Паскаль тілінде массивтер (жиымдар): 9-сыныпқа арналған сабақ жоспары

Сабақ жоспары

Пәні: Информатика Бекітемін:

Күні:

Сыныбы: 9 сынып

Пән мұғалімі: Қалиева Э. Ж.

Сабақтың тақырыбы: Массив (жиым)

Сабақтың мақсаты: А) білімділік: оқушыларға Паскаль программалау ортасында жиым көмегімен берілген есептерді шығаруды, есептерге программа жазуды үйрету.

Б) дамытушылық: Оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамытып, қызығушылығын ояту, білім-білік дағдыларын қалыптастыру

С) тәрбиелік: Оқушыларды ізденуге, әдіптілікке, мақсатшылдыққа тәрбиелеу. Мұқияттылыққа, өзін-өзі сенімді болуға баулу.

Оқушы білуі қажет: Массивке берілген есептерге программа жазуды.

Оқушы меңгеру

керек: Массивтің көмегімен есептерді шығару, программа жазу

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Қолданылатын пед. технология: Дамыта оқыту технологиясы /ДСОТ/

Компьютерлік оқыту технологиясы /КОТ/

Оқыту әдіс-тәсілдер: Түсіндіре баяндау әдісі, сұрақ-жауап әдісі, көрнекілік әдісі, миға шабуыл әдісі, проблемалық жағдай туғызу, ой қорыту, тұжырым жасау, дәлелдеу

Қолданылатын техникалық

құралдар, көрнекілік: компьютер, проектор, слайд, тақта, кітаптар, таратпалар

Пайдаланылатын әдебиеттер:

Негізгі: Дінисламов «Pascal бағдарламалу ортасы»

Ермеков «Есептеуіш техника негіздері»

Қосымша:

А. Е. Анисимов, В. В. Пупышев. «Сборник заданий по основаниям программирования»,

Н. Т. Ермеков. «Есептеуіш техника негіздері», Астана, Фолиант-2007

О. Камардинов «Информатика», Ғылым, Алматы-2004

Пәнаралық байланыс: Математика

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі

А) Сәлемдесіп, сыныптың тазалығына назар аудару, қауіпсіздік ережесіне сай сырт кейпі мен заттарының орнында болуын қадағалау

Б) Оқушыларды түгендеп, журналға белгі соғу

Г) Оқушылардың назарын сабаққа аударып, сабақтың барысымен таныстыру

ІІ. Қызығушылықты ояту. Өткен материалдарға шолу жасау

«Кубизм» әдісі

  1. қыры: Құрылымдық типтерді ата.
  2. қыры: Программаның орындалу барысында мәндері өзгеріссіз қалатын шамаларды қалай атайды.
  3. қыры: Алгоритмді графикалық тәсілмен бейнелегенде төмендегі блок-схема түрінің негізгі әрекеті.
  4. қыры: Паскаль тіліндегі логикалық айнымалылар типінің жазылуы.
  5. қыры: Егерy- бүтін сан болса, ондаx:=1. 2*yөрнегінің мәні айнымалылардың қандай типіне жатады?
  6. қыры: Программалау тілінің белгілі бір іс-әрекетті орындай алатын, тиянақты мағынасы бар ең қарапайым сөйлемі қалай аталады.

Сөзжұмбақ шешу:

Сурет 1. Сөзжұмбақ

ІІІ. Жаңа сабақ мазмұны

Паскаль тілінде деректер типі қарапайым және күрделі болып бөлінеді. Қарапайым типтерге келесілер жатады: стандарты, саналмалы деректер типі, шектелген деректер типі, күрделілерге: массивтер (жиымдар), файлдар, жазулар, жиындар жатады.

Сурет 2 - Деректер типінің классификациясы

Математикада, экономикада деректердің жинақталған түрлері жиі кездеседі мыс: кесте, фамилиялар тізімі, сандар тізбегі кеңінен қолданылады. Бір типті деректер жиынын өңдеу үшін массив ұғымы енгізіледі.

Флипчарттағы мысал сөзіне сілтеме жасау арқылы оқушылар массив ұғымы жайында мәліметті бейне роликтен тыңдай алады.

Бір типті индексті айнымалылар жиынтығын массив деп атайды. Нақты сандар жиынын мыс: 1. 6, 14. 9, -5. 0, 8. 5, 0. 46 массив деп есептеп оны бір атпен мыс: А деп белгілейік. Массивтің әр әлементі индексті массив атымен белгіленеді.

Ереже бойынша математикада индекс де дөңгелек жақшаға не массив атынан бірнеше төмен беріліп жазылады. Мысалы: А(1), А(2), А) 3), А(4), А(5) немесе А 1 , А 2 , А 3 , А 4 , А 5 немесежалпы түрде {A i }, мұнда i=1, 2, 3, …, n.

Сурет 3 - Бір өлшемді және көп өлшемді массивтер

Ал Паскаль тілінде индекс квадрат жақшаға алынып жазылады. Қарастырылған мысал үшін, массив элементтері A[1] =1. 6, A[2] =14. 9, A[3] =-5. 0, A[4] =8. 5, A[5] =0. 46.

Егер бағдарламада массив қолданылса, онда ол VAR айнымалылар бөлімінде, не TYPE типтер бөлімінде сипатталады. Алдымен массивтің айнымалылар бөлімінде сипатталуын қарастырайық. Сипатталу түрі:

VAR_массив аты:ARRAY[t 1 ] OF_t 2 ;

Мұндағы ARRAY (массив), OF (одан) - қызмет сөздері. t 1 -REAL және INTEGER стандарт типтерінен басқа, кез келген қарапайым тип болатын тип индексі. t 2 -Паскаль тілінде мүмкін болатын массив элементтердің типі.

Келесі мысал үшін массив мынадай түрде сипатталады:

VAR А:ARRAY[1. . 5] OF REAL;

Мұндағы А- элементтері базалық тип REAL болатын массив аты. Индекс типі 1 ден 5-ке дейін шектелген.

Мысал1.


Ұқсас жұмыстар
9-сынып информатика: Паскаль тілінде көпөлшемді жиымдар - сабақ жоспары
9-сынып информатикасы: Бірөлшемді жиымдар және Паскаль тілінде элементтермен жұмыс
Паскаль тілінде массивтер: түсінік, типтер, декларация және практикалық есептер
Паскаль тілінде сызықтық бағдарлама құру: 9-сыныпқа арналған сабақ жоспары
9-сынып: Паскаль тіліндегі жиымдар - теория, практикалық жаттығулар және бағалау
Паскаль тілінде сан цифрларымен жұмыс: 9-сыныпқа арналған интерактивті-практикалық сабақ жоспары
Паскаль тілінде бағдарламалау: 9-сыныпқа арналған зертханалық жұмыстар жинағы
9-сыныпқа арналған Паскаль бағдарламалау тілі пәнінің оқу бағдарламасы
Паскаль тілінде сандардың цифрларымен жұмыс істеу алгоритмі: 9-сыныпқа арналған интерактивті практикалық сабақ
9-сынып информатикасы: Паскаль тілінде мәтіндік ақпаратты өңдеу - сабақ жоспары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz