11-сыныпқа арналған сабақ жоспары: Қазақ ұлттық шешендік өнерінің ерекшеліктері

Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданы

Д. Құрманбек атындағы №20 кәсіптік лицей

11-сынып, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Жадыра Даниярқызы

Сабақтың тақырыбы Қазақ ұлттық шешендік өнерінің ерекшеліктері

Сабақтың мақсаты

  1. шешендік сөздің мазмұндылығы, сөз дәлдігі, тіл

тазалығы, тіл көрнекілігі жөнінде білім беру:

  1. шешендік сөздегі термин сөздер, фразеологизмдер, мақал-мәтелдер, тура және ауыспалы мағыналы сөздердің табиғатын таныту:
  2. қазіргі шешендердің сөйлеу өнерін үйрету, бос сөз сөйлеуден аулақтату, тауып сөйлеуге төселдіру, тіл тазалығын сақтауды насихаттау.

Түрі: аралас

Әдісі: саралап деңгейлеп оқыту, іздендіру, топтастыру

Көрнекілігі: интерактивті тақта арқылы сызбалар, кесте, портрет суреттер.

Пәнаралық байланыс: тарих, әдебиет.

Сабақтың барысы. Ұйымдастыру кезеңі.

Қызығушылықты ояту сатысы:

Ой қозғау

Ой толғаныс

Ой түрткі

Бет бұру

Оқушылармен жүздесіп, амандасу, түгендеу.

Үй тапсырмасын пысықтау.

  1. Шешенге қандай талаптар қойылады?
  2. Шешендіктің отаны қай елдер болып табылады?
  3. Шешендік сөздің сапаларына не жатады?

Тілдің тазалығы

Ой жүйелілігі

Сөздің мазмұндылығы

Сөз қысқалығы

Сөз түсініктілігі

Сөз әуезділігі

Сөз байлығы

Сөз анықтылығы

Сөз дұрыстығы

Сөз дәлдігі

Ал қазір «Көкпар» ойынын ойнайық, бұл ойынды қай топ ең жылдам, ең тапқыр сол топ жеңеді.
1. Кеше деген сөздің екінші буынын алыңдар.
2. Пішен деген сөздің екінші буынын алыңдар.
3. Мүмкіндік деген сөздің жұрнағын алыңдар.
Қандай сөз шықты, кім айтады?

Жауабы: «Шешен»

Шешендік сөздер қазақ ауыз әдебиетінің күрделі де көркем бір саласы болып табылады. Қазақтың дәстүрлі шешендік сөздерін: шешендік толғау, шешендік арнау, шешендік дау деп шартты түрде үшке бөлуге болады. Шынайы шешендік қиялдан тумайды, өмірлік оқиғалардан, табиғи құбылыстардан туады, көп жылдық тәжірибе мен сан рет қайталау арқылы сыннан өтіп халық мойындаған қағидаға, даусыз ақиқатқа айналады. Оның үстіне әр дәуірдің әр түрлі сөз шеберлерінің талғамынан, толғауынан өтіп шешендік сөз “тілге жеңіл, жүрекке жеңіл” тиетін сүйкімді үн мен ырғаққа ие болады. Шешендік сөздер үш түрлі болады: кеңесу, билік және салтанатты сөз. Ал құрылысы жағынан кіріспе, баяндау және қорытынды болып бөлімнен тұрады.

“Өнер алды - қызыл тіл” деп қазақ бекер айтпаған. Қоғам тарихына көзсалсақ, қай халықтың болмасын күрделі қоғамдық, мемлекеттік қайраткерлері, қолбасылары, ғалымдары ойға шебер, тілге шешен болғанын байқаймыз.

Қазақ халқында белгілі бір мәселені талқылау кезінде шешен адамдардың тапқыр ойымен, шебер тілімен ауызша айтқан мазмұнды, көркем пікірін шешендік сөз дейміз.

Би- дау-жанжалға билік айтушы. Шешен -сөзге шебер, тілге жүйрік адам. Шешендік сөздер көркем әдебиеттің жанрлары: ерте-гі, батырлар жырлары, мақал-мөтелдер, жүмбақ, жаңылт-паштар, қара өлең, термелер т. б. ойыңды өрістетіп, тапқ-ырлыққа баулып, үлгі-насихат арқылы тыңдаушының та-ным дүниесін кеңейтіп, биік адамгершілік қасиеттерге үндеп қана қоймайды, олар сонымен қатар, қазақ дала-сында олеуметтік қызмет атқару ерекшелігімен де дара-ланады. Сондықтан да дана халқымыз шешендікті терең меңгерген адамды киелі санап, жүйесін тауып сөйлеген сөзге тоқтаған, шешендікті «шешендік өнер» деген сөз тіркесімен атауы да тегіннен-тегін болмаса керек.
Шешендік сөз парасатты ойға, үшқыр шешімге, тап-қыр логикаға қүрылады. Шешендік сөз айтылған ойға әрі қисынды, әрі жедел жауап қайтару. Яғни, шешендіктің басты қасиеті - тапқырлық, шапшаңдық.
Жалпы сөз тапқырлығында шешендердің алатын орны ерекше. Шешендік өнердің қайнар көзі
Төл әдебиетіміз ХУ ғасырдан басталады. Ендеше ақын-жыраулардың толғау, термелері, айтыстары т. б. осы шешендік сөздердің алғаш-қы баспалдақтары. Сондай-ақ, аты аңызға айналған Асан, Жиренше, Абыз, Қарашаш, Әнет баба, Жетес би, Төле би, Қазыбек, Әйтеке т. б. билер мен шешендер туралы өңгіме-лер, насихат өлеңдер де шешендік өнердің алғашқы табалдырығы екендігінде шүбә жоқ. Ой толғаныс


Ұқсас жұмыстар
11-сыныпқа арналған қазақ тілі сабақ жоспары: Шешендік өнер және сөйлеу мәдениеті
11-сыныпқа арналған қазақ тілі: Сөз мәдениеті және шешендік өнер бойынша орта мерзімді сабақ жоспары
6-сыныпқа арналған Ұлттық шешендік өнер таңдамалы курсының тақырыптық жоспары мен оқу бағдарламасы
11-сыныпқа арналған Тіл тазалығы және шешендік сөйлеу мәдениеті сабақ жоспары
Шешендік өнер: қазақ шешендік дәстүрі мен түрлері - оқу-әдістемелік сабақ жоспары
5-сыныпқа арналған бейнелеу өнерінің жанрлары: сабақ жоспары
Бейнелеу өнерінің түрлері: 5-сыныпқа арналған сабақ жоспары
Сабақ жоспары: Сөз асылы - шешендік (қазақ шешендік өнері және би-шешендердің өнегелі сөздері)
11-сынып қазақ тілі қысқа мерзімді жоспары: Шешендік өнердің дамуына қажетті алғышарттар
9-сыныпқа арналған қазақ тілі сабағы: Шешендік өнер және шартты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем сабақ жоспары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz