Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Тәрбиеші - мектепке дейінгі мекемедегі басты тұлға

Атырау облысы
Индер ауданы
М.Әуезов атындағы орта мектеп

Баяндама

Тақырыбы: «Жалпы орта мектеп жағдайында мектепалды білім берудің сапасын арттыру: қазіргі жайы мен болашағы».

Дайындаған: Изтелеуова Н.Х.

2015 жыл
« Жалпы орта мектеп жағдайында мектепалды білім берудің сапасын арттыру: қазіргі жайы мен болашағы ».
Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан –2030 Жолдауында: балаларымыз бен немерелеріміз бабаларының игі дәстүрін сақтай отырып, қазіргі заманғы нарықтық экономика өркендеу үстіндегі күллі әлемге әйгілі әрі сыйлы өз елінің патриоттары болады» деп нақты көрсеткен болатын. Бала біздің болашағымыз. Бала отбасы қоғамның ұясы және адам сол ұяда дүниеге келеді. Бұл шағын әлеуметтік топ бала үшін алғашқы өмір мектебі. Ата-ана баланың ең бірінші ұстазы және тәрбиешісі. Ата-анасының басшылығымен олар қоршаған дүние туралы бастапқы ұғымдарды меңгереді. Мектепалды дайындық тобындағы оқу мен тәрбие дегеніміз- бірін-бір сабақтастырып, толықтырып отыратын қос әрекетін баланың өмірдегі іс-әрекетін нығайту мектепке дейінгі тәрбие жұмысының басты қажеттілігі.
Тәрбиешілік жұмыстың қиыны да, қызығы да бар. Қиын дейтінім- әрбір үйдің әрбір үйдің еркесін ортаға үйрету, қолына қалам ұстатып мектепке үйрету оңай болып па? Ал қызығы- баланың бал қылығына тәтті тіліне елжірімес жүрек бар ма? Ұлттың бүгінгі де болашағы да тәрбиелі ұрпаққа байланысты. Баланың шын мәнісіндегі адам болып қалыптасуы қыруар уақыт пен тер төгетін,зор еңбекті қажет ететін,ауқымы кең, жауапкершілігі мол жұмыс.Тәрбие мен білімнің алғашқы дәні-мектепке дейінгі тәрбие ошағында беріледі. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев айрықша назарға алып,нақтылы тапсырмалар мен міндеттер жүктеуінің арқасында серпінді жұмыстар қолға алынып,мәселе түйіні шешіле бастады. Еліміздің болашағы –жас ұрпақты тәрбиелеуде бірінші бесік отбасы,ата-ана тәрбиесі болса,екінші бесік білім беру мекемесі.Сондықтан да қазіргі заманға сай халқымыздың ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан салт-дәстүрі мен әдеп –ғұрыптарын бағалап,адам баласы дүниеге келгеннен бастап,сол салт-дәстүрмен өмірге бейімделеді.Тәрбиешінің алға қойған міндеті-мектепке дейінгі мекемедегі тәрбие жұмысындағы жақсы салт-дәстүр,әдет ғұрыптарды жинақтап,саралап пайдалану арқылы болашақ ұрпақты адамгершілік қасиеттерге баулу керек.Тәрбиеші-мектепке дейінгі мекемедегі басты тұлға. Әрбір тұлғаның тәрбиесі отбасынан басталады.Тәрбие ұлттық игі іс әрекеттер арқылы әдет-ғұрыпқа негізделеді,әдеп,әдептілік негізі ұлттық қолданысқа айналысса,оны халық салт немесе заң дейді.Ұлттық тәрбие ұлттық мәдениетті өркендетудің қайнаркөзі болып табылады.
Мектеп алды даярлықтын негізгі мақсаты 5-6 жастағы балалардың дене дамуымен психикалық саулығын қорғау және нығайту ақыл ойын жетілдіру,оларды бойында қарапайым білім негіздерін іскерлікпен,дағдылардын алғы шарттарын қарай отырып бастауыш мектепке білім алуға бірдей бастапқы мүмкіндіктермен қамтамасыз ету.5-6жасар балалардың мектеп алды даярлығы отбасында, мектепке дейінгі ұйымның мектепалды даярлық топтарында немесе жалпы білім беретін мектептердің мектеп алды сыныптарында,мектепке дейінгі шағын орталықтарда мектепалды даярлық бағдарламасы негізінде жүзеге асады. Баланың дені сау болып өсуіне ешқандай нұсқау келтірмеу үшін бұл заңдылықтарды білу,ескеру және тиімді пайдалану қажет баланың адамшылығын қалыптастыру,оның ақылын молайту,оны белгілі адами сапарларға көркемдік талғампаздыққа және талапқа баулу- бұдан да қиынырақ іс.Бұл жерде қоғамдағы жағдай ең алдымен тәрбиенің ықпалы шешуші орын алады.
   Баланың айналасындағы бүкіл өмір шындығы-табиғат, қоғамдық орта,ең алдымен адамдар,бәрінен бұрын ата-аналар мен тәрбиешілер тәрбиелейді.
   «Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» 
Мемлекетіміздің білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасының қабылдануы білім саласындағы үлкен жаңалық. Білім беру жүйесінен күтілетін нәтижелердің бірі – «өмірлік білімнен баршаға өмір бойы игерілетін білім». Бұл өмірдің әртүрлі талқысынан сүрінбей өту, тұлға ретінде дамуы үшін адамға білім қай жаста қажет екенін әр адам өз өмірі барысында үздіксіз білім алуға тиіс екенін айқындай түседі. Демек, оның жас ерекшелігіне қарай білім алу жасы да, әдісі де әртүрлі болатындығы белгілі. Бағдарламада мектепке дейінгі тәрбие берудегі мақсат: «балабақшадағы әдістемеге және тәрбие беру үрдісінің мазмұнына жаңа сапа беруге қатысты болып отыр»,- деп ерекше айтылған. Бүгінгі таңда адамзат қоғамына ғылыми жаңалықтар мен инновациялық технологиялар қаншалықты маңызды болса, мектепалды дайындық тобындағы балаларды тәрбиелеу мен оқыту саласында заман талабына сай, уақыт сұранысын қанағаттандыратын жаңа бағдарламалармен, сондай-ақ жаңа технологиялармен қамтамасыз ету қажеттігі туындап отыр 
Жаңа стандарттың жалпы ережесінде педагогикалық процестің жаңашылдығын қамтамасыз ету көзделген. Осы стандартқа сай балабақшада тәрбиелеп оқытудың басты құралы – бағдарламалар жаңартылып, оқу-тәрбие жұмысының мазмұнына елеулі өзгерістер әкелді. Осы өзгерістерге орай мектепалды дайындық тобында оқытуды жетілдіру әр педагогтан оқыту ісін оңтайландыру жолдарын тәжірибеге енгізуді талап етеді. 
Оқыту жолдарының көптүрлілігі, олардың бірте-бірте жетілуі педагогтар алдына тиімді жолдарды анықтап, қолдану керектігі туралы күрделі мәселе қояды. Сондықтан әр педагогқа сапалы білім беру үшін көп ізденуге, жаңаша ізденуге тура келеді. 
Дегенмен мектепке дейінгі білім берудің қандай да бір әдістемесі аясында нақты міндетті шешуге қатысты «жекелеген» әдістемелер құрылуы мүмкін. Мәселен, тіл дамыту әдістемесі аясында — сөздің дыбыстық мәдениетін қалыптастыру әдістемесі не болмаса балаларды шығармашылық әңгімелеуге үйрету әдістемесі құрылады» деген еді .
Демек, балаларды шығармашылық әңгімелеуге үйрету жолдарын бір әдістеме ретінде қарастыруға болады. Ол үшін осы әдістемеге енетін материалдардың мазмұнына ерекше көңіл бөлу қажет. 
Бағдарламалар түрлі өмір жағдайларында жинақталған тәжірибені қолданудың басты көрсеткіші ретінде балалардың негізгі құзыреттілігін қалыптастыру міндеттерін шешуге бағытталған. 
Педагог баланың жас және жеке ерекшеліктерін ескеріп, өзінің ұстанған әдістері мен құралдарын жүйелейді. Қандай жолды таңдаса да, ол шеберлігі арқылы сол жолдың тиімділігін, әсерлілігін арттыра түседі Білім берудің жаңа құрылымына сай қойылып отырған бұл талап тәрбиешілерден өзінің кәсіби шеберлігін шыңдауды талап етіп отыр. Сондықтан оқу технологияларын оқу мазмұны мен балалардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне орай таңдап, тәжірибеден өткізудің маңызы зор. Білім беру жүйесін қайта құру балабақшадан басталатыны белгілі. Ал білім беруді жақсарту педагогке байланысты екендігі сөзсіз. Соған орай білім берудің жаңа технологияларын мақсатқа сай қолдана білу қажет. Мысалы: ертегінің мазмұнын ашу барысында «дамыта оқыту технологиясын» қолдансақ, онда Л.В.Занковтың дамыта оқыту жүйесінің негізгі мақсаты – жеке адамның жоғарғы дәрежеде жан-жақты дамуы үшін негізін жасау. Міне, осындай сынды идеяларды мектепалды дайындық топтарында қолданудың маңызы өте зор. Дамыта оқыту негізінде тіл дамыту әдістемесін жүйелеуге болады. Десек те, тіл дамытуды жетілдіретін өзге де технологияларды жан-жақты қарастыруға болады. 
Ойын технологиясы. Оқытудың ойындық әдісі ерте кезден бастап күні бүгінге дейін қолданылып, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келеді. Қазіргі кезде оқу үрдісінің тиімділігін арттырып, балалардың белсенділігін көтеру мақсатында ойын әдісі төмендегі бағытта қолданылып жүр: 
Сабақта қолданылатын ойындардың түрі көп, біз олардың ең балабақшаның оқу-тәрбие үрдісіндегі ең маңыздыларын және жиі қолданылатындарын ғана іріктейміз. Жалпы ойынға қарағанда балабақшадағы қолданылатын ойындардың ерекшелігі нақты мақсаттардың және соған сәйкес нәтиженің болуы. 
Балабақшаның оқу-тәрбие үрдісіндегі ойын технологиясының орны мен маңызын анықтау педагогтың ойын қызметін түсінуімен тікелей байланысты. 
Ойын технологиясының нәтижелілігі, біріншіден, оларды қолданудың жүйелілігімен, екіншіден, дидактикалық міндеттермен үйлестірілген ойындардың мақсаттылығымен анықталады. 
Қазіргі балабақша тәжірибесінде қолданылып жүрген сыни ойлауды дамыту технологиясының стратегиялары баланың ойлауына, шығармашылық ізденісіне, тәрбиешінің шеберлігіне жол ашады. Технология әдістерін қолдануда тәрбиешілер баланың ойлауына, бала белсенділігіне, сөздік қорын дамытуға, баланың өзіндік пікірінің қалыптасуына мүмкіндік жасайтындығын айтып жетістікке жетуде. Баланың өз ойын сын тұрғысынан ойлап, дәлелдеуге тырысады, ой-өрісін кеңейтеді, еркін ойлай отырып, бірте-бірте тәрбиешінің түсіндіргеніне қарағанда өз ізденісімен қызығу танытып, шығармашылық қабілеттері ұшталады. Сонымен қатар жекелей жұмыстар, жұптық және топтық жұмыстар арқылы өз ойларын ашық айта білу, пікір айтуға үйрену, пікір таластыру, ойланып жауап беру, жолдастарының ойын тыңдау, жауаптарын бағалай білу, сыйластыққа, ұйымшылдыққа, білім деңгейлерінің жоғары болуына көп әсерлерін тигізеді. Оның ішінде ерекше бір жағдай: топта көп сөйлемейтін, ойлау дәрежелері төмен балалардың да қызығушылығы туып, олардың өз мүмкіндіктеріне қарай топтар бойынша сабаққа қатысуға тырысуы байқалады. Сөйтіп жаңа әдіс-тәсілдерін қолдану арқылы баланың кішкентай кезінен дүниеге өзіндік көзқарасының қалыптасуына жол ашуда. 
CТО (сын тұрғысынан ойлау) технологиясына негізделген сабақтар материалды жан-жақты және тереңірек ашуға, балаларға бағыт-бағдар беріп, әсер етуге септігін тигізеді. Технологияның ерекшелігі көп ақпаратты талдай, жинақтай отырып ішінен қажеттісін алуға үйретеді. Балабақшаға баратын балалар білім берудің барлық деңгейлерінде білімді тез қабылдайды және жалпы өмірде табысты болып келеді. Бүгінгі таңда жаңаша ойлайтын оқыту мен тәрбиенің технологиясын күнделікті жұмыста қолдана білетін педагогтың жұмысы жемісті болмақ. 
Мектепалды дайындық тобындағы балаларда образды бейнелі ойлау орын алады. Мектеп алды дайындық — білім берудің іргетасы болғандықтан оқу мен тәрбиенің түрлі әдіс-тәсілдерін іздестіріп, жаңа технологияларды сабақта тиімді пайдаланудың жолдарын қарастырдым.
Тәрбиелеу дегеніміз- балаға мақсат қойып,ұйымшылдықпен және жүйелі ықпал жасау деген сөз, осы ықпалдың арқасында бала тәрбиеші талап еткен  мінезге ие болып,мінез-құлық ережелерін бойына сіңіреді.Тәрбие баланың дене және ақыл -ой қабілетін дамытады.,оны алдағы еңбекке даярлайды, сол бойынша қоғамның болашақ белсенді қайраткерлері өсіп шығады. Мектепалды дайындық топтарында баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуы,адамгершілік сезімі мен талғамының жетілуі,тәрбиелеу мен білім беру ісінің нәтижесі болуы мектепке дейінгі мекемелерде жүйелі жоспарлы жүргізіледі.Баланың адамгершілік сапасын ,талғамын, қызығушылығын қалыптастыру мінез-әрекетің тәрбиелеу,жеке басын жан-жақты тәрбиелеу ойын арқылы іске асады.Баланың қоршаған ортаны тани білуі,көру,қабылдау нышандары бөбектік шақтан байқалады.Баланы отбасы мен балабақшада,мектепте бірлесіп,бақылау,сезіну адами болмысты түсіну, көңіл-күйді сезіне білуіне көп көңіл бөліп отырса, баланы сәби шақтан тәрбиелеп,түсініп түсіндіріп,баланың бойында қандай қасиетті болмысын дамытып, байытуға болады. жолдауында көрсетілгендей, ертеңгі болашағымыз, ел мен жердің иесі- жас ұрпақты лайықты тәрбиесі, өсіріп сапалы білім беру керек деп ойлайм « Біз мектепке барамыз» бағдарламасымен ұйымдастырылған Денсаулық,Қатынас,Таным,Шығармашылық,Әлеуметтік ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін мектеп әкімшілігі бекітеді.1990-2000 жылдан бастап осы аталған мектепте мектепалды дайындық тобында тәрбиеші-мұғалім болып жұмыс жасап келемін. Сол кездегі кішкене бүлдіршіндер бүгінгі жас ұрпаққа , жоғары оқу орындарын бітіріп қызмет атқарып жатыр. Елбасы «Сабақ беру- үйреншікті жай ғана шеберлік емес,ол жаңадан -жаңаны табатын өнер»,- дегендей балаларды тереңде, тиянақты біліммен қаруландыруымыз сол үшін аянбай еңбек етіп, сонда ғана «балғын талдар» өркенің кенге жаяды

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. «Баланы мектепке дайындаймыз» ЮНИТА-13
2. «Тәрбие құралы» Республикалық ғылыми педогокикалық журнал. 5-2010. 39-бет, 9-бет,5- 6 беттер
3. «Мектептегі психологиялық диагностика» әдістемелік құрал Астана-2005
4. Коломинский Я.Л, Панько.Е.А «Алты жасар балалардың психологиясы туралы мұғалімге көмек » Просвещение, 1988
5. «Тәрбие құралы» Республикалық ғылыми педогокикалық журнал.2-2010 74-бет
6. «Баланы мектепке дайындаймыз» (ата-аналар мен тәрбиешілерге арналған құрал) ЮНИТА-13
7. В.С. Мухина «Мектеп жасына дейінгі балалар психологиясы» 217-222 беттер
8. Н.С. Сәрсенова «Педагог кадрлардың біліктілігін арттыруда оқытудың жаңа технологияларын енгізудің тиімді жолдары» «РадиАл» баспасы Алматы-2007
9. «Методика оценки и измерения качества освоения и усвоения детьми базового содержание дошкольных образовательных программ » издательство «АРМАН» Астана-2008

Ұқсас жұмыстар
Тәрбиеші әдістемесі
Мектепке дейінгі мекеме мен бастауыш буын арасындағы сабақтастық
Этномәдени бағыттың мектепке дейінгі білім берудегі рөлі
Балаға тәрбие қылғанда әрбір тәрбиешінің алдымен қолданатын жолы- өз тәжірбиесі
Балабақшада ақпараттық –коммуникациялық технологиялық ортаны құру
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту
БАЛАБАҚШАДА ЖОБАЛАУ ӘДІСІНІҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ЖҮРГІЗІЛУ ӘДІСІ
Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық процестерін ойын арқылы дамыту жолдары
Тәрбие өзегі балабақшадан басталады
Табиғат – сұлулықтың таусылмас қайнар көзі
Пәндер