Райхан балабақшасы: мейірімді орта және педагогикалық шеберлік

Эссе. Балабақша - мейірім аймағы

Куанышева Эльмира Избасаровна

Атырау облысы Индер ауданы «Райхан» балабақшасының әдіскері

Педагогикалық ұжым төмендегі қарапайым ғана шындықты мойындаған кезде ғана, балабақша аймағы мейрімділік территориясына айналары сөзсіз. Ол - ешқашан өзіңді баладан жоғары қойма, өзіңнің қолыңнан келмейтін нәрсені баладан талап етпе! Осы бір шындықты түсінген кезде ғана, бала өзін тек тәрбие құралы ғана емес, ең қиын тапсырманы сеніп тапсыруға болатын сенімді серіктес ретінде сезінетін болады. Ең бастысы- балабақшаны тек оқу-тәрбие ошағы деп санамай, баланы түсінетін, әрдайым көмек қолын созатын әлем деп сезіну. Осындай мейірім мен сүйіспеншіліктің аймағы - біздің «Райхан» балабақшасы. Сондай-ақ, ол мәңгілік балалық пен жастықтың ордасы. Балабақша бізге өз мүмкіндігімізді толық көрсетуге, баламен бірге балаша ойнауға, ойлауға, еркелеуге, қиял әлеміне шарықтауға, ертегілер еліне саяхат жасауға мүмкіндік береді. Біздің мамандығымыз - бұл біздің өмір жолымыз. Біздің балабақша - бұл бөлек әлем, гүлденген көгал. Балабақша бізге балада бар ең нәзік - бала жан дүниесін сезінуге, аялауға, бағалауға үйретеді. Балабақша баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуында ерекше орын алатын сатысы. Балабақшада балаға қажетті, сетінемейтін махаббат жібі бар. Ұзақ жылдар жасағандығына қарамастан, балабақшаның әр кірпіші, әр бұрышы ешқашан ескірмейтін мейірім мен сүйіспеншіліктен тұрады. Балалардың күлкісі мен мейірімі арқасында біздің балабақша жыл өткен сайын гүлденіп, көркейіп, жасара түсуде.

Балабақшаның жүрегі - музыка залы. Ол балалардың күлкісінен қуат алады. Педагогтардың балаға қуаныш силауға, талмай еңбек етуге деген тілегі мен талпынысы балабақшаны мейірімділік пен сүйіспеншілік аймағына айналдырды. Педагогтардың кәсіптік деңгейі - балабақшаның қаңқасы. Кәсіптік қызметімізде бізге көмектесетін бақшадағы әр тәрбиешінің шығармашылық белсенділігі, жаңалыққа құмарлығы. Жаңашылдық пен ізденімпаздық-міне біздің мекеменің басты ұстанымы осылар! Бұл тұрғыда жүйелілік пен ізденушілік үлкен орынды алады. Педагогикалық шеберлік педагогтың әдіс-тәсілдерді меңгерудегі білік-дағдыларына тікелей байланысты. Педагогикалық шеберлік - өскелең ұрпақты тәрбиелеу өнері. Біздер балаға қиындығы мен қарама - қайшылығы мол өмірді, қоршаған ортадағы құбылыстарды түсінуге көмектесуіміз қажет. Тек педагог ғана бала жанының қаншалықты сезімтал, ұғымтал екендігін бағалай біледі. Біздің балаға береріміз - махаббат, сүйіспеншілік, мейірім, қамқорлық.

Ақын Фариза Оңғарсынова өлеңге қосып жырлағандай, «Үй жақсы ма, бақшама?» деген сұраққа біздің балабақшаның әр бүлдіршіні қуана «бақша» деп жауап берер еді. Балалар - өмір гүлі. Ал гүлдер ешқандай жасандылықсыз, шынайылықпен баптағанда ғана өседі.

Бойымыздағы бар білімімізді, асыл қасиеттерімізді періште бөбектерге арнай білсек, олардың жүрегіне жол тауып, өзіндік «мені» бар дәрежеге жеткізсек, Отанды, адамзатты сүюге тәрбиелесек - міне, біздің балабақшамыздың нағыз мейірім алаңына айналғаны.


Ұқсас жұмыстар
Педагогикалық шеберлік және болашақ мұғалімнің кәсіби-этикалық моделі
Тәрбиеші мамандығы: бақыт, жауапкершілік және педагогикалық шеберлік
Тәрбиешінің рөлі: ұлттық тәрбие, педагогикалық шеберлік және жаңашылдық
Мұғалімдерге арналған психологиялық ағарту семинары: өзін-өзі тану, психодиагностика және педагогикалық шеберлік
Кембридж 3-деңгейлік курсы арқылы педагогикалық шеберлік пен мектептегі жаңашылдықтарды дамыту
Математикалық регата: сыныптан тыс шара жоспары - Абай орта мектеп-балабақшасы, Сырым ауданы (2011)
Қамқоршылар күніне арналған Мейірімді жүрек қайырымдылық концерті сценарийі
Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы Жамбыл жалпы орта білім беретін мектеп-балабақшасы үшін авторлық бағдарлама: Журналистика негіздері (9 сынып)
Талантты және дарынды балаларды оқытудағы әдіс-тәсілдер: шеберлік-сынып жоспары
2011 жылғы 1-4 сынып оқушыларына арналған Бағбан көктем гүлдерін көрсететін күн іс-шарасы - Абай орта мектеп-балабақшасы (Сырым ауданы, Батыс Қазақстан облысы)
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz