Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Алымы бөлімінен кіші бөлшек

Тақырыбы: «ХХІ ғасырдың жас математигі» атты интеллектуалдық ойын.
(8-9-10 класс оқушылары арасында)

Мақсаты: «Қазақстан 51 – ші Халықаралық Олимпиаданы қарсы алуда» атты
аудандық Олимпиадаға оқушы дайындай отырып, математикалық ой-өрісін дамыту,
білімді, дарынды, озық болуға тәрбиелеу.
Армысыздар құрметті ұстаздар мен оқушылар және ойынға қатысушы
сайыскерлер!
«Халықтың кемеліне келіп өркендеп өсуі үшін, ең алдымен, азаттық пен
білім қажет» деп Шоқан Уәлиханов, «Ғылым майданының қатардағы жауынгері тек
үнемі оқу, іздену, талпыну, тану, өмір мектебінен өту арқылы ғана оның ірі
қайраткері дәрежесіне дейін көтеріледі» деп Қ. Сәтбаев айтып кеткендей,
еліміздің болашағы тек қана білімді жастар екені даусыз.
Олай болса, 8 – 10 класс оқушылары арасында өткізгелі отырған «ХХІ
ғасырдың жас математигі» атты интеллектуалдық сайысымызды бастаймыз.
Ғылымдардың патшасы атанғансың
Евклид, Фалес, Пифагордан бата алғансың.
Төзбейтін өтірікке, жалғандыққа
Жасықтан емессің сен, қаталдансың
«Ақыл ойды тәртіпке» келтіретін
Нағыз пән – математика атанғансың! – дей келе ортаға «ХХІ ғасырдың
жас математигі» ойынына қатысушыларды шақырамыз.
Ұпай есептеу үшін әділқазы
мүшелерін сайлау.
Алдымен қатысушы оқушыларды таныстыру.
Сайыс 5 бөлімнен тұрады.
І бөлім – «Бәйге»
ІІ бөлім – «Тіл - өнер»
ІІІ бөлім – «Дода»
ІҮ бөлім – «Тапқырлық»
Ү бөлім – «Жорға»

Мәңгі бақи есте қалар,
Қызықты бір жиын болсын.
Білімдірек шәкірт озар
Сұрақтары қиын болсын – дей отырып, ойынымыздың «Бәйге» деп аталатын І
бөлімін бастаймыз.
І бөлім «Бәйге». Бұл бөлімде ойыншыларға сұрақтар қойылады. Жауап
нақты, тез болу керек. Қай оқушы қолындағы карточкасын бірінші көтереді,
сол ойыншы жауап береді. Әр дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі.
Сұрақтар:
1. Геометрия сөзі грекшеден аударғанда қандай ұғымды білдіреді? (жер
өлшеу)
2. Алгебра сөзі қандай сөзден шыққан? («Әл – жебр деген араб сөзі»)
3. Параллелепипедтің неше қыры, неше жағы бар?(12 қыры, 6 жағы)
4. Үшбұрыштың төбесі мен қарсы жатқан қабырғасының ортасын қосатын
кесінді.(медиана)
5. Шеңбердің ең үлкен хордасы (диаметр)
6. Қай сан барлық санға қалдықсыз бөлінеді? (0)
7. 2 ғасырда неше жыл бар? (200)
8. Бір нүктеден шығып, екі сәуледен құралатын геометриялық фигура.
(бұрыш)
9. Кез – келген екі нүкте арқылы нені жүргізуге болады. (түзу)
10. Қандай түзулердің ортақ нүктесі жоқ. (параллель)
11. Бұрышты өлшейтін құрал. (транспортир)
12. Кез-келген барлық санға қалдықсыз бөлінетін сан? (1)
13. Тік бұрыш неше градусқа тең? (90 градус)
14. Екі нүкте арқылы неше түзу жүргізуге болады? (1)
15. Қандай өрнекті әріпті өрнек деп атайды?(құрамында әрпі бар өрнекті
әріпті өрнек деп атайды)
16. Координаталық жазықтықта неше ширек бар? (4)
17. Геометриялық жазықтықтағы денені зерттейтін бөлімі. (планиметрия)
18. Үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы (180 градус)

ІІ бөлім «Тіл - өнер».
Білім деген биік шың,
Бақытқа сені жеткізеді.
Білім деген ақылшың,
Қиындықтан өткізер – дей келе, «Тіл - өнер» деп аталатын ІІ бөлімде
жұмбақ, мақал – мәтел не өлең жолдарынан айтылмай қалған сөзді тауып,
орысшаға, ағылшынға аударасыздар. Бір тілде жауап берсе 10 ұпай, екі тілде
жауап берсе 20 ұпай, үш тілде жауап берсе 30 ұпай.
Осы бөлімнен кейін ұпайы аз екі оқушы ойынмен қош айтысады.
1) Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да,
Ұзындығы жазулы тұр бойында. (сызғыш, линейка, a ruler)
2) Түйеқұс таразыда бір аяғымен тұрғанда 12 кг. Тартады. Ал егер екі
аяғымен тұрса, қанша тартады? ( он екі, двенадцать, twelve)
3) Өзі сөйлей білмейді, салған ізі сөйлейді.(қалам, ручка, pen)
4) Ел құлағы нешеу? (елу, пятьдесят, Fifty)
5) Отыз тістен шыққан сөз – неше рулы елге тарайды? (отыз, тридцать,
sooty)
6) Қабат-қабат қаттама, ақылың болса аттама (кітап, книга, book)
Ұпайы аз 2 оқушы шығады.
ІІІ бөлім. «Дода»
«Ең қиыны жарыстың «Дода» келді,
Мықтылары қалыпты жеңсін енді.
Тез жауап бер ойланып тұрып қалмай
Осы ойыннан көреміз ерен ерді» - дей келе, сайысымыздың бөлімі «Дода»
бөліміне келіп жеттік. Енді «Дода» бөлімінде білімдеріңізді ортаға салуға
мүмкіндіктеріңіз бар. Бұл бөлімде 4 тақырып беріледі. Әрбір оқушы
көрсетілген ұпайлар бойынша 1 тақырып таңдайды. Дұрыс жауап берсе, сол ұпай
қосылады.

1. Қазақтың байырғы есептері:
20-ұпай. Түйеқұс екі аяғымен тұрғанда бір пұт тартса, бір аяғымен
тұрғанда қанша тартады? – деп атасы немересіне қарады. (бір пұт)
30-ұпай. Он-оннан асығы бар үш бала өзара асық ойнады. Ойыннан соң
біріншісі екіншісіне қарап: қанша асық ұттық – дейді ол. Онша көп
ұтқыза қоймаппын, сегіз асығым қалыпты, - деді.
- Онда сендегі барлық асық менің ұтып алған асығыма тең екен, - дейді
үшінші бала асықтарын түгендеп тұрып,
- Ең көп асықтан ұтылған мен болдым, - дейді мұңайып бірінші бала.
Ойыннан кейін кімде, неше асық? (1 бала-4, 2 бала – 18, 3 бала - 8)
40-ұпай. Ұлу биіктігі 10м ағаштың басына шығуы керек. Ол күндіз 4 м.
Жоғары көтеріледі, түнде 3 м. Төмен түседі. Неше күнде ұлу ағаштың
басына шығады?
(7 күнде)
50-ұпай. Сықырлаған арба үстінде келе жатқан екі жолаушының біреуі
жолдың жартысын өткенде жолдың жолдың жартысы қалғанша ұйықтайды.
Жолаушы жолдың қанша бөлігін ұйықтайды? ( ¼)

2. «Ақбота» есептері:
20-ұпай. Үш бала 17 бауырсақ жеді. Ең көп жегені Тимур. Аз дегенде
Тимур неше бауырсақ жеген?
А) 5 б) 9 с) 7 д) 8
30-ұпай. Оқушы кітаптың 0,3 бөлігін, кейін тағы да 0,1 бөлігін
оқығандағы көлемі жарты кітаптан 18 бетке кем болып шықты. Кітапта
неше бет болған?
А) 210 б) 200 с) 190 д) 180
40-ұпай. Үшбұрыштың екі қабырғасының ұзындықтары 5 және 1, үшінші
қабырғасы натурал санмен өрнектелсе қандай болады?
А) 4 б) 5 с) 6 д) 3
50-ұпай. Месопотамияда біздің эрамызға дейінгі 2005 жылда бір саны- α,
он саны – β, ал алпыс саны - € таңбаларымен белгіленетін. Мысалы, 22
саны β β α α түрінде жазылатын. Сонда 124 саны қалай жазылады?
А) β €€ α α α α б) € € β β α α α α с) € β β α α α α
д) € € α α α α

3. «Кенгуру» есептері:
20-ұпай. Қояндар жанұясының үш мүшесі барлығы 73 сәбізді жеп қойған.
Әкесі шешесіне қарағанда 5 сәбізді артық жеген. Ал баласы Банни 12
сәбіз жеген, шешесі неше сәбіз жеген?
А) 27 б) 28 с) 31 д) 33
е) 56
30-ұпай. Айдар қағаз парақты 5 рет бүктеді, сосын ол бүктеген
қағазды тескен. Қағаз парақты қайта жазғанда неше тесік шығады?
А) 6 б) 10 с) 16 д) 20
е) 32
40-ұпай. Мына сандардың ең үлкені қайсысы?
А) 999 б) 999 с) (99)9 д)
999 е) 9999
50- ұпай. Компьютерлік вирус компьютерлік дискінің қандай да бір
бөлігін зақымдайтыны белгілі. Бірінші күні ол дискінің бөлігін
зақымдаған, екінші күні зақымданбаған жерінің бөлігін, үшінші
күні қалған бөлігінің бөлігін, ал төртінші күні қалғанының
. Дискінің қандай бөлігі зақымданбай қалған?
А) б) с)
д) е)
4. Викториналық сұрақтар:
20-ұпай. Үш түйеқұс ұшып келе жатты. Аңшы олардың бірін атып алды.
Олардың қаншасы қалды?(түйеқұс ұшпайды)
30-ұпай.Тәрелкедегі 7 бауырсақтан 7 балаға бір-бірден және тәрелкеде
бір бауырсақ қалатындай етіп қалай бөліп беруге болады? (бір бала
тәрелкесімен алады)
40-ұпай.Ұшақ А қаласынан В қаласына дейін 1 сағ 20минут ұшады да,
сол жолмен қайтарда 80 мин. Ұшты . Себебін түсіндір. (1 сағ20
мин=80 минут)
50-ұпай. Төрт дос бала мейрамханаға жиі барып, әрқашан бір үстелге
отырады. Жалғастың әрқашан бір орынға отыра беретіні белгілі болса,
достар неше түрлі тәсілмен үстелге отыра алады? (3)
Ұпай аз 2 ойыншы ойыннан шығарылады.
ІҮ бөлім. «Тапқырлық»
Бұл жерге келмейді ешкім ермек үшін,
Есеп – қисап, сан – цифр термек үшін.
Көрсетіп есептердің жолын қалай,
Келдім мен оларды айтып бермек үшін-деп,
Біздің үйдегі қабырға сағаты қоңыраулы, ол әрбір жарты сағатта 1
рет, толық сағат сайын сол уақытты көрсету санына тең қоңырау соғады.
Сонда ол тәулігіне неше рет қоңырау соғады?
Жауабы: (1+2+3+4+5+6+7+8+9+10+11+12)*2+24*2=204

Ү бөлім. «Жорға»
«Жарыс заңы ежелден,
Жеңімпазды анықтау.
Жеңімпаз болу шарты сол
Еңбектену жалықпау»- дей отырып, ойынымыздың «Жорға» Ү бөлімінде әрбір
ойыншаға жеке-жеке сұрақтар қойылады, жылдам, тез жауап беруі қажет. (Әр
дұрыс жауап 10 ұпай)

1. Шеңбер бойындағы кез – келген нүктені центрмен қосатын
кесінді.(радиус)
2. Ортақ бөлгіші 1-ге тең сан. (өзара жай сан)
3. Алымы бөлімінен үлкен бөлшек. (бұрыс бөлшек)
4. Нәрселерді санағанда қолданылатын натурал сан. (натурал сан)
5. 369 саны 3-ке бөліне ме? (иә)
6. Қабырғасы 1-ге тең квадраттың ауданы неге тең? (1)
7. Дәлелденбейтін тұжырым не деп аталады? (аксиома)
8. Бағытталған кесінді. (вектор)
9. Бір нүктеден бірдей қашықтықта жатқан нүктелер жиыны қалай аталады?
(шеңбер)
10. ОХ осі қалай аталады? (абсцисса)

1. Шеңбер бойындағы екі нүктені қосатын және центр арқылы өтетін
кесінді. (диаметр)
2. Көбейтіндісі 1-ге тең бөлшектер қандай сандар деп аталады? (өзара
кері)
3. 640 саны 5-ке бөліне ме? (иә)
4. Алымы бөлімінен кіші бөлшек. (дұрыс бөлшек)
5. Натурал сандар нешеден басталады? (1-ден)
6. Дәлелденетін тұжырым не деп аталады? (теорема)
7. Жазыңқы бұрыш шамасы нешеге тең? (180 градус)
8. Шеңбер ұзындығының диаметрге қатынасы нешеге тең не пи-дің мәні
нешеге тең? (3,14)
9. Биссектрисалары өзара перпендикуляр болатын төртбұрыш. (шаршы,
ромб)
10. ОУ осі қалай аталады? (ордината)

Қиындықтан сірәда біз қашпаймыз.
Алғырлықпен тапқырлықты ұштаймыз.
Қиялдарға самғап ұшқан құстаймыз.
Шегінбейміз жеңістерге бастаймыз -дей отырып, жеңімпазды анықтау үшін
әділқазы мүшелерге сөз кезегін берейік.

Көңіл бөліп бұл кешке,
Келгендерге көп рахмет.
Шын сезінген көрерменге,
Мың рахмет, мың рахмет!

Қ. Жазықов атындағы орта мектеп.

интеллектуалдық ойыны

«Жас Дарын» ОҒҚ жетекшісі:Қалиева Сания

2009-2010 оқу жылы
-----------------------
1 Қазақтың байырғы есептері 20 30 40 50

2 «Ақбота» есептері 20 30
40 50

3 «Кенгуру» есептері 20 30
40 50

4 Викториналық сұрақтар 20 30 40
50

Ұқсас жұмыстар
Дұрыс және бұрыс бөлшектер. 5 сынып
Дұрыс бөлшектер
Топ сұрақтары
Жай бөлшектерді ортақ бөлімге келтіру, жәй бөлшектерді, аралас сандарды салыстыру
Бұрыс бөлшекті тап
Дұрыс және бұрыс бөлшектер
Бөлшек деген не
Дұрыс бөлшек әрқашан бірден кем
Дұрыс бөлшектер және бұрыс бөлшектер
Жай бөлшектерге қолданылатын амалдарды қайталау
Пәндер