Туған күннің иесі

Балабақшада туған күнді өткізу

«Бүгін бізде туған күн»

Айжан Қабиева

Атырау облысы

Индер ауданы

Индербор кенті

«Райхан» балалар бақшасы

Мақсаты: Тәрбие жұмысында мерекелер туралы

ұғымдарын кеңейту. Туған күнді мереке

ретінде жағымды қабылдай білуге үйрету,

жақсы тілек айтуға дағдысын дамыту.

Балаларды адамгершілікке, досттыққа

тәрбиелеу мақсаты көзделеді.

Әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, әңгімелесу, ойындар,

тақпақтар, өлеңдер айтқызу.

Құттықтаушы: Сәлем достар!

Мен құттықтаушымын. Біздің сүйікті

Мерекеміз - бұл.

Балалар : Туған күн.

Құттықтаушы: Сондықтан мен сендермен бірге туған

Күнді тойлаймын.

Туған күн бүл тамаша

Би билейміз жараса

Туған күнде ән салып

Көңілденеміз шаттана

Бүгінгі туған күн иелерін ортаға шақырамыз:

1. Малкарина Дельнура-топтағы ең белсенді баланың бірі.

Өзі сондай сыпайы, салмақты, сүйкімді жандарымыздың бірі Дельнура 5 жаста.

2. Сафуан Аяулым- тобымыздың инабатты, ибалы, сыпайы, тартымды кішкентай аруымыз 5 жасқа толып отыр.

3. Сағын Сағбат-өте ақылды, ақ көңіл мейрімді жан. Сағбат би билегенді жақсы көреді. Сағбат бүгін 4 жасқа толып отыр.

4. Туған күннің иесі

Қыздарымыз келесі

Дауталиева Арухан 5 жасқа

Қалыбаева Айымжан

Толды міне 4 жасқа

Өнеріне бал тамған.

5. Бүгіні туған күніміздің ең кішкентай бүлдіршініміз Есқайыр Нұрсұлтан толды міне 3 жасқа.

Ән:«Туған күн»

Сайқымазақ: Сәлем достар.

Сіздердің туған күндеріңді естіп келдім.

Қане туған күн тойын қызықты өткізейік.

Сайқымазақ өзінің өнерін көрсетеді.

Би: Шарлар.

Құтықтаушы:

Балдай тәтті баламыз

Ақылдымыз данамыз

Туған күнін достардың

Бірге қарсы аламыз - Блатбек.

Туған күнін достардың

Зор қуаныш көреміз.

Ортаға алып би билеп.

Ән де салып береміз. - Танбике.

Туған күнді тойлаймыз.

Қызықты ойын ойнаймыз.

Қолдан жасап ойыншық

Досымызға сыйлаймыз - Оксана

Қуанышы баланың

Қуанышы ананың

Бәрімізге мереке - Ғазира.

Балалар: Туған күнің мен.

Құтықтаушы: Қанекей балалр қараңдаршы тағыда біздерге

қонақтар келген сияқты.

Би: Буратино.

Құтықтаушы: Балалар біздің аспазшы сіздерге дәмді торт

дайындап жатыр

Аспазшы: Мен сіздерге дәмді торт дайындап жатырмын.

Туған күндерің құтты болсын балақайлар.

Қарақшылар келеді.

Құтықтаушы: Оу, қарақшылар сендер бұл жерде нестеп

жүрсіңдер. Біздер туған күн тойлап жүрміз.

Сендер біздің тойымыздың шырқын бұзуға

қақыларың жоқ.

Қарақшы: Бізде көңіл көтеруге келдік. Біздің де

өнеріміз бар, қанекей достар.

Би: «Қарақшылар»

Қарақшылар - тортты алып кетеді.

Аспазшы: Балалар мына жерден ешкім өткен жоқпа,

ешкімді көрмедіңдерме. Мен әзірлеп жатқан

тортым жоғалып кетті. Туған күнді тортсыз

қалай өткіземіз. Енді не істейміз?

Құтықтаушы: Аспазшы сабыр етіңіз. Қазір бәріміз бірге

іздейміз. Іздеушілерден көмек сұрайық.

Сәлем іздеуші сіз бізге көмектесіңіз.

Қарақшылар біздің тортымызды ұрлап кетті.

Біз тортсыз туған күнді қалай өткіземіз.

Іздеушілер: Мен сіздерге көмектесемін. Қане мына

жердегі іздерді іздеп көрейік. Осы іздер

болар. Мына іздердің сыңарын табайық.

Ойын: «Кім тез»

Іздеушілер: Мына жерде тағыда іздер бар екен соны

қарайық. Бұл сиқыршының ізі екен.

Сиқыршы: Сендерге менім көмегім керек болып жатқан

сияқты.

Құттықтаушы: Сәлем сиқыршы қош келдің.

Біздер туған күн тойлап жатыр едік аспазшының

балаларға арнап дайындап жатқан тортын

қарақшылар алып кетті.

Сиқыршы: Достар көңілдеріңді түсірмеңдер. Қазір мен

өз сиқырымның көмегімен көңілдеріңді

көтерем.

Сиқыршы: Мен қазір қолымдағы кішкентай қоянды өз

Сиқырыммен сиқырлап үлкен қоян шығарам.

Енді мына допты да сиқырлап үлкен доп

Шығарам.

Балалар не жегілерің келеді?

Балалар: Кәмпит

Сиқыршы: Абрака дабра.

Би: «Кәмпитер» Ой сиқыршы сіз бізге көп кәмпиттер алып

келдің.

Сюрприз: Үлкен кәмпит.

Құтықтаушы: Үлкен сиқырлы кәмпиттің ішінен туған күн

иелеріне сиқырлы силықтар шығуда.

Бүгінгі туған күн иелерін ортаға шақырамыз.

Кәмпиттер: Туған күндерің құтты болсын.

Сиқыршы: Балалар тағыда не жегілерің келеді?

Балалар: Торт.

Сиқыршы: Абрака дабра.

Торт шығады.

Құттықтаушы: Міне сиқыршы бізге торт сиқырлап берді.

Туған күн иелерін ортаға шақырайық. Енді

Бәріміз үрлиік.

Ән: «Happy birthday»

Құттықтаушы:

Туған күнің құтты болсын балақай,

Қуаныш пен шаттық бағын аралай,

Ата- анаңның сүиікті ұл мен қызы боп,

Алдарыңнан ақ күн тусын арайлай.


Ұқсас жұмыстар
Ана - өмір шуағы
Жер ана
Тұйық етістік ішіне, қалған етістіктер сыртына
Әлемді тебірендірер ана үні
Наурыз мерекесін қарсы алайық
Менің педагогикалық тұжырымдамам
Баланың ата - анаға деген махаббатын ояту
Қыз балаларды ұлттық педагогика негізінде тәрбиелеу
Баға берер әділқазы ортамызда
Тәрбиенің ең тамаша мектебі - отбасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz