Орта факторлары мен тіршілік формалары: бейімделу және шектеуші факторлар

Ерғалиева АлияБисеғалиқызы Тренинг сабағы

Атырау облысы

Индер ауданы

«Көктем» қазақ орта мектебі»

Сабақтың тақырыбы: Орта факторлары, оған бейімделу және

тіршілік формалары.

Сабақтың білімділік мақсаты:

Оқушылардың экология ғылымының бағыттары, өзекті проблемалары,

экологиялық қағидалар және биосфера біртұтастығы жөнінде алған

білімдерін жинақтауға бейімдеу.

Сабақтың дамытушылық мақсаты:

Оқушыларды шығармашылықпен топтық жүйемен жұмыс жасауға дағдыландыру.

Сабақтың тәрбиелік мақсаты:

Экологиялық тәрбие беру. Адамгершілікке, ұйымшылдыққа, имандылыққа, адалдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Қорытындылау, жүйелеу.

Сабақтың түрі: Тренинг

Сабақтың әдісі: Ой толғау, қорыту.

Көрнекілігі: Интерактивті тақта слайдтары, коллекция, суреттер

Пәнаралық байланыс: География, әдебиет

Сабақтың жүрісі:

І Ұйымдастыру

Өспеген табиғаттың аясында,

табиғат сұлулығын аясын ба?!

Мұзафар Әлімбай

Интерактивті оқытуды пайдаланып өткізілетін сабақ тренинг (оқыту,

жаттықтыру) деп аталады.

Танысу

Танысу топты біріктіруге, оған қатынасушыларды оқыту процесіне қамтуға,

өзара қарым-қатынас дағдыларын дамытуға ықпал етеді.

Тренинг сабағының ұстанымдары

1. Адамдық ұстанымы

Тренингке қатысқан оқушылар шыншыл, ойын нақты айтып көрсетуі керек.

2. Белсенділік ұстанымы

Оқушылар сабаққа түгел қатынасуы керек.

3. Өзін-өзі еркін ұстау ұстанымы

Оқушылардың шығармашылық деңгейге жетіп ой қорытындылауы,

өз білімін іс жүзінде пайдалануы қажет.

ІІ Өткен сабақтар бойынша қайталау

Сергіту кезеңі

(Сұрақтар қою арқылы оқушыларды сабаққа жұмылдыру)

1. Экология қандай ғылым?

Тірі организмдердің өзара қарым-қатынасын және олардың сыртқы

орта жағдайларымен байланысын зерттейтін ғылым.

2. Экология ғылымының қандай салалары бар?

Биоэкология, аутэкология, популяциялық экология, синэкология,

адам экологиясы, әлеуметтік экология, геоэкология, ғаламдық экология, т. б.

3. В. И. Вернадскийдің ноосфера тұжырымдамасы:

«Болашақта адам баласы Жер бетіндегі барлық өзгерістердің

негізгі факторы болады»

4. Экологиялық сауаттылық дегенді қалай түсінесің?

Экологиялық білімді игере отырып, табиғат қорларын тиімді

пайдалануға жол ашу.

5. Экологиялық мониторингтің мақсаты неде?

Табиғаттағы өзгерістерді үнемі бақылап отыру және табиғат апаттарына

жол бермеу

6. Экожүйе деген не?

Жер шарындағы зат және энергия ағындары үздіксіз жүріп жататын

табиғи бірлестіктер мен тірі организмдер жиынтығынан тұратын табиғи жерлер

7. Тіршілік ортасының түрлерін атаңдар

құрлық-ауа

су Тіршілік ортасы топырақ

организмдердің өзі

Әр сұрақтың жауабын оқушылар айтады, содан соң тақтадағы

жасырулы сөздер ашылады.

ІІІ Жаңа материалды меңгерту

Тірі ағзалар тіршілік ететін орталарда оларға қандай факторлар әсер ететіні

жөнінде білу үшін, келесі тақырыппен танысамыз.

(Тақтадағы тақырып ашылады)

§ 40 Орта факторлары, оған бейімделу және тіршілік формалары

Жаңа тақырыпты меңгеру мақсатында орындалатын жұмыстар:

Еске түсіру, меңгеру кезеңі

1. Мағынаны ашу

Тірек сөздер

а) Орта факторлары

-минимум

-максимум

-оптимум

ә) Төзімділік шегі

б) Шектеуші фактор

в) Экологиялық орын

г) Эпифиттер

ғ) Фанерофиттер

д) Хамефиттер

е) Гемикриптофиттер

ж) Криптофиттер (геофиттер)

з) Терофиттер

(Мәтіннен осы сөздерді тауып, анықтамасын дәптерге жазып, талқылау)

2. Кесте толтыру

Экологиялық факторлар

Абиотикалық: Абиотикалық
Биотикалық: Биотикалық
Антропогендік: Антропогендік
Абиотикалық:
Биотикалық:
Антропогендік:

Өзін-өзі тексеру кезеңі

Білесің бе?

(Берілген сөздердің ішінен қажеттісін тауып алу)

-киік, жұт, түлен, бүркіт, су тасқыны, жалбыз, күн тұтылуы, інжугүл, борсық,

самырсын, мыңжапырақ, қараторғай, сел, өрт, дауыл, жауқазын, көкек, құйын,

шағала, қайшыауыз, қарсақ, құрғақшылық, түйеқұс, жұпартышқан, жер

сілкінісі, түймедағы, боран, көшкін, итсигек, аю, мақта, алабота, кәмшат, бозторғай,

жарқанат, үйрек, темекі, күріш, ілбіс, қалбағай.

Экологиялық апаттар: Экологиялық апаттар
Өсімдіктер: Өсімдіктер
Құстар: Құстар
Сүтқоректілер: Сүтқоректілер
Экологиялық апаттар:

Күн тұтылуы

Жұт

Су тасқыны

Сел

Өрт

Дауыл

Құйын

Жер сілкінісі

Құрғақшылық

Боран

Көшкін

Өсімдіктер:

Інжугүл

Жауқазын

Мыңжапырақ

Түймедағы

Жалбыз

Итсигек

Алабота

Самырсын

Мақта

Темекі

Күріш

Құстар:

Бүркіт

Қараторғай

Көкек

Шағала

Қайшыауыз

Түйеқұс

Бозторғай

Үйрек

Қалбағай

Сүтқоректілер:

Киік

Түлен

Борсық

Қарсақ

Жұпартышқан

Аю

Кәмшат

Жарқанат

Ілбіс

Шығармашылық тапсырма кезеңі

1. Шектеуші факторды табыңдар

-ақ аю үшін . . . (температура)

-бақа үшін . . . (ылғал)

-торғай үшін . . . (қорек)

-тоқылдақ үшін . . . (орман)

-қарлығаш үшін . . . (қорек)

- . . . үшін . . .

2. 160-беттегі 4-сызбанұсқа бойынша факторлар әсерін түсіндіру.

Шығармашылық тапсырмаларын өмірде пайдалану кезеңі

Ұяшықтардағы ұпай сандарына сәйкес сұрақтарға жауап беру.

10: 10
20: 20
30: 30
40: 40
50: 50
10: 10
20: 20
30: 30
40: 40
50: 50

10- Биосфера қандай қабат?


Ұқсас жұмыстар
Тіршілік ету ортасы мен экологиялық факторлар: 6-сыныпқа арналған сабақ жоспары
Орта факторлары мен тірі ағзалардың өзара әрекеттесуі және бейімделуі
Кәсіпкерлік орта: ішкі және сыртқы факторлар, бәсекелестік пен мемлекеттік реттеу
6-сынып биология: Бұршақ тұқымдастарының гүлі мен жемісінің құрылысы, тіршілік формалары және экономикалық маңызы
6-сынып биологиясы: мәдени және жабайы, біржылдық және көпжылдық, дәрілік және әсемдік өсімдіктер мен өсімдіктердің тіршілік формалары
Жалақы деңгейінің қалыптасуы мен динамикасының факторлары
9-сыныпқа арналған сабақ жоспары: Орта факторлары мен тірі ағзалардың өзара әсері
Эмбриондық және постэмбриондық даму кезеңдерінде қоршаған орта факторлары мен токсиндердің рөлі
5-сынып оқушыларына арналған орта буынға бейімделу тренингінің сабақ жоспары
№21 орта мектептің 1б сыныбына арналған Әліппе ертеңгілігінің сценарийі және 5-сыныптың орта буынға бейімделу есебі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz