№24 МДҰ Аққу балабақшасындағы тұсау кесу дәстүрі: рәсім, бата және ойындар

Ақтөбе қаласы

Кеңес Нокин ауылы

№24 МДҰ «Аққу»

тәрбиешісі: Қалиева Қанымгүл

Қазақтың салт-дәстүрі.

Тәрбиеші: Балалар, қазақ халқының әртүрлі дәстүрлері бар, бұл халықтың мерекенің үлкен мәні бар. Біз бүгін сол дәстүрлердің бірі «тұсау кесу» дәстүрімен танысмыз. Тұсау кесу рәсімі сәбиді қаз тұрғаннан кейін, жылдам жүріп кетсін деген тілекпен жасалған ырым. Тұсауды көбіне тез, шапшаң жүретін үлкен кісіге кестіреді. Ол үшін алдын ала жіп дайындайды. Тұсау кесудің жібін дайындаудың бірнеше түрлері, жолдары бар. Олар:

-Көбейіп, көгере берсін деп шөптен есіп жасаған.

-Бай болсын деп малдың тоқ ішегінен де өреді.

-Адал болсын деп ала жіпті есіп жасаған.

(Ортаға әже мен екі келін немересімен шығады. Жерге ұзын ақ мата төсеп, тұсау кесу рәсіміне дайындалады. Екі келін сәбидің екі жағынан ұстап, әжеге келеді. )

Әже: Қаз-қаз балам, қаз балам,

Қадам бассаң мәз болам.

Күрмеуіңді шешейін,

Тұсауыңды кесейін, - деп әже немересінің тұсауын кеседі. (Жеңгелері баланы қаз-қаз басқан сәбиді жүргізіп жіберіп, тілек айтады. )

1-жеңге: Тұсауың кесілді құлама,

Тізеңді жаралап жылама,

Құлындай құлдырап жүгірші,

Кәнекей өзіңді сына да.

Әже: Қаз-қаз балам, қаз балам,

Қадам бассаң мәз болам,

Күрмеуіңді шешейін,

Тұсауыңды кесейін, - деп әже немересінің тұсауын кеседі.

Жеңгесі тілек айтады.

Ұзақ болсын иншалла өмірің,

Тасысын шаттықтан көңілің.

Жарқырап күн санап өсе бер,

Жарқылдап семсердей сенімің.

(Әже немересінің қаз-қаз басқанына қуанып шашу шашады, отырған балалар шашу жинайды. )

Тәрбиеші: Тәй-тәй басқан, таудай асқан баламыздың тұсауы кесіліп, болашағына жол ашқандай күй кешудеміз. Тұсауы кесілген кішкентай азаматымыздың өмірі мұңға, көңілі жырға бөленіп жүрсін! Жүрегі шуақты болсын, білегі қуатты болсын! - деп, балалардың орындауындағы әнді қабылдай алыңыздар.

«Орамал тон болмайды, жол болады» демекші, тойдан тобықтай деп тобымыздың сыйлығын таратамыз, қабыл алыңыз.

«Балапан» әні.

Тәрбиеші: Енді балалар, батамен ел көгерер, үлкен кісілерден бата беруін сұрайық.

Ата: Сұрасаң бата берейін,

Үстем болсын мерейің,

Балам, балам, батыл бол!

Жауға шабар батыр бол!

Жамандықтан аулақ қаш,

Жақсыларға жақын бол!

Әумин!!!

Тәрбиеші: Ей балалар, балалар!

Енді маған қараңдар!

Наурыз тойын тойлайық,

Қызық ойын ойнайық! - деп мерекеде түрлі ұлттық ойындар ойналады екен, біз де қарап қалмадық. «Ханталапай» ойынын ойнауға балаларды ортаға шақырайық.

Ойын: «Ханталапай»

Мақсаты: Балалардың шапшаңдығын, қимыл-қозғалысын дамыту.

Тәрбиеші: Балалардың бұл тойға шашу ретінде дайындаған әнін қабыл алыңыздар.

Ән: «Наурыз келді, алақай!»

Тәрбиеші: Жасай берсін жаңа күн.

Туа берсін жаңа жыр!

Дүр сілкінтсін дала бір.

Құтты болсын жаңа жыл!

Құтты болсын Наурыз той! - дей, отырып, осымен «Тұсау кесер» тойымыз аяқталды, уақыттарыңызды бөліп тамашалағандарыңызға рахмет.


Ұқсас жұмыстар
№24 Аққу МДҰ тәрбиешісі Қалиева Қанымгүл өткізген балаларға арналған өрт қауіпсіздігі рөлдік ойыны
Ана тілі - ұлттың жаны, халықтың үні: Ақтөбе қаласы №24 МДҰ «Аққу» тәрбиешісі Қ. Қалиева өткізген тәрбие сағаты
Тұсау кесу және ұлттық киімдер: қазақ салт-дәстүрінің тәрбиелік мәні
Тұсау кесу және қазақтың бала тойлары: салт-дәстүрлер мен тарихи-әлеуметтік мәні
2-сынып әдебиеттік оқу сабағы: Бесік жыры мен Тұсау кесу жыры - қазақтың салт-дәстүрлері
Ана тілі сабағы: Н. Айтовтың Алтын сөз өлеңі және бата дәстүрі
Ата-баба дәстүрі және әдеп: ұлттық тәрбие негіздері
Ағаш кесу процесінің негіздері мен түрлері
4-сыныпқа арналған ашық сабақ: Дихан Әбілевтің Астанаға ақ бата шығармасы және ел аузындағы бата сөздері
Наурыз мерекесіне арналған тәрбие сағаты: салт-дәстүрлер, ойындар және сценарий
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz