Тәрбиеге байланысты менің көзқарасым

Қазақ ағартушысы М. Жұмабаев «. . . Әрбір ұлттың баласы өз ұлтының арасында өз ұлты үшін қызмет қылатын болғандықтан, ұстаз баланы сол ұлт тәрбиесімен тәрбие қылуға міндетті» деген . Жас ұрпаққа саналы тәрбие және сапалы білім беру деңгейі ең алдымен мұғалімнің даярлығына, оның іс-тәжірибесінің қалыптасып, шыңдалуына байланысты.

Келешекте біздің еліміз басқа тәуелсіз елдермен терезесі тең болып өмір сүруі үшін қазақ балаларын ешкімнен кем қылмай, мектеп қабырғасынан-ақ жан-жақты білімді, тәрбиелі етіп шығару жолындағы басты тұлға -мұғалім. Жас ұрпаққа білім-тәрбие беретін бала жанының бағбаны мұғалімдер қандай болуы керек дегенді ой елегінен өткізіп көрейікші?!

Біріншіден, мұғалімнің ары таза, адал, инабатты, сыпайы, парасатты, байсалды, ұстамды, төзімді, кешірімді болуы шарт. Екіншіден, мұғалімнің ой-өрісі кең, жан-жақты, білімді, өз мамандығына сай, оны сүйетін, өз ойын шәкірттерге анық тұжырымды, дәл айтып түсіндіре білуі шарт. Үшіншіден, мұғалім өз оқушыларына беделді, ұжым арасында сыйлы болуы шарт. Әрдайым оқушыларымен әдептілік қарым-қатынаста болғаны жөн.

Қазіргі уақытта мұғалім болу оңай жұмыс емес. Басқа ешбір мамандық адамға дәл мұғалімге қойылғандай талаптар қоймайды. Педагогтық қызметтің жетістігін бағалау да өте қиын. Оның сапасы сызғышпен өлшеп, әрбір мысқалына дейін таразыға тартатын дүние емес. Бірақ, жақсы ұстазды балалар да, ата-аналар да тани біледі.

Бүгінгі күні сынып жетекшісі-кәсіпкер, педагог, ол өсіп кележатқан бала үшін:

  1. Жалпы адамзаттық мәдениетті меңгеруде оқушы мен қоғамның арасындағы рухани жалғастырушы;
  2. Сынып ұжымының алуан түрлі бірлескен іс-шаралары барысында олардың өзара ынтымақтастық қарым-қатынасының қалыптасуын ұйымдастырушысы;
  3. Оқушы тұлғасының қалыптасуына қолайлы жағдай жасау мақсатымен олардың дамуын бақылаушы, тәрбие жүйесіне қажетті өзгерістер енгізуші, мектеп психологымен бірігіп оқушының қоғамдық өміріне кейбір түзетулер жасаушы;
  4. Оқушының күнделікті өмірі мен әрекетін ұйымдастыруда, кәсіби бағдар беруде, қоғам өмірінің әлеуметтік-экономикалық, саяси ерекшеліктерін түсінуде көмекші, кеңесшісі;
  5. Сыныпта қолайлы, жайлы моральдық-психологиялық ахуал қалыптастыру үшін сынып ерекшеліктерін ескере отырып, қажетті тәрбиелі ықпалдар жасаушы;
  6. Оқушының дамуы мен жетілуіне ықпал жасайтын барлық тәрбиелік күштердің (мектеп, отбасы, қоғам) басын қосушы, үйлестірушісі.

Я. А. Коменский балаларға тәлім-тәрбие беріп ұстаздық көрсететін мұғалімді өте жоғары бағалады: «Мұғалім -мәңгі нұрдың қызметшісі. Ол барлық ой мен қимыл әрекетіне ақылдың дәнін сеуіп, нұр құятын тынымсыз лаулаған жалын иесі. Оларға тамаша қызмет тапсырылған, күн астында одан жоғары еш нәрсе болмақ емес». Балалардың санасы мен мінез-құлқының қалыптасуына тәрбиешінің жеке басының, оның моральдық бейнесінің атқаратын рөлі орасан зор. Бұл әсерді өзінің күші жағынан еш нәрсемен салыстыруға болмайды. Бұл-ерекше құдыретті күш. Орыстың ұлы педагогі Д. К. Ушинский «Тәрбиеде барлығы да тәрбиешінің жеке басына негізделуге тиіс. Ешқандай жарғы және бағдарлама, ешқандай оқу орнының жасанды орталығы қаншалықты жетілдірілгенімен тәрбие ісінде жеке дамды алмастыра алмайды. Тәрбиешінің тәрбиеленушіге тікелей әсерінсіз мінез-құлыққа сіңерліктей шын тәрбие беру мүмкін емес» деп жазды. Мұғалім -баланың жеке тұлғасын қалыптастырушысы, маңызды тәлім-тәрбие өнегесінің бастаушысы, жарқын үлгісі, бала қиялын самғатып, арманын көкке ұсындырушы басты тұлға. Бүгінгі жас өркеннің ертеңгі әлеуметтік-саяси қоғам мүшесі ретінде қалыптасуында тәлім-тәрбиенің маңызы зор екендігі белгілі. Ендеше қоғамдағы қол жеткен тәрбиелік жақсы дәстүр атаулыны пайдаланып, биік адамгершілік қасиеттерге баулу, тәрбиелеу-мұғалімнің басты міндеті. Мұғалім жан-жақты жетілген, білімді, әдістемелік-шығармашылық иесі, халықтық дәстүр, әдет-ғұрып пен салт-сана ерекшеліктерін, әлеуметтік қарым-қатынастар түрлерін кәсіби түрде меңгеруі тиіс. Әсіресе, осы кәсіби білік дағдыларын шыңдауы оның ұстаздық тәжірибе жинақтауының ең басты алғы шарты болып табылады. Мұғалімнің кәсіби білік дағдылары өз кезегінде оның жеке кәсіби -педагогикалық мәдениетін көрсететін өлшем. Оған мұғалімнің жеке мәдени деңгейі, адамгершілігі, тәлім-тәрбиесі, ізденімпаздығы, зерттеушілігі жатады. Мұғалім кәсіби білімін жетілдірген жағдайда ғана оқушының танымдық, шығармашылық қабілетін дамытып, ғылымға деген қызығуын қалыптастыра алады.

Мен сынып жетекші алдымда отырған сары уыз балапандардан ертеңгі күні білімді, адамгершілігі мол, қоғамымызды өркендетуге қабілеті мен қарымы жететін азамат тәрбиелеу үшін, біз оларды өз беттерімен керек білімді алуға, терең ойлап, ойын дұрыс жеткізе білуге үйретуіміз керек.


Ұқсас жұмыстар
Кейбір ата - аналар
Мектептегі тәрбие жұмысының нәтижелігі ата - анамен мектептің бірлескен әрекетінде
Ата - аналармен ұстаздардың кездесуі
Менің тәрбиеге байланысты көзқарасым
Менің тәрбиеге көзқарасым
Тәрбиеге менің көзқарасым
Арыстан мен тышқан 4 сынып
Қаңлылардың қоғамдық құрылысы
Кітап күні
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Сабақтың тақырыбы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz