Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Сыни ойлауды бағалау
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТЫҚ БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ЖӘНЕ ҚАЙТА ДАЯРЛАУ ИНСТИТУТЫ
Білім сапасын арттырудың негізгі шарты-жаңа иновациялық технологиаларды
қолдану.
Орындаған:Қабиолдин.Д.Қ
Өскемен 2012
Қабиолдин Даулет Қабиолдаұлы.
«Амангелді атындағы орта мектеп»
КММ
технология пәні
Білім сапасын арттырудың негізгі шарты - жаңа инновациялық технологияларды
қолдану.
"Білім беру мен басқарудың дәстүрлі мазмұнын өзгертіп, жаңа мыңжылдық
мектебіне түбірлі бетбұрысқа батыл қадам жасауға тура келеді. Біреулер оны
ертеңге қалдырады, біреулер бүгін бастайды. Кей баланың бағы бүгін жанады,
басқасына 100жылдан кейін сәті түседі"
(Д.И. Менделеев)
ХХ ғасыр – ғылым ғасыры. Сондықтан жас ұрпаққа, жас буынға жаңаша
білім беру жолында түбегейлі өзгешеліктер жүріп жатыр. Жеке тұлға яғни
дарынды, шығармашылық тұлға қалыптастыру білім мен тәрбие берудегі
мемлекеттік істің ең маңыздысы. Мақсатты білім беру – тұлға дамуын жүзеге
асыратын мәселе. Адамзат баласының өз ұрпағын оқыту тәрбиелеудегі ең озық
тиімді ізденістерін, тәжірибелерін жалғастырып, тың жолдар іздеу
педагогиканың озық үлгілерін жаңашылдықпен дамыту жалғаса бермек.
Халқымыздың ардақты ұлдарының бірі Міржақып Дулатұлы: “Жалғыз сүйеніш,
жалғыз үміт – оқуда. Теңдікке жетсек те, жұрттығымызды сақтасақ та,
дүниедегі сыбағалы орнымызды алсақ та, бір ғана оқудың арқасында аламыз.
Жақсылыққа бастайтын жарық жұлдыз – оқу. Надан жұрттың күні – қараң,
келешегі – тұман” – деп ғылым, білім, оқудың маңызын қара халыққа
көрсеткен.
Білімнің сапасын көтерудің қазіргі таңда жолдары көп. Ең бастысы
білімді де білікті, ұшқыр ойлы шығармашылық қабілеті мол ұстаздың
шәкіртімен бірлесе еңбек етуі талап етіледі.
Білім сапасы дегеніміз – мектепте білім алып отырған шәкірттің немесе
мектеп бітірушінің білім алу арқылы әзірлігінің сапасы мен білім беру
қызметінің сапасын қамтитын түсінік.
Сапалы білім тәрбие беруде орын алған кемшіліктерді жойып дүние
жүзілік өркениеттілікке жету ХХІ ғасырдын үлесіне тиіп отыр. Сапалы білім
беру дегеніміз – ғылымға негізделген жүйелі бағдарлама бойынша теориялық
практикалық іске, еңбекке баулу дүниетанымын кеңейту. Баланың бойындағы
бар қабілетін кемеліне келтіріп жетілдіру болып табылады.
Сапалы білім беру – оқыту мен тәрбиелеудің үздіксіз үрдісі. Қазіргі
кезде білім берудегі мақсат жан-жақты білімді, өмір сүруге бейім өзіндік ой-
тағамы бар адамгершілігі жоғары қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру.
Балалардың білім сапасын арттыруда мұғалім бала дамуының мынадай
негізгі белгілерін: дербестігін, проблемалық ситуация, шығармашылық таным
әрекетін, диалектикалық ойлауы т.б. қадағалап, балалар мен жеке, дара
жұмыстар жүргізеді. Білімнің жаңа мазмұнын жүзеге асыру үшін жаңа
технологиялар қажет –ақ. Жаңалықты меңгеру мен жүзеге асыруда дұрыс
түсінбеушілік ұйымдастырушыға әртүрлі кедергі жасайтыны белгілі. Сондай
педагогикалық технологиялардың бірі оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан
ойлауды дамыту.
Сын тұрғысынан ойлау - өз алдына сұрақтарға жауап іздеп, жан-жақты
пікірлесіп, талдау жасап отыру. Бала санасын сол тақырыпқа байланысты ояту,
ой шақыру, ойын тұжырымдау, қасындағы балармен пікірлесу, топтасу. Сын
тұрғысынан ойлау – сынау емес, шындалған ойлау. Жас балалардың да бұл
жұмысы дұрыс ұйымдастырылған жағдайда өз даму деңгейіне сәйкес ойы
шыңдалып, белгілі бір жетістіктерге жетері сөзсіз.
Сапалы білім берудегі ата-ана рөліне, ұстаз еңбегіне, бала денсаулығы
қоршаған орта әсеріне жан-жақты талдау жүргізу. Сын тұрғысынан ойлау
бағдарламасы қызығушылықты ояту, мағынаны тану,ой толғаныс кезеңдерінен
тұрады. Осы кезеңдердің мақсат мен міндеттері:
1.Қызығушылығын ояту-үйрену процесі –бұрынғы білетін және жаңа
білімді ұштастырудан тұрады. Оқушыларға жаңа ұғымдарды,түсініктерді, өзінің
бұрынғы білімін жаңа ақпаратпен толықтырып, кеңейте түседі. Сондықтан да,
сабақ қарастырылғалы тұрған мәселе жайлы оқушы не біледі, не айта
алатындығын анықтаудан басталады. Осы арқылы ойды қозғау, ояту, ми
қыртысына әсер ету жүзеге асады. Осы кезеңге қызмет ететін «Топтау»,
«Ойлау», «Жұпта талқылау» және т.б. әдістер жинақталған. Сонымен қатар
үйренушінің белсенділігін арттыру.Өйткені,үйрену-енжарлықтан гөрі
белсенділікті талап ететін іс—әрекет. Оқушы өз білетінін еске түсіреді,
қағазға жазады, қасындағы оқушымен бөліседі, тобында талқылайды. Яғни,
айту, бөлісу, ортаға салу арқылы оның ойы ашылады.Осылайша шыңдалған
ойлауға бірте-бірте бағытталады. Оқушы бұл кезеңде жаңа білім жайлы ақпарат
жинап,оны байырғы біліммен ұштастырады.
2.Мағынаны тану (түсіне білу)-ойлау мен үйренуге бағытталған кезеңі.
Бұл кезеңде оқушы жаңа ақпаратпен танысады,тақырып бойынша жұмыс
істейді,тапсырмалар орындайды. Оның өзен жұмыс жасап, белсенділік
көрсетуіне жағдай жасалады. Оқушылардың тақырып бойынша жұмыс жасауына
көмектесетін оқыту әдістері бар.Оқушы оқу, тақырыппен танысу барысында –
«білемін», «мен үшін түсініксіз», «мен үшін жаңа ақпарат», «мені таң
қалдырады»белгілері арқылы оқу тапсырылады Оқығанын түсінуге, өз ойын
басшылық етуге, ойын білдіруге үйрететін ұтымды құрал. Бір әңгіменің соңына
тез жету, оқығанды есте сақтау,мазмұнын жете түсіну-күрделі жұмыс.
Сондықтан да, оқушылар арасында оқуға жеңіл қарау салдарынан түсіне алмау,
өмірмен ұштастыра алмау жиі кездеседі.
3.Ой-толғаныс - тақырып туралы кезеңі. Күнделікті сабақ барысында
оқушының толғанысын ұйымдастыру,өзіне,басқаға сын көзбен қарап,баға беруге
үйретеді. Оқушылар өз ойларын өздері байқаған ақпараттарды өз сөздерімен
айтып берулері тиіс. Бұл кезеңде оқушылар бір-бірлерімен ой алмастырады, ой
түйістіреді,өз кестелерін жасап,басқалардың да кестелерін үйреніп алуға
тырысады.Нәтижесінде бұл,үйрену сатысы – ойды қайта түйіп,жаңа өзгерістер
жасайтын кезең болып саналады. Әр түрлі шығармашылықпен ой түйістіру
болашақта қолданылатын мақсатты құрылымға жетелейді. Осы кезеңде тиімді
етуге лайықталған «Бес жолды өлең», «Венн диаграммасы», «Еркін жазу» және
т.б. әдістер әр сабақтың ерекшелігін,ауырдан жеңілділігіне қарай
қолданылады.
Осы технологияларды қолдана отырып, шығармашылық іс-әрекет талаптары
орындау мақсатында, оқушылардың қызығушылықтарын арттыру мақсатында
бағдарламадағы мәтіндерге сәйкес деңгейлік, шығармашылық тапсырмаларды алып
қарастырдық да, практика жүзінде қолданып, мынадай тұжырымдар жасадық:
• оқушылардың шығармашылық дербестігін дамыту арқылы оның жеке тұлғасын
қалыптастыруға болады;
• қызығушылық іс-әрекет түрлері төменнен жоғары қарай, кезекті түрде,
белгілі бір ретпен, жүйемен жүргізілуі нәтижесінде шығармашылығы
дамиды;
• қызығушылық іс-әрекетті дұрыс ұйымдастыру біліктері мен
ізденімпаздықтың қалыптасуы оқушыларды шығармашылыққа баулиды;
• оқушыларды танымдық тапсырмаларды орындау мүмкіндіктеріне қарай
топтарға бөліп, сәйкес жұмыс түрлерін таңдап, жүйелі жұмыс жүргізудің
маңызы зор;
қызығушылық іс-әрекетте дәстүрлі емес әдіс-амалдар пайдалану
интеллектуалдық қабілеттерін дамытып, оқу-танымдық және ғылыми ізденістер
жасауға талаптандырады. Сапалы білімді қамтамасыз етуде қазіргі қолданылып
жатқан әдіс-амалдар өте мол, оқушылардың қызығушылығын арттыруда жаңа
технологиялар да артуда, тек әр ұстаз, өз оқушыларына ыңғайлысын қолдана
білуден ұтады. Оқушының ойлау қабілетін дамыту үшін өздігінен жұмыс
жасауға баулу өз ойын тұжырымдауға дағдыландыру, оқушы белсенділігін
арттыру барысында проблемалық сұрақтарды пайдалану, проблемалық ситуациялар
туғызу.
Сыни тұрғыдан ойлау оқушылардың көбінесе қарсы пікір айтуға, дұрыс
шешімдерді қабылдауға, ойлауға және мәнмәтінді есепке ала отырып, бақылау
мен тыңдау арқылы дәлелдер жинастыру және іс- әрекеттеріне тиімді әдіс-
тәсілдер арқылы шешем қабылдай білуге үйрету және дағдыландыру дегенді
білдіреді. Сыныптағы қарым- қатынасты зерттеуді көздеген еңбектер белгілі
бір өзара әрекеттестік үлгілеріне зерттеушілік әңгіме, дәйек пен диалогтің
мұғалімдер мен оқушыларды мағынаны мен білімді игерудегі бірлескен іс-
әрекеткетартылумен қатар, жоғары деңгейдегі ойлау қабілеттерінің өрістеуіне
және зияткерлік қырларының дамуына ықпалын тигізетіндігін көрсетеді.
Балаларды диалог пен дәйектерді талқылауға тарту белсенді жүргізілген
жағдайда олардың оқуы тиімдірек және зиятты жетістіктері жоғары болады.
Мұғалім диалог жүргізудің ережелерін нақтылап, сыныпта диалогтік үлгі құру
керек, оқушылар бір- бірімен жаңа және тиімді тәсілдерді іздестіре отырып,
мағына құрудың бірлескен тәсілдерімен әрекет жасауы керек. Ол үшін
оқушылардың ерекшелігін мен қызығушылығын түсініп, олардың қарым-
қатынастары мен эмоцияларына зейін аудару керек. Сыни ойлауда:
1. Оқушыларға ойланып-толғануға, ойын ашық айтуға рұқсат беру.
2. Әр түрлі идеялар мен пікірлерді қабылдау.
3. Оқушылардың оқу үрдісіндегі белсенділіктерін мадақтау.
4. Оқушыларға мысқылсыз еркін атмосферада жұмыс істейтіндіктеріне
кепілдік беру.
5. сыни ойлау тәжірбиесі үшін уақыт пен мүмкіндікер қамтамасыз ету.
6. Кез-келген оқушылардың сыни шешімді қабылдай алатын қабілетіне сенім
білдіру.
7. Сыни ойлауды бағалау.
Тиімді сыни ойлауға қатысу үшін оқушылар өздеріне деген сенімдерін және өз
пікірлері мен идеяларының құндылықтарын түсінуін арттыруға, оқыту үрдісіне
белсенді қатысуға, басқалардың пікірлерін сыйлауға, пікірді қолдауға және
құрастыруға дайын болулары керек. Сол сияқты оқушылардың өзара білім
алмасуға жағдай туғызатын бірден- бір тиімді әдіс-тәсілдердің бірі «Көп
деңгейлі сұрақ» стратегиясы. Тура сұрақтар (Litera l level). Мұндай
сұрақтар қандайда бір фразаны немесе түрлерін еске түсіру үшін қойылады.
Сұрақтардың жауаптары мәтіннің ішінде кездеседі, оқушыдан оны жаттап алып,
айтып беру талап етіледі. Өзгертуді талап ететін сұрақтар (translation
questions) жауап берушіден мағлұматты басқа формада жеткізуді күтеді.
Мұндай сұрақ қою кезінде оқушы ойша болатын жағдайды елестетіп көріністі
суреттеп берулері керек. Яғни, оқушылар ойша елестеткен кейіптер мен
дыбыстарды талқылайды. Олар ең алдымен елестету тәжірибесін жинайды, содан
кейін сөйлеу арқылы басқаларды өз қабылдауымен таныстырады.
Интерпретациялау-сұрақтары (interpretation) оқушыларды идеялар мен
фактілер, анықтамалар мен құндылықтар арасындағы байланыстарды табуға
үйретеді. Сұрақ-тіркеме (application questions) оқушыларға мәселені шешуге
немесе келесі мәселенің логикасы мен себептерін зерттеуге мүмкіндік береді.
Сұрақ – баға (Evaluation questions) оқушыларды жақсы, жаман деген сиқяты
қорытынды шешім қабылдатады. ЖИГ СО – ұжымдық оқыту әдісі. Мақсаты жалпы
мәселені алдымен жұпта, сосын ұжымда талқылау. Бұл жағдайда әрбір оқушы бір
сәт өзін мұғалім ретінде сезінеді, оқуға деген жауапкершілігі артады.
Әдісті қолдану төмендегіше ұйымдастырылады. Алдымен ұжым 4 адамнан тұратын
топтарға бөлінеді. Бұл «жанұя» топтар деп аталады. Содан кейін 1, 2, 3, 4-
ке санау арқылы 1-лер бөлек, 2, 3, 4-өз алдына «жұмыс» тобын құрайды. Оқуға
ұсынылатын материалдың тақырыбы талқыланған соң, осы мәтінді түсіну қажет
екендігі ескертіледі. 4 логикалық бөлікке бөлінген мәтіннің 1-бөлігін 1-
лер, 2-бөлігін 2 санын алғандар, 3, 4 – нөмірлі топтарға оқуға тапсырылады.
Жұмысты бастамас бұрын оқушыларға «жұмыс тобында» мәтіннің тиісті бөлігін
жақсы меңгеру қажеттілігін, өйткені сол бөлікті «жанұя топ» оқушыларына
түсіндіруге жауапты екенін, мәтінді тұтас түсіну әр оқушының
ыждағаттылығына байланысты екенін түсіндіру қажет. Келесі кезекте ұжым
мүшелері бастапқы топтармен қайта табысып, өздерінің үйреніп келген
бөліктеріндегі мазмұнды ортаға салады. Осылайша ұжым мүшелері бірін-бірі
оқытуға, сол арқылы ойлауға үйренеді.
«Қос жазба күнделігі» стратегиясы. Қандай да бір мәтін, әңгіме оқыған кезде
оқушылар дәптерлерінің ортасынан вертикаль сызық жүргізеді. Мәтінді оқу
барысында олар сызықтың бір жағына әсер еткен тұстар мен үзінділерін жазса,
екінші жағына пікірін, яғни, нені еске түсіретінін, себеп салдарын жазады.
Барлық оқушы тапсырманы орындап болған соң жұпта, топта талқылау
ұйымдастырылады. Жұмыс аяқталған кезде мұғалім қорытуға арналған әзірлеп
келген сұрақтарын қойып, жауаптар алады.
Сондай-ақ қазіргі заманға сай сапалы білім беруге ақпараттық-
коммуникациялық технологияларды қолдану өте тиімді. АКТ оқушыларға ғылыми
ұғымдарды түсіндіруді және олардың қабылдауын, түсінуін жеңілдетуге
мүмкіндік беріп, мұғалімдерге сабақ беруде көмектесетін маңызды құрал болып
отыр. АКТ құралдарына :
• Теледидар бағдарламалары
• Сандық теледидар
• Интернет
• Ұтқыр қондырғылар
• Компьтер/ ноутбуктар
Сандық бейнені қолдану. Түсірілген бейнені редакциялауға мүмкіндік беретін
және жеңіл қолданыста болатын Windows MovieMaker бағдарламалық жасақтама.
Бұл бағдарламалық жасақтама оқушылардың ұшқыр қиялдарының шарықтауына
мүмкіндік берді.
Аудио және подкастинг. Подкастинг балаларға өз жұмысы мен жаңалықтарын
Интернеттегі өте үлкен аудиториямен бөлісудің керемет тәсілі. Ол
радиоқойылымға ұқсас, бірақ тікелей эфирден шығарудың орнына подкаст
жазылады және кез келген уақытта тыңдай алатындай етіп Интернет арқылы
тыңдай алады. Подкаст жасаудың балалар үшін берері мол:
1. Өз жұмысын көрсету үшін оларға мыңдаған адамнан тұратын аудиторияны
құрайды
2. Сауатты дағдыларын дамытуға көмектеседі ( сценарий, сұхбат жазу) әрі
балаға сөйлеу машықтарын іс жүзінде қолдануға мүмкіндік береді, сондай-
ақ АКТ-ні қолдану жөнінде белгілі бір дағдыларды үйренеді
3. Подкасттар интерактивті бола алатындықтан аудитория өз пікірлерін
білдіре алады, бұл балаларға өз жұмыстары туралы бағалы кері байланыс
алуға мүмкіндік береді.
Подкастқа мектеп жаңалықтарын, балалар жұмыстарын, өлеңдерін, сұхбат,
музыкаларын қосуға болады.
Активстудио бағдарламасы. Интерактивті тақтада активстудио бағдарламасы
арқылы өткен әрбір сабақ қызықты да тиімді болып өтеді. Ол оқушылардың
қызығушылығын ғана оятып қоймай, сондай- ақ ойлау қабілеттерін шындай
түседі. Сергіту сәтінде интерактивті тақтада көрнекі жазылған ребус,
жұмбақ, басқатырғыштарды шешу арқылы, ақыл- ойын, ынтасын, зейінін дамытуға
болады. Тақырыпты пысықтау үшін оқушыларға әр түрлі тапсырмалар,
тақырыптық тесттерді қолданамын. Бұдан шығатын нәтиже: сөздік қорын
толықтырылады, жүйелі ойлау дағдысы дамиды.
Презентация жасау бағдарламасы. Microsoft Power Point бағдарламасы
арқылы оқушылар өздерінің ізденіс жұмыстарына презентация жасап, оны
көпшілік аудиторияда қорғауға үлкен мүмкіндік береді. Презентацияны оқушы
өз шығармашылық деңгелеріне қарай жасайды: суреттер қойып, музыкамен
сүйемелдеуге де болады. Бұл бағдарлама арқылы оқушы өзінің шығармашылық
ойларын жүзеге асыра алады. Шығармашылық - өте күрделі психологиялық
үдеріс. Ол іс-әрекеттің түрі болғандықтан, тек адамға ғана тән.
Шығармашылық әрекеттер орындау арқылы өзінің ішкі мүмкіндіктерін дамытады.
Қазіргі таңда білімді интеграциялау, оның ғылыми деңгейін көтеру баланың
таңымдық қабілетіне орай дағдыларын жан-жақты қалыптастыру өзекті мәселеге
айналып отыр.
Мұғалімдердің тағы бір және де өте маңызды міндеті- дарынды балалармен
жұмыс істей білу. Барлық мұғалімдер балаларға білім беруде барынша жоғары
жетістіктерге қол жеткізу үшін қолайлы орта жасауға тырысады. Балалар бір
ғана пәннен емес бірнеше пәндерден олардан күткеннен жоғары деңгей көрсетуі
мүмкін: мәселен, әртістік, спорттық, музыкалық және басқа таланттарымен
танылуы ықтимал. Олар сондай- ақ бір салада қабілетті болса, басқа салада
қиындыққа тап болуы мүмкін.Дарындылық пен қабілеттіліктерді мұғалімдер, ата-
аналар, немесе балалардың өздері айқындай алады. Балалардың қабілеттерін,
біліктілігін мүмкіндіктерін көрсетуге жағдай туғызу мұғалімнің, ата-ананың
міндеттері болып табылады. Мұндай талантты балаларды түрлі сайыстарға,
пәндік олимпиадаларға, ғылыми конференцияларға қатыстырып өздерінің
қабілеттерін шындата түсіреді.
Келесі кезекте білім, білік және дағдыны бақылау және бағалау
қызметіне тоқталамыз. Ол негізінен үш жақты сипатта болып келеді: білім
беру, тәрбиелеу және дамыту. Бақылаудың білім беру қызметі негізінде
оқушылар жаңа білімдерді қабылдайды, бұрын алған білімдерін толықтырып,
жетілдіріп, белгілі бір жүйеге келтіреді. Тәрбиелік қызметі оқушыларды
жүйелі түрде жұмыс істеуге үйретеді. Бақылаудың нәтижесінде олар күнделікті
сабаққа үзбей дайындалады, жауапкершілдік сезімдері артады. Дамыту
қызметінің маңызы сол, оқушылар өз бетінше оқу тапсырмаларын орындауда жаңа
білімдерді қабылдайды, қорытынды жасайды, баяндамалар әзірлейді,
хабарламалар жасайды. Осы технологияларды қолдана отырып, шығармашылық іс-
әрекет талаптары орындау мақсатында, оқушылардың қызығушылықтарын арттыру
мақсатында бағдарламадағы мәтіндерге сәйкес деңгейлік, шығармашылық
тапсырмаларды алып қарастырдық да, практика жүзінде қолданып, мынадай
тұжырымдар жасадым:
- оқушылардың шығармашылық дербестігін дамыту арқылы оның жеке
тұлғасын қалыптастыруға болады;
- қызығушылық іс-әрекет түрлері төменнен жоғары қарай, кезекті түрде,

- қызығушылық іс-әрекетті дұрыс ұйымдастыру біліктері мен

- оқушыларды танымдық тапсырмаларды орындау мүмкіндіктеріне қарай
топтарға бөліп, сәйкес жұмыс түрлерін таңдап, жүйелі жұмыс
жүргізудің маңызы зор;
- қызығушылық іс-әрекетте дәстүрлі емес әдіс-амалдар пайдалану
интеллектуалдық қабілеттерін дамытып, оқу-танымдық және ғылыми
ізденістер жасауға талаптандырады. Сапалы білімді қамтамасыз етуде
қазіргі қолданылып жатқан әдіс-амалдар өте мол, оқушылардың
қызығушылығын арттыруда жаңа технологиялар да артуда, тек әр ұстаз,
өз оқушыларына ыңғайлысын қолдана білуден ұтады. Мектепте қазақ
әдебиетін оқытуда қолданылған шығармашылық тапсырмалар, оқушылар
өздері ізденеді, тілге деген құрметі артады, әр тақырыптың мәні
ашылып, талданады, қазақ халқының салт-дәстүрімен таныстырылып,
сыйластыққа үйретеді, пәнге деген қызығушылықтары да арта түседі
деп ойлаймын.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Сабыров Т. Оқушылардың оқу белсеңділігін арттыру жолдары. А., Мектеп,
1978 ж.
2.
http://www.vkgu.kz/kz/gilim/innovacii/obrazov_tehnologii/tehnologiyalar_
tizimi/cini_turgidan_tehnologiyalari.htm
3. http://kk.wikipedia.org/wiki/Жаңа_білім_беру_жүйесі
4. Ералиева М. Оқытудың қазіргі технологиялары / М. Ералиева // Бастауыш
мектеп. – 2006. - №5. 3-5 бет.
5. Абдрахманова К. Төменгі жастағыларды оқыту ерекшеліктері /
К.Абдрахманова // Бастауыш мектеп. – 1989. - №9. 10 бет.
6. Мұқанов М. Жас және педагогикалық психология / М.Мұқанов. – Алматы:
Мектеп, 1982. -182 бет.
7. Отарова Н. Сын тұрғысынан ойлау // Биология және салауаттылық негізі.
-2006. - № 1. - 21-23 б.
8. Давыдов В.В. О понятии развивающего обучения. – Томск, 1995, 144 с.
9. Выготский Л.С. Психология. – М., 2000.
10. Менчинская Н.А. Проблемы учения и умственное развитие школьника. – М.,
1989, 218 с.
11. 5. Ташенова А. Сын тұрғысынан ойлауды оқу мен жазу арқылы дамыту //
Білім-Образование -2006. -№6. 3-4 б.

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz