Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Кім ойшыл

Ақтөбе облысы
Әйтеке би ауданы
Әйке ауылы
Әйке орта мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі
Кадирова Майра Раушанбековна
Тақырыбы: Ертегілер еліне саяхат
Мақсаты: білімділігі: Оқушыларға ертегіні суреттеп, сахналап қою. Мән-
мағынасын ашу, Халық ауыз әдебиеті шығарма кейіпкерлерінің істеріне баға
беріп, өз көз қарастарын білдіруге үйрету.
дамытушылығы: Оқушы бойындағы адамгершілік қасиеттерді
дамыту,
логикалық ойлауын және
шығармашылық қабілетін дамыту.
тәрбиелік: Ұқыптылыққа, жауапкершілікке, жақсыдан үйреніп,
жаманнан
жиреніп, баланы жақсылыққа бейімдеу.
Жауапкершілікке тәрбиелей
отырып достыққа, қарым-қатынастарын
дамыту.
Көрнекілігі: «Ертегілер еліне саяхат» плакаты, шарлар, гүлдер, ертегі
кейіпкерлерінің суреті.
Сабақтың барысы:
Сіздерден өскен балалар,
Батырлар мен даналар.
Құттықтаймыз мейраммен,
Құрметті біздің ата-аналар, балалар, ұстаздар!

І. Кіріспе сөз

Ертегілер ауыз әдебиетінің ең көне жанрына жатады. Бұларда көбінесе
өмірде сирек кездесетін немесе мүлде кездеспейтін ойдан шығарылатын
оқиғалар баяндалады.
Ол ауызша айтылып, ел есіне ғасырлар бойы сақталып, ұрпақтан-ұрпаққа
ауысып, біздің дәуірімізге жеткен. Ертегілер көбінесе қара сөз түрінде
айтылады. Кейде өлең түрінде де кездеседі.

Ертегілердің әдетте басталулары ұқсас: «Баяғы өткен заманда бір шал мен
кемпірдің ....... болыпты» немесе «Ерте, ерте, ертеде, ешкі жүні бөлтеде»
деп те басталады. Ертегі соңы олар «сөйтіп мұратына жетіпті» үнемі
жақсылықпен аяқталады.

Ертегілер мынандай жанрларға бөлінеді:
1. Қиял-ғажайып;
2. Хайуанаттар туралы;
3. Шыншыл ертегі;
4. Тұрмыс-салт ертегілері.

Қиял-ғажайып ертегілерде жүрек, батыр адамдардың басынан кешкен сан-
алуан ерлік оқиғалар баяндалады.
Олар жеті басты жыланмен, жалғыз көзді дәумен, жалмауыз кемпір, мыстан
кемпір, небір құбыжықтармен күрес үстінде бар асыл қасиеттерімен көрінеді.
Олар көкке ұшады, жер астына түседі, теңіздерден өтеді, азабы мол қиын-
қыстау оқиғаларда ақыл, айла-тәсілін асырып, жеңіп шығады. Бұл ертегілерді
оқи отырып жаманнан жиреніп, жақсыдан үйренуге тырысады. Мысалы: «Алтын
сақа», «Ер Төстік», «Алтын балық» т. б.
Ата-бабамыз төрт түлік малды қадірлеп, пір тұтқан. Балаларға ең жақын
ертегілер хайуанаттар туралы ертегілер. Хайуанаттар туралы ертегілердің
кейіпкерлері аң, құс, үй жануарлары болады.
Алайда олар адамға тән қасиеттер, әрекеттер иесі болып суреттеледі де
сол арқылы сұм-қиянатшыл, арамза, қу мінез қылықтар әшкереленеді,
еңбексүйгіштігі, батылдығы, адалдығы суреттеледі.
Шыншыл ертегілерде халық өмірін, тұрмысын шындық тұрғыдан бейнелейді.
Атқамінерлердің іс-әрекеттерін әшкерелейді.
Ертегілердің тілі көркем, қарапайым, түсінікті жеңіл келеді. Сендер
құрметті жас достар, ертегінің осылай тілі арқылы халықтың өз өмірлерін
жақсарту жолындағы арман-тілектерін, тамаша қиялдарын біліммен қоса
өздерінде солай қиялдауға, армандауға үйренесіңдер. Ертегінің көркем де,
жеңіл тіл сендердің қиялдарыңа қанат бітіріп, арманды ақиқататады, қайратты
істерге құлшындырады. Шешен сөйлеуге, өз ойларыңда әдемі баяндауға
үйретеді. Тіл құдіреті сені небір құпия сырлар әлеміне жетелейді, көзіңді
ашып, кереметтерді танытады. Халық ертегілерін сүйе біл, сүйсіне оқы, одан
тіл үйрен, мәнін, мазмұнын аңғар!
Жақсы қасиеттерін бойға сіңір! Ертегі саған өмір бойы адал серік бола
алады.
Қатысушы топтар:
а) «Мақта қыз бен мысық» тобы (Ы. Алтынсарин)
«Алтын балық» тобы (А. С. Пушкин)
«Қар ханшайымы» тобы (Г. Х. Андерсен)
«Қызыл телпек» тобы (Шарль Перро)

Олай болса «Ертегілер еліне саяхат» атты сайысымызды бастауға рұқсат
етіңіздер. Осы мерекенің ашуы Дәуреннің орындауында «Ертегілер әлемі» әнін
қабыл алыңыздар.

ә) Енді осы сайыскерлерге әділ бағасын беретін әділқазылар мүшесімен
таныс болыңыздар:

б) Бүгінгі сайысымыз алты кезеңнен тұрады:
І бөлім – Таныстыру.
ІІ бөлім – «Сөзжұмбақ».
ІІІ бөлім – «Кім ойшыл?»
IV бөлім – «Ертегілер еліне саяхат» (Сахналау).
V бөлім – «Кім шапшаң?»
VI бөлім – «Кім білгір?»

І бөлім – Таныстыру.

ІІ бөлім – «Сөзжұмбақ».
1) Қой басқаратын жануарі (Ешкі)
2) Аң патшасыі (Арыстан)
3) Апаң-апаң, ескі шапан,
Иір қобыз, жарық құлдызі (Түйе)
4) Жанды сағат, айғай саладыі (Есек)
5) Қалтасында баласы, ол қандай аң? (Кенгуру)
6) Мал терісінен жасалатын қыстық, жылы киім. (Ішік)

|к |
|е |
|н |
|е |р |т |е |г |і |
|ш |ы |ү |с |у |ш |
|к |с |й |е |р |і |
|і |т |е |к |у |к |
|а |
|н |

ІІІ бөлім – «Кім ойшыл?» (ата-аналар)

Шарты: Кез-келген ертегіден үзінді айтылады, сол ертегі кейіпкерлерін
ретімен айту керек.
1) – Ей күшік мен сені жеймін! – депті
--- Қой, көкешім, қой! (Күшік, қасқыр, мысық)
2) Дерменші үшінші рет қолын суға малғанда, қара темір балта ілігеді.
(Кедей, дерменші
бай)
3) Жыл ббасына таласып түйе күнді көрмей қалыпты. (Тышқан, сиыр, барыс,
қоян, ұлу,
жылан, жылқы, қой, мешін, тауық, ит, доңыз).
4) – Тышқан, тышқан сен неден күшті болдың? (Мұз, күн, бұлт, жусан,
қошақан, қасқыр,
мерген, тышқан, құмырсқа).

IV бөлім – «Ертегілер еліне саяхат» (Сахналау).

Шарты: Әр топ өз ертегілерінің үзінділерін сомдайды.

V бөлім – «Кім шапшаң?»

Шарты: Ертегіден үзінді оқылады. Ертегінің атын табу және жалғастырып
айту.

1) Түлкі, түлкі сен неге мына семіз аққуларды жемейсің? – дейді.
(Күңшіл үйрек)
2) Қыз итті шақырады. Ит мысықты шақырады. Мысық тышқанды шақырады.
(Шалқан)
3) Төгілмесе, ешкім ішпесе бір қазан сүт қайда кетеді. (Бір қазан сүт)
4) Көлге қарқырдың құйрығы мұз болып қатып қалыпты. (Түлкі мен қасқыр)

VI бөлім – «Кім білгір?»

Шарты: Сурет бойынша ертегілердің атын табу керек.

1) Маша мен аю
2) Түлкі мен т ырна
3) Бауырсақ
4) Жеті лақ пен қасқыр

Қортынды:

-----------------------
а

Ұқсас жұмыстар
Диуани хикмет атты кітабы
Диуани хикмет кітабы
А.Құнанбаев- қазақ халқының ұлы ақыны
Абай тұлғасының өзге тұлғалармен байланысын анықтай
Ондық бөлшектер
Кім тапқыр
Таңбалары әр түрлі сандарды қосуға есептер шығару
Пирамида биіктігін тап
Квадрат теңдеудің шешудің әдістері
Бір кесе меруерт
Пәндер