Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Деңгейлік тапсырмалардың жауаптарымен интербелсенді тақтадан таныстыру



Ашық сабақ жоспары

Пәні: «Математика». 1 «А» сынып.

Сабақтың тақырыбы : 4 санын қосу, азайту.

Сабақтың мақсаты :

1. Білімділік: 4 санын қосу және азайту және айырманың мәндерін қатесіз есептеуге дағдыландыру, білімдерін тиянақтау.

2. Дамытушылық: оқушылардың шығармашылық белсенділігін арттыру, ойлау қабілеттерін дамыту.

3. Тәрбиелік: пәнге деген қызығушылығын ояту, сыйластыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақ әдісі: өз бетімен жұмыс, ой қозғау, есептер шығару.

Көрнекілігі: суреттер, интербелсенді тақта, оқулық, ережелер.

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру бөлімі: Оқушыларды сабақа ынталандыру, сәттілік тілеу!

2.Үй тапсырмасын тексеру: 4 санының құрамына берілген тапсырманы тексеру. Цифрдың қатесіз салынуына назар аударту.

Оқулықпен жұмыс:

Кел ойнайық! Балықтарды аквариумға орналастыру.
Ойын арқылы 1- тапсырманы орындату.

10-2=8 8-4=4 2+4=6 7+3=10 5+5=10

6+2=8 3+5=8 10-4=6 1+9=10

Тапсырманың нәтижесі бойынша аквариумдағы балық санын анықтау.

2. Кім жылдам? Жұлдызқұрт тапсырмасы:

Тапсырманы өз беттерімен орындату.

5+4-1+2-6=4 10-4+3-2+1-5=3

3. Жұлдызшаның орынына қандай белгі қою керектігін тапқызу.

Мысалы:

5+3*8 10-2 *7 т.б.

4. Санының құрамын толтыру:

1+3=4 3+1=4 2+2=4

Көрнекіліктерді қолданып,ауызша тиянақтау.

Тақтамен жұмыс:

4+4=8 6+4=10 7+2=2 8-4=4 10-4 =6 9-7=2

Практикалық жұмыс:

Кесінділердің ұзындыңтарын өлшету, ұзындықтарын салыстыру, қорытындысын оқушылар айтады.

Топпен жұмыс:

Шарты: Өрік ағашы-3 түп

Шие ағашы - 4 түп

Шешуі: 3+4=7 (ағаш)

Жауабы: барлығы 7 түп ағаш.

Сергіту сәті:

Сергіту сәтін қимылмен көрсету арқылы жұмбақты шешу:

Тау басында төрт бала

Кезек-кезек ойнаған.

Төрт баланың қасына

Төрт айды әкеп байлаған.

Шешуі: жылқының төрт аяғы мен тағасы.

Деңгейлік тапасырмалар:

1. деңгей: Үш сан аттай отырып сана, сандарды жаз. Өсу ретімен 4-тен бастап кему ретімен 10- нан бастап.

2. деңгей: Салыстыр:

2+4*6-1 5+3*10-2

5+1*9-2 4+3*9-3

3. деңгей: Қатесін тап:

6-3=2 4+3=7 3+5*10-2

10-3=6 5-4=1 4+3*9-3

Деңгейлік тапсырмалардың жауаптарымен интербелсенді тақтадан таныстыру.

Сабақты қорыту:

«Ойлан тап» ойынымен қорыту.

3+1<2+7…. 7-5=1+……

5-5>3-….

Үйге тапсырма: 4 санының қосу кестесін құрып келу.

Бағалау.

Интербелсенді тақтадағы көрнекілікті пайдалана отырып бағалау.

Ұқсас жұмыстар
Рационал сандарға амалдар қолдану. 6 сынып. қысқа мерзімді жоспар, презентация
Ыбырай Алтынсарин Қарабатыр
Көрсеткіштік теңдеулер
Интербелсенді тақта, оқулық
Трапецияның биіктігін табыңдар
Топтарға бөлу. Оқушының әрекеті
Ғұндар. 5 сынып
Философиялық білім және әлем шындықтарының жиынтығы
Географиядан орта мерзімді жоспарлау 7-сынып
Талқылауға арналған сұрақтар
Пәндер