Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Оқушылардың оқу белсенділігін қалыптастырудың жолдары
ЖАНҰЯ-РУХАНИ АДАМГЕРШІЛІКТӘРБИЕСІНІҢ НЕГІЗІ
ҚАЛЕКЕ Н.
М.Горкий атындағы №16 орта мектеп, Қазалы ауданы, Қызылорда облысы
Еліміздің президенті Н.Ә.Назарбаев «Егер біз адамгершілігі жоғары қоғам
болғымыз келсе, жұбайлардың бір-бірінің алдындағы, ең бастысы балаларының
алдындығы жауапкершілігін күшейтуге тиіспіз»-деген болатын.
Жанұя ғасырлар бойы өмір сүріп келе жатқан адам баласының әлеуметтік
ортасы. Халықтың салт-дәстүрін әдет-ғұрыптарының сақтаушысы. Сондықтан
жанұя тәрбиесі халықтың ой арманымен мол тәжірибесімен ұлттық дәстүрімен
дамып ұрпақтан-ұрпаққа жалғасыпжеткен тарихи мұра. Әрбір жанұяда балалардың
рухани-адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру ең бірінші ата-ана тәрбиесіне
байланысты. Қай заманда,қайсы елде болса да жанұяның адамзат ұрпағына
ететін ықпалы мен әсерін өмірдегі басқа ешнәрсенің күшімен салыстыруға
болмайды. Жанұя тәрбиесінің түрлері мен мүмкіндіктері көп, әсіресе,
көргенді, ынтымақты, тату тәтті тұратын отбасында шаңырақ шатығы-негізінен,
қоғамдық сананыңғ адамгершілік, кісілік, қайырымдылық, әдептілік,
әділеттілік сияқтытолып жатқан моральдық ұғымдарға негізделеді. Бала үшін
отбасында ең алдымен, әке-шешесінің, ата-әжесінің басқа да ересектердің
инабатты, кісілік үлгілерінің маңызы зор. Бала өз заманына тән кісілікті,
әдептілікті, қайырымдылықты, тіпті бұзақылықты да алғаш рет осы өзінің
отбасында меңгереді. Үй ішінде күнделікті айтылатын ұлағатты өсиеттері мен
ақылы, ал жастардың оларға деген сый құрметі, адал көңілі, әдепті
қылықтары, ерке-назы, жалпы алғанда,дұрыс қалыптасқан моральдық-
психологиялық қарым-қатынастар отбасы өмірінің ерекше рухани бір байлығы.
Осындай отбасында өскен балалар бақытты, олардың өмірден алатыны да, өмірге
беретіні де көп болады.
Балалардың бойындағы қабілеттің, қайсі нәрсеге бейімділігін, ол
қабілеттер мен бейімділіктерқашан, қай мезгілде пайда болатыны әлі де толық
шешіле алмай келеді. Соның салдарынан дүниеде миллиондаған адамдар
өздерінің болашақтағы орнын дұрыс таңдай алмай қиналады, сәтсіздікке
ұшырайды. Отбасы мен ата-аналардың осы проблемаларды шешуге тигізетін
пайдасы мол. Талапты жастарға мамандық таңдау үстінде дұрыс бағыт, кеңес
беретіндер негізінен, ата-аналар. Себебі, балалардың сырын да, қабілетін де
ата-аналарынан артық білетін адам жоқ.
Адамның ең асыл қасиеттерінің бірі-оның жұртқа ұнамды мінез-құлқы.Ол
қасиет негізінен отбасында қалыптасады. Отбасы тәрбиесінің осындай
ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін қоғамдық тәрбиенің міндеттері мен
ұштастыра білсек, оның берері мол.
Баланы тәрбиелеуге ата-ана жеткілікті мән бермесе, бұл істің нәтижесіз
болары күмәнсіз. Абай былай дейді: «Балаға көбіне үш алуан түрлі мінез
жұғады. Біріншісі-ата-анадан,, екіншісі-ұстазынан, үшіншісі-құрбысынан.
Солардың ішінен бала қайсысын жақсы көрсе,сонысынан көбірек жұғады».
Сондықтан жұмыс қаншалықты қауырт болса да, қаншалықты шаршап-шалдығып
жүрсе де ата-ана бала тәрбиесін ұмытпауы тиіс. Балалардың болашақ қадамы
отбасында басталатыны бәрімізге аян. Бала жақсы әдетті болса да, жаман
әдетті болса да ең алдымен жанұяда алады.
Ата-аналар балаларын мәдиенетті, кішіпейіл адал азамат етіп өсіргілері
келсе, ең алдымен олардың өздері кіршіксіз таза адам болуы керек. Көпшілік
жағдайда баланың бойында теріс қылықтардың пайда болу себебін жанұядағы
үлкендер өздерінің бойынан іздемейтіні өкінішті-ақ.
А.С. Макаренко ата-аналарға арнаған еңбегінде «Сіздің мінез-құлқыңыз
-жеткіншек тәрбиесіндегі бірден-бір шешуші құрал. Сіз қалай киінсеңіз,
басқалармен қалай әңгімелесеңіз, қалай қуанып, қалай қайғырасыз,
достарыңызбен және қас адамдарыңызбен қалай қатынас жасайсыз, сіз қалай
күлесіз, газетті қалай оқисыз, радионы қалай тыңдайсыз, міне, мұның
барлығының да бала үшін маңызы ерекше»-деген болатын.
Ата-аналар шын беделге ие болған жанұяларда олардың жай ғана реніш
білдіруі, ескерту жасауы баланы теріс істерден сақтандыру үшін жеткілікті.
Беделдің болмауынан балалар ата-анасымен ашылып сөйлеспейді. Олардың
ескертпелеріне дөрекілікпен қарсыласумен жауап береді. Кішкентай күнінде
сәби ата-анасына жан-тәнімен қадірлейді, оларды бар зейінімен тыңдайды. Ал
ақылы кіріп жақсы мен жаманды ажырата бастаған жасөспірім үйдегі үлкендерге
енді ересек көзбен қарайды. Бірақ бұл жағдайды біздер, ата-аналар, үнемі
ескере бермейміз. Қорқытумен, күш көрсетумен балаға айтқанымызды істетуге
әуеспіз. Мұндай отбасында нашар мінез-құлықты балалардың өсетініне мән
бермейміз. Отбасындағы байсалды, бірқалыпты қарым-қатынас балалардың ата-
аналарына сенімі мен құрметін күшейтетінін ұмытамыз.
Әрбір ата-ана баласының тәрбиесі үшін Отан алдында, мемлекет алдында
жауапты екенін ұмытпағаны абзал.
Алдында ешқандай қуанышы болмаса, адам жарық дүниеде тіршілік етіп жүре
алмайды. Адам өмірінің ең жақсы атышулы қозғаушысы-ертеңгі қуаныш»-деген
А.С. Макаренко. Олай болса әрбір ата-ана балаларын ертеңгі қуанышты сезіне
білуге тәрбиелеу қажет.
В.А. Сухомлинский оқушылардың ата-аналарымен жұмыс істеудің маңызына
ерекше назар аударған. «Тек ата-аналармен бірге, жалпы күш-жігерді
біріктіру арқасында мұғалімдер балаларға үлкен адамдық бағытты беруі
мүмкін»,-дейді. Олай болса, отбасы мектеппен бірге тәрбиелік ортаның
тұтастай негізі ықпал ету факторларын жасайды. Сондықтан да педагогикалық
әрекетте мектептің жалпы міндеттерінің көлемінің тым кеңдігіне қарамастан,
ата-аналармен жұмыстың маңызы ерекше.
Пайдаланылған әдебиеттер
1.Әбиев Ж. Педагогика тарихы-А., 2006.
2.Макаренко А.С. Ата-аналар кітабы.-А., 1987
3.Сухомлинский В.А. Нравственный идеал молодого поколения.-М. 1961
Оқушылардың оқу белсенділігін қалыптастырудың жолдары.
Қалеке Н.
М.Горький атындағы №16 орта мектеп, Қызылорда облысы., Қазалы қаласы
Оқушылардың оқу белсенділігін арттыру арқылы өздігінен білім алуды
қажетсіну қазіргі таңда шешуін күтетін өзекті мәселелердің бірі екені
айқын. Адамның белсенділігінің таиғатын тани білу, еңбек және моральдық
белсенділік дәрежесі бойынша адамның қоғам мен ұжым үшін жарамдылығын жете
анықтау мұғалімінің басты міндеті.
Бала белсенділігі туралы XVI-XVIII ғасырдағы негізделген алғашқы
әрекеттер.
(Я.А. Коменский, Ж.Ж. Руссо) және бұл ұстанымдары А. Дистервегтің , К.Д.
Ушинскийдің және XIX ғасырдың басқа да прогрессивті ұстаздардың қолдауы
физиологиялық және психологиялық деңгейде адам белсенділігінің мәнін
методологиялық бағалаушылықпен расталады (И.В. Сеченов, В.М. Бехтерев, И.П.
Павлов, Л.С. Выгодский, С.Л. Рубинштейн, А. Леонтьев). Осы зерттеулердің
нәтижесінде тұлғаның белсенділігі оның табиғи жаратылысы жағдайы, сонымен
бірге, тұлға іс-әрекет барысында қалыптасатындығы, іс-әрекет қандай
болса,тұлға да сондай болады деген қорытындылар жасалынады. Демек, жеке
тұлғаны жан-жақты дамыту үшін оқу белсенділігінің мәні ерекше. [1]
Белсенділік деп адамның іс-әрекеті үстіндегі жағдайын айтады. Тіршілік
және іс-әрекеттері барысында адамның қарым қатынас жасау, таным және өзін-
өзі тәрбиелеу белсенділігі дамиды. [2]
Бала белсенділігінің ең алғашқы формасының бірі қарым-қатынас жасау
белсенділігі. Бұл адамның бүкіл өмірінде дамитын белсенділік. Балалардың
жас ерекшеліктеріне сәйкес басқа адамдар мен қарым-қатынас жасау
белсенділігінің мазмұны өзгеріп отырады. Мектеп жасына дейінгі балалар
ересек адамдардың әрекеттеріне үңіле қарап, үйренеді, оларға еліктейді.
Балалардың саналы түрде істейтін мұндай әрекеттерін ырықты немесе ерікті
белсенділік дейді. Бұл жастағы балалардың үлкендердің әрекеттеріне және
олармен өзара қатынас жасауға еліктеу рөлді ойындарды атқар барысында
байқалады. Көбінесе балалардың ойындары адамдардың іс-әрекеттері, тұрмысы,
өзара қатынасы қамтылып көрсетіледі, ұжымдық өмір дағдылары қалыптаса
бастайды. Ойын барысында балалардың құрдастарымен де өзара қатынасы
өзгереді. Олар басқа балалармен ойнауға тілек білдіреді, еңбекке байланысты
тапсырмаларды бірігіп, орындауғу, өз қылықтарын ережеге бағындыруға,
керексіз әдеттерді тежеуге, кеднргіні ығыстыруға үйренеді.
Әр түрлі ойын баланың дүниетанымын кеңейтіп, қарым-қатынас жасау
белсенділігін дамытады.
Қарым-қатынас белсенділігі әсіресе, мектеп жасындағы балаларда айқын
көріне бастайды. Ата-аналармен, мұғалімдермен, құрдастары және достарымен,
үлкендермен балалардың қатынас жасауында әр алуан ерекшеліктер болады. V-VI
сынып оқушылары қарым-қатынас жасау үшін ең алдымен өзіне дос және жолдас
болатын құрбы-құрдастарын іздестіреді.
Қарым-қатынас жасау белсенділігі жеке адам қасиеттерінің (марқабаттық,
қайырымдылық, қамқорлық, өзі үшін және басқа адамдар алдында өзінің
қылықтары жайлы жауапкершілік сезімі т,б.) қалыптасуына мүмкіндік туғызады.
Баланың даму барысында таным белсенділігі артады. Ьектеп жасына дейінгі
(5-6жас) балалар заттарды түсіне, формасына қарап ажырата бастайды, олардың
құрылысын, пайдалану тәсілдерін білгісі келеді. Балалардың бір нәрсені
құмартып, білуге талаптануын таным ынтасы дейді. Балалар өте байқағыш, әр
нәрсеге үңіле қарайды, кейде терең ойға шомылады.
Мектеп жасындағы балалардың таным ынтасын қалыптастыруда білім беру
тәсілдерінің ерекше маңызы бар. Оқу барысында балалар түрлі заттардың,
құбылыстардың мәніне, ғылыми ұғымдар мен заңдылықтарға терең түсінуге,
алған теориялық білімдерін практикада еркін білуге үйренеді. Оқушылардың
таным белсенділігі олардың шығармашылық іздену қабілетіне, мұғалімнің
теориялық сауаттылығы мен шеберлігіне байланысты.
Жеке адамның санасының қалыптасу барысында өзін-өзі тәрбиелеу
белсенділігі ерекше орын алады. Бала даму барысында өзін-өзі жетілдіру
мақсатын көздей талаптанып әр түрлі әрекет жасайды.
Оқушылардың өзін-өзі тәрбиелеу ісін жетілдіру үшін олардың жас және
дербес ерекшеліктерін еске алып, оқу тәрбие жұмысының барысында сана
сезімін ояту, өз бетінше жұмыс істей білуге үйрету-мұғалімнің басты
міндеті. [3]
Кеңес педагогикасында адамның қоғамдық-саяси белсенділігі күрделі
моральдық-еріктік сана ретінде қаралады. Онда қоғамдық жұмысқа деген
ынтасы, тапсырманы орындаудағы жауапкершілігі, орындаушылығы мен
инициативтілігі, өзіне және жолдастарына талап қойғыштығы, қоғамдық болуы
осылардың барлығы бірінен-бірі ажырамастай ұштасып жатады.
Осы көрсеткіштердің әрқайсысы өқушының қоғамдық іс-әрекетке қатынасын
және оның белсенділік дәрежесін сипаттайды. Кейбір жеке оқушыларда бұл
көрсеткіштердің көрінуі түрліше болуы мүмкін және жас ерекшеліктеріне,
сондай-ақ мектеп оқушыларының жеке бас тәжірибелеріне және белсенділік
дәрежесіне байланысты. Коллективте қоғамдық жұмысқа деген ынтасы тұрақты
дамыған оқушыны әрқашан да кездестіруге болады, олар мұғалімнің айтуынсыз-
ақ оған кірісіп кете береді, өйткені олай істемей тұра алмайды. Бірақ
мұғалім алдында, жолдастары алдында өздерін мадақтау мақсатында тек өздері
үшін ең қызықты нәрселерді ғана жасайтындар да аз кездеспейді.
Тапсырманы орындау үстінде бір оқушы өзі жауапты бола тұрып, тапсырма
орындауға басқаларды да мәжбүр етуі мүмкін, екіншісі өзі ұқыпты орындайды,
бірақ жолдастары туралы ойламайды, ал үшіншісі өзгелерді бар ынтасымен
құмарландырады, бірақ өзі еш нәрсе істемейді. Бұл қоғамдық белсенділіктің
түрлі компононттердің дамуындағы теңсіздіктерді тәрбиелеудің нақтылы
процесінде ескеріп отыру, сөйтіп,осы арқылы кейбір оқушыда нашар, немесе
мүлдем дамымаған жақтарына ықпал жасау керек.
Сана мен іс-әрекеттің тұтастығы материалистік диалектика мен
психологияның ең маңызды заңдылығы болып есептелінеді. К. Маркс адам
пассивті жеміс емес, ол қоршаған ортасын, жағдайларды және өзін
белсенді(активті) түрде өзгерте алады деп жазған болатын. Бұл тұжырым
тәрбие процесін ұйымдастырудың маңызды жолын ашады. Демократиялық
педагогиканың классиктері де (И. Г. Песталоцци, Я.А. Коменский, Ы.
Алтынсарин, т. б.) жеке тұлғаның өзінің белсенділігіне, оның шығармашылық-
қайта құру іс-әрекетіне үлкен мән берген. Белсенділік адамның табиғи
қасиеттерінің бірі болып табылады. Дьюидің жетекші қағидасының айтуы
бойынша оқыту процесінің белсенді қатысушысы болатын оқушы мінездемесін
анықтайды. Дьюи бойынша оқушы егер «өзімен өзінің айналасындағы кернеуді
табыстыра» алса белсенді болады (S.Мю Fishman, L.McCarty, 1998). Бұған
қалай жетуге болады? Бұл айналаны белгілі бір мақсатпен зерттейміз және
оның барысында алдағы ізденістерге қажет болатын жаңа жетістіктерге жету
жолдарына үйренгенімізде орын алады деп есептейді ол. Оқушыға оқырманның
қызығушылығын арттыратын дұрыс проблемаларды; сонымен қатар оқу
бағдарламасына енген материалды оқу барысында меңгерілетін және
нәтижелерге әкелетін проблемаларды оқуға беру біздің қолымыздағы нәрсе.
Ондн Дьюидің айтуына сай, оқыту мектептен тыс білім сияқты эмоционалодық
күшке ие болады(S.Мю Fishman, L.McCarty, 1998).
[4]
С.Фишиман айтуынша кластағы мүдде мен жігер механизмін Дьюи келесі
тұрғыда көрсетіледі:
1. Не үшін? Балалар «не үшінсіз» мектепте үйреніп жатқаны мен өзінің
болашағының арасындағы ұзақтықты құрастыру алмайды.
2.Неменеге? Оқушылар оларды мақсатқа жету үшін не көмектесетінін
анықтау керек. Егер сен біреудің сенімін өзгерткің келсе,онда сен
көрсетілген ақпараттар нақты неге назарын аударуды ұсынатындығыңды көрсету
керек. Пән мен материал мақсатқа жетудің қажеттілігі мен мағынасы болуы
керек.
3.Не арқылы? Бұл оқушыларды кластағы таныс емес элементтерді тануы үшін
қолданатын бұрынғы тәжірибесі.
Психологияда белсенділікті іс-әрекет деп атайды. Жеке тұлғаның
белсенділігі оның қажеттіліктерінен туады (материалдық және рухани, жеке
немесе қоғамдық қажеттіліктер). Жануарлардан айырмашылығы адамның
қажеттіліктері сәби жасынан бастап-ақ қоғамдық қажеттіліктермен
реттелінеді. Адамның белсендігі (немесе оның әрекеті) оның себептеріне,
мақсатпен міндеттерін дұрыс қоя алуына, оларды орындау тәсілдерін дұрыс
таңдай алуына, оларды орындау тәсілдерін дұрыс таңдай алуына байланысты.
Белсенділіктің өзіне және жеке тұлғаның қоршаған ортамен тәрбиелік
(сыртқы) әсерлерге қатысты ішкі ұстанымдарына байланысты ол әр түрлі
бағыттарда қалыптасуы мүмкін. Егер оқушының осы әсерлерге деген көзқарасы
теріс болса, ол тәрбиешісі қалағанынан қайшы бағытта дамиды. Мысалы,
мұғалім оқушылардың білімін тексеру кезінде оқушының бағасын төмендетіп
қояды да, оқушы оған ренжіп қалады. Мұндай жағдайда мұғалімнің үлгерімді
жақсартуға шақырған әрбір сөзі оқушыда жасырын, кейде тіптен ашық қарсы
әрекет тудырады. Тәжірибеші, оның педагогикалық әсері ішкі өрісте. Яғни
тәрбиеленушінің санасы мен сезіміне оң әсерін тигізбесе, барлық жағдайларда
әрдайым осылай болып отырады.
Осының нәтижесінде, жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуында көрініс
табатын барлық әсерлер мен ықпалдар екі топқа – ішкі және сыртқы болып
бөлінетін болды. Қоршаған ортаның әсері мен тәрбие жеке тұлғаның дамуының
сыртқы факторларына жатады. Табиғи әсерлер-бейімділік пен әуестік, сонымен
қатар, адамның сезімдері мен күйзелістері, оның сыртқы әсерлердің ықпалымен
пайда болатын сылтаулары мен қажеттіліктері- барлығы ішкі факторларға
жатады. Жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуы осы екі фактордың өзара
байланысының нәтижесі болып табылады.
Егер тәрбие жеке тұлғаның өз өзімен жұмысы кезіндегі белсенділігіне
деген іштей ықпалына әсер ететін болса, онда оның жеке тұлғаның дамуында
шешуші рөл атқара алатыны түсінікті. Осы бейімділік пен өсіп келе жатқан
адамның жеке тұлға ретінде жетілуіне деген өзіндік ынтасы ғана түбінде оның
дамығанын анықтайды. Осылайша бұл процесс, шын мәнісінде, өзін-өзі дамыту,
өзін-өзі тәрбиелеу сипатына ие болады. Л.Н. Толстойдың адамның дамуын жеміс
ағашының өсуімен салыстыруы тегін емес. Өйткені, сөздің тура мағынасында
оны ешкім өсірмейді, ол өздігінен өседі. Адам тек қана топырағын қопсытады,
тыңайтқыштар себеді, артық бұтақтарын кеседі, яғни оның өзіндік мүмкіндік
беретін қажетті сыртқы жағдайларын жасайды, оған дем береді. Ал
өзіндік даму өзінің ішкі заңдары бойынша жүреді.
Баланың, оқушының белсенділігі іс-әрекеттің әралуан түрлерінде
көрінетіні психологияда дәлелденген, өмір барысында қарым-қатынас, таным
белсенділіктері, өзін-өзі жетілдіру мен қоршаған өмірді түрлендіру, өзгерту
белсенділіктері дамиды. Кішкентай баланың өзі де пассивті емес түрде
өмірдің жағдайларына бағынады. Ол өзінің талаптарын
орындатқанда(үлкендерге) белсенді, ол қоршаған адамдарға қатысты өз
түзетулерін енгізеді. Ол адамға деген (керек, керек емес, жақсы
көретін, жақсы көрмейтін) өзіндік жеке тұлғалық өзгешелігін жасай отырып
пайда болады.
Қарым-қатынас-генетикалық түрде баланың белсенділігінің ең ерте белгісі.
Адамның әлеуметтік тіршілік иесі ретінде ерекшеліктері осы қарым-қатынаста
көрінеді. Онда адамдарға деген қатынастың көптеген алуан түрлі ренктері
бар: ата-анаға, мұғалімдерге, таныстарына, таныс емес адамдарға,
құрдастарына, өзінен кішкентайларға, достарына. Бала өзіне дос таңдайды, ол
адамдардың белгілі-бір шуңберімен қарым-қатынас іздейді, ол
басқаларға ықпал етеді. Ұжымда ол кейде ұйымдастырушы, кейде орындаушы
болады. Қарым-қатынас белсенділігі жеке тұлғаның ең маңызды жақтарының
дамуына жағдай жасайды, олар-адамгершілік, қайырымдылық, қамқорлық, өз өзі
үшін, адамдар алдындағы өз істері үшін жауапкершілігі.
Оқушылардың оқу белсенділігін қалыптастырудың бір көзі- сабақта жаңа
технологиялар қолдану арқылы түрлендіріп өткізу. Көптеген инновациялар
арасында оқушылардың оқу белсенділігін қалыптастыруға аса қолайлы
технология Сын тұрғысынан ойлау жобасы. Сын тұрғысынан ойлау – ашық қоғам
негізі. Ол-өз алдына сұрақтар қойып және үнемі оларға жауап іздеу, әр
мәселеге байланысты өз пікірін айтып, оны дәлелдей алу, сонымен қатар
басқалардың пікірлерін дәлірек қарастыруды және сол дәлелдемелердің қисынын
зерттеу дегенді оқыту «қарапайымнан күрделіге» деп аталады. [5]
Бағдарлама құрылымы үш деңгейден тұрады:
Қызығушылықты ояту. Оқушының тақырып туралы не білетіндігі анықталынады,
белсенділігі артады.
Мағынаны ажырату. Оқушы жаңа ақпаратты бұрынғы біліммен ұштастыра
түседі.
Ой толғаныс. Оқушылар өз ойлары мен байқаған ақпараттарды өз сөздерімен
айта біліп, өзара алмасады. Өзгелердің ой кестесін үйренеді.
Осы бағдарламаның стратегияларын меңгеріп, тіжірибе жүзінде қолданса,
оқушылардың оқу белсенділіктері, сабаққа деген қызығушылықтары артып,
олардың бір-бірімен пікір таластырып ашық сөйлеу, еркін сөйлеу дағдылары
қалыптасады. Өздеріне сенімсіздік білдіріп, бұйығып отырытын оқушылар да өз
ойларын аз да болса жүйелеп еркін айтатын болады.
Әдебиеттер:
1. Қойшыбаева А. Оқушылардың қызығушылығы мен белсенділігін қалыптастыру.
/Қазақ тілі мен әдебиеті, №. Б. 59-61
2. Сабыров Т. Оқушының оқу белсенділігін арттыру жолдары. Алматы.:
Мектеп,1978
3. Рамазанқызы Ә Оқушылардың белсенділігін арттырудың тиімді жолдары/
Қазақ тілң мен әдебиеті, №3, Б 49-52
4. Нургалиева Г.К. Психолого-педагогические основы системы ценностного
ориентирования личности: Дис.докт.-Алматы, 1993-375с.
5. Мирсеитова С, Іргебасова Ә Әрекеттегі СТО философиясы мен әдістері.-
Алматы:ИздатМаркет,2004-264б.

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz