Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Шын дос үшін қалайда, Тік қатерге басыңды
8 «б» сыныбымен өткізілген ашық сабақ жоспары.
Сабақтың тақырыбы: Іздегенде табылатын қасыңнан.
Сабақтың мақсаты: Оқушыыларға құрбыларының арасында жағымды қарым-
қатынас орнату, бір-бірін сыйлауға, адал дос болуға тәрбиелеу,
айналасындағы адамдарға тілеулес, ізгі ниеттерін дамыту.
Сабақтың міндеті: 1. Адам қарым-қатынасындағы «дос», «достық»
ұғымдарына түсінік беру.
2. Оқушыларға достар арасындағы рухани жақындықтың мәнін ұғындыру,
достық сезімдерін дамытуға ықпал ету.
3. Оқушыларды сыпайылыққа, әдептілікке, жауапкершілікке, сезімталдыққа,
адалдыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: оқулық, дәптер, үнтаспа, ұлағатты сөздер, мақал-мәтелдер,
тірек-сызба.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру.
Сәлемдесу
1.1.Психологиялық дайындық /оқушылардың сабаққа қызығушылығымен көңіл-
күйлерін көтеру үшін мына өлең жолдарын оқып, оқушылардың назарын өзіме
аударып, шаттық шеңберіне шақыру./
Әрбір адам – туысым, досым, жұрағат,
Әрбір сабақ- үйрену, ұғу, ұлағат.
Әрбір ісім- тіршілік, тірек, адамдық,
Әрбір сөзім – шындық, бірлік, адалдық.
2. Шаттық шеңбері. Балалар, бәріміз шаттық шеңберіне жиналдық. Енді бір-
бірімізге бүгінгі күніміздің тамаша өтуіне арнап жақсы тілектер
айтайық. /Оқушылар «Досыммен бірге» ойыны арқылы бір-біріне жақсы
тілектер айтады./
3. Келіңдер, ойланайық, пікірлесейік. /оқушылардың достық, достар
туралы пікірлерін кеңейту үшін үнтаспадан Х. Закарияновтың сөзіне
жазылған О. Көшеровтың «Достарым » әнін тыңдауды ұсыну.Оқушылар бірге
айтып отырады./
Толтыра көңілдің отын, достарым,
Қатемді түзеп, жол тапсам дұрыс біліп қостадың.
Қиналған шақта бөлісіп жүрек жылуын,
Жүріңдер сендер қолтықтан демеп, достарым.
Қайырмасы:
Жабыққан сәтте қас-қағым,
Жаныңды ұғар басқа кім.
Жаңа бір әуен бастадым,
Сендерге арнап достарым.
Достық дегенді қалай түсінесіңдер?
Дос деген сөздің мағыынасына терең мән беріп көрдіңдер ме?
Достың көп болуы мүмкін бе?
«Досы көпті жау алмайды» деген сөзді қалай түсінесіңдер?
Достары көп болу үшін адам қандай болуы керек?
Өз достарың жайлы не ойлайсыңдар?
4. Түйіндеме.
/ Бұл сұрақтарды талдауда оқушылардың пікірлерін тыңдап, әр оқушының
адамдар арасындағы достық сезімі өмірде олардың бірін бірі
қажетсінуінен, құрмет тұтуынан шынайы тілектестікпен өзіндей көріп
сенуінен, біріне-бірі тірек, медет болуынан қам-қайғасыз кезде ғана
емес, әсіресе қиын-қыстау күндерде іркілместен қасынан табылудан
риясыз, есепсіз жомарттықтан көрінуі, бір-біріне пейілі, ықыласы
түскен, жан жүрегі қалаған, көзқарасы мен ой-ниеті үйлескен, мінездері
сыйымды адамдар достықтың , сыйластықтың, мейірімділіктің үлгісін
көрсете алатындығына оқушылардың назарын аудару./
5 . Мәтінмен жұмыс.
/Оқушылардың әңгімелесу, пікірлесуде айтылған ойларын жалғастыру үшін
оқулықта берілген «Екі дос» әңгімесін оқытып, ойларын, пікірлерін,
сөйлеуін әрі қарай дамыту./
Екі дос бір егістікте жұмыс істейтін. Бірінің отбасы, балалары бар, ал
екіншісі жалғыз басты еді. Күн батқанға дейін жұмыс істеп, достар
тапқан өнімді тепе-тең етіп екіге бөліп алатын. Бір күні жалғыз басты
адам ішінен: «өнімді және шыққан пайданы тепе-тең бөлгеніміз дұрыс
болмады, мен жалғыз тұрамын, сондықтан да айтарлықтай көп қажеттілігім
де жоқ» деп ойлады. Осындай оймен, түн сайын бір қап өнімді досының
үйінің алдындағы сарайға жасырын апарып тұрды.
Досы да ішінен: «Өнім мен пайданы бірдей бөлгеніміз дұрыс емес, менің
отбасым бар, қартайған шағымда олар маған қарайды. Ал досымның болса
ешкімі жоқ, қартайған кезінде оған қарайтын адам болмайды. » деп
ойлайды. Осылайша бұл да түн жамылып, үйден шығып досының қорасына
өнімді апарып тұрады. Алайда қорадағы өаптардың саны неліктен
азаймайтынына екі дос та түсінбей жүреді. Бір түні бір-бірінің қорасына
жасырын қап тасып жүргенде, олар кездесіп қалады. Сонда ғана олар
болған жайдың мәніні түсінеді. Қаптарды жерге қоя салып, достар
құшақтаса кетеді.
Аңыз әңгіменің басты идеясы неде?
Достардың бір-біріне деген адал ниеті мен достығын қалай бағалар
едіңдер?
Өз достарыңа қалай көмек көрсетіп жүрсіңдер?
/Сұрақтарды талдау барысында оқушылардың өздерін екі достың орнына
қойып, достықтың сырын түсінбеген, қадірін білмеген балалардың бойында
пейіл, ықылас, сыйластық сезңімін оятады./
6. Тапсырма. Дәптермен жұмыс.
/Мәтін бойынша негізгі ойды мақсат ете отырып, оқушылар кестені
толтырып, білімдерін бекіте түседі/
|Адалдық |Жанашырлық |Ақылдылық |Кішіпейілділік |
|Екі достың |Екі достың |Екі достың |Екі достың бір-біріне|
|шынайы достығы |бір-бірінің жағдайын |бір-біріне айтпай |адалдығы, |
| |іштей түсінуі |жақсылық істеуі |жанашырлығы. |
7. Жаңа ақпарат.
/Оқушылар әңгімелесу, мәтінмен жұмыс жүргізілгенен кейін оқулықта
берілген ақпаратты оқып достық жайлы ойларын, білімдерін дамыта
түседі./
Адамдардың бір-біріне деген адал сенімі, өзара тілеулес ортақ
көзқарасы достыққа ұластырады. Достық дегеніміз адамдардың өзара
жауапкершілігі, сыйластығы мен бір-біріне қамқорлығы , рухани
жақындықтары. Достық қарым-қатынас адамдарға өзара сеніс жүктейді.
Достар бір-біріне қуанышта да, қиыншылықта да ниеттес, қамқор болады.
Достық –сыйластықтың, мейірбандылықтың мөлдір көзі. Оны уақыт та,
қиындық та үзе алмайды.
8. Тапсырма. Оқулықпен жұмыс.
/Оқулықта берілген тапсырманың мақсаты оқушыларды өз беттерімен
ізденуге, негізгі ойды қосалқы ойдан айыра білуге үйрету./
Әбунасыр әл-Фараби.
Тіршілікте құрыштай бол төзімді,
Сан мәртебе алдасаң да өзіңді.
Тағдырыңды еш уақытта жазғырма,
Тіпті кейде болса әз-әзіл азғырған.
Өрге жүзген өнегелі ісіммен,
Таңда адал дос өз теңіңнің ішінен.
Жүргендер көп достық атын малданып,
Алайда тек қалма оған алданып.
9. Дәйексөз.
/Оқушылар сабақ тақырыбына сай дәйексөзді түсініп оқып, дәптеріне жазып
қояды./
«Достық негізгі талғамның, көзқарастың толық үндесуінен туады.»
/ Дәйексөзді көзқарас-себеп-мысал-қорытындылау арқылы талдайды/
10. Жағдаятты талдау.
Сабақ бітуге, қоңырау шалынуға жақын қалды. Оқушылар кітап, дәптерлерін
жинап қоңырауды сабырсыздана күтуде. Қоңырау үні естілісімен барлығы
есікке қарай асықты. Арман асықпай жиналып, ең соңғы адамның сыныптан
шығуын күтіп көзінің астымен мұғалімге қарап қояды.
Мұғалім: Арман, сен үйіңе қайтпайсың ба?
Арман ең соңғы оқушының шығуын күтіп, жауап қатты:
-Сізбен сөйлесейін деп едім, ағай...
Мұғалім: Айта ғой, не айтпақшы едің?
Арман: Сыныптағы Айбек досым бар ғой...
Мұғалім: Иә, не болды Айбекке?
Арман: Ол ...ол анасы сырқаттанып. Шамасы ақшадан қиналып жүр ғой
деймін...
Мұғалім: Солай ма?
Арман: Мен оған көмектессем бе деп едім, бірақ ол менің бұл көмегімді
білсе қабылдамайды...
Оқушылар жағдаятты оқып, талдады.
1.Арманның Айбекке деген қандай ниетін аңғардыңдар?
2. Оқиға қалай аяқталады деп ойлайсыңдар?
3. Өз нұсқауың, ұсынысың қалай?
4. Доың қиналғанда қол ұшын берегн сәтің болды ма?
11. Өзіммен-өзім. /Үнтаспадан достар туралы ән естіліп тұрады Оқушылар
көздерін жұмып әркім өзінің досы оның жалпы қасиеттері туралы ойлайды./
12. Тапсырма.Дәптермен жұмыс.
/Оқушылар достық туралы мақал-мәтелдер жазып, білімдерін тиянақтай
түседі./
1.Шын дос үшін қалайда,
Тік қатерге басыңды.
Айыра біл алайда,
Досың менен қасыңды.
2. Досы жоқпен сырлас,
Досы жоқпен сыйлас.
2. Досың мың болса да -аз,
Дұшпаның біреу болса да- көп.
3. Ақылсыз достан ақылды дұшпан артық.
/Оқушылар бір-бірінің жазған мақал-мәтелдерін тыңдап, талдайды./
13. Шығармашылық жұмыс.
/Оқушылар екі топқа бөлінеді. 1-топ. «Доссыз өмір-тұссыз ас» Эссе,
шығарма 2-топ. «Дос жүрегі» өлең жолдарын құрастыру. Оқушылар
шығармашылық жұмыстарын тыңдап, қорытындылайды. /
14. Түйіндеме.
Достық- адамдарды бір-біріне бауырмал, жақын ететін кіршіксіз, таза
ізгілікті қарым-қатынас. Бір-біріне пейіл,ықыластары түскен , жан
жүрегі қалаған, шынайы адал, кішіпейіл, қамқор адамдар ғана шынайы адал
дос бола алады.
15. Жүректен жүрекке.
Оқушылар үнтаспаға қосылып М. Әмірейевтің «Қимаймын» атты өлеңін
айтады.
Ұясына батқан күнді қимаймын.
Ерте солып жатқан гүлді қимаймын.
Желдей есіп,
Желдей есіп өтіп жатқан зымырап,
Осынау жас бал күндерді,
Бал күндерді қимаймын.
16. Үйге тапсырма: Дос туралы ұлағатты адамдардың нақыл сөздерін
жинақтап жазу, түсіну. Сөзжұмбақтар құрастыру.
Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданы, Қарабұлақ ауылы
Абай атындағы орта мектеп
8 «Б» сыныбымен өткен ашық сабақ жоспары
Пәні: Өзін-өзі тану
Пән мұғалімі: Қалиханова Фарида Рашидқызы
08.12.2011ж

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz