Жалпы желі ұғымы. 7 сынып

Тұрғынбаев Мұхтар Атанұлы
Алматы облысы, Жамбыл ауданы,
Тұрар Рысқұлов ОМ МДШО
7 сынып
Сабақтың тақырыбы: Жалпы желі ұғымы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік - Оқушыларды желі және оның түрлерімен таныстырып, интеллектуалдық
қабілеттерін дамыту.
Дамытушылық - Оқушылардың компьютермен жұмыс жасау қабілеттері мен дағдыларын және интерактивті тақтаны пайдалану деңгейін дамыту.
Тәрбиелік - Ақпараттық мәдениеттілікке, компьютерлік сауаттылыққа тәрбиелеу.
Сабақ түрі: аралас сабақ
Әдіс-тәсілдер: түсіндірмелі - иллюстративті, сұрақ -жауап
Құрал-жабдықтар: компьютер -16+1, ActivStudio бағдарламасы, ActivBoard, ActivPen, Activote, Activhub, бейнепроектор-1.
Пәнаралық байланыс: геометрия , шет тілі, сызу
Пайдаланылған әдебиеттер: 1) Н. Т. Ермеков, Н. Ф. Стифутина Информатика 7 сынып, оқулық;
2) Н. Т. Ермеков, С. Б. Пилипенко, Информатика, Әдістемелік нұсқау, 7 сынып .
3 ) Н. Т. Ермеков, С. Б. Пилипенко, Информатика, Дидактикалық материалдар, 7 сынып .
Сабақ барысы:
- Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылардың сабаққа дайындығын шолу, назарларын сабаққа аудару.
- Өткен сабақты қайталау
- Лазерлік ойнатқыш дегеніміз не?
- Дыбыс қаттылығын қалай реттейміз?
- Мультимедиа дегеніміз не?
3) Жаңа тақырыпты түсіндіру:
![]()
Компьютерлік желі - бұл әр түрлі ресурстарды, мысалы, бағдарламаларды, құжаттарды және құрылғыларды бірігіп пайдалану үшін бір-бірімен жалғастырылған компьютерлер тобы.
Компьютерлік желінің 3 түрі бар :
- Жергілікті желі-бір бөлменің немесе ғимараттың аумағында біріктірілген компьютерлер тобы;
- Аймақтық желі- қала, облыс, ел шегінде біріктірілген компьютерлер тобы;
- Ауқымды желі(интернет) - бүкіл дүние жүзімен байланыс орнатуға болатын желі.
Жергілікті желідегі компьютерлердің бір-бірімен геометриялық байланысу тәсілі топология деп аталады.
Аймақтық желі- бір мемлекеттің ішінде орналасқан мысалы, қала, облыстың компьютерлерінің бірігуі.
Алматы облысы Астана Алматы
Сервер
Ауқымды желі(Internet) - миллиондаған компьютерлерді бір алып желіге біріктіретін, ақпаратқа шексіз қол жеткізу және түрлі амалдармен қатынас жасау мүмкіндігін ұсынатын дүние жүзіндегі ең үлкен және ең танымал желі.
Тапсырма №1: Осы №32 кабинеттегі компьютерлердің орналасу реті қандай жергілікті желі түріне жатады?(оқушылар өздері жеке-жеке тапсырмаларын орындайды)
4) Сергіту жаттығуы. (Күй әуенімен терминдер атауын табу)
Жасырылған сөздер:
Тышқан, мәтін, плоттер, принтер, сөз, байт, пиксель, архив,
жад, модификация, ұя, файл, терезе, монитор, модем,
интернет, байт, антивирус.
Тапсырма №2:
Берілген
сызбадан артық терминдерді табу
5) Жаңа тақырыпты бекіту
- Жалпы желінің қанша түрі бар?
- Жергілікті желі топологиясы қанша бөлікке бөлінеді?
- Интернет желісіне қандай құрылғы көмегімен қосыламыз?
6) Сабақты қорытындылау . Activote құрылғысымен интерактивті тақтада тест тапсыру
7) Оқушыларды бағалау
Activote құрылғысымен алынған тест қорытындысын талдап, мақтау қағазымен марапаттау.
![]()
8 ) Үйге тапсырма : «Компьютерлік желі», «Интернет»,
«Желі топологиясы» атты тақырыптарына шағын тест,
сөзжұмбақтар құрастыру
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz