Шалқар қаласы, Ақтөбе облысы
№1 орта мектеп
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында "Білім беру
реформасы табысының басты өлшемі- тиісті білім мен білік алған еліміздің
кез-келген азаматы әлемнің кез-келген елінде қажетке жарайтын маман
болатындай деңгейге көтерілу болып табылады. Біз бүкіл елімізде әлемдік
стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметіне қол жеткізуге тиіспіз"
деп атап керсетті. Бұл биік мақсатқа жету үшін біз дәстүрлі оқытудағы оқу
сапасын тек қана білім, білік және дағдыға біріктіріп бағалаудан бас
тартуымыз керек. Осы ескіше үрдіспен білім сапасы денгейінің кейбір
бөліктерін (дұрыстығын, толықтығын, жүйелілігін, беріктігін) толығымен
анықтай алмағандықтан оқушының іс-әрекетін дұрыс бағаламау туындайды. Ал
бұл өз кезегінде оқушының оқуға деген қызығуының төмендеуінің бір себебіне
айналды.
Зерттеу нәтижелеріне сүйенетін болсақ, шамамен 1980 жылдың ортасында
әлемнің алдыңғы қатарлы елдерінің ұлттық білім беру жүйесі жалпы орта білім
берудің жаңа жүйесіне көшті. Бұл ұлттық жүйенің біздің еліміздегі білім
беру жүйесінен бірнеше айырмашылығы бар. Атап айтқанда, олар:
- оқытудың кіріктірілген мақсаттары пәндік мақсаттарға карағанда басым,
- оқытудағы іс-әрекеттік тәсіл қарапайым біліктілік пен дағдыларды
ығыстырған;
-оқытуда құзыреттілік тәсіл колданылады;
мектептегі білім беру сапасын бағалаудың жаңа жүйесіне көшу байқалады
(талаптар пәндік "кірудегі" "міндетті минимумға" жетуге бағытталған, білім
беруді жаңғырту үшін оның негізіне жоспарланған мақсатты алу кажет
("шығудағы" нәтиже сипаттамасы), осыдан кейін ғана "шығудағы" мазмұнды
қалыптастыру және жаңғырту кажет);
мұғалім мен оқушы арасындағы авторитарлық қарым-қатынастар оқу іс-
әрекетіндегі бірлестікке, жұптастыққа айналған.
Білім сапасын камтамасыз етудің ғалымдар көрсеткен жоғарыдағы екі жолын
нақтылап түсіндіре кетейік :
1. Жүйеге "кіруді" реттеу. Мұнда "Нені оқыту?" және "Қалай оқыту?"
деген мәселелер қарастырылады. Нәтижесінде оқушылардың жеке пәндер
бойынша алған білім, біліктілік, дағдылары (ББД) ғана есепке алынады. Бұл
тәсіл дәстүрлі оқытуда колданылып келеді.
2. Жүйеден "шығуды" реттеу. Мұнда "Не үшін оқыту?" және "Оқушыны оқуға
қалай үйрету керек?" деген мәселелер қарастырылады. Нәтижесінде оқушының
түйінді кұзыреттіліктерінің қалыптасу деңгейі анықталады. Мұндай тәсіл
қазіргі кезде жалпы орта білім беруді жетілдірудің негізіне құзыреттік
тәсілді алуды ұсынып жүрген әлемнің алдыңғы қатарлы елдерінің ұлттық білім
беру жүйесінде колданылып жүр.
Соңғы кезде біздің елімізде де білімге деген көзқарас өзгерді. Егер бұрын
ғылым -өндіріс - білім деп қарайтын болса, қазір мәдениет - білім - тарих
деп қарайтын болды. Осыған байланысты орта білім берудің мақсаты Қазақстан
Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында
былайша нақтыланды: "Жылдам өзгеріп отыратын дүние жағдайларында алынған
терең білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-
өзі іске асыруға, өзін-өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс, адамгершілік
тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға кабілетті жеке тұлғаны
қалыптастыру".
Психология-педагогика саласында "құзыреттілік" (компетентность) және
"құзырет" (компетенция) ұғымдарының жалпы кабылданған түсіндірмесі әлі
қалыптаспаған, оларға түрліше мағына беріліп жүр.
Психологиялық сөздіктерде бұл ұғымға қатысты "Құзыреттілік жеке тұлғаның
коршаған ортадағы адамдармен тиімді қарым-қатынас жасай білу қабілеті"
деген түсінік берілген. Шетелдік түсіндірме сөздіктерде "құзыреттілік"
ұғымы құзыретті меңгеруші ретінде қарастырылады .
Демек, құзыреттілік ұғымы "білім", "біліктілік", "дағды" сияқты ұғымдарды
қамтиды. Алайда, бұл білім, біліктілік, дағдының жай жиынтығы емес.
Құзыреттілік оқу нәтижелерімен қатар оқушылардың шығармашылық іс-әрекеттері
мен құндылық бағдарларының жүйесін де көрсетеді.
Оқушылардың құзыреттілігі, ең әуелі, мектепте оқыту үдерісі кезінде
қалыптасады. Ол оқу үдерісінің негізгі сапа көрсеткіші болып табылады және
қойылған педагогикалық мақсатқа жетуді көздейді.
Ал құзырет ұғымына мынадай анықтама беруге болады: құзырет деп оқудың
және өздігінен білім алудың нәтижесінде қалыптасатын және адамның
әлеуметтік ұтқырлығын анықтайтын, білім мен тәжірибеге, құндылықтар мен
бейімділіктерге негізделген жалпы қабілеттіліктерді айтады.
"Құзырет" ұғымы екі түрлі аспектіде:
құзыреттілікті меңгерген: белгілі бір нәрсеге пікір айта алатындай білімі
бар деген мағынада қарастырылады . Бұдан құзыреттілік пен құзырет
ұғымдарының бірін-бірі толықтыратыны және бірімен-бірі байланысты
екендігін көруге болады.
Оқушылардың құзыреттілігі - оқу үдерісінің негізгі сапа көрсеткіші, оның
жетістігі қойылған педагогикалық мақсатқа жету болып табылады.
Құзыреттің түйінді құраушысы біліктілік болып табылады.
Оқытудағы құзыреттілік тәсіл оқыту нәтижесі ретіндегі білім сапасын
қамтамасыз етеді. Сонымен бірге ол білім мазмұнынан білім,
біліктілік,дағдыға, шығармашылық іс-әрекет тәсілдері мен эмоционалдық-
құндылық қатынастар тәжірибесіне негізделген түйінді құзыреттіліктерді
ажыратып алуды меңзейді. Оның құрылымы мынадай:
-өзіндік танымдық іс-әрекет саласын тиянақ құзыреттер;
- мәдени іс-әрекеттегі құзыреттер;
-тұрмыстық саладағы құзыреттер;
- әлеуметтік-еңбек іс-әрекеттері саласындағы құзыреттер.
Мұндағы өзіндік танымдық іс-әрекет саласындағы тиянақ құзыреттерге: оқи,
жаза, есептей алу; сөйлей алу және түрлі жиындарда өз ойын басқаларға
жеткізе алу; оқу іс-әрекетінің нәтижелерін талдай алу; жоспарлай, жобалай,
модельдей алу; әр түрлі ақпарат көздерінен (кітаптан, газет-журналдардан,
сөздіктер мен энциклопедиялардан, теле-радио хабарлардан, интернеттен)
білім жинақтай білуді меңгеру жатады.
Мәдени іс-әрекеттегі құзыреттерге бос уақытын өзінің рухани және мәдени
дамуы үшін пайдалана білу (ғылыми-көпшілік және көркем әдебиеттерді оқу,
түрлі дәрістер мен баяндамалар тыңдауға қатысу, ғылыми-техникалық және
пәндік үйірмелер, олимпиадалар, байқаулар, конференциялар және басқа да
мәдени шараларға қатынасу) біліктілігі жатады.
Тұрмыстық саладағы құзыреттер: жеке гигиена мен санитарияға қатысты, өз
денсаулығын нығайтуға, отбасы тұрмысына қатысты мәселелер.
Әлеуметтік-еңбек іс-әрекеттері саласындағы құзыреттер: бұл оқу еңбегін
ұйымдастыра білу дағдысы, ұжымдағы өзара қарым-қатынас этикасы, өз
мүмкіндігін бағалау, еңбек нарығындағы түрлі жағдаяттарды талдай білу,
жауапкершілік жүгін арқалай білу және тағы басқа.
Қазіргі кезеңде білім беру саласындағы әлемдік білім кеңістігіне ұмтылуға
байланысты жасалынып жатқан талпыныстар мектеп оқушыларының дербестігін,
ізденімпаздығын, белсенділігі мен шығармашылық мүмкіндіктерін дамытуды
талап етеді. Сондықтан оқушылардың мектепте оқып жүрген кезінде олардың
ойлау белсенділігін дамытып, білімі мен біліктерін өмірдің жаңа жағдайында
пайдалана білуге үйрету қажеттілігі туындайды. Бұл міндеттердің жүзеге асуы
оқушылардың шығармашылық іс-әрекеттерін оңтайлы ұйымдастыруға тікелей
байланысты.
Шығармашылық танымдық іс-әрекет нәтижесі болып табылады. Осы жерде
шығармашылық ұғымына тоқтала кетейік. Шығармашылық дегеніміз — өзінің
жаңашылдығымен, өзгешелігімен ерекшеленетін өнім алуға мүмкіндік жасайтын
жеке тұлғаның бойындағы қабілеттіліктің, білім мен біліктіліктің, түрткінің
(мотивтік) болуы.
Көптеген зерттеулерді талдау нәтижесінде шығармашылық іс-әрекет
нәтижелері оқушының жеке тұлғасына, біліктерінің жетілуіне, психологиялық
тетіктер аркылы оң әсерлері бар рефлексия нәтижесінде өз әрекетіне және сол
әрекеттің бірлескен іс-әрекет мазмұны мен түріне сәйкес көзқарастары
қалыптасатыны анықталып отыр.
Оқу үрдісінде танымдық тапсырмаларды орындау шығармашылықты,
ізденімпаздықты талап етеді, сондықтан мұндай тапсырмаларды орындау: өзекті
мәселені табу, мақсаты мен міндеттерін айқындау, зерттеу әдіс-тәсілдерін
белгілеу, болжам құру, болжамды тексеру, нәтиже, іс-әрекет рефлекциясы
кезеңдерімен жүзеге асады.
Оқу жұмысына шығармашылық мақсат қою, оны жоспарлау оқушыдан зеректік,
ізденімпаздық, енбеққорлық, шабыт, мақсаткерлік, белсенділік, қызығушылық,
өмірлік белсенді ұстаным сияқты көптеген касиеттерді талап етеді.
Мұғалім оқушылардың танымдық іс-әрекетін тиімді ұйымдастыру біліктерін
дамытуы кажет.
Оқушылардың шығармашылық іс-әрекетін жетілдіру бағыты танымдық
біліктерінің қалыптасу белгілеріне, танымдық тапсырмаларды орындау
мүмкіндіктеріне қарай оларды шартты түрде мынадай 3 топқа бөлуге болады.
Бірінші топ - танымдық іс-әрекетте табанды, міндеттері мен мақсатын
біледі; ізденімпаз, пән бойынша дербес шығармашьлық жұмыстарға белсене
қатысуымен ерекшеленеді.
Екінші топ - ізденіске ұмтылады, бірақ шығармашылық тапсырмаларды
орындауға барлық уақытта бірдей бейімділік көрсете бермейді;
танымдық тапсырмаларды орындау әдіс-тәсілдерін табуға құлшыныс білдіреді;
тапсырмаларды орындауда мұғалім көмегін кажет етеді.
Үшінші топ — шығармашылық сипаттағы тапсырмаларды орындауға құлықсыз;
белсенділігі төмен; репродуктивті сипаттағы тапсырмаларды ұнатады; жұмысты
орындауда үлгіні кажет етеді, оны орындауда көмекті қажетсінеді.
Сонымен, шығармашылық іс-әрекет талаптарын, сондай-ақ оларды мектепте
ұйымдастыру жолдарын зерттеу мәселені дамытып, жетілдіру тетігін анықтауға,
сондай-ақ мынадай тұжырымдар жасауға мүмкіндік береді:
* оқушылардың шығармашылық дербестігін дамыту арқылы оның жеке тұлғасын
қалыптастыруға болады;
* танымдық іс-әрекет түрлері төменнен жоғары қарай, кезекті түрде, белгілі
бір ретпен, жүйемен жүргізілуі нәтижесінде шығармашылығы дамиды;
* танымдық іс-әрекетті дұрыс ұйымдастыру біліктері мен ізденімпаздықтың
қалыптасуы оқушыларды шығармашылыққа баулиды;
-оқушыларды танымдық тапсырмаларды орындау мүмкіндіктеріне қарай топтарға
бөліп, сәйкес жұмыс түрлерін таңдап, жүйелі жұмыс жүргізудің маңызы зор;
- танымдық іс-әрекетте дәстүрлі емес әдіс- тәсілдерді пайдалану
зияткерлік қабілеттерін дамытып, оқу-танымдық және ғылыми ізденістер
жасауға талаптандырады.
Жаңа әдіс-тәсілдерді біз берісі отандық, әрісі әлемдік педагогика
мектептері мен бағыттары нық жаңашыл ізденістерге толы тың үрдістерінен
оқып үйренеміз.
Жеке тұлғаны қалыптастыру үстінде оқушы қабілетін зерттеудің тиімділігін
де тиісінше пайдаланамыз. Нысаналы мақсатымыз - ақыл-ойын, сезімін еркін
үйлесімдікте ұстай білетін, өнегелі мінез қалыптастырып, адамгершілік
қағидаларды меңгерген тұлға тәрбиелеу. Бұл ретте тәрбие жұмысын жүргізудің
жана технологияларын барынша пайдаланып, оқушылардың бойында өзіне сын
тұрғысында қарау түсінігін қалыптастыруға күш саламыз. Ол үшін әңгіме,
пікірталас және басқа да әдіс-тәсілдерді, сондай-ақ, рөлдік, іскерлік
ойындарды тәрбие жұмысына дендеп енгіземіз.
Психологиялық-педагогикалық әдебиетте шығармашылық әрекеті әрекеттің
эмоционалды-еріктік жағымен байланыстырылады, яғни жеке тұлғаның бойындағы
батылдык, ойлаудың стандартты емес түрі, рефлекстік-болжамдық қабілеттер,
өміршеңдік (оптимизм), табандылық, жаналыққа құмарлық. Тағы да басқа
эмоционалдық ерекшеліктеріне көңіл аударылады, Бірақ, жеке тұлғаның бойында
шығармашылық үрдісті баяулататын жағымсыз қылықтар да болуы мүмкін. Бұған
әуелі оның өзін төмен бағалауы, соған байланысты пайда болатын сенімсіздік
жатады. Сондықтан педагог (мұғалім, тәрбиеші, сынып жетекшісі) бұл
қылықтардың оқушыда болмауына жағдай жасауы кажет.
Оқушыны шығармашылыққа баулу, өз еңбегінің нәтижесін көруге, оны
бағалауға бағыттау - өте күрделі үдеріс. Оқушының шығармашылық мүмкіндігі
оның жеке тұлға ретінде қалыптасу үдерісінде пайда болады. Егер
шығармашылық оқушының жас кезінде бағалы бағдар болып қалыптаспаса, онда
болашақта да оның қалыптасуы екіталай. Сондықтан да оқушының шығармашылық
әрекеті өнімді әрекетпен ұштасып жатуы тиіс. Өнімді әрекет - педагогикалық
үдеріс, яғни оған жүйелілік тән. Өнімділік оқытудың тек белгілі кезеңіне
ғана сай емес, бүкіл үдеріске тән белгі болып табылады.
Әрекет түрлерінің (оқу, еңбек, таным, сөйлеу әрекеттері) арасындағы
байланыс оқушының тек терең білім алуына ғана емес, оның жан-жақты
тәрбиесіне де әсерін тигізеді. Олардың бірін-бірі толықтырып отыруы
нәтижесінде оқушы өзінің бар мүмкіндік, қабілеттерін дамыта түседі. Соның
қорытындысында оқушы жан-жақты, үйлесімді тұлға ретінде дами алады.
Бір ғана оқыту үдерісінде қазіргі кездегі тәрбиенің күрделі де көп қырлы
міндеттерін толық көлемде жүзеге асыру мүмкін емес. Сабақтан тыс
жүргізілетін әр түрлі тәрбиелік іс-әрекет қажет. Ол әдетте сыныптан тыс
және мектептен тыс жұмыс болып бөлінеді.
Сыныптан тыс жұмысқа сабақтан бос кезінде жүргізілетін, тәрбие мен білім
беру сипатында ұйымдастырылатын мақсаты мен бағыты бар сабақтар жатады. Бұл
сабақтар қазіргі кезде тәрбие берудің жалпы жүйесінің ажырамас бөлігін
құрайды. Олар жан-жақты дамуға. бос уақытты ақылға қонымды ұйымдастыруға
септігін тигізеді.
Оқушылардың сабақтан тыс және мектептен тыс жүргізілетін тәрбие жұмыстары
олардың шығармашылық белсенділігін арттыруға, білімді өз бетінше алуына
және оны қолдана білуіне септігін тигізеді. Бұл мәселелерді шешу үшін
ақпаратқа және саналы енбекке бейімдеу және ғылым мен мәдениет саласында
белсенді қызмет етуге тәрбиелеу қажет.
Бұл жұмыстар мұғалім сабақ үстінде жүзеге асыратын тәрбие жұмысын
толықтыра және тереңдете отырып, ең алдымен, балалардың таланттары мен
қабілеттерін неғұрлым толық ашудың, олардың белгілі бір нәрсеге қызығуы мен
ынтасын оятудың құралы ретінде ол оқушылардың бос уақытын ұйымдастырудың
тетігі болып табылады және олардың адамгершілік мінез-құлыққа жаттығуын
ұйымдастырудың, адамгершілік мінез-құлық тәжірибесін қалыптастырудың негізі
ретінде қызмет атқарады.
Қоғам дамуының ең басты шарты - шығармашыл тұлға тәрбиелеу десек. сол
шығармашыл тұлғаны тек шығармашыл тұлға ғана тәрбиелей алады. Оқушылардың
сапалы білім, саналы тәрбие алуы мұғалімдер мен тәрбиешілердің білімділік
және кәсіби шеберлігі Кажет етеді.

Ұқсас жұмыстар
12 жылдық білім беру жүйесінде оқушылардың өзін-өзі дамыту қабілеттерін қалыптастыру
<<технология пәнінен жаңаша оқытудың әдіс-тәсілдері.>>
Құзыретті оқушы
Жаңа материалды бекіту
Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі – оқыту сапасын арттыру кепілі
Оқушылардың табыстық кепілі,педагогтың педагогикалық шеберлігі,кәсіби құзіреттілігі
Нені оқыту, қалай оқыту
Ағылшын тілі сабағында оқытудың тиімді жолдары
Ұжымдық оқытудың тиімділігі
Сабақта құзыреттілікті дамыту жолдары
Пәндер