Атомдық құрылысы және атомдардағы электрондардың қозғалысы

VІ тарау. Д. И. Менделеев жасаған химиялық элементтердің периодтық жүйесі және периодтық заңы. Атом құрылысы.

Сабақ тақырыбы: Атомдардағы электрондардың қозғалысы

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Атом құрылысы тұрғысынан периодтық заңның мәнін одан әрі аша түсу, негізгі топшадағы химиялық элементтердің атом құрылысы мен оның қасиеттерінің өзгеру заңдылығын түсіндіру.

Дамытушылық: Период, топ бойынша элемент атомындағы электронның орналасу тәртібі мен заңдылығын және элемент қасиетінің өзгеру себебін түсіндіру, білімдерін дамыта түсу.

Тәрбиелік:

Сабақ әдісі : баяндау, сұрақ - жауап

Сабақ жоспары: 1. Ұйымдастыру

2. Өткен тақырыпқа пысықтау сұрақтары

3. Жаңа тақырып

4. Үй тапсырмасы

5. Үй тапсырмасын сұрау

6. Бағалау

Өткен тақырыптарға пысықтау сұрақтары:

  1. Изотоптар дегеніміз не?
  2. Химиялық элемент дегеніміз не?
  3. Фтор атомындағы электрондардың энергетикалық деңгейлерге орналасыун көрсет. (протон, нейтрон санын анықта)

Сабақтың барысы:

Атом моделінің электрон бұлтының құрылысы
Электрон бұлты болатын кеңістікті орбиталь деп атаймыз.

Электрондық қауыз:

  • Атомның барлық электрондары жиналыпэлектрондық қауызынқұрайды.
  • Өзара энергиясы жуық электрондар атомның электрондық қабатын түзеді.
  • Электрондық қабаттар рет нөміріне қарай 1, 2, 3, 4… деп белгіленеді.
  • Әр қабаттағы орбитальдардың өзіндік энергиясы мен пішіндері болады.
  • Шар тәрізді электрон бұлтын s-электрондар деп, ал орбитальдарды s-орбиталь д. а.

Кейбір электрондар ядро маңында гантель тәрізді бұлт түзіп қозғалады, ондай электрондар p - орбитальдарын береді. Кеңістікте координаттардың 3 осі (x, y, z) бойынша орналасатындықтан рx, рy, рz орбитальдары деп бөлінеді

Көптеген атомдардағы бірінші электрондық деңгейінің орбитальды диаграммасы жоғарыда көрсетілген.

Электрондық бұлттарды толтыру ережесі келесі:

  • 1. Ең алдымен элемент атомында қанша электрон бар екендігін анықтап алу. Ол үшін сол элементтің ядро зарядын білсек болғаны, ол Д. И. Менделеевтің периодтық жүйедегі элементтің реттік нөміріне тең. Реттік нөмірі (ядродағы протон саны) барлық атомдағы электрон санына тең.
  • 2. Бар электронмен 1s - орбитальдан бастап ұяшықтарды толтырамыз. Әрбір ұяшықта 1 не 2 электрон бола алады. Бір ұяшықта орналасқан екі электронды қарама - қарсы бағдаршамен белгілілейді .
  • 3. Элементтің электрондық формуласын жазамыз.
Электрондық деңгей (n): Электрондық деңгей (n)
Осы деңгейде электронның сыйымдылығы: Осы деңгейде электронның сыйымдылығы
Электрондық деңгей (n): 1
Осы деңгейде электронның сыйымдылығы: 2
Электрондық деңгей (n): 2
Осы деңгейде электронның сыйымдылығы: 8
Электрондық деңгей (n): 3
Осы деңгейде электронның сыйымдылығы: 18
Электрондық деңгей (n): 4
Осы деңгейде электронның сыйымдылығы: 32
Электрон бұлтының пішіні: Электрон бұлтының пішіні
Электрон бұлтының пішіні:
s
p
d
f
Электрон бұлтының пішіні: Пішіні

Сфералы

(шар тәрізді)

Сегіздік

(гантель)

Күрделі пішінді
Күрделі пішінді
Электрон бұлтының пішіні: Бір деңгейде бола алатын электрон саны
2
6
10
14

Ұяшықтарды толтыру тізбегі:
1s 2s 2p 3s 3p 4s 3d 4p 5s 4d 5p 6s 4f 5d 6p 7s 5f 6d 7p

Қайсы электрондық конфигурация дұрыс толтылрылған?

Жаңа тақырыпты бекіту:

жаттығулар беріледі.

Үйге тапсырма: § 57 Атомдардағы электрондардың қозғалысы.

Есептер жинағы: 104-105 бет 5-56, 5-57, 5-67, 5-68 жаттығуларды орындау

Бағалау:


Ұқсас жұмыстар
8-сынып: Металдардағы электр тогы - электрондардың реттелген қозғалысы
Галогендер: атомдық құрылысы, химиялық қасиеттері және қолданылуы
Көміртек: периодтық жүйедегі орны, атомдық құрылысы, қасиеттері және табиғаттағы таралуы
Атом құрылысы: кванттық теория мен атомдық құбылыстарды жүйелі қайталау
Фосфор және оның қосылыстары: атомдық құрылысы, физикалық және химиялық қасиеттері мен қолданылуы
Мырыш: атомдық құрылысы, физико-химиялық қасиеттері, қосылыстары және бағалау критерийлері
10-сынып: Д.И. Менделеев жасаған периодтық жүйенің құрылысы және химиялық элементтің атомдық құрылымы - сабақ жоспары
Атомдық құбылыстар: атом құрылысы, фотоэффект, рентген сәулелері және спектрлер бойынша сұрақ-жауап ойын сабақ жоспары
Электр заряды мен денелердің электрленуі; Күннің жылдық қозғалысы және Күн жүйесінің құрылысы
Жай және күрделі заттар: салыстырмалы атомдық және молекулалық массаларды есептеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz